ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 186
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3.3 Математиканы тереңдете оқыту мәселелері
Ғылым мен техниканың жедел қарқын мен дамуы, мектеп математика курсын оқытуға көптеген жаңа сауалдар қойды. Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыруға айына бір немесе екі рет жүргізілетін үйірме жұмысын жүргізу жеткіліксіз болды. Ғылым мен техниканы математикаландыру кезеңінде, халық шаруашылығына математикадан жан- жақты дайындалңған, қабілетті жастар қажет болды. Осыц себепті, математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлі формалары ұйымдастырыла бастады; оқушыларға жалпылама дәріс, жасөспірімдердің математикалық мектептері, программист-есептеуші дайындайтын мектептер, жалпы математикалық мектептер мен сыныптар, кешкі және сырттай оқытылатын математикалық мектептер,мектеп-интернаттар, «Дарын», «Болашақ» математикалық мектептері. Жасөспірімдердің математикалық мектебі 1959-1960 оқу жылында алғаш рет Ивановск және Кишинев пединституттарының жанында ашылды. Ал 1960-1961 оқу жылында осындай мектептер Тамбов және Н.К.Крупская атындағы Мәскеу облыстық пединституттарында ашылды. 1963 жылы Мәскеу университетінің жанынан алғашқы сырттай оқытатын математикалық мектеп жұмыс істей бастады. 1964жылы осы университет жанынан ауыл мектептері оқушылары үшін сырттай оқытылатын математикалық мектеп ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта мұндай мектептер республикамыздың көптеген қалаларындағы жоғары оқу орындарында жұмыс істейді. 1974 жылдан бастап Республика Оқу минстірлігінің нұсқауымен еліміздің көптеген жерлерінде аудандық (қалалық) оқу бөлімдерінің шешімдері бойынша математикалық мектептер, гимназия, лицейлер, сыныптар т.б ұйымдастырыла бастады. Математикалық мектептер мен сыныптарда математиканы оқып үйреуді ұйымдастырудың жалпы мәселелеріне және оның кейбір ерекшеліктеріне тоқталайық. Математикалық сыныптарға, әдетте, математикалық үйірмелер мен математикаға қабілетті немесе математикаға қызығушылығы жоғары деп танылған оқушылар пән мұғалімдерінің ұсынысы бойынша қабылданады. Қабылдау әңгіме немесе тест түрінде өткізіледі. Математикалық сыныпта оқығысы келетін оқушылар саны мөлшерден артық болса, онда оқушыларға әр түрлі қиындықтағы (оқушылардың білімі мен дайындығына байланысты) есептер ұсынылады. Оқушылар саны 8-9 сыныптарда 30 адамнан, 10-11 сыныптарда 25 адамнан аспауы керек. Оқу кезеңінде бағдарламаны меңгере алмаған оқушылар, әдеттегі сыныптарына ауысуына болады және олардың орнын оқу жылының кез-келген уақытында басқа оқушылармен толықтыруға болады. Математикалық мектептер (сыныптар) Білім минстрлігі бекіткен оқу жоспарымен жұмыс істейді. Тереңдетіліп оқытылатын математика бағдарламаларын да Білім минстрлігі бекітеді. Ал басқа пәндер жалпы білім беретін мектеп бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Математикалық сыныптар негізінен екі сатыға бөлінеді;
І саты -VIII-IХ сыныптар
II саты -Х-ХІ сыныптар
І сатының мақсаты математиканың негізгі курсын тереңдетіп және оның қолданбалы бағытын күшейту болып табылады. Бұл сатыда математиканы оқыту кейбір қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып жалпы білім беретін мектептер оқулығын пайдалану арқылы жүргізіледі. ІІ сатыда оқу материалдары тереңдетіледі және кейбірі кеңейтіледі, оқытылған теориялардың практикалық қосымшалары мен таныстыру өрісі ұлғаяды. Қиындығы жоғарғы мазмұндағы есептер көптеп шығарылады. Оқыту міндетті түрде, арнайы оқулық бойынша жүргізіледі, сонымен қоса қосымша әдебиеттер кеңінен қоданылады. Математиканы тереңдетіп оқытатын мектептердегі сыныптарды оқушыларға жан-жақты білім беру мақсатында, университеттер мен педагогикалық институттардың мұғалімдері аталысуы қажет, ал мұндай сыныптарда сабақ беретін мектеп оқушылары мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында белгіленген ретке сәйкес өз шеберліктерін арттырып отырады. Қарапайым сыныптармен салыстырғанда математикалық сыныптарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар:
математиканы оқыту үшін әртүрлі әдебиеттер пайдалану керек. Көптеген тиімді, пайдалы материалдарды «Математика в школе», «Квант», «Қазақстан мектебі», «ИФМ» журналдарынан, «Популярные лекции по математике» «Библиотечка кванта» т.б серияларынан табуға болады. Көп жағдайда әр сабаққа мұғалім «Тапсырмалары бар парақтар» дайындайды. Мұндай парақтар бір тақырып бойынша бірнеше есептер жүйесінен тұрады, ол әр бір оқушыда болуы керек. Оқыту әдістері мен бақылау әр түрлі тәсілдермен жүргізіледі. Оқытудың дәріс, семинар, өз бетімен жұмыс, жекелеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар т.б түрлері кеңінен қолданылады. Оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау кәдімгі сыныптардағыдай әдістермен жүргізіледі. Онымен қоса, оқушылардан сынақтар қабылдау формасы да жиі қолданылады. Сынақ кезінде теориялық мәселелер сұранылып, негізгі курс бойынша және қосымша есептер шығарулары тексеріледі. Оқу жылының соңында оқушылар келесі сыныпқа өту үшін жазбаша жұмыс жазады. Математикалық сыныптардағы жазбаша жұмыстар мазмұны, әдеттегі сыныптарға қарағанда әлдеқайда күрделі болады. Математикалық сыныптардың басым көпшілігінде информатика оқытылады да, мамандыққа бағдарлау талабы кеңірек қойылып, оқыту нәтижесінде оқушыларға программист-есептегіш мамандығы куәлігі беріледі. Математикалық сыныптарда оқушыларға мамандық бағдар беруде математикалық модель, алгоритм ұғымдарының рөлі өте зор. Ол ұғымдар арқылы математиканың танымдағы орны және оның практикада қолданылуын терең жеткізеді. Математикалық сыныптарда математиканың даму тарихына және методологиясына байланысты сұрақтар төңірегінде арнайы сабақтар жүргізіледі. Мысалы, «Аксиоматематикалық әдістің пайда болуы және оның математикадағы рөлі», «Табиғаттану ғылымдары мен математика арасындағы байланыс», т.б тақырыптарда дәріс, семинар сабақтарын өткізу оқыту бағдарламасында қамтылған. Математикадан факультативтік сабақтар. Математикадан факультативтік сабақтар 8- сыныптан бастап жүргізіледі;8- сыныпта аптасына бір сабақ, ал 9-11 сыныптарда аптасына екі сағаттан жүргізіледі.Факультативтік сабақтардың мақсаты (математикалық сыныптардағы сияқты) оқушылардың жалпы білім деңгейін кеңейту, математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математикаға қызығушылығын арттыру, көзқарасын және жеке бастарының ерекшеліктерін тәрбиелеу болып табылады. Математикадан факультативтік сабақты ұйымдастыру үшін не қажет және нені білу керек? Факультативтік топ 15-20 оқушыдан құралады. Оқушылар параллель сыныптардан болуы мүмкін. Кейде VІІІ-ІХ сынып немесе Х-ХІ сынып оқушыларын біріктіру арқылы да топ құруға болады. Мектепаралық топ құрылуы да мүмкін. « Математика – адамдардың табиғатпен техникамен қарым – қатынас құралы « дегендей, математика ғылымы барлық ғылымдардың мұрындығы десек артық болмайды, себебі оның практикалық қолданылымы орасан зор. Күнделікті тіршілігіміз, табиғат заңдарын ашып , оны адам игілігіне жарату, еліміздің экономикасын және әлеуметтік зерттеулердің бәрі де математикалық ойлаусыз іске аспайды . Сондықтан математика табиғаттану ғылымдарының негізі және математикасыз бірде – біреуін терең меңгеруге болмайды. Лобачевскийдің « Егер математикалық дәлелдеуден өтпесе, онда кез – келген зерттеу жұмысының нәтижесін ақиқат деуге болмайды»,- деп бұдан 150 жыл бұрын айтқан тұжырымдамасынан оның маңыздылығын көруге болады. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. «Математика сабағында оқушылардың білімін» тиімді пайдалана отырып, күнделікті сабақты ыңғайына қарай әдіс-тәсілдерімен түрлендіріп өткізілген кезде, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы да арта түседі. Сабақ мазмұнын теориялық, практикалық құндылығы жоғары болған сайын, құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен мұғалімнің дайындығымен жоғары деңгейде өтеді. Оқушы пәнге деген қызығушылығын арттыру - мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушылардың шығармашылық ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, жұмбақ жасыру, шешу, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқу жүйесін тиімділендіру үшін жаңа білімді меңгеру кезінде компьютерлік презентацияны оқу ақпаратының қайнар көзі және көрнекі құралы ретінде қолдану және жаттықтыру бағдарламаларын қолдану арқылы оқушылардың зерттеу әрекетінің негізінде өз бетімен білім алуға мүмкіндік беретін зерттеу сабақтарын өткізуге болады. Оқушы барынша оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйреніп, оқып, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешіп іс-әрекет жасай алатын болу керек. «Баланы білім, ақиқат ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек» делінген (В.А. Сухомлинский). Ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдердің шығармашылығындағы ерекшелігі - оның сабақты түрлендіріп өткізіп, оқушының жүрегіне жол таба білуі. Күнделікті сабақ ыңғайына қарай түрлендіріліп өткізілсе бұл оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыру оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, мүмкіндік береді. Математика пәнін арнайы пәнмен байланыс орнату арқылы оқыту есептер – шығаруда тек есептің дұрыстығын ғана емес, оны шешудің ұтымды жолын таба білуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыға терең де тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет, және де қажетті білім берумен шектелмей алған білімін оқушыға керек уақытында қолдана білуге үйрету. Осы мақсатта оқушыға дайын ақпаратты бермей, оны өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге үйрету қажет, ол үшін әр ұстаз оқытуда білім берудің озық тәсілдерін қолдануы керек Қайсыбір мұғалім болсын, сыныптың сабаққа қызығушылығын ояту үшін түрлі әдістерге жүгінеді. Мұғалім сұрап, оқушы жауап беретін бір сарынды дәстүрлі әдістегі сабақтар баланы жалықтырып, пәнге қызығушылығын төмендетіп, білім сапасына да әсер ететіні сөзсіз. Мұғалім әр сабағына және өзіне рефлексивті есеп бере отырса жұмыс жасау қарқыны жақсарып жанданады. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтижесін «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады. Қазіргі таңдағы тиімді білім беру әдістерінің дәстүрлі білім беруден артықшылықтары мол. Жаңа әдістерді пайдалана отырып: оқушылардың өз бетінше дамуына, оқушы мен оқытушы
арасында байланыс орнатуына, оқушының жан-жақты ізденуіне, оқушының өзін және өзгені бағалауына, өз ойларын жетік айтуына қол жеткізіледі. Оқу материалының міндетті деңгейін тез меңгертуге қабілетті оқушылар үшін математика курсының жеке тақырыптары бойынша жаттықтыру және бақылауға арналған бағдарламалар бар. Мұнда оқушылар компьютермен жеке жұмыс жасап, тапсырманы дұрыс орындағаннан кейін қиындық деңгейі жоғары жаттығуға көшеді. Бұл әрекет оқушылардың бос отырмай, өз ісімен айналысуына мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың қызығушылықтары артады. Қолданылатын оқу бағдарламасында есептер қиындық деңгейі бойынша құрастырылған есеп, сурет, график және мысалдармен берілген. Есеп шығару кезінде оқушы есептің дұрыс шығарылғандығын, қатесін экраннан көре алады. Оқушы білімін бағалау кезінде жеке тақырыптарға, бөлімгерге арналған тесттік сұрақтарын пайдалануға болады. Компьютердің көмегімен тесттік бақылау дәстүрлі әдіске қарағанда оқушылардың білетінін немесе білмейтінін тез анықтауға мүмкіндік береді. Математика сабағында компьютерді пайдаланудың тиімділігі:
оқушы уақытын үнемдейді;
оқушы өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
оқушының ойлау қабілеті артады.
Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында көп жылдардан бері педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Сол жасалған жұмыстардың негізінде оқушының:
есептің берілгенін толық оқып шығуға дағдыландыру, теорияны білу оны логикамен ұштастыру. Адам үшін ең қызықты нәрсе – өз қолымен жасағаны, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағандары ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін», сол себепті де интербелсенді оқу үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды.
Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі. Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу. Оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз – оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз, яғни мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері. Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол. Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн. Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамасыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді. Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді: өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет. Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ математикалық білім беру, математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауаттылық мәселесінен бастауымыз керек. Ал, сауатылық мәселесі математика пән мұғалімінің дайындық сапасының негізгі проблемасы. Бұл проблемалар:
пән мұғалімінік теориялық әдістерінің жан-жақтылығы,
мұғалімнің кәсіби дайындық негіздері (курстар, семинарлар және т.б.),
пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни логикалық ой-өрісінің жан- жақтылығы.
Қорытынды
Қазіргі қоғамның даму деңгейі, әсіресе, ел экономикасының нарықтық экономикаға көшуі кез-келген қоғам мүшесіне деген бұрынғы көз-қарасты өзгертіп отыр. Бұл күнде әр адам сан-саналы өзгерістерге тез бейімделгіш, стандартты немесе шаблонды емес шешімдер қабылдауға қабілетті болуы шарт. Мұндай жағдай іс жүзіне асу үшін мектеп бітіргенднрге арналған әр-түрлі түсіндірме (радиодан, теледидардан, мерзімді баспасөзден, т.б.) жұмыстары жүргізілсе, жеткіншек ұрпақ үшін бұл аз. Бұған қосымша мектепке келген күннен бастап жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек. Бұл жағдай өз кезегіндегі қазіргі мектепке дамыта оқыту мәселесін алып келеді. Жалпы дамыта оқыту, дәстурлі оқытуда қалыптасқан көптеген жағдайларды, әсіресе, жекелеген пәндердің білім мазмұнын іріктеуді, оны оқытудың әдістемесін, оқыту әдістерін, оқыту мақсатын үлкен өзгерістерге ұшыратады демек, басқа пәнедер сияқты бастауыш мектептегі математика пәнінің білім мұзмұнындағы оны оқытудың мақсаты мен әдістегі өзгерістердің басты себептерін дамыта оқыту идеяларын, оның жүзеге асыру жағдайары деп түсінеміз. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жаңа технологиялар мен білім беруді ақпараттандыру процесі кеңінен қанат жайып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек. Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс. Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады. Қорыта айтқанда, мектепте математиканы оқыту барысын дамыта оқыту мәселесі үлкен өзгерістерге ұшыратты және оның мән-мағынасын терең түсіну үшін мұғалім қауымына дамыта оқыту мәселесін ерекшеліктерін игеру керек деп санаймыз.