ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 43
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие сағат тақырыбы: «Аяулы менің анашым»
Тәрбие сағат мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Тәрбие сағат көрнекілігі: гүлмен безендірілген сахна, нақыл сөздер, бүктеме, үнтаспа, т. б.
Тәрбие сағат жоспары:
1. Кіріспе
2.Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)
3.«Болашақ шақ-бақытты шақ» (әңгімелесу)
4. «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)
5.Сөзжұмбақ
6.Суреттер Жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
ІІ. Негізгі бөлім
1-жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен!
2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1.Кіріспе сөз
Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,
мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі.
Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Хормен: « Анашым» әнін орындау.
Ал ендеше, оқушылардың аналарына деген тақпақтарын тыңдасақ:
Тамирис: Армысың мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың
Баян: Сенен өскен балалар-
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Кұрметті апа, аналар!
Нұртас: Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Асылбек: Біз қыздарды сыйлаймыз,
Шаштарынан тартпаймыз.
Меркемен құттықтап,
Қыздарменен ойнаймыз
Еңлік: Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет
С.Әли: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Амина:Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ аннам
Айару: Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Анадегенкеремет,
Сыйлап өтем өмірде.
1-жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың,
Әпкелер мен бауырлар, балалардың.
Мерекеңіз ұлассын қуанышқа,
Бұл күндер көксеген даналардың.
Би: «Флешмоб»
Әңгіме: «Анамның қолдары»
Мұғалім аналар мерекесі қарсаңында үйге ананың қолы хақында бір шығарма жазуға тапсырма береді. Ананың еңбекқорлығы жөнінде бірнеше сөздер жазыңдар дейді.
Екі күннен кейін мұғалім үй тапсырмасын сыныпта оқытқан еді. Кезек сыныптағы бір қызға келді. Ол былай бастап еді:
«Анамның қолдары. ...Анам қолдарының бірімен май шайқайды. Біреуімен құшағында діни кітабымызды ұстайды. Келесімен әкемнің жейдесін жамайды. Келесі қолымен менің шашымды өреді. Келесі қолымен...»
Мұғалім: (Күліп) Сонда қалай, қызым. Келесімен, келесімен. ...Сенің анаң қырықаяқ па?
Соншама қол адамда бола ма? Бұл бос сөз бе?- дейді.
Барлығымыз күле бастадық. Қыз болса жауап беріп: Жоқ, бұл бос сөз емес. Екі қолы әкем үшін...Және жеті баласы бар, әрқайсысы үшін есептесеңіз он төрт болады. Ас үй, қора, бақша үшін де екі қолдан алты қол болады. Кедейлер үшін де қол қосыңыз. Дұға үшін де екі қол ойлаңыз. Тура жиырма алты қол болады. Анамның тура жиырма қолы бар, құрметті ұстаз, - дейді.
Бәріміз күлгеніміз үшін қатты ұялдық. Ұялғанымыздан төмен қарадық. Ұстазымыздың жүзіндегі таңғалыс жоғалып, қобалжыған дауыспен:
- Жазғандарыңның бәрі дұрыс, қызым. Ең әдемі үй тапсырмасын сен жаздың. Аналардың қолы тіпті одан да көп. Олар бәрін де істей алады. Міне, ана деген осындай жан, - деді.
Бауыржан: Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Аяла: Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Айса: Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Санжар:Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Алихан:Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Айжұлдыз:Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.
М.Әли:Әжем менің,ақ әжем
Аппақ әжем,пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз ақ әжем.
Мөлдір:Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Емир:Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Ән шашу: Садықов Әлидің орындауында.
«Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)
1. Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
2. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
3. Анасын көріп, қызын ал,
Аяғын көріп, асын іш.
4.Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
5.В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя».
6.Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
7. О. Бальзак. «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».
8. В. А. Сухомлинский: «...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың».
Ілияс:Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Аршад:Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Алуа:Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Көркем:Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Әлтөре:Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын
Алдияр:Аялаймыз анамызды
Құрметтейміз бағамыз
Сіздер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз.
Мақсұт:Аналарды сүйеміз!
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Әмір:Адал бол деп балдырған,
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде мархабат,
Анамызға мың алғыс.
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тамашалау.
Ән шашу.
ІІІ. Қорытындылау
1-жүргізуші: Ардақты аналар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Аяулы менің анашым» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Ана –біздің күніміз!
Ананың біз - гүліміз!
Бізді, ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.