Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар аза.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 145

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі», «Таулар сыры» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика




Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндердің стильдік, жанрлық ерекшелігін, түрін салыстырады

Мәтіндердің стилін, жанрын, түрін анықтауда, мәтіндерге мазмұнға сай ат қоюда қиналады

Мәтіндердің стилін, жанрын, түрін анықтауда, мәтіндерге мазмұнға сай ат қоюда қателеседі

Мәтіндердің стилін, жанрын, түрін анықтайды, мәтіндерге мазмұнға сай ат қояды

Күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазады.

Реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады

Өмірбаянның жанрлық ерекшелігін сақтап жазуда, реттік сан есімдерді қолдануда қиналады

Өмірбаянның жанрлық ерекшелігін сақтап жазуда, реттік сан есімдерді қолдануда қателеседі

Жанрлық ерекшелігі толық сақталған өмірбаян жазады, реттік сан есімдерді қолданады

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім «Астана мәдениет пен өнер ордасы», «Қуат көзін үнемдей білеміз бе?»

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Айтылым


Оқу мақсаты

6.1.3.1 Тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

6.2.6.1. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру

Бағалау критерийі

  • Тақырыпқа қатысты сөздер мен тірек сөздердің мағынасын ашады

  • Тірек сөздерді қолданып, сюжетті суреттерге әңгіме құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма




1. Мәтінді тыңдаңыз. Сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз (аумағымен, шымылдығын, сән-салтанатымен).
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді», – деген еді.

Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады.

Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған. Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес.

2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара» операсымен салтанатты түрде ашты.

(а) Сол жақ жағалауда тұрғызылған «Астана Опера» театры ерекше ...............................

көркем.
(b) «Астана Опера» өзінің қатар, көркем сәулетімен де таңдай қаққызады.
(с) «Біржан – Сара» операсы салтанатты түрде театрдың ашты.


  1. Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз.









  1. Суреттердің, тірек сөздердің көмегімен Астанадағы Қала күні мерекесінің тойлануы туралы досыңызға әңгімелеңіз.




ұлт аспаптар оркестрі ұлттық өнер



мерекелік концерт өнер тарландары



мерекелік отшашу ұлттық қолөнер көрмесі




Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тақырыпқа қатысты сөздер мен тірек сөздердің мағынасын ашады


1

көп нүктенің орнына сөйлем мазмұнына сай қажетті сөзді орналастырады;

1

1

1

Тірек сөздерді қолданып, сюжетті суреттерге әңгіме құрастырады

2

мәтін мазмұнындағы ең маңызды 5

тірек сөзді анықтайды;

1

3

тақырыпқа сай ауызша әңгіме

құрастырады;

1

1

әңгіме мазмұнында суреттер мен

тірек сөздерді қолданады.

1

Барлық балл

7

«Астана – мәдениет пен өнер ордасы», «Қуат көзін үнемдей білеміз бе?» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тақырыпқа қатысты сөздер мен тірек сөздердің мағынасын ашады

Көп нүктенің орнына сөйлем мазмұнына сай қажетті сөзді орналастыруда қиналады

Көп нүктенің орнына сөйлем мазмұнына сай қажетті сөзді орналастыруда қателеседі

Көп нүктенің орнына сөйлем мазмұнына сай қажетті сөзді орналастырады

Тірек сөздерді қолданып, сюжетті суреттерге әңгіме құрастырады

Мәтін мазмұнындағы ең маңызды тірек сөздерді анықтауда, тақырыпқа сай ауызша әңгіме құрастыруда, әңгіме мазмұнында суреттер мен тірек сөздерді қолдануда қиналады

Мәтін мазмұнындағы ең маңызды тірек сөздерді анықтауда, тақырыпқа сай ауызша әңгіме құрастыруда, әңгіме мазмұнында суреттер мен тірек сөздерді қолдануда қателеседі


Мәтін мазмұнындағы ең маңызды тірек сөздерді анықтайды.

Тақырыпқа сай ауызша әңгіме құрастырады. Әңгіме мазмұнында суреттер мен тірек сөздерді қолданады

Бөлім «Қазақстан қорықтары», «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада»





Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым




Оқу мақсаты


6.3.1.1. Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру

6.4.2.1. Эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу

        1. Етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану


Бағалау критерийі  Негізгі және жанама ақпараттарды өмірдегі

жағдаяттармен байланыстырады

  • Тақырыпқа сай құрылымы сақталған эссе жазады

  • Эссе мазмұнында ауыспалы осы шақ пен жедел өткен шақты қолданады



Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты 15-20 минут

Тапсырма


Төмендегі тапсырманы орындаңыз.

Қазақстан қорықтары


«Қорық» сөзі – өте көне ұғым. Ол Киев Русінің тұсында аң аулауға қатаң тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. Қорық – үкіметтің қорғауында болатын табиғи кешен, жер не су кеңістігі. Ол - сирек кездесетін тіршілік иелерін сол қалпында сақтауға арналған, ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған ағзалардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық - қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар, табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме. Мұнда саны сиреп бара жатқан жануарлар мен азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.

Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16- орын алады. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғаты үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.


  1. Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз.



Негізгі ақпараттар

1.

2.