ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 158
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
қонақүйлерден бастап, тұрғын үйлерге дейінгі құрамына тұрғын-үй функциясы бар барлық техникалық құралдары кіретін тұрғын-үй құрылымына инвестиция; -
аттракциондық және туристік инфрақұрылымға инвестициялар, оның құрамына демалыс орны мен курортқа қосымша құндылығы бар, өнімнің анықтамасын және нарықтық жайғасымды қолдайтын барлық спорттық, рекреациялық және ойын-сауық орындары кіреді; -
әлеуметтік инфрақұрылымға инвестициялар мен оқыту туризм секторында айрықша орын ретінде ұсынатын барлық инвестициялық жоспарлардың маңызды элементі ретінде ерекшеленді;
-
туризмге инвестицияны жүзеге асыру үшін, әсіресе, мемлекеттің қашықта орналасқан жеке аудандарында қоршау ретінде жалпы инфрақұрылымға инвестициялар өте маңызды.
Осы стратегиялық жоспар негізіне сүйене отырып, Қазақстан туристік саланы дамыту бойынша қабылдаған 2020 жылға тұжырымдаманы іске асыруға болады, жоба үш кезеңнен тұрады және оған белгілі көлемде қаражат керек. Туризмге жалпы инвестицияларды бағалаужәне олардың Қазақстандағы стратегиялық міндеттерімен арақатынасы ұлттық, аймақтық деңгейді құрайды. Стратегиялық жоспарлау арқылы Қазақстан Туризмі 2020 жылға қарай ЖІӨ-нің 3%-ын құрайды, 6,5 млрд. долл. инвестиция тартып және 300 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, туризм мемлекет үшін стратегиялық маңызды сала болуы қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әлем де үздіксіз дамып жатыр. Туризм көптеген елдерде басымдықты сала. 2030 жылы 1,8 млрд адам ағымы күтіліп отыр. Осынша адам халықаралық шекаралардан өтетін болады. Қазақстанда ол әлі де болса енді басталуда. Әлем Қазақстанда демалу мүмкіндіктері жайлы енді ғана біліп жатыр. Еліміз бағыт ретінде бұрыннан бәріне белгілі, бірақ бұл жерде туризмнің алуан түрлері бойынша қандай мүмкіндіктердің бар екенін, оның ішінде эко және этнотуризм туралы әлем енді біліп жатыр. Елдегі туризм динамикасы жақсы. Орта есеппен 10% деңгейіндегі келушілер туризмі бойынша жыл сайын өсіп келеді. Соңғы 5-6 жылда ішкі туризм бойынша да оң динамика бар — 10-15% деңгейінде. Ел азаматтары барынша көбірек Қазақстандағы демалыс орындарын таңдауда. Өзінің бір демалысын Қазақстанда өткізуге ниетті адамадар саны көп. Шетелге жылына үш рет шыға алатын адамдар бар, бірақ олар кемінде бір демалысын Қазақстанда өткізеді.
Туризм түрлері бойынша беталыстар туралы айтатын болсақ, әлемде этнографиялық және саяхатшылық туризм кеңінен танымал болып келеді. Егер эко және этнотуризм әрқашан қызықты болса, аdventure-туризмге сұраныс жыл сайын 46%-ға дейін артуда.
Экотуризмнің бүгінде аса дамыған өңірі — Алматы өңірі. Бұл өңір әзір әрі ең көп туристерді қабылдайтын өңір. «Алматы облысының алтын алқасы» туры бар. Оны Жетісу деп те атайды. Тур Ұлттық парктерді, Көлсай көлін, Қайыңды көлін, Шарын шатқалын, Іле Алатау Ұлттық паркін қамтиды. Сондықтан мұнда туристер көптеп келеді. Щучинск–Бурабай курорттық аймағының әлеуеті зор. Бурабайға бүгінде туристер көптеп тартылады. Мұны экотуризм деуге келмейді. Бірақ оның элементтері бар — адамдар табиғатта демалу үшін, атқа мініп, қымыз ішу үшін келеді.
Шығыс Қазақстан облысының әлеуеті тым жоғары. Бірақ тұру орындары барлық жерлерде жасақталмағандықтан, бұл өңірде дамуды енді бастады. Қатон-қарағайда Ұлттық парк бар. Әсем табиғат, пантамен емделу, балмен емделу… Әлеуеті өте зор. Адамдарды қабылдайтын 60 шағын үйлер бар. Олардың жалпы әлеуеті 10 мың туристке дейін қамти алады. Мақсат қойылды — алдағы 5-10 жылда 10 есеге арттыру. Жеке бастамалар қолға алынады, Туризмді тұрақты дамыту қоры құрылады. Мұндай бастамалармен бизнес, қоғам мен мемлекет кез келген туризм түрін дамыта алады.
Экотуризмді дамыту бойынша тағы зор әлеует Маңғыстау облысында бар. Онда аdventure-туризмге (саяхатшылық туризмге) басымдық беріледі. Қазір әлемде эко- және аdventure туризм қосарланған беталыстар байқалуда. Себебі аdventure табиғатқа соншалық зиян келтірмейді, сондықтан эок- және саяхатшылық туризм бізде де дамитын болады.
Қазір бұл ұғымдар астасып, араласып кеткен, экотуризм де, этнотуризм де. Егер бұрын экотуризм туралы келген соң түнемейтін, немесе шатырларда түнейтін, сол жерлердегі қоқыстарды жинайтын т.б. адамдар деп ойлайтын болса, қазір экотуризм — бұл табиғатқа зиянын тигізбейтін немесе септігін тигізетін кез келген туризм түрі. Яғни адамдар міндетті түрлде шатырларда тұрмайды, олар қонақ үйлерде де тұра алады. Олар сонымен қатар эколодждарда да (экотехнологиялар негізінде құрылған экологиялық тіршілік кеңістігі) тұра алады. Олар сонымен қатар табиғатқа зиянын тигізбейтін әрі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын икемді қонақ үйлер болуы мүмкін. Әлемде далада немесе орманда туристерді қабылдап қана қоймай, жаңартылатын энергия саласында ең үздік тәжірибелерді қолданатын эколодж тұратын мысалдар өте көп.
Ұлттық туристік өнім деп қазір ұсынылып жүрген аса ерекше туристік өнімдер ұғынылады.
Мұнда төрт негізгі бағытқа назар аударамыз:
-
экотуризм -
этнотуризм -
еntertainment (ойын-сауық) -
ивенттер.
Бұл бағыттарды төрт Е тұжырымдамасына біріктіреді. Осы тұжырымдама аясында барлық бар өнімдерді қамтуға тырысуда. Жеріміз үлкен, ландшафтары әр түрлі, климаттық ерекшеліктері бар болғандықтан, таңдау да үлкен, мәдени алуандылық зор. Елімізде 130 ұлт өкілі тұрып жатқандықтан, ас мәзірі, тілдер т.б. бойынша бұл ауқымды бағыт. Бұл сан алуандықтан шағын бір бағытты таңдап, оған бағытталу өте қиын. Сондықтан 4 бағыт таңдалды. Экотуризм туралы айтатын болсақ, бұлар біздің Ұлттық парктер, аdventure-туризм. Егер этника туралы айтатын болсақ, кеиіз үйлерде тұру, бүокітпен аңшылыққа шығу, гастрономиялық туризм. Біздің қолымызда бар өнім басқаларынан ерекшеленетін болады деп санаймыз. Ол суббрендтер айналасында шоғырланған.
Қазақстан өңірлерін Туристтендіру картасы әзірленді. Оған енген нысандар екі топқа бөлінген: республикалық деңгейдегі ТОП-10 басым нысан және өңірлік деңгейдегі нысандар.
ТОП-10-ға енген ең перспективалы бағыттар ретінде Қазақстанның келесі туристік аумақтары қарастырылады:
Алакөл көлі - әлеуеті бір жылда 2 500 000 турист (ағымдағы ағын - бір жылда 772 000 турист);
Алматы өңірінің тау кластері- әлеуеті бір жылда 2 500 000 турист (ағымдағы ағын - 500 000);
Щучинск-Бурабай курорттық аймағы - әлеуеті бір жылда 2 000 000 турист (ағымдағы ағын - 750 000);
Баянауыл курорттық аймағы - әлеуеті бір жылда 450 000 турист (ағымдағы ағын - 200 000);
Имантау-Шалқар курорттық аймағы - әлеуеті бір жылда 400 000 турист (ағымдағы ағын - 130 000);
Балқаш көлі - әлеуеті бір жылда 400 000 турист (ағымдағы ағын - 130 000);
Шарын каньоны - әлеуеті бір жылда 1 000 000 турист (ағымдағы ағын - 100 000);
Түркістанның тарихи-мәдени туризмін дамыту - әлеуеті бір жылда 1 500 000 турист (ағымдағы ағын - 500 000);
Маңғыстаудың жағажай туризмін дамыту - әлеуеті бір жылда 750 000 турист;
Нұр-Сұлтан қаласы МІСЕ туризмін дамыту - әлеуеті бір жылда 1 000 000 турист.
Қазақстан - бұл алманың, қызғалдақтың отаны, Жібек жолы, жылқы малы алғаш рет қолға үйретілген мекен. Осы тұрғыда ұлттық туристік өнім дамитын болады. Бұл өнімді жетілдіріп, ілгерлету керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
«Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2019 жылғы 2 қыркүйек. -
Балабанов И.Т., Балабанов А.Т. Экономика туризма: Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 18 б. -
Решетников Е.Г. Сфера услуг: планирование, проблемы, перспективы Саратов: Изд-во Саратовского университета, 2008., с. 64 -
Зорин И.В., Квартальный В.А. Энциклопедия туризма. – М.: Финансы и статистика, 2005 -
Любіцева О.О. Ринок туристичних послуг (геопросторові аспекти). – 3 вид., перероб. та доп. – К.: Альтерпрес, 2002. – 436 с. -
Боголюбов В.С. Экономика туризма: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: «Академия», 2005. – 192 с. -
«Туризм: Видение Европы в 2020г.» Туризм. [Электрондық ресурс]: http://www.turtsiа.ru/ Tоurism.htm -
Р.А.Юрик. Факторы формирования туристского рынка// Географія та туризм: наук.зб. – Випуск 15. – К.: Альтерпрес, 2011. – С. 9-16 – 300 экз. -
Гладкевич Г.И. Туризм: учебник. – М.: Финансы и статистика, 2013. – 320 с. – Библиогр.: с. 308-309 -
Кифяк В.Ф. Влияние социально-экономических факторов на развитие ресурсного потенциала туризма на региональном уровне. Дис. Экон. Наук 08.00.05. Москва, 2012 -
Туризм в Казахстане. Статистичекий сборник. Нұр-Сұлтан, 2018. www.stat.gov.kz -
Услуги в Казахстане. Статистичекий сборник. Нұр-Сұлтан, 2019. www.stat.gov.kz -
Валиев М.Ш. Анализ и оценка инфраструктурного развития внутреннего регионального туризма. Sun.tsu.ru/mminfo/ -
Н. Абуев Развитие туристкой отрасли в Республике Казахстан в 2013- 2017 годы. www.tabigat-alemi.kinShare -
Гаврилов А.Ю. Влияние социально-экономических факторов на развитие ресурсного потенциала туризма на региональном уровне. Дис. экон. наук 08.00.05. Москва, 2012 -
Яфоров Р.К. Влияние туризма на социально-экономическое влияние региона: Дис. канд. социал. наук. 22.00.03 Саратов, 2006 -
Огиенко Н.А. Туризм, как средство познания собственной цивилизации. Проблемы, пути решения. // Казахстановедение: познавательные, оценочные и прикладные проблемы. Материалы международной научно- практической конференции. – Нұр-Сұлтан: 2018. -
Нургалиева А.Ш. Повышение конкурентоспособности услуг туристических фирм. Автореферат. Караганда, 2010, -3с. -
Жаналинова М.А., Агыбетова Р.Е. Основные пути привлечения инвестий в индустрию туризма РК. /Сборник материалов 1-ой международной научно-практической конференции «Социально-экономическая модернизация- главный вектор развития страны», Москва, -2017, 129-133с. -
Какен К.Г. Задачи развития туристской отрасли в рамках Программы по развитию перспективных направлений туристской индустрии РК на 2012-2017 годы// Доклад Председателя Комитета индустрии туризма МТС РК, июль 2017. -
Ағыбетова Р.Е., Төреханов С.І. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын ақпараттандыру мәселелері. Ғылыми журнал. ПМУ хабаршысы. Гуманитарлық серия. №2. 2016. 68-75б. -
Ағыбетова Р.Е., Әлімбеков Д.А., Бекболатова Ә.М. Туристік қызмет нарығын жетілдіруде отандық туристік кластерлерді құру, дамыту мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Хабаршы, ІІ бөлім, Нұр-Сұлтан, 2016, 7-9б. -
Валиев М.Ш. Анализ и оценка инфраструктурного развития внутреннего регионального туризма, 2015 г. -
«Рынок туристских услуг (номенклатура, емкость, структура)» статья с сайта http://www.turbooks.ru -
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы -
Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» заңы 2001 жыл 13 маусым, №211 [Электрондық ресурс]/һttp://аdilеt.zаn.kz/kаz/dоcs -
«Қазақстан Республикасында туристік саланы 2020 жылға дейін дамытудың Тұжырымдамасын бекіту» туралы бағдарламасы.Нұр-Сұлтан, 2016. -
Ағыбетова Р.Е., Төреханов С.І. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын ақпараттандыру мәселелері. Ғылыми журнал. ПМУ хабаршысы. Гуманитарлық серия. №2. 2015. 68-75б -
Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған бағдарлама. Нұр-Сұлтан, 2015 ж.