Файл: 2 Баылау жне эксперимент.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 188

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.Оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және одан әрі өрістету, білімді өздігінен игеруге баулу;

2. Оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Математика пәнінің өзіндік ерекшелігі оның ұғымдарының бір-біріне тығыз байланыстылығында. Осы байланысты әр тақырыпты өткенде оқушыларды өзіндік ізденіске ұйымдастыру үшін, олардың ойын дамытып, қорытындылар жасауға үйрету үшін пайдалану керек. Оқушылардың тақырып бойынша белгілі бір қоры болмай жаңа материалды үйрету, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мүмкін емес. Л.С.Выготский: «Ешкімді ештеңеге үйрету мүмкін емес – ең соңында әр оқушы өзі оқиды » - деген. Ал оқушының өзін - өзі іске асыру қабілетін дамыту үшін, ақпаратты іздеу, қабылдау, өңдеуді үйретуге байланысты, яғни өздігінен білім алу ортасын құру. Бұдан біз көп деңгейлі үздіксіз сапалы білім беру жүйесін құруға келеміз. Қазіргі заман талабы, әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны көбіне өзі игеріп, ізденіп, талдап, пікір таластыру деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болуын қалайды. Мектеп шәкіртінін өз жауаптылығын өзі түсініп, өз міндетін өзі атқаратындай, яғни, ол үшін өз бетінше еңбек етіп білім алатын, бұрынғы білімін бір жүйеге түсіріп, жаңасымен толықтырып есіне сақтайтындай жүйеге көшірмесек, білім саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Ертедегі ойшыл – философтар айтқандай, ұстаздар алдындағы әрбір шәкіртін білімді құя беретін сауыт деп қарамай, әр сабағында оқушыны тұтанып тұратын білімнің шырағы деп санаса ғана оқытудың ең басты ерекшелігін дұрыс түсініп, жауаптылығын толық сезер едік. Мұғалім шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның оқуға ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. Халық даналығына сүйене айтсақ, «балаға шайнап берген ас болмайды». Олай деуге негіз бар, себебі бүгінгі ұстаздар көбіне жаңа тақырыпты бастан – аяқ өзі талдап, өзі түсіндіріп, соған сай жаттығулар мен есептер орындауда шәкірттің өзі ізденіп шешімін табуына кедергі келтіріп, оқушыларды білімдік ақпаратты салып қоятын «қоржынға» айналдырып жүр. Ал егер оқыту жүйесінде оқушының өз бетінше игеретін жаңа тақырыбы, не оның бір бөліктері болса, жаттығулар мен есептерді өздері ізденіп шешетіндей дағды қалыптаса, әрі білгенін өз сөзімен жүйелі түрде көпшілікке айта алатындай жолға салса онда ұстаз шәкіртті «шырақтай жандырып», әрі қарай «лаулайтын жалынға» айналдыруға бет бұрар еді. Оқушының өзі игеретін өзі оқып үйренетін материалдар көбейген сайын мұғалімнің міндеті мүлдем өзгеріп, шәкіртімен терезесі тең әңгіме – дүкен құратын, олардың білгендерін тыңдап саралауға көмектесетін, қиын тұстарында ақыл – кеңес беріп жол сілтейтін жетекшіге айналар еді. Міне, осындай «серіктесе қызметестік педагогикасының» ұстанымы бойынша оқу үрдесін іске асырған жағдайда, шәкірттің дамуы бірден – бір толастамай, білімді игеру деңгейі ең төменгі міндетті, яғни стандартты деңгейден жоғарылау өнімді (продуктивті) деңгейге көтеріле бастар еді. Ең бастысы, әрбір оқушының өзінін қалауынша, шама – шарқынша еш тежеусіз өз білімдерін үзіліссіз тереңдете беруге толық мүмкіндік туар еді. Қазіргі күнде әр ұстаз алдында үнемі ізденіс үстінде жүретін оқу үрдісіне өз ойларын толық айтып жеткізіп, алған білімдерін өмірде қолдана білетін, кез-келген жағдайда пайдалана отырып, стандарттық емес жағдайларда өз бетімен шешім қабылдай алатын шәкірттер дайындау міндеті тұр. Форма – оның ішкі құрылымы мен сыртқы байланыстарын анықтайтын қандай да бір процесті немесе затты ұйымдастыру тәсілі. Оқытуды ұйымдастыру формалары – бұл белгілі бір тәртіпте және тәртіпте жүзеге асырылатын мұғалім мен оқушылардың келісілген қызметінің сыртқы көрінісі. Формалардың әртүрлілігі: білім алушылардың санымен, сабақ өткізу орны мен уақытымен, балалардың қызмет тәсілдерімен, сондай-ақ педагог тарапынан басшылық ету тәсілдерімен анықталады. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі бойынша ұйымдастырылатын жұмыстар:


аптаның белгілі бір күнінде таңертеңгі уақыт аралығында сәбилер, ортаңғы және ересек топтарда – аптасына бір рет; дайындық кезеңінде – аптасына 2 рет өткізіледі;

ұйымдастырылған жұмыстар барысында кешенді түрде келесі міндеттер шешіледі: білім беру, дамыту және тәрбие.

  • Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі бойынша ұйымдастырылатын жұмыстарда қалыптасады:

  • белгілі бір жүйеде және бірізділікте қалыптасады;

  • әртүрлі құралдар мен көрнекі материалдар қолдану (демонстрациялық және үлестірмелі);

  • ұжымдық жұмыс балаларға жеке көзқараспен үйлеседі;

  • педагог балаларды жаңа шешім іздеуге итермелейтін проблемалық жағдайларды жасайды;

  • басқа білім беру салаларымен білімдерін интеграцияланады.


3.2. Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану

«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Қазіргі кезеңде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа талаптарға сай білім беру жүйесі жүзеге асып келеді. Қоғамдағы күрделі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер білім беруді дамытудың жаңаша әдіснамасы мен парадигмасының өзгеруін талап етеді.Инновациялық технологияларды зерделеп, жетілдіріп, түрлендіріп, дамытып жүзеге асыру жауапкершілігі мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған білім беру бағыттарын құру міндеті алға қойылған. Жаңа педагогикалық технодогиялар оқушылардың оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылады. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнің орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі. Инновация дегеніміз – жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология . Педагогикалық инновация - бұл жаңа педагогикалық технологияны , оқыту қызметінің жаңа әдістерін, тәсілдерін, әдістемелерін әзірлеу және тарату. Технологиялық инновация – бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновацияны әзірлеу мен пайдалану, білім беру үрдісінде жаңа педагогикалық инновацияны дамыту негізгі фактор болып табылады. Қандай білім технологиялары болмасын тұлғаға бағдарланған. Олардың ең бастысы бала қызығушылығына бағытталған . Білім технологиясын қолдану арқылы біріншіден оқушының өмірді өз болмысымен қабылдау, екіншіден әлемге деген қызығушылығын арттыру, үшіншіден жаңалыққа құштарлығын арттыру, төртіншіден өз білімінің иесі болу мүмкіндіктерін іске асырамыз. Математика – ерекше құдіретті ғылым. Ғылымдардың патшасы атанған математика – адамзаттың жаратылысты тануында, мемлекеттердің ғылыми дамуының негізінде жатқан ғылым ретінде танылды. Жаңа инновациялық тұрғыда оқытудың математика пәні бойынша кейбір мәселелері айқындалды. Математика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Қызықты есептер оқу материалының меңгерілуін және ойлау процесінің тиімділігін анықтайды. Мұндай есептер оқушының ойлау қабілетін дамытуға, математикалық түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасайды. 6 – сыныпта «Координаталары бойынша нүктені салуда» нүктелерді координаталармен беріп, суретшілер сайысын өткіземін, егер нүктелер дұрыс табылса, ұшақтың суреті шығады.



Мысалы: а) (-7;0), (-5;2), (9;5), (10;1), (9;0)

ә) (-7;0), (0;2), (5;6), (7;6), (4; 2)

б) (0;1), (6;-3), (8;-3), (4;1), (0;1)

Әрі қарай оқушыға өз бетінше суреттер салу ұсынылады. Бұл ойындарды сабақтың барысында өткенді қайталау мақсатында, сабақтың соңында жаңа материалды меңгеруін тексеру мақсатында, оқушылардың білімін, біліктілігін тексеру мақсатында қолдануға болады. Математика пәнін оқытуда ең бірінші мынадай сұрақтар туындайды: оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болады және сабақты оқушылар асыға күту үшін не істеу керек? Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы дегеніміз – оқушының ақыл – ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аударылады. Деңгейлеп – саралап оқыту технолгиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.

І деңгей: оқушылық деңгей – репродуктивтік деңгей

-жаттап алуға лайықталған анықтамалар, тұжырымдамалар, аксиомалар, теоремалар,т.б

-алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауға арналған сұрақтар;

-тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиіпті және өмірмен байланысты болуы керек.

ІІ деңгей: алгоритмдік деңгей – елеулі белгілерді есте сақтау дағдысына жасалады:

-өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрелндіріп, тереңдете пайдалануды қажет етеді;

-логикалық есептер, тапсырмалар, зертханалық жұмыс.

ІІІ деңгей тапсырмалары – эвристикалық танымдық – іздену түрінде орындалатын тапсырмалар:

-анализ бен синтез, салыстыру арқылы тақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс-тәсілдермен есептер шешу, өздігінен есптер шығару, ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, диаграмма салу, өлшем жасау, проблемалық жағдайларды шешу, дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар.

Олимпиадалық тапсырмалар;

Өз бетімен, тақырыпқа резюме, теорема, дәлелдеудің жаңаша дүниежүзілік ғылым деңгейінде нұсқауларын орындау. Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында логикалық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар ұсынылады.

8 – сыныпта «Тіктөртбұрыштың ауданын табу» тақырыбын алсақ, сабақты үш деңгейге бөлуге болады.

І деңгей:

-Анықтамаларды қайталау арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.

ІІ деңгей:

-Интерактивті тақта арқылы жаңа тақырыппен танысу, жаңа формуланың қажеттілігіне көз жеткізу;


ІІІ деңгей:

-Жаңа формуланы қолданып есептер шығару, қорытындылау.

Оқушы шығарған есептерін мұқият тексеріп, өіне-өзі баға береді. Өзін-өзі бағалау оқушыны шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Жаңа технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Оқушыларға әр тақырып сайын тест, сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріліп отырса, оқушының есінде өткен материалдар сақталып қалады. Қорыта айтқанда жаңа технологияны қолданудың тиімді жақтары:

  • Өз бетінше ойлау біліктілікктері мен іздемпаздығы

  • Оқушының жеке тұлғасын дамыту

  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру

  • Өз ойының еркіндігі

  • Уақыттың үнемділігі

  • Оқушы қабілітінің дамуы

Пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни логикалық ой-өрісінің жан-жақтылығы. Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық техногогияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Оқытушы үшін электорндық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, тапсырмалар, тараудағы материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға математика сабағында көрнекілік түрінде көрсете отырып түсіндіруге ыңғайлы, сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптасытыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз. Сабақ беру барысында оқытудың түрлі әдіс – тәсілдерін тиімді қолдану оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі. Мектеп математика курсында білім беру және тәрбие жұмыстары жеке тұлғаның дамуына толық бағытталған деп айтуға негіз жоқ, әлі де біз дәстүрлі ақпараттық-түсіндірме тәсілі бойынша білім беруден шыға алмай келеміз. Сондықтан, біздің алдағы уақыттағы негізгі мақсатымыз – оқушыларды жеке тұлға ретінде қарап, оларды жан-жақты дамыту, шығармашылық мүмкіндіктерін, іс-қабілетін арттыру керек. Жалпы білім беруші және кәсіби мектеп реформаларының негізгі мақсаты әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың жақсаруын ескеріп, ғылым және техника процестерінің талаптарына сай білім беруді жақсарту. Мұнда негізгі орынды белгілі бір пәнді тереңдетіп, оқытылатын сыныптар алады. Мұндай сыныптардың ашылуы оқушылардың кәсіби бағытының дамуына, бір ғылымға құштарлығын арттырып, оны тәжірибеде қолдануына әсер етеді. Қазіргі кезде математиканы тереңдете оқытатын сыныптар ашылуда, ол мектептердің білім беру жүйесіне нық бекіген, жас математиктер, инженерлер, техниктерді шығаруға көмегін тигізеді. Математиканы тереңдете оқытатын сынаптардағы математиканы оқытудың негізгі мақсаты математикалық білім мен іскерліктерді игерудің нақты жүйесін құру. Қазақстан Республикасының осы сыныптарға сабақ беретін мамандарының алдында үлкен қиындық тууда, математиканы тереңдете оқытатын сыныптарға арналған оқу әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі. Бұл мұғалімнің оқу материалдарын құрып, жаттығулар жүйесін тағайындау сияқты мәселелердің шешілуін талап етеді. Жан-жақты үйлесімді, өркениетті елдің ұрпағын тәрбиелеп шығу бүгінгі мектептің алдына қойылған мақсаттардың бірі. Бұл мақсат әрбір мектеп мұғалімінен бүгінгі заман талабына сай оқыту әдістемесін күннен күнге жетілдіре түсуін талап етеді. Осы талаптың орындалуы мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің, әр тарауының, әр тақырыбын оқушы санасына жететіндей оқытқанда ғана орындалады. Олай болса, оқушыларды жеке тұлға етіп тәрбиелеуде математика пәнінің де алатын орны, салмағы өте зор. Орта мектепте математиканы оқыту кезінде математикалық білімнің жүйелігі мен күрделігігін, деңгейін бағалау үшін, оқушылардың теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудегі оқыту әдістерін еркін таңдай білуіне, іс-жүзінде қарапайым және қолайлы жағдайды математикалық модел түрінде қарастыру біліктілігіне, күрделі есептерді шешуде математикалық әдістерді қолдана алу деңгейлеріне сүйену керек. Математиканы оқытуда теңдеулер мен теңсіздіктерді шығаруды үйрету ғана емес, ол кез келген проблеманы шеше білуде, қиындықты жеңуде, танымдық және ойлау қабілетттерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мектеп бағдарламасында теңдеулер мен теңсіздіктерден бастап, жоғары дәрежелі теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу теориясы мен практикалық мәселелеріне дейін кең орын берілген. Мысалы, сызықтық теңсіздікті шешу, екінші дәрежелі теңсіздіктер көмегімен квадраттық үш мүшені зерттеу, теңдеулер жөнінде талдау жасау, жуықтап есептеулер, иррационал сандар теориясы, сандық қатарлар сияқты мәселелер теңсіздіктер арқылы түсіндіріледі. Тек математикада ғана емес, әртүрлі жаратылыстану ғылымдарында зерттелетін табиғатын үздіксіз процестер, әсіресе, экономикалық, экологиялық және т.б. салалардағы байланыстар теңсіздіктердің көмегімен шешіледі. Теңдеулер теңсіздіктер арқылы жасалады, оларды теңсіздіктердің дербес бір түрі деуге болады. Теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін екі шама айырмасын дәл бағалау керек. Оқушыларды теңсіздіктің күшін сақтау жағдайларын пайымдауға, теңсіздіктің жойылмайтындай белгісіздердің мүмкін мәндерін айыруға дағдыландыру керек. Инновациялық технологияларды қолданып оқыту – оқытудың техникалық құралдарының бірі компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді. Инновациялық технологияның математика мұғалімдеріне пәнді тереңдетіп оқытуда берер мынадай мүмкіндіктері байқалады:


- мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді;

- жеке тұлғаны қалыптастырудаға жауапкершілігі артады;

- инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады;

- мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру арқылы ұжымның ұйымшылдығының ұйтқысы бола алады;

- интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қол жеткізеді;

- мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.

Инновациялық технологияның математика сабағында оқушыларға берер мүмкіндігі :

- түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан-жақты жетілдіреді, дамытады;

- өз бетінше онлайн тест тапсырмаларын орындайды;

- тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыптарды қосымша қайталап алуға мүмкіндік беріледі;

- пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;

- ойлау, есте сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды;

- өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік моделдер түрінде жеткізеді;

- түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;

- түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінін терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогиколық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Әр оқытушы интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді толығымен меңгеруі қажет. Бұл тақта арқылы оқушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді , жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жеткізеді. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп оқушылардың материалдарды жақсы түсінулеріне жетелейді. Сонымен қоса талдау жүргізуді басқара отырып пән мұғалімі оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауына жол сілтейді. Инновациялық технологияның мүмкіндіктерін айта келе, осы технологияны меңгерудегі мұғалімнің кәсиби шеберлігі, ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды қолдана алуы басты мәселе. Әрбір ұстаздың мақсаты –оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру, әрбір оқушыны жан-жақты құзыретті етіп тәрбиелеу. Математиканы оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттық технология құралдары ауадай қажет. Қазіргі инновациялық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.