Файл: Компьютер жне ауіпсіздік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Компьютер және қауіпсіздік

Педагогтың аты-жөні

Үсенов Нұрасыл Бақыткелдіұлы

Күні

27.03.2023

Сынып: 5 А

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Компьютерде өзіңе зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.1.1 қауіпсіздік ережелерін бұзу салдары туралы талдау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Компьютерде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарын біледі

Көптеген оқушылар:

компьютермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін жазады.

Кейбір оқушылар:

Өзіңе зиян келтірмеу үшін бір күнде компьютердің алдында отыратын уақытыңды жоспарлайды.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Жаңа тақырыпқа шолу.

Қазіргі таңда адамдар көп уақытын компьютердің алдында өткізеді. Бұған интернетте ақпарат іздеу, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, онлайн режімде сөйлесу, фильм көру, музыка тыңдау және т.б. жатады. Компьютердің алдында ұзық уақыт отыру адам денсаулығына үлкен зиян келтіруі мүмкін.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.







Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Компьютердің көзге зияны.

Компьютерде өте көп пайдаланатын адамдарда көздің қызаруы, қышуы, тез шаршауы, көру қабілетінің нашарлауы жиі кездеседі. Компьютер экраны жарық көзіне жатады. Сондықтан компьютермен жұмыс істеген кезде жарық көзіне ұзақ уақыт қарап отыру көзге зиян.Экранның жыпылықтауына да мән беру керек. Адам көзін экран алдында аз қимылдатады. Соның салдарынан көздің айналасындағы қан тамырларының қан айналымы нашарлап, көру сәзімталдығы төмендейді.
Компьютердің омыртқаға, буын мен бұлшық етке кері әсері.

Адамдар компьютердің алдында босаң қалпында отырады.Компьютердің алдында отырғанда мойын мен арқаны тік ұстамау денсаулыққа зиян келтіріп, омыртқаның зақымдалуына әкеледі.

Компьютердің жүйкеге кері әсері.

Компьютерді шамадан тыс пайдалану –жүйке жүйесіне артық салмақ түсіріп, есте сақтау қабілетінің бұзылуына әкеп соғады. Шаршау, өз айналасындағыларға селқос қарау сияқты әдеттер пайда болады.


Компьютерге тәуелділік.

Компьютерде ойын ойнауды ұнатпайтын адам сирек. Ойынның қызығына берілген адам барлығын ұмытып, тек ойыннан басқа ештеңе ойламайды. Мұндайды адамның компьютерге тәуелділігі деп атайды.
Компьютермен жұмыс істеу кезінде адам ағзасына зиян келмеу үшін негізгі ережелерді есте сақтау керек.
Топтық жұмыс. 1-тапсырма. «Жұлдыз» әдісі

Оқулық § 5.1, 100-бет «Компьютермен жұмыс кезінде»


Дескриптор:

-компьютермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін жазады.

ҚБ: жетон /5 балл/

Сергіту сәті.

Көзге арналаған жаттығулар.

Омыртқаға арналған жаттығулар.
Жеке жұмыс. 2-тапсырма.

Оқулық § 5.1, 102-бет, кесте.

Өзіңе зиян келтірмеу үшін бір күнде компьютердің алдында отыратын уақытыңды жоспарла.
Дескирптор:

-Өзіңе зиян келтірмеу үшін бір күнде компьютердің алдында отыратын уақытыңды жоспарлайды.
ҚБ: жетон /5балл/

Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды

Жаттығуларды орындайды

2-тапсырманы орындайды



Жетон

5балл

Жетон

5 балл

Презентация

Кластер

Оқулық

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Қажетті сөздер»

Ұнады, қажет, пайдалы, білдім,

үйрендім, қызықтым, есте сақтадым

Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

§ 5.1, «Компьютерге тәуелділік» қосымша мәлімет