Файл: Мектепке дейінгі трбие жне оыту, орта, арнаулы, осымша, техникалы жне ксіптік, орта білімнен кейінгі білім беру йымдарыны педагогтері жргізу шін міндетті жаттарды тізбесін жне оларды нысандарын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 580

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      оқу жылының қорытындысы бойынша бір рет:



      негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасы (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді.



      9 (10), 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау хаттамаларын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында).



      2. Сынып жетекшісі:



      оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде:



      сынып жеткшісінің жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді және іске асырады;



      тоқсандық және оқу жылының қорытындысы бойынша:



      1) 1-4 сынып білім алушысының үлгерім табелін, 5-11 (12) сынып білім алушысының үлгерім табелін (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);



      2) білім алушының жеке іс қағазын (қағаз немесе электрондық форматында) жүргізеді.



      3. Әлеуметтік педагог:



      оқу жылы басталғанға дейін:



      әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық форматта word (ворд) немесе pdf (пдф) бір рет әзірлейді және оқу жылы ішінде жүзеге асырады;



      оқу жылы ішінде:



      1) мектептің әлеуметтік паспортын "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (электронды форматта);



      2) мектептегі білім алушылар туралы мәліметті "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (электронды форматта) жүргізеді.



      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      4. Педагог-психолог:



      оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде:



      педагог-психологтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді және іске асырады;



      оқу жылы ішінде педагог-психологтің консультацияларын есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық форматта word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді.




      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      5. Басшының (директордың) қызмет бағыттары бойынша (оқу, тәрбие жұмысы, бейіндік оқыту, ақпараттық технологиялар жөніндегі) орынбасары:



      оқу жылы басталғанға дейін бір рет:



      1) тәрбие жұмысы жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);



      2) Мектептің даму бағдарламасы (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);



      3) педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтерді (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);



      4) мектепішілік бақылау жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);



      5) оқу жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);



      6) педагогтердің жеке құрамын есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);



      7) оқу-тәрбие жұмысы жоспарын (қағаз немесе электрондық (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді/толтырады.



      оқу жылының ішінде қажеттілігіне қарай:



      1) ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық форматта);



      2) білім алушыларды жазатын алфавиттік кітапты (қағаз немесе электрондық форматында);



      3) кеткен және келген білім алушыларды есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);



      4) бұйрықтарды тіркеу кітабын (негізгі қызмет, жеке құрам, оқушылар қозғалысы бойынша) (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);



      5) педагогикалық және ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамаларын әзірлейді/жүргізілуін қадағалайды.



      оқу жылының соңында бір рет:



      1) негізгі орта мектепті бітіргендігі туралы аттестатты есепке алу және беру кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);



      2) жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);



      3) білім алушылардың үлгерім табельдерін есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);




      4) мақтау қағаздарын және мақтау грамоталарын беруді есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық форматында) толтырады.



      6. Басшы (директор):



      оқу жылы басталғанға дейін бір рет: тәрбие жұмысы жоспарын, мектептің дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, мектепішілік бақылау жоспарын, жұмыс оқу жоспарын бекітеді (қағаз түрінде немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматта);



      Тәлімгерлік жоспарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығымен бекітілген Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20486 болып тіркелген) сәйкес қосымша ақы алатын педагог толтырады.



      Ата-аналар жиналысының, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік кеңестің хаттамалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізіледі.



      Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасы "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) бекітілген 3-қосымша нысанына сәйкес жүргізіледі.



      7. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияда:



      тіркеуші осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балалардың консультацияға алдын ала жазылу журналын жүргізеді;



      мамандар, педагогтер осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес баланың даму картасын толтырады.



      8. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында мамандар:



      жеке даму бағдарламасын, түзету және дамыту бағдарламасын әзірлейді;



      баланың болу есебін жүргізеді;




      баланың дамуының қысқаша тарихын толтырады;



      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес психофизикалық дамуды бағалау хаттамасын жасайды.



      9. Аутизм орталықтарында мамандар:



      оқу жұмыс жоспарын, баланы дамытудың жеке жоспары - "Ерте қолдау" бағдарламасын әзірлейді;



      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша балаларды тіркеу журналын жүргізеді, Тіркеу нысанын, Баланың даму картасын, Прогресс мониторингін толтырады;



      ата-аналар үшін ұсынымдар әзірлейді.


 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№130 бұйрығына 4-қосымша


Орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары


      Нысан



      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 1-4-сыныптарға арналған сынып журналы


      _________________________________________________________



      (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана)



      _________________________________________________________



      (аудан, қала (ауыл)



      _________________________________________________________



      (орта білім беру ұйымының атауы)



      _____________________________________________________



      (сынып) __________________________________________________ оқу жылы



      Ескерту: Сынып журналы – әрбір педагог жүргізуге міндетті болып табылатын қатаң есептіліктегі құжат.



      Сынып журналы орта білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда электрондық форматта ғана толтырылады, оны қағаз нұсқада толтыруға жол берілмейді.



Пәннің атауы_______________________



№ р/с



Білім алушының тегі, аты



Айы, күні
























одан әрі, 26-ға дейін