Файл: 2 Баылау жне эксперимент.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 187

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2) оқушылардың математикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жетілдіру мен оларды игеру процестерін зерттеу;

3) математика сабағында оқушылардың творчестволық қызметі мен қабілетін арттыру мен дамытудың тиімді әдістерін анықтау.

Бұл мәселелерді шешу оқушылардың творчестволық қызметі мен коммунистік көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, математикалық теориялар мен идеяларды меңгерудің және оқу қызметін тиімді ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін оқыту процесіне енгізуге тіреледі.

Осыған орай жеке міндеттер:

1) оқушылардың дербес ерекшеліктеріне қарай математиканы оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді тәсілдерін анықтау;

2) оқушылардың оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал туғызатын тәсілдерді анықтап, оларды зерттеу;

3)теориялық материалдарды игеруде және есеп шығаруда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тәсілдерін табу;

4)оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және зерттеу;

5)оқушылардың абстрактілі ойлауы мен кеңістік туралы түсініктерін жетілдіру жолдарын зерттеу;

6)кластан тыс жұмыстарда оқушылардың творчестволық қабілетін тәрбиелеу жолдары мен олардың математика пәніне ынтасын арттырудың тиімді тәсілдерін анықтау.

Сонымен қатар математиканы оқыту процесінде прогресшіл көрнекі оқу құралдары мен оқытудың техникалық құралдарын жасау мен зерттеу және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін оқу құрал-жабдықтарын зерттеу міндеті қойылады. Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың маңызы мен мақсаты. Математика мұғалімі әрбір адамның өмірі мен ісіндегі математикалық білімнің ұлы күшін терең түсінуі керек және өз оқушыларын оған сендіруге міндетті. Математика қоғам мүшесіне тән қабілет пен творчестволық ізденіске не жаңалыққа жаны құмар азаматтарға қоршаған ортаны одан әрі жақсарту және жетілдіру сияқты қасиеттерді дарытуда ролі зор. Бұл қасиеттердің нышандары мектеп қабырғасында қалыптаса бастайды. Ғылым мен техниканың қарқындап өсуі «математикалық биология», «математикалық лингвистика», «математикалық экономика», «математикалық психология» сияқты пәндердің пайда болуына себепші болды. Математика жаратылыстану ғылымдарымен бірге, гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс тапты. Математиканың мектептік курсы оқушылардың ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады.


Математиканы мектепте оқыту:

а)оқушыларға қоршаған ортаны танып-білудің математикаға тән құралдарын меңгеруді үйретеді;

ә)оқушылардың политехникалық білімін дамытуға және оларды практикалық дайындауға көмектеседі; оқушылардың азаматтық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз етеді;

б)оқушыларды математиканың практикалық қолданымымен таныстыра отырып, олардың ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен маңызын түсінуіне көмектеседі;

в)оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін және кеңістік туралы түсініктерін дамытуға, творчестволық қабілеттерін қалыптастыруға ұйтқы болады;

г)оқушылардың зейіні мен байқағыштығын, ұқыптылық пен дәйектілік, дербестік пен жоспарлылық тәрізді еңбек мәдениетін дарытуға ықпао жасайды;

ғ)математика ғылымының интернационалдығы, оқушыларды пролетарлық интернационализм рухында тәрбиелеуге; математика теориялары мен олардың дәлелдемелерінің әдемілігі эстетикалық тәрбие беруге; математикалық объектілердің материялығы оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, ғылыми-атеистік тәрбие беруге қолайлы жағдай туғызады.

    1.   1   2   3   4   5   6


Мектепте математиканы оқыту әдістемесі, оның мазмұны

Студентті болашақ мамандығына даярлаудың негізгі математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математика ғылымымен тікелей байланысты. Оқытуды компьютерлендіру туралы сөз болғанда мынадай күрделі мәселеге мектепке компьютерлік техниканың тереңдеп енуіне қарай мұғалімнің де рөлі зор. Ендеше информатика мен математика пәндерін интеграциялауға қажетті алғы шарттар

Кез- келген есепті компьютерде шешудің кезеңдері

- есептің қойылуы,

- математикалық моделі

- есепті шешу алгоритмін құру

- алгоритмді бағдарламалау тілдерінің бірінде жазу

- есепті компьютермен шығару

- талдау жасау.

Бұдан компьютерді пайдаланып есептер шығаруда әуелі есептің математикалық моделін құру. Математика ақиқат дүниенің кеңістіктік формалар мен мөлшерлік қатынастарын зерттейді. Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы ) — педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» — «жол» деген грек сөзінен шыққан.Математика әдістемесін басқаша «математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз. Математикалық білім мен дағдылар молайып, мазмұны тереңдеп, ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің, үйренудің мәселелері де өзгеріп, күрделене береді, осылай әдістемелік жаңа тәсілдер пайда болады. Математика әдістемесінің алдына қойылатын еі күрделі мәселе – іріктеу, сұрыптау мәселесі, яғни мұқият мол қорланған математикалық мұра ішінен қазіргі заман талабына сай, оқушылардың ой — өрісіне, күш – қабілетіне лайық келетіндерін таңдай білу проблемасы. Осыған байланысты математика оқу пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мынадай негізгі себептердің салдарынан туындайды:

а) оқыту мақсаттарының кеңеюі және қоғам дамуы мен оның техникалық – экономикалық мұқтаждығына байланысты мектепке қойылатын жаңа талаптар;

ә) ғылымның (математиканың) үздіксіз дамуы, онда жаңа пәндер, салалар пайда болуы;

б) қоғамның даму барысында оқушылардың жалпы дамуының күшейе түсуі, сәбилер мен жасөспірімдердің таным қабілетінің жаң мүмкіндіктері мен қырларының ашылуы;


в) педагогика ғылымдарының, математика әдістемесінің дамуы, көпшілік мектептердегі алдыңғы қатарлы оқыту тәжірибелерін пайдалану. Мысалы, бұдан 25-30 жыл бұрын мектеп математикасы құрамында «арифметика», «тригонометрия» деп аталатын пәндер болатын, қазір бұлар дербес емес, олардың мазмұны басқа пәндерге енгізілген (бастауыш сыныптағы математика, жоғарғы сыныптардағы алгебра, геометрия, алгебра және анализ бастамалары). Бұлардың орнына көптеген ғылыми жаңа тараулар енгізілді (туынды, векторлар, координаттар, геометриялық түрлендірулер т.б.). Математика әдістемесінде оқытудың жаңа да тиімді әдістерін іздестіру проблемасының маңызы үлкен, өйткені математика курсының жаңа мазмұны мен түзіліс жүйесі мұғалім мен шәкірттің жаң әдістерді пайдалануын талап етеді. Оның үстіне оқытудың ежелгі дәстүрлі әдістері әрқашанда ойдағыдай нәтижеге жеткізе бермейді. Сондықтан соңғы кездерде сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттырып, мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне негізделген оқыту әдістері кең қолданылуда. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру жолында әдіскер ғалымдарымыз толассыз ізденіс жұмыстарын атқаруда, олармен бірге мыңдаған математика мұғалімдері де күнделікті әрбір сабақ үстінде тәжірибелер жинақтап бұл іске өз үлестерін қосуда. Сондықтан да жоғарыда көрсетілген математиканың қазіргі дидактикасының үш негізгі проблемасы арасында оқыту әдістерінің дәстүрлі проблемасы, бұл ғылымның ең басты проблемасы болып қала береді. Математика пәні бойынша мектепте қандай материал қандай ретпен өтілуге тиіс екендігі мектеп математикасы бойынша бағдарламалар мен оқулықтарда көрсетілген.

    1. Математика әдістемесінің құрамы, зерттеу әдістері, басқа ғылымдармен байланысы

Математиканы оқыту әдістемесі математика ғылымымен тығыз байланысты, себебі, ол мектеп математикасының мазмұнын анықтауда шешуші роль атқарады. Ол туралы С.Л. Соболев: «Басқа ғылымдардың ешқайсысы онсыз өмір сүре алмайтын бір ғылым бар. Ол-математика. Оның ұғымдары, түсініктері және символдары басқа ғылымдардың сөйлейтін, жазатын және ойлайтын тілі қызметін атқарады. Ол күрделі құбылыстардың заңдылықтарын, табиғаттың қарапайым, элементар құбылыстарына келтіріп, түсіндіріп береді. Ол нәрселердің болуға мүмкін өзгерістерін зор дәлдікпен алдын ала анықтап және алдын ала есептеп шығарып береді». Математика ғылымы зерттеу арқылы ақиқат дүниенің кеңістіктік формалары мен сандық қатынастары, математикалық құрылымдар мен олардың модельдері жайында жаңа мәліметтер алады. Ал мектеп математикасы математика ғылымы ашқан фактілер мен заңдар негіздерін оқушыға жеткізеді. Әдістеме ғылым негіздерінің неғұрлым маңызды элементтерін, оқып үйрену объектілерін дұрыс таңдауға, оқу материалдарын неғұрлым түсінікті және еске сақтауға оңай түрде және ұтымды сабақтастықта баяндауға көмектеседі. Бұл оқушылардың
жасы мен психологиясын ескере отырып, педагогикалық ерекшеліктеріне сай қалыптастырылады. Білімнің құрылымы мен оның мектеп математикасында баяндалу түрі педагогикалық құрылым мен түр болып табылады. Математика мектеп курсында оқушылардың ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады.

Математиканы мектепте оқыту:

а) оқушыларға

қоршаған ортаны танып-білудің математикаға тән құралдарын меңгеруді

үйретеді;

ә) оқушылардың техникалық білімін дамытуға, оларды тәжірибелік

қызметке дайындауға көмектеседі;

б) математиканың тәжірибелік

қолданымымен таныстыра отырып, олардың ғылыми-техникалық прогрестің

негізгі бағыттары мен маңызын түсінуіне көмектеседі;

в) оқушылардың

логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін және кеңістік туралы

түсініктерін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға әсер

етеді;

г) математика ғылымы ұқыптылық пен дәйектілікті, дербестік тәрізді еңбек мәдениетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызады. «Математиканың маңызы қазір үздіксіз өсіп келеді. Математикада жаңа идеялар мен әдістер туындап келеді. Бұлардың бәрі математиканың қолданылу өрісін кеңейтеді. Қазір адам атқаратын қызмет салаларына математика айтарлықтай қолданылмайтыны жоқ. Ол табиғат жайындағы ғылымдардың бәрінде, техникада, қоғам тануда аса маңызды құрал болады. Тіпті юристер мен тарихшылар да математикалық әдістермен қаруланатын болады»-деп А.Д. Александров айырықша атап көрсеткен. Математиканы оқыту әдістемесіне тығыз байланысты ғылымдардың бірі – математика тарихы. Бұл мектеп математикасының жекелеген тарауларын оқытқанда оның даму жолы мен заңдылықтарын, математиканың бізді қоршаған ортамен байланысын нақты фактілермен көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан математика сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда математика тарихына қысқаша шолу жасау оқушылардың пәнге ынтасын, қызығушылығын арттырумен қатар, бұл ғылымның тарихи төркінін, практикалық құндылығын жете түсінуге де баулиды. Математиканы оқыту әдістемесінде математика курсын дамытуға, оның мазмұнын жаңартуға дидактика тікелей қолғабыс жасайды. Математиканы оқыту әдістемесі дидактиканың заңдары мен қағидаларына сәйкес дамиды. Математиканы оқыту әдістерінің жүйесі мен оған қойылатын талаптар оқыту әдістерінің дидактикалық сарапталуымен басты-басты қағидалары жүзеге асырылады. Математиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып есептелетін жалпы және жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланыста болады. Оқыту және тәрбиелеу процесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілгенде ғана нәтиже бермек. Сондықтан балалардың психологиясының заңдылықтарын жете білу, оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым тиімді түрлері мен жолдарын табуға көмектеседі. Математиканы оқыту әдістемесінің дамуына Л.С. Выгодский, П.П. Гальперин, Н.А. Менчинская, Е.Н. Кабанова-Меллер, В.А. Крутецкий, Н.Ф. Талызина сияқты ірі психологтардың ілімдері мен теориялары елеулі ықпал көрсетуде. Олардың зерттеулерінде әдістемелер жас ұрпақтың ерекшеліктеріне байланысты білімді қабылдау заңдылықтарына сүйенгенде нәтиже беретіндігі пайымдалған. Басқа ғылымдар сияқты математиканы оқыту әдістемесі диалектика заңдары бойынша дамиды. Диалектикалық материализм оқу-тәрбие процесінің негізгі заңдылықтарын ашуға және оны ұйымдастыру формаларын тағайындауға жағдай жасайды. Диалектика заңдарын меңгеру оқу-тәрбие үрдісінің тұтастығы мен қайшылықтарын түсінуге, кездейсоқ әдістемелік қателіктерге жол бермеуге көмектеседі. Математика әдістемесінің пән және ғылым ретінде дамуына логиканың әсері мол. Логиканың заңдары математика ұғымдарының жүйесін құру кезінде, оқыту құралдары жүйесін жасағанда кеңінен қолданылады. Білім тарихын зерттеушілер «логика» сөзін алғаш енгізген адам – ол ежелгі грек ғалымы Демокрит (б.з.б. 460-370) болған деп көрсетеді. Демокрит «Ойлау ережелері» деген ғылыми еңбегін жазған. Осы тарихи шығарманың айдарлық тақырыбына «логика» пәнінің аты келіп шықты. Өзіндік зерттегіш әдісі және зерттеу нәрсесі бар «логика» пәнінің негізін алғаш рет қалаған әлемнің бірінші ұстазы атанған әйгілі грек данагері Аристотель (б.з.б. 384-322). Әбу Насыр Әл-Фараби: «Логика - интеллектінің кемеліне келуіне жағдай туғызатын, интеллекция объектілерін танудың барлық жағдайларында адамды ақиқат жолға бағдарлайтын заңдар жиынтығын үйрететін пән» деген болатын. Математика әдістемесі педагогикалық әдіс ретінде өнерге де өте жақын келеді. Әдістеме тәжірибесінде сөйлеуді, сөзді, дауыс ырғағын, жүріс-қимыл т.б. сыртқы факторларды ұтымды пайдаланудың мәні зор. Сондықтан да кейде «әдістеме – жартылай ғылым, жартылай өнер» дейді.