Файл: 48 жалпы орта білім беретін мектебі Ой мен ойын зияткерлік ойыны. Орындаан айдарова Жанерке Амангелдіызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 38

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

48 жалпы орта білім беретін мектебі

«Ой мен ойын» зияткерлік ойыны.



Орындаған: Қайдарова Жанерке Амангелдіқызы

2023 жыл

Тақырыбы: «Ой мен ойын» зияткерлік ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін дәлелдеуге үйрету. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Ұшқыр ойлауға, өз пікірін тұжырымдап айтуға және ұтымды жауап беруге дағдыландыру.

Барысы:

1. Ұйымдастыру

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қатысушылар, оқушылар! «Ой мен ойын» зияткерлік ойынына сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі біздін сайыстың мақсаты оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін дәлелдеуге үйрету. Біз бүгін сіздермен өздеріңізді тапқырлыққа, шапшаңдыққа, зейінділікке және зеректікке тәрбиелейтін интелектуалдық ойынды өткізгелі отырмыз.

ТРЕНИНГ «Жер Су Ауа»

Ал енді, «Ой мен ойын» зияткерлік ойынының шарттарымен таныстырып өтейік. Ойын алты айналымнан тұрады.

«Таныстыру» әр топ өздерін топ атын ұрандарын

«Полиглот». Бұл бөлім бойынща сайыскерлерімізге жұмбақтар жасырылады. Жауабын үш тілде айту керек. Жауабын үш тілде дұрыс аударса: 30 ұпай, ал екі тілдегі аудармаға 20 ұпай, ал аударма жоқ болса 10 ұпайға ие болады.

«Хронология». Сурет пен санның сәйкестігін табу. Екі магнитті тақтаға бір жағына сурет,екіншісіне сандар соларды сәйкестендіру керек. Ұпай саны- 10

«Қызық екен ». Әр топтың топ басшысы болады. Ойын барысында үш топқа 12 тақырып бойынша сұрақ қойылады. Сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар. Дұрыс жауап презентация арқылы беріледі. Сұрақтар әрқилы болады.

«Көп сөйлеме». (Топ басшылар сайысы.Топ басшының құлағы жабулы тұрады.Қолын артына ұстап тұрады. Ал қалған қатысушылар берілген сөздерді кезекпен-кезек шығып, топ басшысының алдына келіп ерінінің ұшымен айтады, қай топ бірінші айтады соған ұпай қосылады) Ұпай саны-10

«Алғашқы кезең «Таныстыру» Сайыскерлер өздерін таныстырады. Таныстыру формасы ерікті, топтың аты мен ұраны айтылады. 5 ұпаймен бағаланады.


Жүргізуші: 2 кезең

«Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте»,- дей келе сайысымыздың 2- кезеңі « Полиглот» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлім бойынща сайыскерлерімізге жұмбақтар жасырылады. Жауабын үш тілде айту керек. Жауабын үш тілде дұрыс аударса: 30 ұпай, ал екі тілдегі аудармаға 20 ұпай, ал аударма жоқ болса 10 ұпайға ие боласыздар.

«Полиглот»

1.Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (Кітап, Книга, Book)

2.Күндіз білінбейді,

Түнде күлімсірейді. (Жұлдыздар, звезды, Stars)

3. Батырмасын басасың,

Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышка, mouse)

4. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады (Пияз, Лук, Onion )

5. Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер (от, огонь, fier)

6. Батырмасын басасың,

Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышка, mouse)

7. Асты тас, үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа, Черепаха, )

8 Тіріден өлі туады,

Өліден тірі туады (Жұмыртқа, Яйцо, Egg)

9. Бес қаруы белінде

Самғап жүреді көгімде. (Бүркіт, Орел, Еaqle )

10. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді (Ұстаз, Учитель, teacher)

11. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп. (Қалам, ручка, pen)

12. Бар ма жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа, воздух, air)

3-кезең

«Хронология». Сурет пен санның сәйкестігін табу. Екі магнитті тақтаға бір жағына сурет,екіншісіне сандар соларды сәйкестендіру керек. Ұпай саны- 10

1.Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қай жылы тойланды? (2016 жыл)

2.Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қай жылы болды? (2017 жыл)

3.«Қазақстан-2050» стратегиясы«Мәңгілік ел» қай жылы енгізілді? (2012)

4. Абай Құнанбайұлы (1845 жыл – 1904 жыл)

5.100 нақты қадам- (2015 жыл)

6.Президент күні қай жылдан бастап тойланды? (2013 жыл)

7. Қазақстанда қаңтарда наразылық пен тәртіпсіздік болған жыл(2022 жыл)

8.Президенттің алғашқы сайлауы қай жылы өтті? (1991 жыл)

9.Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қай жылы енді?(2017 )

10. Жастар жылы қай жылы болды (2019)

11.Әбілқайыр билік құрған уақыт: 1428-1468 жж

12. «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы»и Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатылып президент болып тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға түскен жыл? №18 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 9 маусымында өтті.

13.Хиуаз Доспанова өмір сүрген жылы? 1922-2008 жыл

14. Астана нұрсұлтан болып өзгерген жылы? 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне 

Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынып, бұл ұсыныс қабылданды.

15. Желтоқсан оқиғасы болған жыл ? 1986 жыл 17-18 желтоқсан

4- кезең «Қызық екен» Әр топтың топ басшысы болады. Залда ойыншыларды қолдап келген жанкүйерлер болады. Ойын барысында екі топқа 12 тақырып бойынша сұрақ қойылады. Сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар. Дұрыс жауап презентация арқылы беріледі..Сұрақтар әрқилы болуы мүмкін.

Осымен «Қызық екен...» интелектуалдық ойынымсыз аяқталды

5 кезең

«Көп сөйлеме». Бұл кезеңде команда басшылары жарысады, яғни берілген сөздерді 30 сек ішінде әр топ мүшесі топ басшысына бейнелеу керек. Ұпай саны 10

1 топ: клавиатура, күн, серуендеу , жылқы , монитор, от, кітап, сарбаз, таразы, сайлау , жол, тышқан, дәрігер, шкаф.

2 топ :қалам, үстел, флешка, піл , мұғалім, мектеп, баспалдақ, оқушы, телефон, тақта, циркуль.

"Маска"

Масканы кию арқылы өзінің, сыныптастарының, іс-әрекетін бүгінгі сайысқа ойын білдіреді.

Білімменен болашаққа жол салынар – дегендей білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік деп сайысымызды аяқтаймыз. Енді әділ-қазылардан топтардың қорытынды ұпай сандарын сұраймыз