Файл: Автополиплоидтарбір типтегі хромосомалар жиынтыыны бірнеше есе лаюы нтижесінде алынан организмдер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Адам кариотипі

Глоссарий

Автополиплоидтар-бір типтегі хромосомалар жиынтығының бірнеше есе ұлғаюы нәтижесінде алынған организмдер.

Аллополиплоидтар-әртүрлі геномдарды біріктіру нәтижесінде алынған полиплоидтар түрлері.

Бэндтер-эу және гетерохроматин сегменттерінің таралуына байланысты дифференциалды бояу кезінде хросомадағы арнайы жолақтар.

Гаплоидтар-ядросында хромосома санының жартысынан тұратын жасуша.

Ген-полипептид не нуклеин қышқылының синтезделуін анықтаушы ДНҚ молекуласының бір учаскесі.

Генетикалық карта-хросомадағы гендердің орналасу реті.

Геном-хромосомалардың негізгі гаплоидты жиынтығы.

Генотип-тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін жасушадағы барлық гендер.

Гетерохроматин-барлық жасушалық цикл бойы тығыз оралған күйде болатын хроматин учаскелері.

Дифференциалды бояу-хромосомаларды белгілі бір дискілерді немесе хромосома аймақтарын анықтайтын арнайы бояғыштармен бояу әдісі.

Идиограмма-кариотиптің құрылымдық ерекшеліктерін көрсететін графикалық бейнелер.

Кариотип-белгілі бір түрге тән дене клеткаларының хромосомалар жиынтығы.

Кинетахор-хромосома центромерасының арнайы ақуыз кешені.

Код(генетикалық)-ДНҚ молекуласында нуклеотидтердің бірізділікпен орналасуы арқылы тұқымқуалаушылық ақпараттың қысқаша жазылуы.

Кодон(триплет)-геннің ең ұсақ,3 нуклеотидтен тұратын және бір амин қышқылын анықтайтын қызметтік бірлігі.

Локус-геннің хромосомада орналасқан орны.

Нуклеосома-хроматин қаптамасының элементар бірлігі;ДНҚ-дан және H2A,H2B,H3,H4 гистон ақуыздарының 4 жұбынан тұратын хроматин.

Плазмоген-цитоплазмада(хромосомадан тыс) орналасқан гендердің жалпы атауы.

Полиплоидия-хромосома санының еселеп өсуіне байланысты геномлық мутация.

Сателлит-хромосоманың екінші тарамынан бөлінген шағын бөлігі.

Теломера-хромосоманың соңғы бөлігі(ұшы).

Центромера-хромосомалардың екі иыққа бөлінуі.

Хроматин-хросомалардың негізін құрайтын жасуша ядросының нуклеопротеиді.

Эухроматин-жасушаны бөлу кезінде диффузды күйді сақтайтын белсенді хроматин.