Файл: Тексерілді тім .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді_________________ ТІМ №№№№№№№№№


Күні: 29.01.2021 ж

Сынып: 8 «Т»

Мектеп:

Тақырыбы

Денсаулық – зор байлық

Мақсаты

Оқушыларға денсаулық, салауатты өмір салты қағидалары туралы түсінік беру.

Оқушылар бойына гигиеналық талаптарды және салауатты өмір салтын ұстануды, оны насихаттауды қалыптастыру, зиянды дағдылардан бойларын аластату.

Оқушыларды тазалыққа, жанашырлыққа, белсенділікке, дене тәрбиесіне баулу.

Күтілетін нәтиже

оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу.

Сабақтың мақсаты

 Білімділік: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру;
Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
Тәрбиелік: денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі

аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері

түсінік беру, сұрақ жауап

Көрнекілік

нақыл сөздер, суреттер, слайдтар, бейнекөрініс

Сабақ барысы

Қызуғышылықты ояту

Сәлеметсіздер ме, балалар?!

Здравствуйте?!

Good morning, boys and girls?!

Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» Т.Корлейль деген екен. Олай болса, құрметті оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»

(Денсаулық туралы видео-ролик көрсетемін https://youtu.be/Pi9ZG-BtjWo)

Психологиялық көңіл күй орнату

Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді өту үшін көңіл- күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық. (Жағымды баяу музыканың ырғағымен)

1- кезең. Денемізді бос ұстап ыңғайлы отырамыз.

2- кезең. Көзді жұмып, тыныштанып бүкіл денемізді ойша шоламыз.

3- кезең.Денемізді бос ұстап, өз- өзімізді жағымды және көңілді сезініп, өмірдегі барлық жақсы сәттерді еске аламыз.

4 -кезең. Өзімізді әлі күлтелері ашылмаған гүл деп сезінейік.

Сол гүл күлтелері баяу ашылып, күнге қарай ұмтылуда. Денемізді бос ұстап жоғары көтерілеміз, көзімізді ашып қолымызды сілкілейміз.

Балалар, ыңғайлы отырып, бір- бірімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік . Енді, бүгінгі тәрбие сағатымызды осындай көтеріңкі көңіл-күймен өткізейік.

Ұйымдастыру кезеңі

(слайд көрсету)

Денсаулық – ол әрбір адамның бойындағы ерекше бір күтімді қажет ететін өзіндік бір ерекше нәрсе. Жер бетіне шыр етіп келгенде Жаратқан Иеміз деңізді сау, мүшеңізді аман етіп жаратады. Сол Жаратқан Иеміздің аманатына қиянат қылмай, тәніңе жара салмай, денсаулығыңызды сау қылып ұстау өз қолдарыңызда. Ол қалай?

Ес біліп, етек жиған уақыттан бастап, ең алдымен, денеңізді суықтан қорғап, спортпен айналыссаңыздар, бір жағы денеңіз мығым, шымыр, бір жағы денсаулығыңыз мінсіз таза болады. Денсаулығыңның бір қалыпты болғаны деген сөз, ол жарқын болашағыңның айнасы деген сөз. Егер сіздер өз денсаулықтарыңызды күтіп ұстай алмасаңдар, болашақ – деп алға ұмтылғаннан не шара, бәрібір денсаулығың сыр беріп, артқа тарта береді. Мінеки, құрметті оқушылар, сондықтан да денсаулықтарыңызға дәл бүгіннен бастап үлкен мән берейік. Өйткені, мынау келер өмірдің иесі тек қана – біздер!

Қазіргі таңда көптеген жастарымыз өз өміріне, өз денсаулығы мен жарқын болашағына өз қолымен балта шауып жүр. Ол қалай деуіңіз мүмкін. Ендеше мында қараңыз. Арақ ішіп, шылым шеккен жастарымыз осының дәлелі емес деп кім айта алады. Біреулер қызық көріп, шегіп көрейінші деп бастап алады да, соңынан қоймай жүреді. Ал біреулер өмірден түңілдім деп ішімдіктің соңына салынып жүргені. Алға ұмтылудың орнына,құдай маған оң көзбен қарамады деп керісінше, Жаратқан Иемізге нала айтып жүргені. Сонда, олар өмірден түңілдім деп, өз денсаулығына мән бермей жүре берсе, оған қайдағы біреу барып, сақадай-сай денсаулығын әкеліп бермейді ғой. Жаратқан Иеміз айтпай ма «Сақтанғанды сақтаймын», деп.

«Бақыт» деп жатамыз. Ал, сол бақыт деген не өз?! Меніңше, бақыт деген – сенің денсаудығың. Денсаулығыңның бәрі ойдағыдай болатын болса, қалған бақытты да, байлықты да өз қолыңмен жасауға болады. Қол-аяғың сау, көзің көріп, құлағың естиді. Бойыңда қаның жүріп, жүрегің жұлқынып тұр. Ендігісі бәріне белгілі. Біліп алып, қызмет қыл. Басыңа баспа ал, астыңа көлік мін, міне, саған байлық. Ата-анаңды қадірлеп, сыйлап, тума-туыс, бауыр, жолдастарыңның жанында аман-есен жүрсең, оларға көмектессең, міне, саған бақыт!

Жағдаятты талдау

1 жағдаят: Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың. Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.

2 жағдаят: Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз. Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?

3 жағдаят: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?

4 жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?

5 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?.

Сергіту сәті

(Оқушыларға бейне-баян көрсету https://youtu.be/by8NcRAsRAE )

Жұмбақ:

Дымқылдап күнде сен,

қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір-ласың,

Тап-тазаболасың. (Сабын)
Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да. (Сүлгі)
Аузыжоқ, көзіжоқ,

Тіліжоқ, өзіжоқ.

Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
Бізедік, бізедік,

Отыз екі қыз едік.

қатар-қатар тізілдік,

Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)
“Мені жалғастыр” ойыны

1. Зиянды заттардан ертең емес бүгін ...

2. Арақ - ...

3. ... – зор байлық.

4. ... саудың – жаны сау.

5. ...- бар байлықтан қымбат.

6. Ауырып ем іздегенше, ... ауырмайтын ем ізде.

7. Демі бардың ... Бар.

8. ... тартқан сабазын, көрер талай азабын.

9. Тас болу - өз еркіңмен ...

Cитуациялық жағдаяттар

Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу)

  • Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?

  • Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата - ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?

  • Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз?

  • Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз?

  • Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?

  • Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз?

сұрақ – жауап

Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар?

1. Қоршаған орта ластығы. 

2. Дұрыс тамақтанбау. 

3. Тұқымқуалаушылық. 

4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы. 

5. Зиянды заттарды қабылдау. 

6. Тазалықты сақтамау. 

7. Отбасындағы кері жағдайлар. 

8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы. 
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар?

1. Дұрыс тамақтану. 

2. Қоршаған орта тазалығы. 

3. Дене шынықтыру. 

4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы. 

5. Зиянды заттарды қабылдамау. 

6. Жеке бастың тазалығын сақтау. 

7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау. 

8. Эмоциялардың оң болуы. 

Ойтолғаныс

Рефлексия

1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
3.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?
4. Денсаулыққа не зиян?

Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу
5. Салауатты өмір сүру дегеніміз не?

Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
6.Біз не үшін тамақтанамыз?

Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сау болыңдар!