ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | Практикалық программалау | |||
Педагогтың аты-жөні | Байданова Б. | |||
Күні | 21.04.2023 жыл | |||
Сынып 8 БВ | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Алгоритмді әзірлеу | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 8.3.1.1- өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру 8.3.2.1- алгоритм трассировкасын жүзеге асыру | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
Алгоритм құрастыра алады | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
Алгоритм құру арқылы блок- сызбаның шығу жолдарын көрсетеді. | ||||
Кейбір оқушылар: | ||||
Алгоритмді жазу тәсілдерін қолданып, программалау тілде есептерді шығарады. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру: а) Оқушылармен амандасу, сыныпта психологиялық ахуал жасау. Шаттық шеңбер «Жылы лебіз» жүрекшелер арқылы бір -біріне сәттілік тілейді. Мақсаты: оқушыларды ынталандыру, жағымды орта қалыптастыру. б) Сыныпты топтастыру. «Сандар арқылы» әдісі бойынша ортаға бала санына қарай 3 түрлі сан қойылады. оқушылар қағазды алып, артындағы сандар бойынша топтастыру. Әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды в)Үй тапсырмасын сұрау. « Не және неге? әдісі Топ құрылғаннан кейін топ басшысы сайланады. Өтілген тақырып бойынша топ мүшелері бір біріне сұрақ қойып жауап береді. Топтағы барлық оқушы қатысу керек. Сұрақтар: .........................
Үй тапсырмасын пысықтау «Бас бармақ» әдісмен жүзеге асырамыз. | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. | | Қағаздан жасалған сандар | |||||||
Сабақтың ортасы | Тақырыпты ашу әрекеті. 1-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі «Жасырылған сөздер» бірнеше сөздер беріледі сол сөздердің ішінен оқушылар жасырылып қалған сөзді тауып тақырыпты ашады. Сабақтың мақсатын интерактивті тақтада көрсетемін. 2-тапсырма. «Бруннердің бейнелік білім беру әдісі» бойынша электронды оқулықтан түсіндірме bilimland.kz сайтынан «Алгоритмді құрастыру» тақырыбының «түсіндіру» бөлімінен электронды оқулықты мұқият қараймыз. Мәтінмен және сөздікті жұмысты дәптерімізге жазамыз.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды. 3-тапсырма (Ж) «Жоба жасау» әдісі арқылы компьютерде орындайды. Оқушыларға алған білік пен дағдыларын пайдалана отырып, «Алгоритм құрастыру» тақырыбына презентация құруды ұсынамын.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды. 4-тапсырма «Күту уақыты» әдісін пайдалана отырып белгілі уақыт беріледі, сол уақытта оқушылар тапсырманы орындайды. (компьютермен жұмыс)
| Мұғалімді тыңдайды | | bilimland.kz сайтынан | |||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: «Менің ойым». Оқушылардың осы сабақ бойынша түсінгендерін анықтау немесе қателіктерін түзету мақсатында «Менің ойым» әдісін қолданамын. 1.Бүгін сабақта нені үйрендім? 2.Сабақтағы ұтымды іс-әрекетің? 3.Өз уақытымды дұрыс пайдалана алдым ба? | Өзін-өзі бағалау. | | Оқулық | |||||||
Үй тапсырмасы | Алгоритм құрастыру | | | |