ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 159
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2017 жылғы саяхаттау және туризм саласындағы бәсекелестік бойынша Баяндамаға сәйкес (Әлемдік экономикалық форум), Черногория әлемде 36-орынға ие (139 елден) 7 мүмкін болатын ұпайдың 4,6 ұпайына ие. Бұл оның 2009 жылғы мәліметтерімен салыстырғандағы көрсеткіштерінен әлде қайда жоғары, ол жылы Черногория 4,3 орташа көрсеткішпен 52-орынды иеленген болатын [8].
Мексиканың ЖІӨ-де туризмнің үлесі 8% (2017 жылы 1021 млн. АҚШ доллары), 5млн.-ға жуық адам туристерге қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылған, ол мемлекеттегі жұмыс орындарының 6,8%-ын құрайды [9].
Туризмнің дамуындағы мемлекеттік қолдаудың келесідей негізгі жағдайларын көрсетуге болады:
Ұзақмерзімді жоспарлау мен стратегия. Көптеген мемлекеттер туристік нарықта өз үлестерін сақтап, арттыруды,өзінің бәсекелестік артықшылықтарын қолдану және туристік саланың тиімділігін жақсарту бойынша туризмнің ұзақмерзімді даму мүмкіндіктерін анықтайды. Туризмді дамыту бойынша жоспарлар жалпы мемлекеттік деңгейде қабылданып, билік органдарымен бекітілетін ресми құжат ретінде рәсімделді, осылайша құжаттың іс-әрекеті барлық министрліктерге таралып, оның орындалуын үкімет бақылап отырады;
-
маркетинг және туристік дестинацияның бейнесін құру. Көптеген мемлекет жоспарларында маркетингке назар аударылады, сонымен қатар, көптеген елдерде мемлекеттік туристік ұйымдардың халықаралық маркетинг мақсатында қаржы бөлуі халықаралық туристік нарықта мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін басты мәнге ие болды (Мысалы, Мысырда); -
туристік секторды жалпы басқару деңгейін жетілдіру. Талдау жасалған мемлекеттер туристік саланы басқаратын ұйымдардың нақты міндеттері мен құзыреттіктерін нақты белгілеу арқылы саланы басқарудың тиісті жүйесін бекітуді мақсат қойып, оны оңтайландыру бойынша іс-шаралар қабылдады. Сондай-ақ, мемлекеттің алдына қойған бағытын қадағалау мақсатында бір-біріне бағынышты құрылымдар құру стратегияны жүзеге асыруда өзара келісе отырып әрекет ету және оны бақылауда маңызды; -
салық салу және құқықтық реттеу мәселелері. Құқықтық саланың қажетті жұмыстарын бекіту мен тиісті жұмысты реттеу: туристік саланың жұмысына жәрдем беретін және осы саланың жұмысы үшін құқықтық негіз құратын қолданыстағы құқықтық базаны жетілдіру мен арнайы заңдар мен нормативті актілерді қабылдау; -
қолжетімділік. Мемлекеттің ауа қатынасын либеризациялау, «ашық аспан» саясатын бектіту, туристік салаға қызмет көрсететін қызметтердің әлеуетін арттыру, ұсынылатын қызметтерге төмен тарифтер бекіту – туристерге туристік дестинацияны қолжетімді етеді. -
туристік салада жүргізілетін іс-шаралардың жұмысқа тиімділігі мен экономикалық мақсаттылығын арттыру. Оған келесілер кіреді: елге келетін туристердің құрамының жаңаруы, туристік инфрақұрылым дамуындағы жаңа туристік дестинацияларды құру – субсидиялар, тікелей инвестициялар, мемлекеттік-жеке кәсіпорындар, компанияларға туристік өнімнің сапасын арттыру бойынша жағдайлар жасау; бизнес - кластерлердің бірге жұмыс жасауын ынталандыру; қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру. -
туристік сектордағы қызмет нәтижелерін бақылау және бағалау [10].
Табысты туризмді дамыту стратегияларында қойылатын мақсаттар мен жұмыс көрсеткіштерін әзірлеу ажырамас элементтердің бірі болып табылады, ол жүргізіліп жатқан саясаттын тиімділігін анықтауға көмектеседі.
2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИЗМ НАРЫҒЫ: ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында туризм нарығы дамуының қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан ішкі туристік нарықты қалыптастыру үшін нақты қадамдар жасап, соның негізінде ішкі туристік инфрақұрылымды қалыптастыру, кадрларды дайындау, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және оны енгізу шараларын жасап отыр. Жалпы ішкі туризм нарығын зерттеу екі бағыт бойынша жүргізілді, олар 2020 жылға дейін Қазақстан туризмін дамыту бойынша маңызды мағынаға ие болып табылатын:
-
сатып алушылардың әлеуетінің перспективті нарығын зерттеу; -
туристік іс-әрекетті зерттеу.
Орташа жыл сайынғы халықтың өсу қарқыны 2016 - 2018 жж. бойынша 1,66%, 2020 жылы бұл көрсеткіш 19 385 млн. адамға жетеді деп болжауға болады. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) анықтамасына орай, Әлемдік Банк жалпы жұмыс күшін қарастырады. 2008-2018 ж. орташа еңбек күшінің өсу қарқыны 1,67% құрайды. Осы тенденцияны қолдана отырып және R2 мәні 0,9711 құрайды, 2020 жылы Қазақстанда 10,4 млн. жұмыс күші болады деп күтуге болады (сурет 4).
Сурет 4 - Қазақстан халқының өсімін бағалау
Ескерту: Дерек көзі [11]
Қазақстанның үш ауданы халық арасында үлкен қызығушылық тудырады, Ақмола облысы – 32 %, Алматы – 26% және Шығыс Қазақстан – 21%. Барлық басқа аймақтар 10% немесе одан төмен пайызды құрады. Ішкі туризм бойынша қазақстандық екі ірі қала (Алматы және Нұр-Сұлтан) және таулы аудандар (Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстары), Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда географиялық жағдайының қолайлығымен ерекшеленеді.
Қазақстандықтардың басым көпшілігінің қандай туристік өнімдерге қызығушылық танытатындығы сауалнама жүргізу негізінде алынды, сауалнамаға Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қалаға келуші туристер қатысты (900 адам), сауалнама нәтижесі өңделіп, төмендегідей қорытындысы шығарылды:
-
көлдегі демалыс – 46%; -
туыстарға/достарға бару демалысы– 28%; -
таудағы жазғы демалыс – 23%; -
табиғатқа бағытталған сапарлар(турлар) – 22%; -
балық аулау мақсатындағы демалыс – 15%; -
қаладағы демалыс – 14%; -
мәдениетке бағытталған сапарлар(турлар)– 22%; -
ұлттық парктегі демалыс – 12%; -
Каспий теңізі жағалауындағы демалыс – 10%.
Көптеген туристік агенттіктер қазақстандықтардың Түркия мен Таиландтың жағажайларында демалуға ниетті екендігін айта отырып, ішкі туризм үшін негізгі фактор ретінде төмендегілерді ұсынады:
-
көліктік инфрақұрылымды дамыту (41% темір жол; 38% жеңіл және ауыр көлік; 25% ұшақ және 50% дейін әуе көлігінің бағасын қысқарту); -
инфрақұрылымның басқа нысандарын жақсарту; -
орналастырудың халықаралық стандарттарын алу.
Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 ж. Қазақстандағы 1678 орналастыру нысандарындағы төсек-тәулік саны 7 186 444 құрап отыр (кесте 4).
Кесте 4 - 2019 ж. орналастыру нысандары бойынша ұсыныс
Орналастыру орындары | Нысандар | Бірліктер | Ұсынылған төсек-тәулік |
5-жұлдызды қонақ үйлер | 17 | 2 735 | 683 181 |
4- жұлдызды қонақ үйлер | 53 | 3 697 | 685 191 |
3- жұлдызды қонақ үйлер | 103 | 6 318 | 1 049 476 |
2- жұлдызды қонақ үйлер | 22 | 774 | 126 957 |
1- жұлдызды қонақ үйлер | 17 | 712 | 116 147 |
Жіктелмейтін қонақ үйлер | 955 | 16 863 | 2 811 125 |
Қонақ үйлер бойынша аралық | 1167 | 31099 | 5 472077 |
қорытынды | | | |
Басқа орналастыру орындары | 511 | 10 098 | 1 714 367 |
БАРЛЫҒЫ | 1678 | 41 197 | 7 186 444 |
Ескерту: Дерек көзі [11] |
Кесте мәліметтері бойынша, басқа орналастыру орындарының саны 511, бірліктер 10098 – ді құрайды, ол барлық орналастыру орындарының басқа қонақ үйлердегі төсек - тәулік үлесі 30,4% болса, ал жалпы орналастыру орындарындағы төсек-тәулік 23,8% құрайды. Елімізде «жіктелмеген қонақ үйлер» және «басқа уақытша орналасу орындары» категориясына кіретін уақытша ақылы орналасу орындарының мөлшері 87,3% құрайды, олардың ұсынатын төсек-тәулік сандары 62,9 %, бұл, Қазақстанда ұсынатын уақытша орналастыру бойынша қызметтердің төрттен үшінің сапасы халықаралық нормаларға сай келмейтіндігін көрсетеді. Келесі суретте қонақ үй санатына кіретін орналастыру орындарының үлестік диаграммасы келтірілген (сурет 5).
Сурет 5 - 2018 ж. жіктелетін орналастыру нысандарының құрылымы
Ескерту: Дерек көзі [11]
Елімізде 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлер барлық жіктелген нысандардың 33% құрайды, ал 1 және 2 жұлдызды нысандар көлемі18% құрап отыр, яғни, егер жіктеу әдістері мен стандарттарын ескермесе жалпы орналастыру нысандарының құрылымын жағымды деп есептеуге болады, себебі елімізде 3 жұлдызды қонақ үйлер саны артуда. Осы нысандардың 37,6% Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола және Алматы облыстарында орналасқан, одан кейін Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары.
Қазақстандықтардың 66% шет елде саяхаттауға қызығушылық танытады, ал үштен бірі Қазақстандағы сервис жағдайының төмендігі мен экономикалық жағдайының келмеуіне байланысты сапар шеге алмайтындығын айтады, осы екі фактор жоспардың бекітілген уақытында неғұрлым жақсарып, халық жыл сайын одан да артық сапар шегуі керек, ол 2020 жылға қарай халықтың ішкі, сыртқы сапарларының саны мөлшермен 10 млн.адамды құрауы мүмкін.
2018 жылы туристік сала нысандарының саны артты, ол 2017 жылмен слыстырғанда 4,6% - артық артық өсімді құрайды, ал туристік саладан түскен түсім 122 млрд. теңге, ол 2017 жылмен салыстырағанда 56% артық, бюджетке түскен кіріс 4,8 есе артты (39,6 млрд. теңге). Бір жағынан елдегі туристік қызметпен айналысатындардың санының артуымен байланысты (кесте 5).
Кесте 5 - Туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындармен жеке кәсіпкерлердің саны
Көрсеткіштер | 2015 ж. | 2016 ж. | 2017 ж. | 2018 ж. |
Қазақстан Республикасы | 1 276 | 1 350 | 1 715 | 1 994 |
Ақмола | 34 | 33 | 48 | 45 |
Ақтөбе | 28 | 30 | 33 | 38 |
Алматы | 44 | 37 | 97 | 49 |
Атырау | 25 | 32 | 35 | 38 |
Батыс Қазақстан | 20 | 26 | 25 | 30 |
Жамбыл | 21 | 19 | 24 | 27 |
Қарағанды | 83 | 94 | 113 | 157 |
Қостанай | 34 | 37 | 45 | 53 |
Кызылорда | 2 | 6 | 11 | 10 |
Маңғыстау | 30 | 31 | 34 | 61 |
Оңтүстік Қазақстан | 25 | 31 | 52 | 89 |
Павлодар | 59 | 62 | 61 | 65 |
Солтүстік Қазақстан | 23 | 21 | 18 | 20 |
Шығыс Қазақстан | 60 | 51 | 68 | 88 |
Нұр-Сұлтан қаласы | 92 | 169 | 208 | 270 |
Алматы қаласы | 696 | 671 | 843 | 954 |
Ескерту: Дерек көзі [11] |
Туристік фирмалардың қызметін пайдаланушылар санының жыл сайын Республикамызда артады деуге болады, бірақ 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы келушілер саны 2017 жылдың қаңтар –қыркүйек айындағы келушілер санынан (494 081) кем тіркелген.
2018 ж. туризм саласында 1705 компания тіркелді, олар жетекші туристік облыстарда барлық тіркелген компаниялардың төрттен үшінің үлесі тиеді екен, бірақ Алматы қаласы басқаларына қарағанда неғұрлым басым, оған жалпы кәсіпорындардың 30% жуығы тиесілі екен. Соңғы жылдары коммерциялық кәсіпорындардың саны артты.
Қазақстанға келуші көшбасшы турист елдер ретінде – Өзбекстан (36%), Ресей (20%) және Қырғызстан елдерінің (12,6%) туристерін айтуға болады, ал ТМД-дан басқа 2014-2018 жылдары Қытайдан 154 226, Түркиядан 60 728, АҚШ-тан 25 606, Ұлыбританиядан 26 530, Оңтүстік Кореядан 16 963, Италиядан 15 161, Үндістаннан 14 716 келген туристерді көрсетуге болады.
Жалпы Қазақстан Республикасында туризм түрлері бойынша сапарлардың негізгі мақсаттары болып еңбек демалысы, туысқандар мен таныстарға бару, іскерлік мақсаттағы сапарлар мен діни - қажылық, шоп туризмін алуға болады. 2014 жылдың басына ең көп сапарлар еңбек демалысы кезінде болған, оған барлық сапарлардың 80% мөлшері тиесілі, одан кейінгі орында іскерлік (8,4%) және дүкен аралау мақсатындағы сапарлар (7,4%) болса, ең төменгі көрсеткіш басқа мақсаттарға (0,6%) және діни-қажылық мақсаттағы сапарларға (0,2%) тиесілі. Келесі 6-кестеде туризм түрлері бойынша келушілер сапарларының негізгі мақсаттары көрсетілген.
Кесте 6 - 2018 ж. басында туризм түрлері бойынша келушілер сапарларының негізгі мақсаттары
| Барлы | | | соның ішінде | | | | | |
| ғы | Соның ішінде еңбек демалыс | Таныстар мен туысқандарға бару | Іскерлік және кәсіби мақсаттар | Емдік және сауықтыру сапарлары | Дін және қажылық | Дүкендерді аралау | Өзге де мақсаттар үшін | |
| | | |||||||
| | | | | | | | | |
ҚР | 641 302 | 502 806 | 24 081 | 53 704 | 7 203 | 1 237 | 47 860 | 4 411 | |
Ақмола | 81 589 | 78 972 | 1 664 | 94 | 67 | - | 792 | - | |
Ақтөбе | 11 080 | 8 548 | 2 | 99 | 166 | - | 2 265 | - | |
| | | | | | | | | |
Алматы | 16 067 | 1 885 | 104 | 15 | - | - | 10 777 | 3 286 | |
Атырау | 11 968 | 10 165 | - | 105 | 311 | - | 1 387 | - | |
Батыс | 15 069 | 14 662 | 24 | 55 | 126 | - | 202 | - | |
Қазақстан | | | | | | | | | |
Жамбыл | 4 716 | 4 626 | 3 | 42 | 10 | - | 35 | - | |
Қарағанды | 33 738 | 30 518 | 2 044 | 359 | 395 | - | 422 | | |
Қостанай | 16 201 | 12 201 | 1 008 | 93 | 218 | 27 | 2 654 | - | |
Қызылорда | 646 | 572 | 3 | 40 | 26 | - | 5 | - | |
Маңғыстау | 32 673 | 8 067 | 4 233 | 653 | 809 | 279 | 18 632 | - | |
Оңтүстік | 15 981 | 8 911 | 1 007 | 1 700 | 317 | 450 | 3 596 | - | |
Қазақстан | | | | | | | | | |
Павлодар | 26 988 | 24 389 | 915 | 796 | 323 | - | 561 | 4 | |
Солүстік | 7 870 | 6 392 | 403 | 25 | 892 | 10 | 148 | - | |
Қазақстан | | | | | | | | | |
Шығыс | 27 986 | 24 657 | 157 | 231 | 834 | - | 2 051 | 56 | |
Қазақстан | | | | | | | | | |
Нұр-Сұлтан | 80 780 | 70 884 | 2 680 | 2 917 | 1 961 | 3 | 2 200 | 135 | |
қаласы | | | | | | | | | |
Алматы | 257 950 | 197 357 | 9 834 | 46 480 | 748 | 468 | 2 133 | 930 | |
қаласы | | | | | | | | | |
Ескерту: Дерек көзі [11] |