Файл: айназар ауылындаы 1 орта мектеп бастауыш мектебімен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 42
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп: | “Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп бастауыш мектебімен” КММ | |||||
Мұғалімнің аты-жөні: | Родинова А.Т. | |||||
Күні: | 6.03.2023 | |||||
Сынып: | 6 “б” | |||||
Сабақ тақырыбы: | «Аяулы, асыл жандар!» | |||||
Сабақ мақсаты | Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Қыздарды 8 наурыз мересімен құттықтау. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Қыздардың орындауында би 1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар! Қош келдіңіздер, гүлдей құлпырған біздің қыздар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. Жанеркенің орындауында «Келіншек» күйін қарсы алыңыздар Ана десем шешек ашып жанары, Өмірімнің бастау алар ажары. Ана деген тіршілікке пана боп, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - . Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз Айдинаның орындауында ән Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше ұлдарымыздың кішігірім құттықтау өнерлеріне кезек берейік Мерекеге арналады бүгін билер. Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер. Алдарыңызда қазіргі үнді биі, Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекті биші ұлдарымызды ортаға шақырамыз. Аналарымызбен бір ойын Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осымен концертіміз аяқталды. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! | қыздар билейді күй шертеді ән айтады ұлдар өнерін көрсетеді | мадақтау мадақтау мадақтау | интерактивті тақта интерактивті тақта |