ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабақ тақырыбы | Қазақстанның кешенді елтану сипаттамасы | |
Осы сабақта қол жеткізілетін сабақ мақсаты (оқу бағдарламасына сүйеніп) | 9.6.1.5 Түрлі мақсатты аудиториялар үшін Қазақстан Республикасы туралы елтанымдық ақпарат әзірлейді | |
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: Түрлі мақсатты аудиториялар үшін Қазақстан Республикасы туралы елтанымдық ақпарат әзірлейді. Оқушылардың көпшілігі: Түрлі дереккөздеріндегі Қазақстанның елтанымдық сипаттамасына талаптарға сәйкестігін айқындай және мақсатты аудиторияны анықтай отырып, талдау жасайды. Кейбір оқушылар: Біздің еліміздің елтанымдық сипаттамасын жетілдіру тәсілдерін ұсынады. | |
Бағалау өлшемі | Оқушылар: - Түрлі мақсатты аудиториялар үшін Қазақстан Республикасы туралы елтанымдық ақпарат әзірлейді. | |
Тілдік мақсаты | - алуан түрлі ақпараттарды (мәтін, сызба, кескін) оқи алу дағдысын дамыту - топтық және ұжымдық жұмыс кезінде бірін-бірі тыңдау дағдысын дамыту - материалды талқылау, түсіндіру барысында географиялық терминдерді қолдану Пәнге лайықты лексика мен терминология: |
| Елтану, кешенді елтанымдық сипаттама, елтанымдық сипаттамалардың типі мен құрылымы, мақсатты аудитория және елтанымдық ақпараттарды тарату арналары, елтанымдық ақпараттарға қойылатын талаптар Сұхбаттар мен жазбаша жұмыстарға қажетті пайдалы сөйлемдер: Қазақстан« | ||
Құндылықтарға баулу | Ғұмыр бойы оқып үйрену | ||
Тірек білімі | 7 және 8-сыныптардың география курсында, сәйкесінше, «Саяси география негіздерімен елтану» бөлімінен алған білімдері | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарлы іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Қандай деректер біздің елімізге әлдеқайда толық сипаттама береді? Толық жиынтық сипаттама беру үшін нені қосу керек? Бұл ақпараттың мақсатты аудиториясы? Оқушыларға көрсету керек: - Еліміз туралы «Менің Қазақстаным» бейнетүсірілімі https://www.youtube.com/watch?v=_jByOl86Myk - Қазақстанның картадағы бейнесі - «Қазақстандағы бала туу» ақпараттық графигі | |
| - https://www.advantour.com/rus/kazakhstan/general.htm сайтының мәліметтері | | ||||
Сабақтың ортасы | 1-тапсырма. Елтанымдық сипаттама типтерін оқыңдар және қосымша ақпарат көздерінің көмегімен аналитикалық және синтетикалық сипаттамалар келтіріңдер. | Параграф мәтіні | ||||
| Аналитикалық сипаттама | Синтетикалық сипаттама | | |||
Мемлекеттердің аздаған мөлшердегі қасиеттері сипатталады және зерттеледі. Мемлекеттің құрылымы Табиғи-ресурстық әлеуеті Бір аймаққа немесе салаға шолу Геодемографиялық жағдайдың сипаттамасы | - мемлекет туралы жалпы мәліметтер - географиялық орны - табиғи және экологиялық жағдайлары - елдің тарихи-мәдени сипаттамасы - ел халқы және оның қалыптасу тарихы - негізгі қалалары - елдің әлеуметтік- экономикалық сипаттамасы - елдің саяси- географиялық сипаттамасы - рекреация және туризм - ел дамуының жалпы |
| | | бағыты | | | |
Оқушыларды кешенді елтанымдық сипаттамаға қойылатын талаптармен таныстыру керек. 2-тапсырма. 1-тапсырманы орындау кезінде жасаған елтанымдық сипаттамаларың талаптарға сәйкес келетінін тексеріңдер. 3-тапсырма. Қалай ойлайсыңдар, сендердің елтанымдық сипаттамаларың қандай мақсатты аудиторияға арналған? 4-тапсырма. Танымал интернет-энциклопедиялардың беттеріндегі, ел Президентінің және мемлекеттік органдардың сайттарындағы елтанымдық сипаттамалармен танысыңдар. - Олардың мазмұнына талдау жасаңдар және әділдік, нақтылық, толықтық, дәлдік, өзектілік және пайдалылық тұрғысынан бағалаңдар. - Ақпарат берудің қандай тәсілдері қолданылған? - Бұл сипаттамалардың мақсатты аудиториясы кімдер? - Бұл сипаттамаларды қалай жетілдіруге болады? 5-тапсырма. Қазақстан туралы қандай ақпарат қажет екенін анықтаңдар: - басқа елдердің басшыларына, дипломаттарына және саясаткерлеріне; - қазақстандық тауарларды сатып алғысы келетін шетелдік бизнесмендерге; - Қазақстанда өз тауарларын сатқысы келетін шетелдік бизнесмендерге; - Қазақстанға өз туристерін жібергісі келетін және Қазақстаннан өз елдеріне туристер шақырғысы келетін туристік фирмаларға; - басқа елдерден келетін туристерге; - шетелдерде тұратын қазақ диаспорасының өкілдеріне; - өз жұмыстарын елдің сипаттамасын жасауға арнаған журналистерге. |
| Елдің қандай сипаттамалары ел туралы ақпарат тұтынушылардың барлық топтарына бірдей қажет болып табылады? Қандай ақпарат, жалпы алғанда, бәрін қызықтыра бермейді, бірақ елтанымдық ақпарат тұтынушылардың бір немесе бірнеше топтары үшін өте маңызды? Елтанымдық ақпарат тұтынушылардың түрлі топтары үшін мемлекет туралы ақпараттарды қандай үлгіде ұсынуға кеңес беріледі? | |
Сабақтың соңы | Бір топ үшін (таңдау бойынша) кез келген шығармашылық үлгіде Қазақстан туралы елтанымдық ақпарат әзірлеңдер. Бастысы, ол кешенді елтанымдық сипаттаманың барлық талаптарына сай келуі тиіс. - Сипаттаманы және оның тұжырымдамасын сыныпқа таныстырыңдар. | |
Рефлексия | 3-2-1: Мен сабақ барысында естіп-білген ең маңызды 3 сәт Мен енді тәжірибеде қолданатын 2 білім Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ немесе пікір | |