Файл: Зерттеу таырыбыны зектілігі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 162

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Туристік нарықтың басқа да көріністері бойынша жіктелуін көрсетуге болады: сапарларды ұйымдастыру сипаты бойынша – ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған, сапарға қатысушылардың саны бойынша – жеке және топтық, сұраныс пен ұсынысқа сәйкес – сатушы нарығы (жоғары сұраныс пен шектеулі ұсыныспен сипатталады) мен сатып алушы нарығы (сұраныстан ұсыныстың артуымен сипатталады).

Туристік әлеует факторларына инфрақұрылымдық және туристік ресурстар факторларын жатқызуға болады. Туристік қызметтегі инфрақұрылым факторларына – көліктік ортаның жағдайы мен даму болашағы, телекоммуникациялық технологиялар мен жүйелер, білім мен ғылым және т.б. топтасқан жалпы факторларды, әкімшілік факторларды, маркетингтік және ресурстық факторларды жатқызуға болады, ал туристік ресурстық факторларға тарихи-мәдени құндылықтар мен табиғи-климаттық ерекшеліктерді, туристік ресурстардың ерекшеліктері, бар болуы, жағдайы, қолжетімділігі, олардың тартымдылығы мен бірізділік факторларын жатқызуға болады.

1.2 Туристік нарықтың бәсекеге қабілеттілігі мен туристік жобаларды бағалау қадамдары

Экономикалық әдебиеттерде ішкі инвестициялау көздеріне, ұлттық көздерді, соның ішінде кәсіпорындардың меншік құралдары, қаржылық нарық ресурстары, халықтың жеке жинақтары, бюджеттік қаржыландыру жатса; ал сыртқы көздергешетелдік инвестициялар,несиелер мен займдар жатады.

Қандай жобалар нақты, белгілі бір алдын-ала анықталған экономикалық және қаржылық жетістік критерийлеріне жауап бере алатындығын бекіту үшін туризм және қонақ үй бизнесіндегі инвестициялардың тиімділігін талдауға анықталған нақты қадамдар бар, оны келесі 2-суреттен көруге болады.


1.Бүгінгі күнгі жағдай

2.Инвесторлардың кезігетін мәселелері

3.Инвестиция салудың оңтайлы мүмкіндіктерін анықтау

4.Туристік салаға инвестиция салу

5.Туристік нарықтың дамуы

6.Қарастырылатын негізгі бағыттар

8.Нарық және қаржыландыру үшін техника-экономикалық негіздеу-талдау үлгісі

7.Қаржыландыру үшін технико-экономикалық негіздеме және нарық



Туризм және қонақ үй бизнесіндегі инвестициялардың тиімділігін талдау

Сурет 2 - Туризм және қонақ үй бизнесіндегі инвестициялардың тиімділігі


Ескерту: Автор құрастырған
2-суреттен кез-келген салаға инвестиция салу үшін бірнеше ретті орындалатын қадамдар бар екендігін көруге болады:

  1. Бүгінгі жағдайды талдау, онда экономиканың жағдайы талданып, дағдарыс пен экономикалық тұрақтылық сұрақтары қарастырылады; сондай-ақ, экономиканың туризм кәсіпорындарына әсері – әлемдегі экономикалық тұрақсыздық жұмыстың тиімділігіне жағымсыз әсерінің болуы; бағалау жүргізу, нарықты зерттеу және кәсіпорындар құру үшін қаржылық негіздемелерді дайындау бойынша ұсыныстарды беруге қажетті өтінімдер саны бойынша инвесторлардың ойын бағалау.

  2. Инвесторлардың кезігетін мәселелері:

  • уақыттың шектелуі немесе жұмыстың тиімділігі, яғни, жоба жұмысын бастауға қатысты уақыттың шектелуін білу; банк тарапынан қаржыландыру – көптеген жобалардың нақты жүзеге аспауының басты себебі.

3. Инвестиция салудың оңтайлы мүмкіндіктерін анықтау

  • әрбір жобаны жеке бағалау және клиент не инвестор үшін инвестициядан табыс алуды оңтайландыратын тұжырымдамасын ұсыну;

  • Қазақстанның нарықтық мүмкіндіктерін анықтау және клиентке осы мүмкіндіктерге сәйкес келетін туристік мекемелер өнімдерін көрсету;

4. Туристік салаға инвестиция салу

  • дамып келе жатқан нарықпен салыстырғанда тұрып қалған нарық – инвестициядан алатын табыс алу критерийлері қандай да бір жобаның тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Даму нарығы бар мемлекеттердегі күтілетін тәуекел жоғары болған сайын күтпеген нарықтағы табыспен салыстырғанда, инвестициялардың күтілетін табыстылығы жоғары болады;

5. Туристік нарықтың дамуы

  • даму және алға басу қарқыны –кеңес берушінің шешуі тиіс ең күрделі мәселелерінің бірі: яғни, мүмкіндіктер болжамы жасалып жатқан мерзім барысында туристік нарық қызметтеріне жаңа ұсыныстар санын өлшеу. Мүмкін болатын жобалар санының көп бөлігінің қосылуы, дайын және іске қосылғалы тұрған жобаның әлеуетті мүмкіндіктерін жоюы мүмкін;

  1. Қарастырылатын негізгі бағыттар

  • Портфельдік келісім-шарттар – олар мемлекеттегі туристік нарықтағы брендтік өкілдіктерінің ландшафтын өзгертуі мүмкін;

  • бейінді инвесторды ауыстыру – типі (ұйымдастырушылық) және қайнар көзі (қытайлық, үнділік) тұрғысынан алып қарағанда инвесторлардың қарқынында елеулі өзгерістер бар;

7. Қаржыландыру үшін техникалық-экономикалық негіздеме және нарық.

    • сұраныс пен ұсыныс – іске қатысы бар кәсіпорынның бәсекелік шарттарын дұрыс анықтау қажет және кәсіпорын қызметтерінің болашақ ұсыныстарының саны туралы кәсіби пікірлер шығаруы тиіс;

    • брендтің бағасы – халықаралық және жергілікті маркалардың бір-бірінен басымдылығын құра отырып, жобаның стандартын және оның иесі үшін оңтайлы табыстылығын бағалау;


  • рентабельділік – жалпы операциялық және таза операциялық кіріс. Мысалы, ТМД мемлекеттеріндегі қонақ үйлер пайыздық қатынаста батыстық көршілерге қарағанда табысты болуы қарқыны бар, себебі бұл жерде еңбекақыға кететін шығындар 10 - 12 пайызға төмен;

  • құрылыстың құны – әр түрлі мемлекеттер бір-бірінен айырмашылығы өте көп, бірақ жүзеге асыру мүмкіндігінің түсінігіне жобаның шынайы құнын әзірлеуді бекітуде, ол жердің құнымен қоса нарықтағы мекемеден түсетін болжанған табыстардың ағымын бағалау үшін негіз болады;

  • шығару стратегиясы (капиталды шығару) – шынайы табыс пен жобаның шынайы құнының мәні, ол жеке актив немесе қор жинақтары болсын алғаш рет мүлікке төленгеннен жоғары құнды қамтамасыз етуде. Шығу стратегиясын дайын сатып алушы – дайын сатушы болғанда белсенді түрде жүзеге асырып, бақылап отыру қажет [5].

8. Нарық және қаржыландыру үшін техникалық-экономикалық негіздеу – талдау үлгісі.

Төменде 3-суретте көрсетілген талдау үлгісі, жобаны бағалауда маңызды қадамдарды бөліп көрсетеді:



Стратегиялық

Нарық

Жоба

Тактикалық


Қоршаған орта

Жобаны бағалаудың қадамдары

Сурет 3 – Туристік нарықтағы жобаны бағалаудың негізгі қадамдары

Ескерту: Автор құрастырған
Табыстылық пен пайданы талдау кезінде көлем мен орташа шығындарды анықтағаннан кейін туризм саласындағы жобаның болжанып отырған айналымы есептелуі мүмкін. Шығындардың орташа көлемі әр түрлі туристік нысан тұратын оперативті бөлімшелердің арасында бөлінеді, мысалы, қонақ үй кешендерінің бөлімшелеріндегі бөлініс (нөмірлер, мейрамханалар, ойын-сауық кешендері, бизнес-қызметтер және т.б.)

1.3 Туризм нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі

2016 жылы халықаралық туризм құлдыраудан шыға бастады, әлемде туристік келулер саны (бір түндік келушілер саны) 940 млн. 2013 жылдан 983 млн. 4,6% артты, ал келушілер саны 6,4% артты. Барлық жасалған сапарлардың жартысынан астамы демалыс, денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған (51% немесе 505 млн. келушілер). Шет елдік туристердің мөлшермен 15% іскерлік сапарлар және кәсіби мақсатта саяхатқа шықса, 27% басқа мақсаттар үшін, соның ішінде туыстар мен таныстарға бару, діни мақсатта және қажылық мақсатта, медициналық қызмет алу мақсатында саяхаттаса, қалған 7 % келушілердің мақсаттары анықталмаған, халықаралық ірі туристік келулер 2-кестеде ұсынылған [6].
Кесте 2 - Халықаралық ірі туристік келулер




Рейтинг




Миллион







Өзгеріс (%)













Жылдар







Жылдар










2015

2016

2017

2018

2015

2016

2017

2018

1

Испания

77,1

79,5

83,0

83,0

0,5

3,0

1,8

0

2

Франция

59,8

62,3

66,7

69,8

8,8

4,2

6,3

4,7

3

Германия

52,7

56,7

57,5

60,7

1,0

7,6

2,3

5,6

4

Жапония

55,7

57,6

57,7

55,7

9,4

3,4

0,3

-3,5

5

АҚШ

43,6

46,1

46,4

47,7

0,9

5,7

0,5

2,9

39

Ресей

27

29,3

35,7

37,8

5,9

8,7

3,0

5,9

68

Грузья

26,9

28,4

30,4

31,5

10,9

5,5

7,3

3,7

80

Қазақстан

28,3

29,2

29,3

31,2

0,4

3,2

-0,1

6,4

104

Тәжікстан

*

*

25,7

28,4

*

*

13,5

10,2

110

Қырғызстан

*

*

22,4

26,5

*

*

16,2

18,8

Ескерту: Автор құрастырған



Франция топ-10 рейтингісінде халықаралық туристік келулер бойынша (83 млн) жетекші орында, ал кірістер бойынша үшінші орында (56,1 млрд. АҚШ долл.) болса, АҚШ кіріс бойынша бірінші орын (140 млрд. АҚШ долл.) болса, келулер бойынша екінші орын (69,8 млн.). Испания кірістері бойынша екінші орын (60 млрд. АҚШ долл.), ал келулер бойынша үшінші орын (57 млн.). Қытай келулер бойынша үшінші орын (55,7 млн.) және кірістері бойынша төртінші орынға (52 млрд. АҚШ долл.) ие. Ары қарай Италия, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Малайзия, Австрия, Макао және Гонконг (Қытай) және Мексика осы алғашқы ондықты аяқтайды (3- кесте).

2017-2018 жылдары Орталық және Шығыс Еуропа аудандарындағы барлық елдер оң өсім көрсетті, тек Чехия Республикасында көрсеткіштің төмендегенін көруге болады, негізгі өсім Грузияда (15%), Белорусь Республикасы (15%), Арменияда (13,5%) және Қазақстанда (11%), Ресейде (10%) байқалды.

Соңғы жылдары, туризм Түркия экономикасының ең табысты секторы болып табылды және әлемдік экономикада елдің интеграциясына жағдай жасай отырып, кірісті жоғарылатуға ұмтылуда, Түркия бар әлеуетіне негізделе отырып, өзінің туристік саясатын қайта қарастыруда. Туризм Министрлігі, туризм өнеркәсібіне әсер ететін барлық факторларды ескере отырып, 40 елдегі өзінің 23 бюросы арқылы, жарнамалық компаниялардың белсенді жұмыс атқаруын қамтамасыз етіп отыр.

Мысыр - Шығыс Арабиядағы ірі елдердің бірі, сонымен қатар, әлемнің туристік «Меккесі», мәдени және саяси өмірінің орталығы. Барлық аумақты Ливия, Арабия және Нубия шөлдері алып жатыр. Жер аумағы бойынша Мысыр ірі мемлекеттер қатарына жатқызылады, алайда мысырлықтар Ніл алқабындағы 4%-дық аумақта өмір сүреді. Халқының саны, шамамен 82 млн. адамды құрайды. Қала халқы 50% жоғары. Мысырдағы халықтың жылдық табысы, дамушы елдер арасындағы ең төмен деңгейде болып табылады. Мысыр елінің көп бөлігі Нілдің жағалауында, Суэц алабының бойында өмір сүреді [7].
Кесте 3 - Халықаралық туризмнен түскен кірістер





Рейтинг

АҚШ доллары

(млрд)

Өзгеріс (%)

Жергілікті валюта

өзгеріс (%)

Жылдар

Жылдар

Жылдар

2017/16

2018/17

2017/16

2018/17

2017/16

2018/17

1

АҚШ

126,2

139,6

9,2

10,6

9,2

10,6

2

Испания

56,3

60,4

-6,3

7,4

1,5

3,9

3

Франция

53,6

56,1

-2,2

4,8

6,0

1,3

4

Қытай

50,0

51,7

3,2

3,3

0,8

1,4

5

Макао (Қытай)

43,7

51,6

13,7

18,1

13,2

18,1

6

Италия

41,2

43,9

-4,2

6,6

3,8

3,1

7

Таиланд

33,8

42,1

24,4

24,4

26,7

23,1

8

Германия

38,1

41,2

-1,9

8,1

6,3

4,5

9

Ұлыбритания

36,2

40,6

3,3

12,1

4,8

13,2

10

Гонконг (Қытай)

33,1

16,2

16,2

17,7

15,8

17,7

Ескерту: Автор құрастырған