Файл: 3. 1 Критериалды оыту технологиясы Критериалды баалау технологиясы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 39
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3.1 Критериалды оқыту технологиясы
«Критериалды бағалау технологиясы» пәні бойынша бағдарлама білім беру жүйесін реформалау талаптарынанан алынған, және жоғарғы білімнің заманауи парадигмасының тұжырымдамалық жағдайларына негізделген, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету әдістерінің бірі - қазақстандық білім беру тәжірибесіне оның өзгеру мүмкіндігін анықтау мақсатында шетелдік педагогикалық тәжірибені талдау және зерттеу.Осы бағдарламаны құру – басқа да еуропа елдерінде жоғарғы білім жүйелерімен салыстыру бағытында білім берудің заманауи жүйесін қайта құрумен байланысты.
Еуропалық интеграциялық процесстер студенттерді бағалау және бақылауды ұйымдастыруды талдау - әртүрлі елдердің білім беру жүйесін үндестіру және оған жақындасудың табыстылығына қол жеткізу үшін қазіргі заманның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Тарихи даму процесінде тек қана формары, баға қою әдістері, бақылау-өлшеу іс-шараларын өткізудің жиілігі және олардың мазмұны, оқушыларға әсер ету тәсілдері, ынталандыру элементтері және көптеген басқа да факторлар ғана өзгеріп отырған.
Бағдарламаның тақырыптық мазмұны бағалау жүйесіндегі пайымдауларға негізделген. Қазіргі таңда бағалау жүйесі келесідей қызметтерді атқарады: нормативті қызмет, ал оның мақсаты мемлекет бекіткен эталонға қатысты нақты оқушылардың жетістіктерін белгілеу, нақты оқушының үлгерімін, оның дайындық деңгейін және оқытушының білім сапасын әкімшілік бақылау болып табылады, сондай-ақ білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы мазмұнды байланыстың негізгі кезеңдерінен тұратын және оқушылардың қызметін ынталандырумен байланысты қызмет және оқушылар мен оқытушылардың мазмұнды рефлексиядан құралған ақпараттық-диагностикалық қызмет болып табылады. Алайда мұндай жүйе білім берудің қазіргі таңдағы мақсатына сәйкес келмейді. Барлық іс -әркеттер қоршаған ортамен әрекеттесуге, өздігінен білім алуға және өзін-өзін дамытуға дайын және бәсекеге қабілетті тұлғаның дамуына негізделуі тиіс. Сондықтан оқушының бақылау-бағалау қызметі, яғни өзінің қызметін бағалауға және бақылауға қабілеттілік және дайындық, туындаған қиындықтардың себебін жоя білу ерекше мәнге ие.
Соңғы жылдарда қолданылып отырған шетел тілдеріне оқыту әдістемелері және ғылыми әдістемелер әдістеме саласында және негізгі пәндер саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін көрсетеді. Ғылыми мәліметтерді ескерумен төмендегідей басты әдістемелік дәрежелер түсіндіріледі: мақсаты,
оқыту мазмұны, принциптер, технологиялар және оқыту құралдары.
Бағдарлама - ғылымда және шетел тілдерін оқыту тәжірибесіндегі қазіргі кездегі шешілмеген және пікірталастық проблемалардың кең ауқымды талдануын қарастырады. Осы курс,біліктіліктің дамуы және білімді меңгерудің барлық көріністерін қамтитын педагогикалық міндеттерді шешуді басқару мақсатында бағалауды ұйымдастыру әдістері мен құралдар, идеяларды, оқушыларды және оқытушыларды қамтитын кешенді және интеграциялық процесс ретінде бағалау технологиясын қарастыруды болжамдайды.
Бағалау функциясы – бұл кемшіліктерді анықтау процесі ғана емес, оны білім беру процесін ұйымдастырудың сыни талдауы тәрізді қарастыру қажет. Себебі: баға - бұл қорытындыларды шығару ғана емес, дамудың жаңа «нүктесі», яғни жақсарту, білімнің сапасын жоғарылату. Осы курсты зерттеу процесінде, болашақ мамандар, нақты бір студенттің оқу жетістіктерінің жұмысын жақсартып қана қоймай, сондай-ақ жоғары білім беруде қазіргі өзгерістерге сәйкес заманауи сапалы-жаңа оқу бағдарламаларын құру, бұған бағаланатын оқушылар, және жалпы педагогикалық процестің жаңа сапасына қол жеткізу шаралары тартылған.
«Критериалды бағалау технологиясы» лекциялық курсының мақсаты - осы оқу пәні бойынша студенттердің теориялық дайындығы болып табылады лекцияларда шетел тіл білімінің деңгейін критериялық бағалаудың шетелдік жүйесі және қазіргі теориясы бойынша негізгі мәліметтер хабарланады, мектептегі оқу процесіне жаңа тәжірибені ары қарай сәтті ендіру мақсатында бағалау принциптері мен міндеттері, мақсаты баяндалады.Сонымен қатар осы пәннің мақсаты - Республиканың білім беретін әртүрлі ұйымдарында қолданылатын критериялық бағалау жүйесін зерттеу, психологиялық-педагогикалық және тілдік пәндер бойынша студенттердің біліміне сенім артумен әдістемелік проблемаларды шешу әдістерін табу болып табылады.
«Критериалды бағалау технологиясы» лекциялық курсының міндеттері – студенттерді әдістемелік әдебиеттің, осы проблема бойынша бағдарламалар мен оқулықтарды сыни талдауға дайындайды. Лекциялардың тақырыбы қазақ тілінің заманауи сабағының мәнін нақты түсінуге, оның әдістемелік құрылымына және жоспарлауына алып келеді, сондай-ақ тиімді әдістерді және оқушылардың жетістіктерін бағалау әдістерін табуға алып келеді.
3.2 Математика сабақтарындағы оқу әрекетінің түрлері
математика пәнінің мұғалімі Ниязова Алмагуль Кабировна
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Көптеген зерттеулер нәтижесінде Хэтти (Hattie,2011) оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі, қолданатын әдіс-тәсілдері оқудың тиімділігне елеулі әсерін тигізетінін дәйекті түрде атап көрсеткен. Оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылу қажеттілігінің мысалдарын Хименес-Алейксандренің оңтайлы оқу ортасын құруға арналған ұсыныстарынан көруге болады (2008,cited by Katchevich et al, 2011):
-
Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс. -
Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек. -
Білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс. -
Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы керек және оқушылар тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағаланбауы тиіс. -
Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын талдай білуі тиіс. -
Оқушылардың диалогке және бірлескен оқуға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс.
«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді талап етеді. Мысалы: 5 сыныпта «Диаграмма» тақырыбында 5.4.4.3 кестелер немесе диаграммалар түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу оқу мақсаты бойынша оқушыларға бағанды диаграмма, графиктік, сызықтық және дөңгелек диаграмма суретттері беріледі оқушылар суреттегі диаграммалармен таныса отырып, сабақтың оқу мақсаты бойынша қандай статистикалық ақпараттарды ала алтындығын анықтай алады. Сонымен қатар, сабақта оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясына негізделеді. Бұл тәсіл аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады, сол арқылы өздері үшін оқудың маңызын өздері анықтайды. Мұғалімдер өз оқушыларының қызығушылықтары мен бүкіл білім беру бағдарламасын ескере отырып, орындалатын жаттығуларды өзі таңдауға ерікті. Атап айтқанда өткен тақырыпты бекітуде «Блум түймедағы» әдісін қолдануға болады. Блум түймедағының күлтесіндегі – сұрақтар: қарапайым сұрақ, анықтаушы сұрақ, интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ, шығармашылық сұрақ, бағалау сұрақтары және тәжірибелік сұрақтар. Осы әдісті қолдану арқылы оқушыларға қарапайым сұрақтардан күрделі сұрақтарға ауысып жауап беруде ойлануға, ойын ашық айтуға мүмкіндік беру. Мұғалім тарапынан оқушылардың жаңа идеялар мен пікірлерін анықтау барысында олардың белсенді іс-әрекетін қолдауға, кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуына бағдар беріп отыруға үйрету.
Оқытудың белсенді әдістерін қолданғанда белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім тапқандай қылса», «жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе», (Ж. Аймауытұлы, 1929) оқудың анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс. Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге ұжымдық, топтық жұптық, жеке жұмыстарды жатқызуға болады. Мысалы: «Құрастыр және жауап бер» әдісін жұптық жұмыста қолдануға болады оқушылар берілген тапсырма, сурет не диаграммалар бойынша өз сұрақтарын құрастырады да, құрған сұрақтарына өздері жауап береді.Топтық жұмыс кезінде белсенді әдістің «Автобус аялдамасы» әдісін қолдануға болады. Мұғалім меңгерілуі керек тақырыпты сыныптағы топтардың санына байланысты бірнеше тақырыпшаларға бөледі. Әр тақырыпша бойынша 4-5 сұрақ жазылған бетті топтардың қасындағы қабырғаға жапсырады. Әр топтың мүшелері сұрақтарға жауап іздеп өзара талдайды. Алдарындағы плакатқа сызба немесе сурет, қысқаша негізгі ұғымдарды, мысалдарды келтіруге, анықтыма, теоремаларды не формулаларды жазуларына болады. Тапсырма күрделігіне байланысты уақыт беріледі. Уақыт біткен соң әр топ мүшелері жазғандарын сол жерде қалдырып сағаттың бағытымен келесі «аялдамаға» барады. Келесі тасырма бойынша берілген сұрақтарға жауап іздейді алдыңғы топтың жұмысымен танысады, олардың бастаған жұмыстарын жалғастыруға не қалаулары бойынша толықтырады, қате болса түзету енгізбейді бірақ дұрыс жауаптарының өз нұсқаларын жазып кетеді. Осы әрекет бірнеше рет қайталанған соң әр топ өз «аялдамаларына» қайтып келіп барлық топтың жазған жауаптарын қорытындылап ортаға шығып өз тапсырмалары бойынша тұсау кесер жасайды. Бұл әдісті қолданудағы мақсат оқушыларға дайын ақпаратты бермей, оны шағын топтарда талдатып өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге, берілген тақырыпты өз беттерімен оқуға меңгерту.
Ұжымдық жұмысқа «Ақ бет» әдісін қолдануға болады. Бұл әдісті қолданудағы мақсат жаңа сабақты ұсыну, оқушылардың зейінін тақырыпқа шоғырландыру. Сабақ тақырыбы айтылған соң, қабырғада ақ ватман жапсырылған беттің ортасына тақырып жазылады да қалған бөлігі таза қалпында, бірақ секторларға бөлініп нөмірленеді. Мұғалім бірінші сектордан бастап тақырыпша жазады да, оқушылардан осы тақырыпша бойынша қандай аспектілер, дәлелдемелер туралы сөз болғалы тұрғанын ойланып жауап берулері сұралады. Оқушылар айтқандарын маркермен тиісті секторына жазып шығады. Оқушылардың ойларын негізгі ұғымдарға, дұрыс жауаптарға бағыттап отырады. Осы әрекет барлық секторлар бойынша қайталанады. Нәтижесінде бүкіл «ақ бет» толтырылады, жаңа сабақ меңгеріледі (оқушы енжар тыңдаушыдан, сабақты түсіндірудің белсенді мүшесіне айналады). Осы әдіс арқылы оқушылар жаңа тақырыпты секторға, негізгі ұғымдарға бөлу арқылы меңгереді.
Математика сабағанда есептер шешуде формулалармен жұмыс жасағанда, теоремаларды, анықтамаларды бекітуде, қайталау сабақтарында, оқытудың кез келген бөлігінде «Пазлды» қолдануға болады, ол жеке не топтық жұмыс болуы да мүмкін. Пазл (ағл. puzzle) – тең емес бөліктерден сурет құрастыратын балалар ойыны. Бұл әдіс бойынша тапсырмалардың орындалуын ойын түрінде өткізуге болады. Оқыту барысында өтілген материал карточкаларға жазылады, бірақ әрбір карточкада келесісін іздеуге бағытталған мәлімет болуы тиіс.
Оқытудың осындай белсенді әдістері сабақта тиімді қолданылса, баланың танымдық белсенділігін артып, өз бетінше білім алып, шығармашылығы қалыптасады, өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасып, ұжымда бірлесіп жұмыс жасайды.
Мұғалімнің ең озық әдістерді дер кезінде игеруі, ізденуі арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – бұл әрбір ұстаздың басты міндеті деп білеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Математика» пәні бойыша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша «мұғалімге арналған нұсқаулық»
2. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану мәселелері. – Алматы, 2013.- 448 б.
3.Валиева М. Білім беру технологияларының нәтижеге бағдарланған білім берудегі ерекшеліктері.–А., 2005
4.1 Математиканы оқытудың зерттеу және іздеу технологиялары
Математиканы оқытудың ғылыми таным әдісі. Математикалық зерттеудің негізгі әдістемесіне:
1) байқау және тәжірибе;
2) салыстыру;
3) талдау және біріктіру;
4) жалпылау және арнайы бағытқа салу;
5) абстракциялау және нақтылау сияқты әдістер жатады.
Орта мектепте математиканы үйрену процесі оны оқыту процесімен бірге қарастырылады.
Математиканы оқытудағы бақылау .
Адамдарды қоршаған ортаның әр алуан құбылыстары мен жекелген нысандарының қасиеттерімен байланыстарына табиғи жағдайда назар аударып, олардың шын мәніндегі табиғи байланыстарының белгілерін үйренін бақылау әдісі дейміз.
Бақылауды қарапайым қабылдаудан ажырата білу керек. Белгілі бір нысанды қабылдау деп, сол нысанның біздің сезім ағзаларымызға әсер етіп, әсері біздің санамызда тікелей бейнеленуін айтады. Ұзақ мерзімді қабылдауды бақылау дейміз.
Бақылау – есте қалдыру және келесі байқаулардың нәтижесін жинақтаудан тұрады.
Математиканы оқытудағы тәжірибе.