Файл: аза дебиеті Сыныбы 5 Блім Отбасы ндылытары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 34

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні: 26.04

Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 5

Бөлім: Отбасы құндылықтары

Сабақтың тақырыбы:

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?" әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Шығарманың жалпы мазмұнын айта алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласын мен сюжетін жеткізе алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Әдеби шығарманы фабуласын сипаттайды, композициялық құрылысын талдай алады.

Құндылықтарға баулу:

Оқушыларды отбасы құндылығына баулу. Отбасыдағы құндылықтар оның мүшелерінің қарым-қатынасынан құрылады. Оқушыларды отбасындағы мүшелерді: атасын, әжесін, әкесі мен анасын, іні-қарындастарын сыйлауға, құрметтеуге, кішіпейілділік танытуды үйрету. Қазақ халқы отбасы құндылықтарына аса зор мән берген.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Әжелерің сендерді қалай еркелетеді? Жауап берген оқушыларға күлтешелер тарату.
«Гүл күлтешелері» әдісімен үй тапсырмасын пысықтау

Гүл күлтешелерін алған оқушылар өткен сабақ бойынша сұрақ жазып, көршісіне береді. Көршісі сұраққа жауап беріп, гүл күлтешелерінің санын толықтырады.

Қ/Б. Мадақтау


Гүл күлтешелері

Желім, маркер

Жаңа сабаққа кіріспе



Ой шақыру. Ән тыңдату арқылы ақырыпты болжату.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Оқушылар ән тыңдай отырып, сабақ тақырыбын анықтайды

ҚБ: «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

https://youtu.be/gtMqE3DSpLM «Асыл әжем» әні

Сабақтың ортасы


Мұғалім оқушыларға тақырыпты түсіндіреді. Жаңа ақпараттан хабардар етеді.

Фабула (лат. Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаның рет-ретімен жүйеленуі.

Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі

Оқушылар тақырып бойынша мұғаліммен сұрақ-жауап алмасады.

Анықтаманы дәптерге түртіп алады




Оқулық

Жұмыс дәптері

«Адасқан үзінді» әдісі бойынша үзінділер беріледі. Әңгіме желісі бойынша үзінділердің ретін анықтап, әңгіменің сюжеттік дамуын сипаттап беріңіз.

Дескриптор:

-әңгіме үзінділерінің ретін таба алады,

-әңгіменің сюжеттік дамуын сипаттай алады.

-Тапсырмаларды орындайды.


ҚБ: 3 рет шапалақ ұру арқылы топтар бір-бірін бағалау.

Шығарма үзінділері жазылған қағаздар

«Иә, жоқ» әдісі бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Әкесі «Ер Төстік» ертегісін айтып берді ме?

2. Тәрбиеші бақшада «Құйыршық» ертегісін айтты ма?

3. Тәрбиеші «Қызыл телпек» ертегісін айтты ма?

4. Райхан Аядан үлкен бе?

5. Райхан Аядан екі жас кіші ме?

6. Олар Жолдастың үйіне қонаққа барған жоқ.

7. Ажар институтқа түсті ме?

8. Әжесі ертегі айтты ма?

9.Ая қонақтан көңілсіз келе жатты ма?

10. Олар нағыз әжені көрді ме?

Дескриптор:

- оқиғаның дұрыс\бұрыстығын айтады

- шығарма мазмұнын толық біледі.

Әр жауапқа 1 балл

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!




Сабақтың соңы




«Төрт сөйлем» әдісі арқылы шығарманы қорытындылау.

Әңгімедегі кейіпкерді нағыз әже деп айтуға бола ма?

1. Менің ойымша..........................................

2.Себебі мен оны ...........................түсіндіремін.

3.Мен оны.............................................деген мысалдармен дәлелдеймін.

4.Қорытындылай келе, .......................................шешімге келдім.

Дескриптор:

- өз ойын ашық жеткізеді

- мысалдар, дәлелдер келтіреді


ҚБ: Мұғалімнің бағалауы. 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Кері байланыс.Мен үшін не қызықты болды?

Мен не қиын болды?

Мен үшін не оңай болды?

Үйге тапсырма: Шығармада кездесетін мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді теріп жазу.