Файл: Нртай араым, дагйім, амор анам! Арнап хат жазайын деп, алдым алам.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 13

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

(Нұртай) Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді Хақ тағалам!
Бара алмай, өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!

Қоршаулы айналасы, биік қорған,
Берік қып салған темір терезесіне.
Қалайша мұны көріп көңіл сенбес
Аттанып жау келсе де бермесіне.
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.
Солардан жаным, тәнім ардақты емес,
Орынсыз күйзелейін мен несіне!


Қайсысын, қайсысын бар мұнда?


(Күзетші Абдулла) Не болды?

(Нұртай) Мына хатты, мына хатты тездетіп анама жеткізіндер. Сенің де анан , бауырын бар шығар. Әттен! Әттен қолым байлаулы. Қайтейін, қайтейін

(Анасы. Аружан) Құлыным-ау, өзіннен бір хат-хабар келетін уақыт болды ғой. Қайда жүрсін шырағым? Бір дауысынды естуге зар болдым ғой

(Бала. Санжар) Апа, апа сүйінші! Апа Ахмет ағамнан хат келді.

(Аружан) О, Жасаған Тәңірім, тілегімді қабыл еткені. Тәңір жарылқасын, шырағым.Баламнан хат-хабар келді-ау. (Хатты оқиды)

(Нұртай) сахна сыртында оқиды) «Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

(Аружан) Құлыным-ау,аман болшы. Алла жалғызымды сақтай көр. Бір өзіне аманат еттім.

(Нұртай) Отырмын абақтының бөлмесінде,
Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіме.
Есіктің құлпы мықты, күзетші кеп,
Ажалдан басқа ешкім келмесіне.

(Аружан) Құдайым-ау, не көрмедін шырағым! Мұндайға жететіндей не жаздым саған Құдайым. Жалғызым, көрмегенін қалмапты ғой. Я Құдайым бір өзін жар бола көр. Бір өзін жар бола көөөр.