ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 134
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстан қорықтары», «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада»
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас»,
«Болашақ мамандықтары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырып айтады | Мәтін мазмұны бойынша әр мамандықтың атқаратын қызметін, сұранысы жоғары мамандықтар мен олардың сұранысқа ие болу себептерін айтуда қиналады | Мәтін мазмұны бойынша әр мамандықтың атқаратын қызметін, сұранысы жоғары мамандықтар мен олардың сұранысқа ие болу себептерін түсіндіруде қателеседі | Мәтін мазмұны бойынша әр мамандықтың атқаратын қызметін, сұранысы жоғары мамандықтар мен олардың сұранысқа ие болу себептерін түсіндіреді |
Тақырыпқа қатысты диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады | Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысуда, диалогте сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдануда қиналады | Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысуда, диалогте сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдануда қателіктер жібереді | Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке еркін қатысады. Диалогте сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады |
Бөлім «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас»,
«Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы»
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты
Оқылым Жазылым
6.3.3.1. Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
-
Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау
Бағалау критерийі Мәтін мазмұнына сай тақырып қояды, негізгі ойды анықтайды
-
Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, постер, сызба- кесте жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат- ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.
-
Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін 2 дұрыс тұжырымды анықтаңыз.
Ақпараттар | Дұрыс | Бұрыс |
| | |
Көне Түркістан қаласы қазір туризм аймағы. | | |
Жібек жолы - Батыс пен Шығыстың арасын жалғаған сауда жолы. | | |
Отырар базарларында тауарларды сатуға, айырбас жасауға болады. | | |
-
Мәтінге ат қойып, идеясын анықтаңыз.
Мәтіннің тақырыбы (сөз тіркесі) | Мәтіннің идеясы (1сөйлем) |
| |
-
«Қазақстандағы жер байлығы» тақырыбында берілген мәтіннен мәліметтер жинақтап, постер не сызба-кесте жасаңыз.
Қасиетті туған жердің тау тасы да, топырағы да, талға біткен жасыл жапырағы да қымбат. Осыншама бағасы, құны байлықпен өлшенбейтін жасыл белдерді, асқар тауларды сүймеу мүмкін емес. Асыл армандарымызды әрқашан туған жермен байланыстырамыз. Себебі туған жер ол біздің ой өлшеміміз бойынша тарихы терең отанымыздың белгісі. Жер ана - қасиетті туған жер. Ол - біздің тылсым тарихымыз. Туған жер топырағын иіскеуге зар болыр кеткен боздақтар қанша ма?! Туған жер үшін соғысқа түсіп туған жер топырағы бұйырмаған қандастарымыз қанша ма?!
Қазақстан бүгінде жер асты да, үсті де байлыққа кенелген тәуелсіз ел. Жері байдың елі бай деген осы болар. Еліміз тұғырлы мемлекеттер қатарынан көрінсін.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтін мазмұнына сай тақырып қояды, негізгі ойды анықтайды | 1 | мәтін мазмұнына сай келетін 2 тұжырымды анықтайды; | 1 1 |
2 | мәтін тақырыбын анықтайды; | 1 | |
негізгі ойды анықтайды; | 1 | ||
Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, постер, сызба-кесте жасайды | 3 | тақырып бойынша мазмұнды постер не сызба-кесте жасайды; | 1 1 |
мәтіндегі ақпараттарды қолданады. | 1 | ||
Барлық балл | 7 |
«Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас», «Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Мәтін мазмұнына сай тақырып қояды, негізгі ойды анықтайды | Мәтін мазмұнына сай келетін 2 тұжырымды, тақырыбын, негізгі ойды анықтауда қиналады | Мәтін мазмұнына сай келетін 2 тұжырымды, тақырыбын, негізгі ойды анықтауда қателеседі | Мәтін мазмұнына сай келетін 2 тұжырымды, тақырыбын, негізгі ойды анықтайды |
Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, постер, сызба-кесте жасайды | Тақырып бойынша постер жасауда, өткен ақпараттарды қолдануда қиналады | Тақырып бойынша постер жасауда, өткен ақпараттарды қолдануда қателеседі | Тақырып бойынша мазмұнды постер жасайды, ақпараттарды қолданады |
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!», «Өлкені сипаттау өнері»
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Тыңдалым Айтылым
Оқу мақсаты
6.1.5.1. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау
-
Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру
Бағалау критерийі Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы
арқылы анықтайды
-
Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Абай «Жаз»
Жаздыгүн шілде болғанда, | Қыз-келіншек үй тігер, |
Көгорай шалғын, бәйшешек | Бұрала басып былқылдап, |
Ұзарып өсіп толғанда, | Ақ білегін сыбанып, |
Күркіреп жатқан өзенге | Әзілдесіп сыңқылдап. |
Көшіп ауыл қонғанда. | Сабадан қымыз құйдырып, |
Шұрқырап жатқан жылқының | Ортасына қойдырып |
Шалғыннан жоны қылтылдап, | Жасы үлкендер бір бөлек |
Ат, айғырлар, биелер | Әзілдесіп сылқылдап. |
Бүйірі шығып, ыңқылдап, | Көлеңке қылып басына, |
Суда тұрып шыбындап, | Кілем төсеп астына, |
Құйрығымен шылпылдап, | Салтанатты байлардың |
Арасында құлын-тай | Самаурыны бұрқылдап. |
Айнала шауып бұлтылдап, | Мылтық атқан, құс салған. |
Жоғары-төмен үйрек, қаз | Жас бозбала бір бөлек |
Ұшып тұрса сымпылдап. | Су жағалап қутыңдап. |
-
Мәтіннен жаз мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді жылқының аяқтарына жазыңыз. Өлеңдегі негізгі ойды жылқының денесіне жазыңыз.