Файл: Дыбыс жне оны сипаттамалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сағидолла Нұрай Нартайқызы Тыңдаушының портфолиосы

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы Павлодар қаласы «ПШО» ЖМ филиалы

Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Мектептегі физика сабағы:басымдылықтар

«Д.Рахметов атындағы ЖОББМ» КММ және жетілдіру стратегиялары»


Дыбыс және оның сипаттамалары


Бөлім:

Тербелістер мен толқындар


Педагогтің аты-жөні:

Сағидолла Нұрай Нартайқызы

Күні:




Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дыбыс және оның сипаттамалары


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.2.5.10 дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау, дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестігін түсіндіру


Сабақтың мақсаты:


Барлығы: дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атайды, дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестігін есеп шығару барысында қолдана алады
Қажеттіліктері бар балалар үшін: дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атайды


Ойлау дағдыларының деңгейі:

Түсіну, Қолдану



Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы:

(5-7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына назар аудару, оқу құралдарын тексеру

Сыныпта жақсы көңіл күй қалыптастыру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастыру:

«Үстел - маңдай -сөмке » әдісі
Мұғалім сұқ саусағымен біресе үстелді, біресе маңдайды, біресе сөмкені көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Мұғалім кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Соңында қалған үш оқушы жеңіске жетеді.
Ой қозғау:

Сұрақ: Ыдыстан суды алғанда нені байқауға болады?

Суреттер көрсетіледі

Ал енді мына жерде көрсетілген заттарға назар саламыз

Бұларды не байланыстырады деп ойлайсыздар?

Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы неге байланысты?


Қателескен оқушы, орнына отырады.


Оқушылар берілген сурақтарға жауап беріп, суреттерге қарап сабақтың тақырыбын айтады.



ҚБ: Қол шапалақтау!


ҚБ: Смайлик әдісі


Ыдыстан аққан су дыбысына сілтеме: https://clck.ru/rbQoT
Бейнеленген суреттер дыбысының сілтемелері:

  1. https://clck.ru/rckBy

  2. https://clck.ru/rckDb

  3. https://clck.ru/rckEa

  4. https://clck.ru/rckEB





1-сурет 2-сурет



3-сурет 4-сурет

Сабақтың ортасы:

35 мин


Тақырыпты ашу:

Ютуб платформасынан тақырыпқа байланысты 4 минуттық видео көрсетіледі

ЕҚБ оқушы жеке ноудбукпен құлаққап арқылы видеоны қарайды
Жаңа сабаққты менгеру:

Сабақ басталмас бұрын «Джигсо» әдісі бойынша топқа бөлу

«Ментальды карта» әдісі бойынша жаңа сабақты талдау

Сабақты бекіту:

Мұғалім оқушыларға тақырыпты бекіту мақсатында құрылымдық және функционалық сауаттылықты дамытуға арналған есеп береді

Мұғалім барлық балаларға функционалдық сауаттылыққа арналған есеп бергеннен кейін ерекше қабілеті бар балаға есеп береді

Келесі есеп ретінде мұғалім құрылымдық есепті барлық оқушыларға және ЕҚБ оқушыға да береді. Оқушыларды орналасу орындары бойынша жұпқа бөледі

Қорытынды: Learning Apps платформасы арқылы жұмыс

Оқушылар ютуб платформасынан тақырыпты ашатын видеоны көреді


ЕҚБ оқушы да барлық балалармен бірлесіп топқа бөлініп жұмыс жасайды

Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Әр топ 7 минут уақыт аралығында параграфтан қажетті ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады. Уақыт аяқталғаннан кейін «Джигсо» әдісі арқылы түсінгендерімен бөліседі. Басқа жұптармен орындарын ауыстырып, оқушылардың орындағанын оқи отырып, өзінің не білетінін түсіндіріп шығады. Осылайша барлық топтар бір-бірімен ақпарат алмасады.

Бағалау критерийлері:

  1. Дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын тұжырымдайды

  2. Дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестігін анықтайды

  3. Дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестігін есеп шығару барысында көрсете алады



Берілген Тапсырма 1-ді оқушылар жеке-жеке өздері орындайды


Оқушы өзіне берілген есепті ретімен орындайды

Оқушылар отырған

орындары бойынша жұппен есептерді шешеді

Бүгінгі сабақтан түсінгендерін платформадағы сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылайды



ҚБ: Топтық жұмысты стикерлер арқылы бағалау

ҚБ: Басбармақ әдісі
Дескриптор

  1. 1. Дыбыстың таралу қашықтығын есептей алады.

  2. 2. Найзағай дыбысының естілуі дыбыс

  3. толқындарының жиілігі мен дыбыс амплитудасымен сәйкестігін тұжырымдай алады.


ҚБ: «Тәтті дәм» тәтті беру
Дескриптор:

  1. Құбылыстарды дыбыстарымен сәйкестендіре алады

  2. Дыбыс сипаттамалары анықтамаларын біледі

  3. Анықтамаларды өзара ажырата алады

ҚБ: «Екі жұлдыз. Бір тілек
Дескриптор


  1. 1. Дыбыс сипаттамаларының өзгерісін анықтайды

  2. 2. Есеп шығару барысында дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіріп графиктен көрсетеді

  3. 3. Әр түрлі жағдай үшін жеке-жеке график кескіндейді

  4. 4.Дыбыс сипаттамаларының дыбыс толқындарының жиілігі мен дыбыс амплитудасымен сәйкестігін жіктеп айтады



ҚБ: Өзін-өзі бағалау әдісі

https://youtu.be/iMI741WBw2g

Түрлі түсті сандар жазылған қағаз қиындылары

Кітап, дәптер, қалам
Оқулық атауы: Физика

Оқулық авторы: Р.Башарұлы. К.Сейфоллина

34- тақырып: Дыбыс және оның сипаттамалары

176- бет

Тапсырма 1 қосымша 1-де көрсетілген

Ерекше қабілеті бар балаларға арналған есептер қосымша 2-те көрсетілген

Тапсырма 2 қосымша 3-де көрсетілген

Ерекше қабілеті бар балаларға арналған есептер қосымша 3-те көрсетілген
https://learningapps.org/view4914104



Сабақтың соңы:

(3 мин)


Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады.

Мұғалім үш түрлі жапырақша береді
Қызыл жапырақша: «Барлығы түсінікті»

Жасыл жапырақша: «Жартылай түсінікті»

Сары жапырақша: «Ештеңе түсінбедім»

Үйге тапсырма:

Оқулық атауы: Физика

Оқулық авторы: Р.Башарұлы. К.Сейфоллина

Тапсырма: Жаттығу 5,8. 180 бет



Оқушылар сабақты қалай түсінгендеріне қарай жапырақшаларды «Жүзім ағашына» іледі.










Қосымша 1

Тапсырма 1: Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма


https://clck.ru/rcBj7
Арман мен оның досы Арсен екеуі улкен егістікте жұмыс жасап жүрді. Екеуінің бір-бір бірінен ара қашықтығы 500м. Кенеттен күн күркіреп, найзағай ойнап, жаңбыр жауа бастады. Арман найзағай жарқылын көрген уақыты мен күннің күркіреуі аралығындағы уақыттың 15с болғанын байқады. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 330 м/с-ке тең деп есептейік.

  1. Найзағай Арманнан қандай қашықтықта жарқырады?

  2. Найзағай дыбысы Арман мен Арсенге бір мезгілде жетуі мүмкін бе? Найзағай дыбысының естілуі дыбыс толқындарының жиілігі мен дыбыс амплитудасымен сәйкестігін тұжырымдаңыз




Қосымша 2

Есту қабілеті нашар оқушыға арналған тапсырма.

1 тапсырма: Тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс естіп, құбылысты дыбысымен сәйкестендіру


Құбылыс атаулары

Құбылыс дыбысы

Найзағай

https://clck.ru/rbQqZ


Судың дыбысы

https://clck.ru/rbQoT


Гитара

https://clck.ru/rbQdq



2 тапсырма: Тақырыпқа байланысты анықтамаларды сәйкестендіру


Қажетті сөздер

Шу

Тербеліс жиілігіне

Тембр




  1. Дыбыстың биіктігі___________тәуелді

  2. ______________-дыбыстың «түсі» немесе «сипаты», бір биіктегі дыбыстардың бір-бірінен ерекшеленетін сапасы.

  3. Әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы________болып табылады.




Қосымша 3
Тапсырма 2: Құрылымдық есеп









1-жағдай



2-жағдай



3-жағдай



4-жағдай



1 Графикте бір реттік от шашудың атылған мезеттегі тіркелген акустикалық толқыны көрсетіліп тұр. Дыбыстың жылдамдығы 330 м/с-ке тең деп есептейік.

  1. От шашу атылғандағы дыбыс сипаттамаларының өзгерісін анықтаңыз

  2. Суреттердің қайсысы 1-графикте көрсетілген жағдайды бейнелейді? Жауабын құсбелгісімен көрсетіңіз

  3. Қалған үш жағдай үшін әр графикті жеке-жеке кескіндеңіз

  4. Егер от шашу бір реттік емес 15 реттік болғандағы дыбыс сипаттамаларының өзгерісін атаңыз

  5. Дыбыстың әр-түрлі естілуі дыбыс толқындарының жиілігі мен дыбыс амплитудасымен сәйкес пе? Жіктеп айтыңыз


https://clck.ru/rbRuZ