Файл: Затты магниттiк тімділігі.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Заттың магниттiк өтімділігі

Магнит өтiмдiлiгi μ - бұл ортаның магниттiк қасиеттерiн сипаттайтын өлшемсiз шама және ол ортаның В магнит индукциясы векторының модулiнiң кеңiстiктiң сол нүктесiндегi вакуумдағы В0 магнит индукциясы векторының модулiне қатынасына тең: Магнит өрiсiне енгiзiлген барлық денелер магниттеледi, яғни меншiктi магнит өрiсiн туғызады. Магниттiк қасиеттерi бойынша магнетиктер шартты түрде 3 топқа бөлiнедi: диамагнетиктер, парамагнетиктер және ферромагнетиктер.

Оқу мақсаты

10.4.1.3 - Заманауи магниттік материалдардың қолданылу аумағын сипаттау (неодимдік магниттер, датчиктер, сейсмографтар, металліздеуіштер) және оларды қолданудың артықшылықтарын сараптау

Неодимдік магниттердің қолданылуы

Неодимдік магниттердің қолданылуы - МРТ

Металл іздеуіштер

Сейсмографтар

Кюри температурасы

Ферромагнетиктерді қыздырғанда магниттік қасиеттері түгелдей жойылатын температураны Кюри нүктесі / Кюри температурасы деп атайды. Мысалы, темір 768оС температурада толығымен парамагнетикке айналады. Суытсақ қайтадан магниттік қасиетіне ие болады

Деңгейлік есептер

1. Индукциясы В = 0,2Тл бiртектi магнит өрiсiнде бойынан I = 5А ток ағып өтетiн, ұзындығы l = 15см өткiзгiш орналасқан. Өткiзгiшке F = 0,13Н –дық күш әсер етедi. Токтың бағыты мен магниттiк индукция векторы бағытының арасындағы α бұрышты анықтаңыз.

2. 600В-тық үдемелi потенциалдар айырымынан өткен протон магниттiк индукциясы 0,3Тл бiртектi магнит өрiсiне ұшып кiредi де, шеңбер бойымен қозғалады. Шеңбердің радиусын табыңыздар.

3. Электрон индукциясы В=4 мТл біртекті магнит өрісінде қозғалады.Электронның айналу периодын табыңыздар.

Үйге тапсырма:

§10.9. 21-ж. №4, №5.