ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 160
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2026 жылға қарай іскерлік туризмнің жаһандық нарығы 1,658 трлн. АҚШ долл. бағаланады, ал жылсайынғы өсім орта есеппен 3,7 %-ды құрайтын болады.
Қытайда, Үндістанда және Ресейде туризмнің неғұрлым жылдам өсіп келе жатқаны байқалады. Ресей мен Қытайдың ең жақын көршісі ретінде Қазақстан да іскерлік және оқиғалық туризм бойынша әлемде өз орнын алуы мүмкін.
UNWTO болжамдарына сәйкес келесі екі онжылдықта экотуризм саласы қарыштап дамитын болады, ал экотуризмге жұмсалатын жаһандық шығыстар жалпы туризм индустриясымен салыстырғанда жоғары қарқынымен дамитын болады.
Бұдан басқа, бүгінгі күні әлемде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жыл сайын 8 млрд. адам барады, олардың 80 %-ы Еуропаға және Солтүстік Америкаға тиесілі. Нәтижесінде тікелей шығыстар түрінде 600 млрд. АҚШ долл. және тұтынушылық шығыстар түрінде қосымша 250 млрд. АҚШ долл. пайда келеді. Сонымен қатар, Халықаралық экотуризм қоғамының бағалауы бойынша нарық жыл сайын 25 %-ға өседі және 470 млрд. АҚШ долл. көлемінде табыс түсіреді.
Әлемдік туристік нарықтағы дәстүрлі аудандардың рекреациялық мүмкіндіктерінің шегіне жетуіне байланысты баруға болатын жаңа аумақтардың пайда болуы арқылы туризмнің өсуі күтіледі.
Азиялық саяхаттар мониторингінің болжамдарына сәйкес 2050 жылы ең қарқынды дамитын туристік нарықтар Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Мексика, Оңтүстік Корея, Малайзия, Таиланд болмақ.
Материалдық жағдайға сүйенетін болсақ, жалпы туристік ағында орта тап өкілдері басым. Сонымен бірге, арзан авиарейстердің таралуына, сапарлар мерзімдерінің қысқаруына (1-3 түн), орналасу мен көлік таңдауда баламалы таңдаудың пайда болуына байланысты бүкіл әлемде саяхаттардың құны төмендеу үстінде.
Осылайша, жаппай конвейерлік туризмнің көптеген мамандандырылған сегменттерге, "икемді" туристік өнімдерге, жаңа туристік бағыттарға, броньдаудың және сатып алудың онлайн-технологияларына сұраныс тудыратын жаппай сараланған туризмге түрленуінің айқын үрдісі байқалады.
2017 жылы WTTC әдіснамасы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-дегі туризмнің жиынтық үлесі 6 %-ды құрады. Бұл көрсеткіш үш компоненттен тұрады: тікелей (1,9 %), жанама (2,9 %) және туынды үлес (1,2 %). Тікелей үлес ішкі және шетелдік туристердің шығыстары бойынша көрсеткіштерді, сондай-ақ туристік объектілерді ұстауға арналған мемлекеттік шығыстарды қамтиды. Жанама үлес туризмге инвестицияларды, туризм саласындағы компаниялардың сатып алудың жергілікті мазмұны мен саланы басқаруға арналған мемлекеттік шығыстарды, туристік объектілерді ілгерілетуді және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Соңында, туынды әсер – туризм индустриясында компания қызметкерлерінің жалпы еңбек шығындары болып табылады.
Мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық мақсатына қол жеткізу– 2025 жылы ЖІӨ құрылымындағы туризмнің үлесін 8%-ға жеткізу үшін жоғарыда аталған үш драйвердің жылдық өсу қарқыны 7-8% болуы керек
Соңғы жылдары саланың көптеген көрсеткіштері бойынша (1-кесте) серпін оң болғанымен, ол тұрақсыз. Айталық, 2017 жылы ЭКСПО Халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі есебінен көптеген көрсеткіштер өсті, ал 2018 жылы өткен жылдың жоғары базасына қарағанда шамалы төмендеуі байқалды.
Бүкіләлемдік экономикалық форумның (бұдан әрі – БЭФ) Саяхат пен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексінде 2017 жылы Қазақстан 136 елдің ішінде 81-орын алды, 2015 жылғы 85-орынмен салыстырғанда позицияларын шамалы ғана жақсартты (рейтинг 2 жылда бір рет жарияланады).
Қазақстанда туризмнің дамуы үшін жоғары әлеует рейтингтің келесі көрсеткіштерінде көрсетілген:
- бүкіләлемдік мұраның мәдени объектілерінің саны бойынша – 61-орын;
- ауызша және болмашы мәдени мұра объектілерінің саны бойынша – 22-орын;
- бүкіләлемдік мұраның табиғи объектілерінің саны бойынша – 30-орын.
Сонымен бірге, БЭФ пікірінше, туризм саласында қазақстандық рейтингті мына факторлар айтарлықтай төмендетеді:
- туристік инфрақұрылым сапасының төмендігі (отельдер, курорттар, мәдени-сауықтыру объектілері және т.б.) – 121-орын;
- әуе қатынасының жеткіліксіз ашықтығы – 121-орын;
- визалық режимнің күрделілігі – 114-орын;
- жолдар сапасының төмендігі – 106-орын;
- автокөлікті жалға алу бойынша компаниялардың аздығы – 113-орын.
- маркетинг пен брендингтің төмен тиімділігі – 102-орын.
Бұл ретте, бұл бағыттар туризм саласын дамытудың жай-күйін анықтайтын және саланы дамыту бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін назар аудару қажет негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қаланың туризмін дамытудың катализаторы болды.
Қонақүйлер саны 13,2 % ұлғайды (2018 жылғы қаңтар-наурыз айлары –
189 қонақүй, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте қонақүйлер саны 167 болды). Сондай-ақ халықаралық рейстердегі жолаушылар ағыны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 16%-ға өсті (2017 жылдың 6 айы бойынша – 1,2 млн. жолаушы, 2018 жылдың 6 айы бойынша – 1,4 млн. жолаушы). Биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласы Ресей туристерінің арасында көктемгі және күзгі саяхаттар мен шопинг үшін ТМД-ның үздік қалаларының рейтингінде 2-орынды иеленді.
2017 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі – Тұжырымдама) бірыңғай институционалдық негіз қалыптастырып, Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті туристік саласын одан әрі дамыту бойынша стратегиялық пайым мен негізгі басымдықтарын бекітті.
Сонымен қатар бүгінгі таңда туризм индустриясы 30 астам жекелеген салалардың қиылысында тұр, ал олардың туризмді дамытуға қосатын үлестері жеткіліксіз. Осыған орай туристік саланы қалыптастыруға неғұрлым көп үлес қосатын бірқатар сабақтас салалардың қызметін шоғырландыру және қаржылық, адами, инфрақұрылымдық және институционалдық ресурстарды туризмнің ЖІӨ үлесін ұлғайтуға үйлестіруді қамтамасыз ету қажет.
Сайып келгенде туризм саласын дамытуға ықпал ететін факторлар басқа да тең жағдайларда саладағы проблемалар кешенін шешуді және Қазақстанды әлемдік туристік картада межелеуді қамтамасыз етуге тиіс.
Сонымен қатар мемлекеттік басқару деңгейіндегі негізгі проблемалар инфрақұрылымның дамымағандығы, Қазақстанды туристік дестинация ретінде ілгерілету жөніндегі кешенді маркетингтік стратегияның жоқтығы болып табылады.
Қазақстанның туризм саласына жасалған талдаудың қорытындылары бойынша саланың мынадай күшті және әлсіз жақтары, даму мүмкіндіктері мен қауіптері анықталды.
Кесте 15 - SWOT-талдау
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
1) табиғи ресурстардың болуы; 2) халықаралық маңызға ие объектілермен қоса, материалдық және материалдық емес мәдени мұра ескерткіштерінің болуы; 3) тұрақты саяси және мемлекетішілік жағдай; 4) Қазақстанның тиімді геостратегиялық орналасуы; 5) Орталық Азия өңірінде дамудың жоғары деңгейі. | 1) туризм орындарында инженерлік-көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы; 2) туристік объектілерге жету қиындығы; 3) туристердің демалу орындарындағы сервистің төмен деңгейі; 4) туризм саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі; 5) туризм саласына салынатын сыртқы инвестициялардың жеткіліксіздігі; 6) жетілмеген визалық және көші-қон режимі; 7) әуе кеңістігін реттеуде шектеудің болуы; 8) ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік әлеуеті туралы ақпараттың төмен деңгейі; 9) тұру және авиатасымалдау бағасының жоғары болуы. |
Мүмкіндіктер | Қауіптер |
1) сырттан келетін туризмнің жоғары әлеуетіне ие елдерге жақын орналасуы (Ресей, Қытай); 2) жергілікті бірегей туристік өнімдерді әзірлеу; 3) өңірлерді дамытуда мемлекеттің белсенді қатысуы, оның ішінде туристік және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды орнықтыру есебінен; 4) коммуникация және өнімдерді тарату саласында заманауи технологияларды пайдалану. | 1) көршілес елдердің ұқсас туристік өнімдері; 2) іскерлік сапарлар көлеміне қатты тәуелділік; 3) көлік қатынасының баяу дамуы (әуе, жерүсті); 4) жаңа әлемдік және өңірлік дағдарыстар. Туристік саланы дамытудың түйінді проблемалары коммуникациямен байланысты. |
Ескерту: Автор құрастырған |
Бірінші проблема – туристік нарыққа қатысушылардың (туроператорлар, турагенттер, туристік объектілер, қызмет көрсетушілер, қауымдастықтар, орталық және жергілікті атқарушы органдар және т.б.) арасында дұрыс жолға қойылған байланыстың, үйлестірудің және тиімді өзара әрекеттесудің болмауы.
Екінші мәселе – қазақстандық туристік дестинациялардың әлсіз брендингі, маркетингі және ілгерілету, ішкі нарықта да Қазақстанның туристік жерлері туралы ақпараттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.
Туризм саласын дамыту үшін стратегия әзірлеу керек, ол ішкі туризмнің жалпы және жеке бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Ресурстық, инфрақұрылымдық және оның экономикалық әлеуетін нақты анықтайды, ол сала үшін ұзақ мерзімге синергетикалық эффект болып табылады. Туристік қызмет көрсету нарығының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы дамытуға бағытталған мемлекетттік басқару органдарының қоғамның іскер адамдарының, қоғамдық және саяси ұйымдардың қызметін анықтауға мүмкіндік береді.
Көрінісі
Мақсаты
Экономиканы туризм арқылы әртараптандыру
Стратегиялық мақсаты
Халықаралық танымал туристік бағыт ретінде көрінісі
Инфра-құрылым және қолжетімділігі
Жаңа туристік әсерлер, тауарлар және қызметтер
Басқару және институционалды даму жүйесі
Адами ресурстар әлеуетін дамыту
Басқару бойынша маркетингтік жоспар құру
Брендинг
PR стратегия
WЕB платформа
Маркетингтік зерттеу
Операциялық стратегия
Бар инфрақұрылымды жетілдіру
Жаңа инвестициялар
Әуе және құрлықтағы транспорттың қолжетімділігі
Туристік дестинациялар мен кластерді дамыту
Кәсіби туристік өнімдерді құру
Туристік инфрақұрылымды құру
Ұлттық туристік сектордың құрылымдық ұйымы
Инвестицияны жылжыту және мемлекеттік қолдау
Институционалды және құқықтық өзгерістер
Туризм саласындағы білім беру жүйесі
Оқыту және тренингтер
Үкіметтің ақпараттылығын арттыру және әлеуетті өсіру
Сурет 6- Қазақстанның туризмді дамыту стратегиясы
Ескерту: Автор құрастырған
Қазақстан Республикасының туризмін дамытатын стратегиялық жоспар жаһандық өзгерістерге жауап беретін елде жаңа туризм дамуына негіз болады, Ол туризм саласында осы саланың ағымдық жағдайына құрылымдық, басқарушылық өзгерістер бойынша ұсыныстар береді. Жоспарды дайындау бес негізгі стратегиялық мақсатқа негізделеді және Қазақстан Республикасы оларды туризм дамуын басқару үшін негіз ретінде алады:
-
Қазақстан Республикасының халықаралық танымал туристік бағытталған орнын анықтау; -
инфрақұрылымды және қолжетімділікті дамыту; -
жаңа туристік әсерлерді, тауарларды және қызметтерді құру; -
басқару және институционалды даму жүйесі; -
адами ресурстар әлеуетін дамыту.
Аталған стратегиялық шешім, жоғары мемлекеттік деңгейде қабылдануы қажет, себебі туристік өнеркәсіп – ұзақ мерзімді теңдестірілген өнеркәсіп ретінде, бастапқы кезеңінде, мемлекеттің қарқынды қолдауын қажет етеді. Толық теңестірілген талдаудың негізінде, туризм аймағындағы үкметтік көтермелеу немесе ынталандыру саясаты, дербес инвесторлардың қызығушылығы жүретін екінші кезең болып табылатындығы дәлелденді (сурет 6).