Файл: азастан Республикасы білім жне ылым министрлігі Жоары аза гуманитарлытехникалы колледжі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
КЕЛІСІЛДІ Колледждің әдіскері СОГЛАСОВАНО ___________ Анисимова А.А. «____»______________2021 ж. | | «БЕКІТЕМІН» Директордың оқу ісі жөніндегі УТВЕРЖДАЮ Зам.директора по учебной работе ________Апенова С.М. «____»______________2021 ж. |
«Экономикалық теория негіздері»
пәні бойынша 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының
студенттері үшін бақылау жұмысын орындау бойынша
әдістемелік нұсқау
Көкшетау- 2021 ж
Пән бағдарламасы және оқу жоспарының талаптарына сәйкес жасалған әдістемелік ұсыныстар Экономикалық теория негіздері
(пән атауы)
Әзірлеген оқытушы: __Искакова А.А
Гуманитарлық- техникалық мамандықтар бойынша әдістемелік комиссия отырысында қаралды
(ӘК атауы)
және мақұлданды.
Хаттама № ____ «____» ________________2021__ж.
ПК төрайымы ____________________________Анисимова А.А.
(Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
МАЗМҰНЫ
1. Жалпы ереже
2. Тақырыптық жоспар
3. Бақылау жұмысын рәсімдеу
4. Бақылау нұсқауының орналасу кестесі
6. Бақылау жұмысының тапсырмалары
7.Ұсынылатын әдебиеттер
8. Қосымша
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Бақылау жұмыстарының әзірленуі және жазуы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттердің аудиториядан тыс оқу қызметін ұйымдастыруына көмек көрсету мақсатында осы ұсынымдар әзірленді.
1.2. Бақылау жұмысы білімді меңгерудің ең тиімді құралдарының бірі болып табылады және студенттердің оқу пәні бойынша аналитикалық және зерттеу жұмыстарының дағдылары және мәселелерге тиісті авторлық шешімді жүйелі, жеткілікті толық баяндауын білдіреді немесе бағдарлама шеңберінде оқытылатын оқу пәнінің тапсырмалары.
1.3. Бақылау жұмысы оқу пәнінің бір немесе бірнеше бөлімдерінің есептілік нысаны ретінде оқу материалының меңгеру сапасына қызмет ететін ішкі семестрлік бақылау түрлерінің бірі.
Оны орындау кезінде автор алдын-ала әр түрлі көздерденалынған материалды қолдана білуін және талдауын көрсете білуі керек, сондай-ақ өзінің мәселесінің мәнін түсінуінкөрсетуі тиіс.
1.4. Бақылау жұмысын орындау студенттердің нормативтік құқықтық актілермен, оқу, ғылыми және арнайы әдебиетпен өзіндік жұмыс біліктерінің қалыптасуына ықпал етеді,
сондай-ақ онда оқылған материалдың негізгі және логикалық мазмұнының белгіленуі.
1.5. Бақылау жұмыстары оқу жоспарында және оқу процесінің кестесінде көзделген мерзімде орындалады.
1.6. Бақылау жұмыстарын тексеруді (рецензиялау)аталған оқу пәні бойынша жүктеліп, оқу-сабақтарын өткізгеноқытушы жүзеге асырады.
1.7. Бөлімдерде бақылау жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру бойынша жалпы бақылауды бөлім меңгерушілеріжүзеге асырады. Бақылау жұмыстарын мерзімді тексерулерінің сақталуын және сапасы бойынша тікелей бақылауды бөлімнің ПЦК жүзеге асырады.
1.8. Бақылау жұмысы бойынша тапсырмалар оқытушымен дайындалады, цикл отырысында талқыланады және колледж әдіскерімен бекітіледі. Бақылау жұмысының тапсырмалары өзекті болуы, қазіргі талапқа сәйкес келуі және тәжірибе мен ғылым дамуының перспективасына, сондай-ақ уақытылы жаңартылып отыруы тиіс.
1.9. Оқытылатын пәндердің белгілі аспектілері теориялық ашылуын талап етілетін тақырыптар тізбесі. Тапсырмалар келесі түрде құрылуы мүмкін:
А) бір немесе бірнеше теориялық сұрақтар қамтитын тапсырмалар жұқа дәптерге жазбаша орындалады (12 беттік).
1.10. Бекітілген тапсырмаларды орындау бойынша бақылау жұмыстарын алдын ала студенттерге сессияда орындау үшін жеткізіледі.
1.11. Таңдалған тақырып немесе тапсырма нұсқасы сырттай оқу бөлімінің студенттерінің бақылау жұмысы тіркеу кітабына тіркеледі.
2. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
№ р/н | Бөлім және тақырып атаулары |
| 1. Бөлім Экономикалық теорияға кіріспе |
1 | Тақырып 1.1 Экономикалық теория пәні және әдістері |
2 | Тақырып 1.2 Қоғамдық өндірістің негіздері |
3 | Тақырып 1.3 Меншік және әлеуметтік-экономикалық қатынастар |
4 | Тақырып 1.4 Экономикалық жүйелердің негізгі типтері |
| ІІ - Бөлім Нарықтық экономиканың жалпы сипаттамасы |
5 | Тақырып 2.1 Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болу принциптері, проблемалары. Тауар және оның қасиеттері |
6 | Тақырып 2.2 Нарықтық экономика және оның ерекшеліктері (нарықтық экономиканың негізгі белгілері) |
| ІІІ Бөлім Микроэкономика |
7 | Тақырып 3.1 Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері |
8 | Тақырып 3.2 Қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдегі жетілген бәсеке нарығы |
| ІV - Бөлім Макроэкономика |
9 | Тақырып 4.1 Ұлттық экономика: негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер |
10 | Тақырып 4.2 Макроэкономикалық тепе-теңдік |
11 | Тақырып 4.3 Ақша. Ақша айналысы, ақша-несие саясаты. Салықтық-бюджеттік (фискалдық) саясат |
| V - Бөлім Экономикалық теорияның халықаралық аспектілері |
12 | Тақырып 5.1 Халықаралық еңбек бөлінісі және салыстырмалы артықшылық теориясы |
13 | Тақырып 5.2 Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі экономикалық қатынастар және оларды реттеу |
3. БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН РӘСІМДЕУ
3.1. Теориялық тапсырмалар қолжазба нұсқасында орындалады.Бақылау жұмысының негізгі мәтіні бөлімдер (тараулар) мен параграфтарға бөлінеді. Параграфтардың немесе бөлімдердің атаулары кіші әріппен жазылады, бірінші әрпі - бас әріп. Тақырыптары реттік нөмірде болуы тиіс және жоспарда бар белгіге сәйкес белгіленуі.
Бөлімдер (тараулар) рим сандарымен белгіленеді, параграфтар (пунктер) – араб сандарымен.
Бақылау жұмысының бет (титул) парағы қосымшаға сәйкес рәсімделеді.
4. БАҚЫЛАУ НҰСҚАСЫН БӨЛУ КЕСТЕСІ
Түсіндірме жазба
Бақылау жұмысының нұсқасы кестеде студенттің аты мен тегінің бірінші әріптеріне қарай анықталады.Кестеде тегінің бірінші әрпін білдіретін әріптер көлденеңінен орналасқан. Ал тігінен есімінің бірінші әрпін білдіретін әріптер орналасқан. Көлденеңінен және тігінен қиылысқан жердегі текшенің ішінде сандар сұрақтар мен реферат тақырыбының ретін анықтайды. (Мысалы, Акимжан Асқар 20,1 нөмірлеріндегі тапсырманы орындайды).Бақылау жұмысы үш тапсырмадан тұрады, біріншісі – теориялық, екіншісі – теориялық сұрақтар.
Есімінің бірінші әрпі | Тегінің бірінші әрпі | |||||||||
А,Ә,Б,В | Г,Ғ,Д,Е | Ж,З,И,І | К,Қ,Л | М,Н, Ң | О,Ө,П | Р,С,Т | У,Ұ,Ү, Ы | Х,Ц,Ч,Ш, | Щ,Э,Ю,Я | |
А,Ә,Б,В | 20,1 | 5,24 | 8,29 | 24,5 | 11,32 | 29,10 | 31,12 | 14,12, | 34,15 | 16,20 |
Г,Ғ,Д,Е | 17,3, | 18,6 | 4,23 | | 27,8 | 3,6 | 15,36 | 9,4 | 6,19 | 8,5 |
Ж,З,И,І | 3,22 | 8,4 | 4,10 | 30,9 | 26,7 | 10,12 | 4,8 | 4,19 | 18,39 | 20,9 |
К,Қ,Л | 17,4 | 7,26 | 19,6 | 25,6 | 17,7 | 18,13 | 3,10 | 14,7 | 6,19 | 8,5 |
М,Н, Ң | 12,5 | 4,20 | 13,1 | 14,16 | 28,9 | 13,34 | 16,37 | 1,15 | 33,14 | 3,17 |
О,Ө,П | 20,15 | 2,5 | 4,3 | 5,3 | 6,1 | 9,7 | 16,3 | 5,8 | 19,9 | 16,14 |
Р,С,Т | 21,2 (4,23) | 19,7 | 7,5 | 25,6 | 17,31 | 10,12 | 30,11 | 35,16 | 32,13 | 1,9 |
У,Ұ,Ү Ф | 5,14 | 8,15 | 9,17 | 12,5 | 4,20 | 13,16 | 4,16 | 14,2 | 2,11 | 16,2 |
Х,Ц,Ч,Ш, | 17,3 | 18,5 | 19,6 | 7,15 | 3,8 | 8,3 | 3,10 | 9,4 | 6,19 | 8,5 |
Щ,Э,Ю,Я | 1,15,13 | 6,25 | 3,2 | 19,6 | 7,12 | 10,2 | 10,8 | 17,38 | 7,18 | 1,9 |
5. БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
5.1 Теориялық тақырыптар:
-
Экономикалық теория пәні -
Экономикалық теорияның әдістері -
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың алғышарттары және мәні. -
Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс. -
Тиімділік ұғымы және оның жалпылама формуласы. -
Экономикалық ауыспалы айналым - өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну. -
Өндіріс дамуларының сатылары. -
Меншік қатынастарының жүйесі. -
Меншік экономикалық категория ретінде. -
Иемденудің типтері және формалары. -
Жеке және қоғамдық меншік және олардың тарихи формалары. -
Жеке және мемлекеттік меншік. -
Экономикалық жүйе, оның элементтері. -
Экономикалық жүйелердің типтерін классификациялау: дәртүрлі экономика, нарықтық экономика, әміршілдік экономика, аралас экономика. -
Экономиканың үш мәселесі және олардың әртүрлі экономикалық жүйелердегі шешімдері -
Қоғамдық шаруашылықтың негізгі түрлері мен нысандары: натуралдық және тауарлық өндіріс. -
Тауарлық өндірістің пайда болуының алғышарттары. -
Тауарлық өндірістің экономикалы жүйеде алатын орны және атқаратын ролі. -
Өндірістің жалпы проблемалары, беталыстары және түрлері. -
Нарықтық экономика – тарихи дамудың заңдылығы ретінде. -
Нарықтық мәні. Нарықтық жүйенің принциптері. -
Нарық субъектілері. Нарықтың артықшықшылықтары мен кемшіліктері. -
Нарықтық конъюнктура. Нарықтық инфрақұрылым. -
Жеке және нарықтық сұраныс түсінігі. -
Сұраныс заңы және табыс эффектісі, орнын алмастыру эффектісі, пайдалылықтың кеми беру заңы. Сұраныс қисығы, сұранысқа ықпал ететін бағалық емес факторлар. -
Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы және оған ықпал ететін факторлар. -
Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі жетілген бәсеке нарығы -
Макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаттары. -
Қоғамдық өндірістің нәтижелері және олардың жалпы ұлттық өнім көрсеткішінде көрініс табуы. -
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) мен жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) есептеудің әртүрлі әдістері. -
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы. -
Нарықтық экономикадағы жеке, жалпы және нақты тепе-теңдік. -
Ақша нарығы. Ақша ұсынысы. Ақшаға сұраныс: мәміле үшін сұраныс, активтер жағынан сұраныс. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. Ақшаның сандық теориясы. -
Инфляция экономикалық құбылыс ретінде. Инфляцияның себептері. -
Банк жүйесі. Банктердің активті және пассивті операциялары. Ликвидтілік (ликвидность). Банк операциялары бизнес ретінде. Ақшаны ұсыну мультипликаторы. -
Қаржы жүйесінің мәні және құрылымы. Қаржы саясатының негізгі бағыттары. -
Салықтық-бюджеттік (фискалдық) саясат ұғымы. -
Мемлекеттік бюджет: ұғымы және құрылымы. -
Мемлекеттік шығыстар және жиынтық сұраныс. Мемлекеттік шығыстардың өнімді өндіруге тигізетін ықпалы. -
Сыртқы және ішкі мемлекеттік қарыз ұғымы және Қазақстан Республикасы үкіметінің қазіргі бюджеттік саясаты.
6. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер:
1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.
2. Темірбекова А.Б., Байшоланова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2008
3. Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.
4. Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.
5. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.1988.
6. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000.
7. Тлеужанова М. Макроэкономика. Алматы, 2008
8. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика. Алматы, 2007
Қосымша 1
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Бақылау жұмысы
Пәні: Экономика негіздері
№ __20,1_
Тіркелу №_______ Уақыты________
Орындады: «Ақпараттық жүйелер»
мамандығы бойынша
күндізгі оқу бөлімінің
студенті Акимжан А.
Тексерді: оқытушы: Искакова А.А.