Файл: 2 Баылау жне эксперимент.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 191

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Аналогияны пайдаланып, есептер шығаруды;

Аналогияны пайдалану кезінде кететін қателерді және мысалдарды қарастырайық. Ой қорытындысын жасаудың елеулі маңызы бар түрі – тарукция (латынша traductio – орын ауыстыру, көшіру). Белгілі дәрежеде бір немесе бірнеше пайымдаудан дәрежесі сондай жалпы пайымдауға көшуді традукциялық ой қорытындысы деп атайды.

Мысалы:

Айталық, a, b және c – нақты сандар.

a>b (бірінші пайымдау),

b>c(екінінші пайымдау),

a>c(жаңа пайымдау)

Зерттеу әдісі ретінде традицияның мағынасы мынаған тіреледі: кейбір қатыстығы екі объектінің ұқсастығын анықтап, осы объектілердің басқа қатыстағы ұқсастығы туралы қорытынды жасау. Традукциялық ой қорытындысының маңызды түрі – аналогия ( грекше analogia – ұқсастық). Бір-бірімен ұқсас заттар белгілі қатыста бір-бірімен үйлеседі, аналогиялас заттардың сәйкес бөліктері белгілі қатыста үйлеседі. Аналогия бойынша ой қорытындысын жасауды төмендегі схема бойынша көрсетуге болады:

1-сілтеме. А объектісінің a,b,c,x,…қасиеттері бар.

2-сілтеме В объектісінің a,b,c,… қасиеттері бар.

Қорытынды: В объектісінің х қасиеті бар шығар.

Аналогия бойынша ой қорытындысын жасауды қандай да бір объектіні( модельді) қарастырудан білген білімді басқа шала зерттелген (көрнектілігі жоқ) объектіге белгілі мағынада көшіреміз. Жалпы алғанда, нақты объектіге аналогия бойынша жасалған қорытындының мүмкін деген ғана мағынасы бар; олар ғылыми болжамның, индуктивтік талқылаудың қайнар көзінің бірі болып табылады, ғылыми жаңалықтар ашуда маңызды роль атқарады. Кез келген ұқсастық аналогия бола алмайтыны түсінікті. Жазықтықтағы тіктөртбұрыш кеңістікте қарастырылатын тік бұрышты параллелепипедке аналогиялас, өйткені тіктөртбұрыштың арақатынасы параллелепипедтің жақтарының арақатынасына ұқсас. Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары өзара параллель, әрі тең, сондай-ақ іргелес жатқан екі қабырғасы өзара перпендикуляр. Тік бұрышты параллелепипедтің қарама-қарсы жақтары өзара параллель, әрі тең, сондай-ақ жақтары табандарына перпендикуляр. Тіктөртбұрыш пен параллелепипедтің қасиеттерінде бірдейлік және ұқсастықтар бар. Ондай қатыстар; параллельдік, теңдік және перпендикулярлық. Сөйтіп, екі объект арасында жалпы қатыстар болып шықты. Аналогия дәрежесі әртүрлі болады: толымсыз аналогия, математикалық дәлдігі бар аналогиялар кездеседі. Біз математикалық дәлдігі бар аналогияларды қарастырамыз.


3 Бөлім. Мектепте математиканы оқытудың өзекті мәселелері

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен , бағыт-бағдарымен денгейлес болу керек.Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып отыр. Білім берудегі басты міндет- ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологисыненгізу, білім беруді ақпараттандыру. Біз жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, біздің балаларымыз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі білім өрісі биік , денсаулықтары мықты өкілдері болады.Қазіргі кезде еліміздің білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім берудің жаңа ұлттық моделі құрылуда. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілердің бірі орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады. Осындай ізгі мақсаттарды іске асыруда Республикамызда білім беру жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырауда. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламасы жетілдіріп , жаңа мазмұңдағы оқулықтар шығарылып, жаңа типтегі оқу орындары пайда болды. Сонымен қатар білім сапасына да қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологилары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болды. Міне осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең , жан- жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттің деңгейін қөтеру болып табылады. Математика сөзінің өзі грек тілінде білім , ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан –ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар.Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі - күре тамыры ретінде қарастырылады: Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады,дамытады және шындай түседі. Математикалық тілде тілдесу қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының сөз коммуникацисы, яғни сойлеу мәдениетін дамытады;



Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;

Математика- болашақ тұлғаның моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.

Математиканың жасөспірімдердің мүлтіксізжәне заңдылықты жүйемен ойлау қабілетін тәрбиелеудегі алар орны мен рөлі белгілі дәрежеде жұртшылықтың мойындағаны белгілі.Математиканың білім беруде оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырып, оны дамыту барысында атқаратын ең басты міндегі ретінде тәрбиеленушіге дәйекті аргументацияның толыққандылығын уағындау, ұғындыру және оның бойына сіңіру болып табылады. Математиканы оқыту орта білім берудің маңызды компоненті болып табылады, өйткені ғылым-техникалық прогресс дәуірінде математика жаратылыстанудың, техниканыңжәне өндірістің тілі мен құралы ретінде пайданылады.Еліміздің ғылыми –техникалық потенциалы мектеп математика курсын оқыту сапасына байланысты болады. Оқыту – білім беру, ол оқушыны ғылыми ілімнің жаңалықтарыны ынталандыру. «Білім» мемлекеттік бағдарламасы осы бағытты ұстай отырып, білім сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгінгі жалпы білім беретін мектептердің мақсаттардың бірі- әрбір шәкіртті жеке тұлға ретінде жалпы мәдениетін көтере отырып жан-жақты дамуыны мүмкіндік тудыру, оқушының өзіндік іс-әрекетін дамыту, оқу үрдісін еңтиімді тәсілмен ұйымдастыру. Математиканы кәсіби меңгеруге даярлау мен қатар таңдап алған мамандығына тәуелсіз барлық оқушыларға математикалық дарлықтың кепілді деңгейін қамтамасыз ету оқытудың маңызды мәселесі болып табылады. Мектептегі математиклық білім беруді қайта құрудың негізгі міндеті, оқытудың әдістемелік жүйесінің дамуы және ақпараттық атқару функциясы.Адам қызметінің түрлі облыстарын математикалық компьютерлердің пайда болуын күшейтеді. Осының бәрі математикадан шығатын нақты математикалық білімді, белгілібір ойлау стильін қажет етеді. Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәрбиесіндегі күнделікті менгерілген қарапайым түсініктерден бастап,ғылыми және техникалық дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаментальды құрылымның кеңістік формалары және сандық қатынастардың пән болып келуінің шарттарынан шығады. Техникалық құрлымның принциптерін білу және оны қолдану экономикалық әлеіметтік ақпараттарды меңгеруді нақты математикалық білімсіз түсіну қиын. Математика пәнінің мұғалімінен жалпы ілгері және айырмалы білім ғана емес, педагогтік қызметке шығармашылықпен қарау арқылы үздіксіз білімін жетілдіріп отыру керек. Сондықтан да, орта мектептің математика курсының бірінші міндеті есеп шығарудың әдістемелік жақтарын үйрену. Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру оқушылардың ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік , жүйелік қасиеттері де қалыптасады.


Математиканы үйренумен белсенді шұғылданудың негізі- есеп шығару болып табылады. Есеппен жұмыс істеуде мынадай 3 кезенді (Пойа әдісі)бойынша бөлуге болады:

Зерттеу кезеңі (әрекетпен қабылдауға жақынырақ және ең алдымен түсініктік немесе эвристикалық деңгейде жүреді).

Қалыптасу кезеңі (терминологияны, анықтамаларды, дәлелдеуді жасауда жоғарғы ұғымдарды қалыптастырады)

Меңгеру кезеңі - ең сонынан келеді, ол мәселенің «ішкі мәнін» табуға жауап береді; бұл кезеңде оқылатын материалды оқушылар толықмеңгеруі тиіс. Материал олардың білім қорына кіріп, дүниетанымын кеңейтуі тиіс. Есеп шығару зерденің тез жоғары қалыптасуына әсер етеді. Есеп шығару кезеңінде жалпылауға үйретеді, жадыны дамытады, жалпылама ассоциация қалыптастырады. Ойлау әрекетін жандандыратын математикалық есептерді таңдап алу қажет, ойткені, математикалық ойлаудың дамуы, негізінен, оқушының шығармашылық белсенділік дәрежесіне байланысты. Бұл заманда қалыптасқан қоғамдық тәжірибені қайта бағалау білім беру жүйесіне, мамандарға қойылатын талаптарды өзгертуде. Орта мектепте білім берудегі математиканың оқытудың басты мақсаты: оқушыларға күнделікті өмірде және қазіргі қоғамда пайдалы еңбек еткенде қажет болатын және білімін ары қарай жалғастыруға мүмкіншілік беретін математикалық білім. Мемлекеттік стандартта, орта білім беретін мектептерде әр бір оқушыны жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына сай оқыту мен тәрбиелеудің сан түрлі үлгілерін қолдану керектігі көзделген. Бұлжағдай оқыту технологиясын өзгертуді, оқушыларды өзбетінше білім алуға, дамытуға, ұйымдастыруға көп көңіл бөлуге талап етеді. Ғылым мен өндірістің дамуына математиканың қажеттілігі оқушылардық жоғары біліктілігін қажет етеді. Жалпы білім берудің негізгі мәселелерінің бірі – терең алу үдерісі мен оқушылардың ойлау қабілетін , оқуға деген ынтасын дамыту үдерісін біріктіру болып табылады. Мектептегі математиканы оқыту жағдайын жүйелі түрде бақылау білім алуға деген қызығушылық тек оқыту материалымен ғана емес, сонымен бірге оқыту процесінің өзі арқылы пайда болады деген қорытынды жасауға болады.
    1. 1   2   3   4   5   6


Математикалық білім беруді ұйымдастыру

Білім беру мазмұны білім мен білік жүйесін анықтаумен қатар, өмірлік құндылықтар мен мұраттарды да қамтиды. Жаңартылған білім беру стандарттарымен оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында құндылықтарды анықтауға және олардың білім мазмұнында көрініс табуына басты назар аударылды. Елбасы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында белгіленген қазақстандық қоғамның құндылықтары отандық білім беру жүйесінің тұжырымдамалық негізі болып табылады деген. Қазақстан өзінің алдына заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді өзекті мәселе етіп отыр. Егеменді еліміз өзінің даму сатысында білім саласының алдына үлкен міндет қойып отыр. Әсіресе ЖМЦ пәндерінің оқытушыларына, халықаралық эксперттер зерттеулері бойынша, атаулы пәндер білім беру аймағының негізгі стратегиясы болып табылады, бұл пәндер бойынша дайындық деңгейінен еліміздің бәсекеге қабілетті екенін анықтауға болады. ЖМЦ бірнеше пәндер интеграциясын көрсетеді: математика, физика, химия, жаратылыстану. Осы пәндерді дұрыс және нақты интеграциялау бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытуды іске асырады. Әр оқушы өзінше іс - әрекет, өзінше пайымдай алатын тұлға болу керек. Ол үшін оқушыға ең бірінші ақпаратпен жұмыс жасай алу дағдысын қалыптастыру керек:

Өзін -өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту

Жинақтау Өңдеу

Негізгі түсінікті даралау

Анықтама беру

Классиффикацияны жүзеге асыру

Логикалық құрылымға жету

Алынған нәтиже

Алынған мазмұнды қысқаша жеткізе білу

Ақпаратты көрнекті бейнелі көрсету

Нәтижеге жетпей тұрған тізбек буынын жалғастыра білу

Моделдеу

Жобалау

Гипотеза ұсыну

Қортынды шығару

Қабылданған ақпаратты жаңа білім алудың құралы ретінде пайдалана білу. Оқушылардың белсенді іс-әрекетін арттырудың негізгі құралы, өздігінен жұмыс істеудің әртүрлі формалары болып табылады. Дифференциалды әр деңгейлі тапсырмалар мұғаліммен оқушының бірігіп жұмыс жасауына әкеледі, оқыту тәсілдерін, формаларын, құралдары және оқыту уақытын да таңдау құқығы болады. Өздігінен әрекет ету мәселесі сонау Сократтан бастау алады. Сократтың пайымдауы бойынша , адамның ойлау қабілетінің дамуы тек өздігінен іс- әрекет жасау процессі кезеңінде ғана табысты жүреді. Бұл жөнінде Я.А. Коменскийдің «Дидактиканың алтын ережесі» еңбегінде де айтылады. «Өзін-өзі жетілдіру, дамыту, өзінің ойын жүзеге асыруға» қол жеткізу үшін терең, берік ғылыми ізденістің іргетасы қалануы керек. Өзін - өзі ұйымдастыру жүйесі ретінде, тек адамның ғана табиғи құрылымының заңдылығы берік және тұрақты. Адам өзін - өзі сезінгенде ғана қоршаған әлемді сезіну және түсіну үшін, адамзаттың жасаған көп тәсілдерімен, әдістерін қолдана алады. Адамның табиғатпен байланысының негізгі формасы және ішкі жан дүниесінің қажеттілігі болып өздігінен іс әрекеттенуі болып табылады. Қабылдау, есте сақтау, түсіну, пайымдай алу, елестету біздің әр уақыттағы ішкі жан дүниеміздің әрекеті арқылы жасалады, мұның бәрі зерделеу іс-әрекетін дамытуда маңызды рөл атқарады. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және түрлі анықтамалық кітаптармен, газет журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Математика пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістер мен тәсілдерді жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылардың өздігінен ізденіп оқуын ұйымдастыруда негізгі оқуын ұйымдастыруда негізгі екі міндетті ескеру керек: