ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қосымша
Популяциялық генетиканың негізін Харди-Вайнберг заңы құрайды.1906 жылы ағылшын математигі Харди мен неміс дәрігері Вaйнберг бір-біріне тәуелсіз түрде популяциядағы генотип пен фенотиптің таралуын көрсететін формула ұсынды.Ол кейіннен Харди-Вайнберг заңы деп аталды. бұл формуланы құрастырғанда олар аллельдердің мөлшері өзгермейтін жағдайда популяциядағы доминантты және рецессивті белгілері бар дарақтардың белгілі бір арақатынаста болатындығын негізге алды.
Егер популяцияның генофондысы мысал ретінде, А және а гендерінің жұп аллельдерінен түрса, онда А геннің популяцияда көріну жиілігі р-ға, ал а геннің жиілігі g-ға тең, сонда популяциядағы осы екі аллельдің арақатынасы мына формулаға сәйкес келеді: рА + ga = 1 (1).
Осы формуланың екі бөлігін квадраттасақ: (рА + ga)2 = 1
енді жакшаны алгебралык жолмен ашатын болсақ, біз генотиптердің жиілігін көрсететін формула аламыз: р2АА + 2pgAa + g2aa = 1 (2).
Бұл формуланы құрастырарда олар аллельдердің мөлшері өзгермейтін жағдайда популяциядағы доминантты және рецессивті белгілері бар особьтардың белгілі бір арақатынаста болатынын негізге алады. Егер гаметадағы бір аллельдің, айталық, А аллелінің мөлшерін Р деп белгілесек, онда екінші аллель а-ның мөлшері q болады. Осыдан келіп олардың ұрпақтарында мынандай арақатынас орнығады.
♀ ♂ | РА | qа |
PА | P2АA | PqAa |
qа | PqAa | q2aa |
P2АA+ 2PqAa + q2aa.
Харди мен Вайнбергтің формуласын пайдалана отырып, белгілі бір фенотиптің мөлшерін есепке алудың негізінде популяциядағы генотиптің таралу сипаты анықталады. Бірақ бұл формуланы қолданудың да бір шегі бар. Ол мына төмендегідей жағдайлар:
-
Егер аутосомалық гендердің бір ғана жұбы есепке алынса; -
доминантты аллельдегі мутацияның рецессивті аллельге немесе керісінше ауысуы болмайтын жағдайда; -
әр түрлі генотипті особьтардың тіршілік қабілеті және ұрпақ беру мүмкіндігі бірдей болғанда. -
Табиғи популяцияларда бұл қойылатын талаптардың бәрі бірдей бола бермеуі мүмкін. Дегенмен онымен адамдар арасындағы кейбір белгілердің таралу жиілігін анықтауға болады.