Файл: 8. 4В блім Жазытытаы тікбрышты координаталар жйесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В бөлім: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі

Мектеп: «Балдәурен» РОСО филиалы

Күні: 17. 04. 2020 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Алиханов Ж

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жазықтықтағы координаталар әдісі

Оқу мақсаттары

8.1.3.15

кесінді ортасының координаталарын табу.

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

біледі:

  • жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы табуды;

  • кесіндінің ортасын қалай табуды;

Бағалау критерийлері

Оқушылар

біледі:

  • берілген екі нүктенің координаталары бойынша олартың ортасындағы нүктенің координатын табуды;

  • басы мен орта нүктесінің координаттары бойынша ұшының координаттарын табуды;

  • координаттарымен берілген екі нүктенің арақашықтығын табуды.

қолдана алады:

  • жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептеуді;

  • екі нүктенің арақашықтығын басқа да есептер шығаруда;

кесіндінің ортасын есептер шығаруда.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • кесінді ортасының координаталарының және екі нүктенің арақашықтығының формулаларын қорытуды түсіндіреді;

  • кесінді ортасының координаталарын және екі нүктенің арақашықтығын анықтауды түсіндіреді.

Пәндік лексика мен терминология

  • жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі;

  • фигураның теңдеуі;

  • кесінді ортасының координаталары;

  • екі нүктенің арақашықтығының формуласы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • А(х;у) нүктесінің координаталарын табамыз …;

  • ... нүктесі .... кесіндісінің ортасы болып табылады, сондықтан ....;

  • ... нүктесінің координаталарын біле отырып, ... координаталарын табамыз;

  • осыдан ...дейінгі қашықтықтарын теңестіргенде ... аламыз.

Құндылықтарды дарыту



«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына:

топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Өмірмен байланыстыра отырып оқыту, шынай қоршаған ортадан мысалдар келтіру.

Бастапқы білім

Тікбұрышты координаталар жүйесін білу. Координаталары бойынша нүктені сала алу және берілген нүктенің координаталарын жаза алу. Пифагор теоремасын қолдана алу. Шеңбер мен оның элементтерінің анықтамаларын білу. Сызықтық теңдеулер мен оның графигі туралы білу. Сызықтық теңдеу графигін сала алу.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0 –8 мин

Сабақты белсендендіру.

Үй тапсырмасын тексеру. Алдын ала оқушыларғы "Геометрия 8" И.М.Смирновой, В.А.Смирнова авторларының координаталық әдістерге арналған презентациясын ұсынуға болады, қайталау, қайта жаңғырту мақсатында.

Осы сұрақтардан соң негізгі тақырыпқа көшіп, оқушыларды оқу мақсаттарын және «дамудың жақын аймағын» айқындап алу керек. Сабақ мақсаттары және бағалау критерилерімен таныстыру.

Презентация 1

№ 1-4 слайдтар


Сабақтың ортасы

9- 20 мин

Сыныппен жұмыс. Қайталау

Координатала жүйесімен 6 сыныпта, және алгетраның 7 және 8 сынып курстарында танысқанбыз.

Жаңа сабақты түсіндіру үшін өткен білімді жүйелеп алу. Егер презентацияны қарап үлгермесеңіз, онда қайталауды екі этапқа бөліңіз: Ауызша координаталар жүйесі бойынша еске түсіріп, сонан соң ойды жүйелеп барып, қағазға түсіру.

  1. Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі дегеніміз не?

Жауап: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі деп ортақ координаталарының бас нүктесі бар өзара перпендикуляр түзулердің жұбын айтамыз.

  1. Қандай жазықтық координаталық жазықтық деп аталады?

Жауап: Тікбұрышты координаталар системасымен берілген жазықтықты координаталық жазықтық деп атаймыз.

  1. Координаталық жазықтықтағы координаталық түзулер қалай белгіленеді және қалай аталады?

Жауап: Координаталық түзулер Ох, Оу сәйкесінше абцисса, ордината осьтері.

  1. Координаталық түзуде (сан осі немесе Ох түзуі)берілген A1, A2 нүктелерінің координаттары сәйкесінше x1 және x2 болсын. A1A2 кесіндісінің ортасы болатын A нүктесінің координатын табыңыз.

Жауап:



  1. Тақтамен жұмыс

Тақтаға алдын ала келесі сызбаларды даярлап қойыңыз. Координаталық жазықтықта берілген нүктелердің координаталарын табукерек.



Жауап: A(3, 1), B(2, 3), C(1, 2), D(–2, 2), E(–1, –2), F(4, –1).

  1. Координаталық жазықтыққа келесі нүктелерді салыңыз:

A(2, 1), B(1, 3), C(4, 2), D(-3, 2), E(-2, -3), F(3, -2).

Жауап:



  1. Абсцисса осіне параллель екі нүкте алынған. Олардың біреуінің ординатасы 2. Екінші нүктенің ординатасы нешеге тең?

Жауап: 2.

  1. Абсцисса осіне перпендикуляр түзудің бойынан екі нүкте алынған. Олардың біреуінің абсциссасы 3-ке тең. Екінші нүктенің абсциссасы нешеге тең?

Жауап: 3.

Практикалық жұмыс

Әр оқушыда өзара пепендикуляр екі түзу салынған парақ (Қосымша 1) болады. Координаталар жүйесін құрастыру керек. Ол үшін «Координаталар жқйесін беру» деген не екенін түсінуіміз керек.

Соынмен, координаталары (x; y) болатын А нүктесін белгілеп, бос орындарды толтырамыз. Уақытты шектеңіз. (3 минут). Оқушылар өздерінің нәтижелерін өз жұптарымен талқылайды, ой алмасады, ойларын қорытындылап, «тікбұрышты координаталар жүйесіне» анықтама береді.

Қосымша 1

Жұптық жұмыс

Ox және Oy – координатлық _______.

Ox – осі ____________; Oy – осі _____________;

O нүктесі – ______________________________.

А нүктесінің x – ___________ y – ___________ екі координаты болады. А (x; y)

Координаталық осьтеер координаталық жазықтықты

4 ширекке ________________________: I, II, III, IV.

Ox осіндегі нүктелердің ординаталары ылғи да _________ болады (y=0).

Ал Oy осінің бойындағы нүктелердің абсциссалары ___________ болады (x=__).

Абсцисса және ордината осьтерінің басын _____________________ нүктесі деп атайды – O (0; 0).

Қосымша 2

Жекелеме жұмыс.

Координаталық жазықтықта нүктелер белгіленген және нөмірленген. Төменгі жағында сәйкес координаталармен әріптер берілген. Координаталық жазықтыққа әр нүктені әріптердің реттілігін сақтай отырып орналастырып, пайда болған сөзтіркесін оқу керек.(Орысша сөйлем) Әркім жеке жеке жұмыс жасайды. Бұл сөзді кім айтқанын талқылау керек. (Тарихи материал даярлау)



Сабақтың ортасы

21 - 28 мин

Топтық жұмыс

Кесіндінің ортасын және екі нүктенің арақашықтығы формулаларын өздері қорытып шығару үшін оқушыларды шағын топтарға бөлу, себебі олар берілген тапсырманы бірге талқылай, талдай келе формулаларды қорытып шығу керек. Талдау барысында оқушылар математикалық ойлауларын сыни тұрғыда жетілдіріп, математикалық ғылыми тілдерін жаттықтырады және топпен, адамдармен жұмыс жасау дағдыларын шыңдайды.

Қосымша 3

Тапсырма 1.

  1. А(2, 3) нүктесінен Ох осіне перпендикуляр түсірілген. Препендикулярдың табаныының координаттарын табыңыздар.

Жауап: (2, 0).

  1. А(2, 3) нүктесінен Ох осіне параллель түзу жүргізілген. Осы түзідің ордината осімен қиылысқан нүктесінің координаталарын табыңыздар.

Жауап: (0, 3).

Тапсырма 2.

Жазықтықта A (1; 5) және B (7; 9) нүктелерін белгілеңіз. АВ кесіндісінің дәл ортасынан М нүктесін белгілеңіз. М нүктесінің координаттарын табыңыз. Оны қалай таптыңыз? Содан кесіндінің ортасын қалай табу керек екенін формула етіп шығарыңыз. Сол шыққан формула негізінде келесі АВ кесінділердің орталарын табыңыздар, егер:

а) А(1, -2), В(5, 6);

б) А(-3, 4), В(1, 2);

в) А(5, 7), В(-3, -5) болса.

Жауап: а) (3, 2); б) (–1, 3); в) (1, 1).

Нұсқаулық

1) Жұбыңызбен нүктелерді белгілеп, координаталарын табыңыз.

2) Топта кесіндінің ортасы жайлы ойларыңызды талқылаңыздар.

3) Болағаннан соң әр топтың бір мүшесі нәтижені тақтада қорғайды, оқушыларға түсіндіреді.

Тапсырма 3.

Екі нүктенің арқашықтығын табу үшін төмендегі суретті, Пифагор теоремасын және санның модулі анықтамасын қолданыңыздар.



Оқушылар суретт бойынша зерттеу жасап, қорытынды нәтижелерін дәптерлеріне жазады.

Зерттеу нәтижесін топта талқылайды. Бір бірлеріңіздің жұмыстарыңызды мұқият қараңыздар, қажет болса толықтырыңыздар, түзетіңіздер. Уақыт аяқталғаннан соң, әр топ өз жұмыстарын қорғайды.


Қосымша 3


Сабақтың ортасы

29 - 37 мин

Кітаппен жұмыс

Оқушыларға теориялық материалмен танысуға уақыт беріңіз. Оқушылар өз ойқорытындыларын оқулықтағы материалмен салыстырады, қажет жерлерін түзетеді.

Тақырыпты бекіту.

Оқулықтан тақырып бойынша есептер шығаруға болады немесе «Қосымша 4» жұмысын орындауға болады.

Қосымша 4

Тапсырма 1. C – нүктесі АВ кесіндісінің ортасы. Кестенің бос орындарын толтырыңыз.

A

(2;-3)




(0;1)

(0;0)

(c;d)

(3;5)

(3t+5;7)

B

(-3;1)

(4;7)




(-3;7)




(3;8)

(t+7;-7)

C




(-3;-2)

(3;-5)




(a;b)






























Тапсырма 2. ABCD параллелограмының төртінші төбесінің координатын табыңыздар А(2;6), В(4; 7), С(8; 10) болса.

Қорытынды:

  • A және B нүктелері берілсе, онда АВ-ның ортасы

формуласымен анықталады.

  • Егер сізге A және B нүктелері берілсе, онда АВ-ның арақашықтығын



формуласымен анықталады.


"Геометрия 8"

Бекбоев немесе Шыныбеков.



Сабақтың соңы

38-40 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Нені білдім, нені үйрендім?

  • Нені толық түсінбедім?

  • Немен жұмысты жалғастыру қажет?

  • Бұған дейінгі білімімде түсінбеген тұстар бар ма, ол осы тақырыпты түсінуге қалай әсер етті?

Үй тапсырмасы

Қайталап, жаттап келу.

  • A және B нүктелері берілсе, онда АВ-ның ортасы

формуласымен анықталады.

  • Егер сізге A және B нүктелері берілсе, онда АВ-ның арақашықтығын



формуласымен анықталады.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылар жұптарын және жеке жұмыста өздерін өздері бағалайды. Сонымен қатар өтілген және бұрынан белгілі білім негізінде есептер шығару.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Түзу әрі тік отыруларын қадағалау.