Файл: ызылорда облысыны денсаулы сатау басармасы житсті алдын алу жне оан арсы крес жнiндегi ызылорда облысты орталыыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖИТС-тің АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ
Шиелі кенті, Досбол Датқа көшесі №13. тел/факс: 8-724-32-4-32-88

e-mail; shili_aids@mail.ru
Республика, облыс және аудан бойынша АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы туралы МӘЛІМЕТ
АИТВ -(адамның иммуно тапшылығының вирусы немесе ВИЧ-вирус инфицированный человек) ЖИТС-(жұқтырылған иммуно тапшылығының синдромы, немесе СПИД –синдром приобретенного иммунодефицита) қазіргі уақытта ғасыр дертіне айналып отыр, және жылдан жылға ғасыр дертінің өсу үрдісі байқалады. Әлем ғалымдары АИТВ-жұқпасына қарсы тиімді дәріні жасауға жұмыстар жүргізіп біршама жетістіктерге жеткенімен, бірақ ауруға қарсы нақты екпе табылған жоқ. Сол себепті АИТВ-ның алдын алу – инфекциядан сақтанудың ең тиімді және кепілдендірілген жолы.

Қазіргі күнге эпидемиологиялық жағдай; 2023-ші жылдың қаңтар айының 31-не Республика бойынша өспелі көрсеткіш бойынша барлығы 50821 АИТВ жұқпасы тіркелген, оның ішінде: ҚР азаматтары-47622, шетел азаматтары-2661.

2023-ші жылы қаңтарда Республикада 335 АИТВ жұқтырған тіркелген, соның ішінде ҚР азаматтары-319, былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 81 жағдайға өскен, ал облыс бойынша былтыр қаңтарда 2-у болса, биыл 7 адам тіркеліп, 5 жағдайға өсіп отыр.

Өсу үрдісімен 31-ші қаңтарда 2023 жылға Қызылорда облысында барлығы 296 адам тіркелген, оның ішінде шетел азаматтары-34, баспанасыздар-3, Қазақстан азаматтары 259, оның ішінде облыс тұрғындары 237, басқа облыстан келгендер 22; аудандар кесімінде Арал 16, Қазалы 16, Қармақшы 12, Жалағаш 4, Сырдария 4, Шиелі 21, Жаңақорған 19, Байқоңыр 14, Қызылорда қаласынан 131 тіркеліп отыр.

Жалпы Республикада да, біздің облыста да АИТВ-ның індеттік жағдайы күрделеніп келеді, оның ішінде біздің ауданда да жоғарғы көрсеткіш көрсетуі, яғни өсу үрдісімен осы уақытқа дейін тіркелген 21 адамның 5-уі жұмысшы, 1-уі әскери қызметкер, 9-уы жұмыссыз, 1-уі зейнеткер, 4-уі жүкті әйел, 1-уі бір жасқа дейінгі бала болғаны, бұл ауру жасқа да, әлеуметтік статусқа да қарамайтыны сонымен қатар соңғы бес жылда 10 жағдай тіркеліп отырғаны алаңдатарлық жағдай.


Осыған орай мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі лауазым иелерінің, жауапты мамандардың аурудың алдын алуда, тұрақтандыруда, ерте анықтауда кәсіби жауапкершілігін арттыруды қажет етеді.

АИТВ мынадай жолдармен жұғады:

1.-қан арқылы:
- АИТВ жұқтырған донордың мүшесін я болмаса тіндерін салдыру кезінде немесе қан құю кезінде;
-есірткіні тамырға салу үшін ине мен шприцтерді бірлесе пайдалану кезінде;
-медициналық амалдарды стерильденбеген құрал-жабдықтармен атқарған кезде;
-татуаж және пирсинг аспаптарын стерильденбеген күйде бірлесе пайдаланған кезде жұғады. 
-біреудің қырыну заттары мен тіс шеткаларын да пайдалану арқылы жұғуы мүмкін. 
2. Жыныстық қатынас арқылы.

Статистикалық көрсеткіштер жыныстық жол негізгі жұғу жолы екенін көрсетіп отыр. ЖИТС адамдарға 80-90% жағдайында жыныстық қатынас кезінде жұғады.
3. АИТВ жұқтырған жүкті әйелден, туу кезінде және емшек сүті арқылы емізген кезде балаға жұғады.
АИТВ-ны жұқтырып алмас үшін не істеу керек? 
-қандай да бір қаннан бойыңызды аулақ ұстаңыз;
-есірткіге, оның ішінде, СПИД жұқтыру қаупі жоғары тамыр арқылы егетін түрлеріне жоламаңыз;
-некесіз, кездейсоқ кез-келген жыныстық қатынастан аулақ болыңыз, мүшеқап пайдаланыңыз.



АИТВ-инфекциясы қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды проблемасы болып қалып отыр. Қазақстанда АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі төмен және тұрақты деп есептеледі, дегенмен жоғарыдағы нақты эпидемиологиялық деректер АИТВ – инфекциясының одан әрі таралуын дәлелдейді. Жыл сайын анықталатын жағдайлардың саны төмендемей, Қазақстанда эпидемияның дамуы әлемдегі барлық елдердегідей, жыныстық жолмен жұқтыру жағдайларының артуымен сипатталады. Осы ауруға ұшырап отырғандардың дені жастар,67 пайызын 17-39 жастағыларды және жұмысқа қабілетті адамдарды құрап отыр.

Сондықтан да АИТВ/ЖИТС-ті болдырмау үшін профилактикалық іс-шараларды насихаттау шараларын өткізумен, ақпараттану деңгейін арттырумен, салауатты өмір салтын жарнамалаумен, есірткіден және кездейсоқ сексуальдық байланыстардан бас тарту, тұрақты серіктесінің денсаулығы туралы қамқорлық жасаумен жалғасуға тиіс. Жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ-ны жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін баршамыздың білгеніміз жөн.



ЖИТС ОО-ның Шиелі аудандық филиалында АИТВ-ға тексеретін жасырын тестілеу кабинеті жұмыс жасайды, осы кабинет арқылы АИТВ-ға тегін тексеріліп өзіңді толғандырған сұрақтарға жауап алуға болады.

Сенім телефоны: 8-724-32-4-32-88