ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 190
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқушыларды пәнаралық байланыстарды құру тәсілдеріне үйретудің бірінші этаптарында түсіндірмелі-көрнекілік әдіс басым болады. Мұғалім пәнаралық мазмұны бар материалды өзі түсіндіреді. Оқушыларда пәнаралық мазмұнды материалмен жұмыс істеу іскерлігі қалыптасқаннан кейін репродуктивті, ішінара-ізденушілік әдістер және шығармашылық пәнаралық.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың құралдары әр түрлі болады:
1. оқушылардың іс-әрекетін, алдыңғы оқыған білімін басқа оқу курстарында
және тақырыптарында жаңғырту үшін және оларды жаңа материалды игеруге
қолдану үшін бағыттайтын пәнаралық мазмұнды сұрақтар.
2. әр түрлі пәндерден алған білімдерін қосуын талап ететін немесе бір
пәннің материалымен құрылған, бірақ басқа пәнді оқытуда белгілі
танымдық мақсатпен қолданылатын пәнаралық міндеттер. Олар
бағдарламалық материалдың терең әрі мағынасын түсініп игеруіне,
құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарын анықтау іскерлігін
жетілдіруіне мүмкіндік туғызады.
3. пәнаралық сипаттағы үй жұмыстары – пәнаралық сипаттағы білімді талап
ететін ойлануға арналған сұрақтар, баяндама, реферат дайындау, көрнекі
құралдарды жасау, кестелер, сұлбалар, сөзжұмбақтар құру.
4. пәнаралық көрнекі құралдар – жалпылама кестелер, сұлбалар,
диаграммалар, модельдер, кодопозитивтер. Олар оқушыларға пәнаралық
мазмұнды сұрақтарды ашатын әр түрлі пәндерден білімдер жиынтығын
көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.
5. математикалық эксперимент – егер оның пәні математикалық есептеулер
болса.
Пәнаралық байланыстардың қолданылуы оқу процесін ұйымдастырудың жаңа
формаларының пайда болуына түрткі болды: пәнаралық байланыстар бар сабақ, кешенді семинар, кешенді экскурсия, пәнаралық экскурсия және т.б.
Пәнаралық мазмұнды сабақтардың келесі түрлері бар: сабақ-дәріс, сабақ-
семинар, конференция-сабақ, рольдік ойын сабағы, кеңес-сабақ және т.б.
Пәнаралық жалпылау немесе тақырыптық тапсырмалар сабақтары –
педагогика және әдістеменің білімді пайдалы практикалық іс-әрекетпен
қалайша байланыстыруға болатыны жөніндегі проблемасы.
Пәнаралық байланыстарды қолдану – математика мұғалімінің ең бір
күрделі әдістемелік мәселелерінің бірі. Ол басқа пәндердің бағдарламалары
мен оқулық мазмұнын білуді талап етеді. Пәнаралық байланыстарды практикада жүзеге асыру математика мұғалімінің химия, физика мұғалімдерімен ынтымақтастықты, ашық сабақтарға қатысуды, сабақтарды бірлесіп жоспарлауды және т.б. болжайды. Ортаңғы буында математика пәнінің әдістемесін барлық басқа пәндердің мазмұнын оңтайлы байланыстыра отырып, жетілдіруге болады. Математика пәнінің мазмұнын ашуға мүмкіндік беретін пәнаралық байланыстарды сипаттауға болады.
Математика және тіл дамыту.
Оқушылардың тілін дамыту – математиканы оқытудың негізгі мәселесінің бірі болып табылады. Осы мәселенің табысты шешілуінен оқушылардың оқу материалды түсіндіру ептіліктерінің қалыптасуымен байланысты математикалық қабілеттерінің дамуына әсер ететін жұмысты бірінші сыныптан бастау керек. Қазақ тілі және ана тілі сабақтарындағыдай, біз математика сабақтарында ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарын жүргіземіз, сонымен оларға мынадай талаптар қойылады: мазмұндық, куәлілік, анықтылық, дәлдік, логикалық. Осы талаптардың барлығы комплекстік түрде жүзеге асырылады.
Мынандай жаттығуларды ауызша сұрау кезеңінде ұсынылады:
-
Екпіндерін сақтап, сөздерді оқыңдар: километр, миллиметр, есептеу,
қосу, шешу т.б.
-
Оқыңдар: 29-дан шегеру, 36-ға қосу, 45-ті қосу.
Егер оқушылар септіктерді дұрыс қолданбаған болса, онда мұғалім оларға көмектесіп, өзі оқып, оқушылардың біреуін оқытады. Осылай сабақтан сабаққа дейін мұғалім оқушыларды математикалық ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс оқытуды үйретеді.
Математика және физика.
Математикамен физиканың пәнаралық байланысын күшейту оқушылардың екі пәннен де үлгерім сапасын жақсартады,сонымен бірге олардың практикалық жұмысқа дайындалуына көмектеседі.Мысалы 5 сыныпта оқушыларда бағыт ұғымы қалыптаса бастайды және бұл ұғым 7 сыныпта геометриясында дамытылады.Бағыт туралы алғашқы ұғымының негізінде 7 сынып физикасында күш ұғымын векторлық шама ретінде,одан соң бір түзудің бойында бір жаққа қарай немесе қарама қарсы бағытталған екі күштің қосындысын үйрене бастайды.Вектор ұғымының геометрия оқулығындағы сиппатамсы оның физикалық түсіндірмесінен бұрын беріледі,сондықтан оқушылар геометрияда да,физикада да вектор деп аталатын ұзындығы мен бағыты арқылы танысады. 9-10 сыныпта геометрия курсында жазықтықта және кеңістікте векторлар түсінігі және амалдар қолдану тақырыбы физика сабағында да кездеседі
Векторларды қосу. Бірнеше векторларды қосу.
Дененің координаталары және орын ауыстыру векторының проекциялары.
-орын ауыстыру векторының х не у осіндегі проекциясы сәйкес координатаның өзгерісіне тең.
Геометрияда вектор ұғымы бағытталған кесінді ретінде анықталады,себебі геометрияның курсында векторға анықтама беру үшін күш,жылдамдық,үдеу сияқты алғашқы физикалық мысалдары қарастырылады.10 сыныпта математика мен физиканың пәнаралық байланысын нығайтуға мүмкіндік беретін математикалық ұғымдардың бірі шекке көшу. Туынды тақырыбын өткенде физикалық шамалар лездік жылдамдық,үдеу,ток күші,токтың тығыздығы т.с.с ұғымдар арқылы түсіндіріледі.Туынды сияқты математикалық ұғымды игерген оқушылар физиканың теориялық игеруге мүмкіндік алады. Мектеп математикасының өзекті ұғымдарының бірі «Функция» ұғымы 6 сыныпта анықтамасы және берілу тәсілдері қарастырылады( графикалық, кестелік, аналитикалық ) .Мысалы сызықтық функция ,оның графигі және бұрыштық коэффицент ұғымдары калыптастырылып одан әрі дамытылады.Мұның өзі физика сабақтарында функциялық тәуелділіктің физикалық мағыналарын түсіндіруді,физикалық құбылыстардың графиктерін салуды қамтамасыз етеді. Жоғары буындарда «Алгебра және анализ бастамалары» курсында көптеген тақырыптар физикалық мағынасы арқылы түсіндіріледі.
Математика және химия
Математика мен химияның бір қатар салалары өзара байланыста болады.Әр түрлі химиялық реакцияларға түсетін элементтердің байланысы функциялық тәуелділік арқылы өрнектелетіні белгілі. Мысалы:тура пропорционалдық тәуелділік у=кх заттың мөлшері мен химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе жұтылатын жылу энергиясының арасындағы байланысты есептеуге пайдаланады.5 сыныпта процент,пропорция ұғымының анықтамасы беріледі.Осы ұғымды пайдаланып оқушылар әртүрлі химиялық есептер шығарады концентрацияға байланысты.
Аналитикалық тәсілмен шығару
1. Теңіз суында 5% тұз бар. Массасы 80кг болатын теңіз суынан 4% тұзды су алу үшін қанша кг тущы су қую керек?
х кг - ІІ ерітіндідегі тұщы судың массы
у кг - І ерітіндідегі тұздың массасы
Пропорция құрамыз
Таблица құру әдісі
Есеп .Құрамында 10% -тік және 25%-тік тұз ерітіндісі бар екі қоспаны араластырып, 20%-тік 3кг ерітінді алынған.Әрқайсысынан қанша ерітінді қосылған?
Шешуі:
Теңдеу құрамыз: 0,1х+0,25(3-х)=0,6
0,1х+0,75-0,25х=0,6
-0,15х= -0,15,х=1 3-х=3-1=2 Жауабы: 1кг ;2кг
Математика және сызу
Математика мен сызуды оқытудың байланысы ұғымдық байланыстарға негізделген. Расында ,бұл екі пәнде материялық дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастарын үйретеді.Геометрия пәнінін оқыту мақсаты жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерімен таныстыру,кеңістік ұғымдарымен кеңістік жөніндегі түсініктерді дамытуекендігі көрсетілген болса, ол сызу курсында да жүктеледі.Сондықтан геометрия курсы мен сызуды оқытудың байланыстарын нығайту себептерінің бірі оқушылар геометрияда да,сызуда да фигуралардың сызбаларын салуды үйретеді.Сондықтан мұғалім фигураларды дұрыс салуға талап ету керек.Геометрияда қолданатын сызғыш,циркуль, транспортир сияқты сызу құралдарын кеңінен пайдаланады. Геометрия сабақтары мен сызудың байланысын нығайтудуң басты міндеттерінің бірі сызба сығанда оның геометриялық мағнасын білумен бірге ,констукциялық мәнін де түсінуі тиіс.
Мысалы ,келесі есептерде сызу және технология пәнімен байланысы бар
1.Фанерден өлшемдері 40 см, 20 см, 15 см болатын тікбұрышты параллелепипед түріндегі ашық қорап жасау керек. Қорапты жасау үшін қанша фанер керек? Оның көлемі қандай болады?
2.Ұзындығы 25 м, ені 6 м және тереңдігі 3 м тікбұрышты параллелепипед пішіндегі бассейн салу үшін котлован қазылды. Ол үшін қанша куб метр жер алыну керек?
3.Аквариумнің өлшемдері 80 см, 45 см, 55 см. Су деңгейі аквариумнің жоғарғы шетінен 10 см төмен тұруы үшін қанша су құю керек?
Математика және география
Математика мен география сабақтарында пәнаралық байланыс негізінен ұғымдық байланыстарға сүйенеді.Мәселен градус,климат,Жердің формасы мен қозғалысы жайындағы ұғымдар алдымен оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктерінің даму дәрежесіне байланысты. География курсында диаграммалар,графиктер,картограммалар,әр түрлі статистикалық мәліметтер кездеседі.
Мысалы : 6 сыныпта масштаб тақырыбын өткенде оқушылар өз беттерімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Картамен жұмыс жасауды үйренеді.Бұл тақыырып 7 сыныпта физикалық география пәнінде «Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу.Масштаб» сабағында қарастырылады.
Нысанның жер бетіндегі нақты өлшемінен картадаға кескіндердің қаншалықты кішірейтілгенін анықтау үшін масштаб қолданылады. Масштаб арқылы планнан немесе картадан қашықтықты табу.Карталар мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі.
Масштабқа арналған тапсырмалар:
1. Масштабтарды сандықтан атаулыға және керісінше айналдырып жазу.
а) 1: 2000 – 1 см-де...20 м г) 1 см – 1000 м, бұл....1: 100000
б) 1: 1000000 – 1 см-де.....10 км д) 1 см – 200 км, бұл....1: 20000000
в) 1: 50000 – 1 см-де...500 м е) 1 см – 30000 м, бұл....1: 3000000
2. Масштаб 1: 5000. Жер бетіндегі қашықтық 260 м болса картадағы қашықтықты (ұзындығын) табу.
Берілгені: Масштаб 1:5000 – атаулық масштабты табу. 1 см-де 50 м
1км – 1000 м J – картадағы қашықтық
1 м – 100 см L – жер бетіндегі қашықтық
260м 26000 см
3. Токио және Пекин қалаларының картадағы қашықтығы 30 см, яғни нақтырақ айтқанда – 1500 км. Картаның масштабын анықтаңыз.
Шешуі: 30 см – 1500 км
1см – х
Х = 1500км : 30см = 50 (км) = 50000 (м)=5000000(см)
Жауабы: 1 : 5000000
4. Жер бетіндегі 2 нүктенің ара қашықтығы 420 км, карта бетіндегі ұзындық 7 см.
Картаның масштабын анықтау.
L – жер бетіндегі қашықтық
J – картадағы қашықтық
5.Павлодар облысының картасын пайдаланып Павлодар қаласы мен Ертіс ауылының картадағы қашықтығын анықта,нақты арақашықтығын тап және картаның масштабын анықта.
Оқушылардың математикалық білімі математикалық теорияларға негізделген географиялық ұғымдарды ойдағыдай игеруге мүмкіндік туғызады.Екінші жағынан математика сабақтарында географиялық материалдарды пайдалану ,математиканың географиядағы қолданымын нақты деректермен көрсету сабақты жандандыруға, оқушылардың математикалық білімін баянды болуына ,олардың белсенділігін арттыруға және қызығушылығын тудыруға әсер етеді.
Пәнаралық байланысты тек қана дәстүрлі сабақта ғана емес,сонымен бірге сабақтан тыс шараларда қолдануға болады.
2 Бөлім. Мектеп математикасын оқытуды ұйымдастыру,оның ғылыми әдістері
Оқытудың жалпы теориясы мен математиканы оқыту әдістемесіндегі негізгі ұғымдардың бірі – оқыту әдістері. Оқыту әдістері деп оқыту – тәрбие жұмысы міндеттеріне сай мұғалім мен оқушы қызметінің өзара байланысының реттелген әдісін айтамыз. Оқушыны бір нәрсеге үйрету үшін, алдымен оны не үшін оқытатынымызды анықтап, кейін ғана оқыту арқылы қандай білім, білік және дағдыға үйрететінімізді саралаймыз. Соңынан оларды логикалық – дидактикалық талдауға саламыз, яғни оқыту мазмұнының құрылысы мен ерекшеліктерін және оқулықтағы оның баяндалуын айқындаймыз. Ақырында, оқушының ойлау қызметінің деңгейін, меңгеруге қажет білім, білік және дағды көлемдерін, басқаша айтқанда оқыту объектісін білуіміз керек. Оқулықта оқыту әдісі көрсетілмейді. Демек, меңгерілуі тиіс материал түрлі әдіспен оқытылуы мүмкін. Мұғалімнің шығармашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі - әртүрлі әдістерді, пайдасы тиетіндей етіп таңдауы мен оларды өзара ұштастыра білуі болып табылады. Әдіс тұтас оқыту жүйесінің белгілі бір құраушысы ғана. Қазіргі компьютерлік жүйеде, өздік жұмыстарға қажет техникалық жабдықтармен, көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдарментолықтырылуы, әрбір әдіс құрылысының, осы жабдықтармен жұмыс істеу әдістерімен байытыла түседі. Оқыту әдістерінің қызметі. Оқыту әдістерінің құрылысының қалыптасуына әсер ететін оның қызметін қарастырайық. Жалпы педагогикалық қызметтері: жалпы білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық, сүйену болып табылады. Бұларды басқаша сипаттайық. Әдістердің белгілі бір негіздеуге сүйену қызметін қарастырайық. Зерде осы қызметке тікелей тәуелді. Ол үшін сабақта танымдық қызығуды тудырып, оны бәсеңдетпей, тиянақтау керек. Мәселен, мұғалім материалды баяндауда контрастілік арқылы немесе парадокстік жағдайды көрсетумен, күтпеген көріністі тудырумен, көрнектілілікті пайдаланумен оқушыны «селт еткізіп», зейінін бағыттайды. Оқушыны күрделі есептерді шығаруға жетелейтін қиындықты жеңуде ішкі импульсті тудыратындай әдістердә қамту осы әдістің міндеті.Бұған