ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 94
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тексерілді Оқу ісінің орынбасары ___________А.Паримбекова 03.05.2022 ж«Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектебі КММ
Қосымша 1Жеке жұмысСпирттерді жіктеп, химиялық қаиеттерін жаз1)Көрсетілген заттарды жіктеп, кестені толтырыныз.СН3ОН, СН2ОН-СНОН-СН2ОН, С3Н7ОН, СН2ОН-СН2ОН, С4Н9ОН
2)Реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңдерА)С2Н5ОН + ..... С2Н5ОNa + H2Ә) СН3ОН + С2Н5ОН = ......... + Н2ОБ) С4Н9ОН + ...... = СО2 + Н2ОБағалау критериі:-спирттерді құрамына қарай жіктей алады-Спирттердің қасиеттері бойынша реакция теңдеуін жаза аладыДескриптор -Спирттерді жіктеп, кестеге жазады;-Спирттерді қасиеттеріне қарай реакция теңдеуін толықтырады
| Мұғалімнің аты-жөні: | Әбілдаева Индира Шамшатқызы | ||||
| Пән/Сынып: | Химия, 9- сынып | ||||
| Мерзімі | 03.05.2022 | ||||
| Тарау немесе бөлім атауы: | 9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар | ||||
| Сабақтың тақырыбы: | Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер | ||||
| Оқу мақсаты: | 9.4.3.18 -оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу; 9.4.3.19 -спирттердің жіктелуін, метанол мен этанолдың қолданылуын,этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру; 9.4.3.20-метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру; 9.4.3.21 этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу; | ||||
| Бағалау критериі: | Спирттен қанықпаған көмірсутектің қандай мөлшері алынатынын анықтайды | ||||
| Кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
| Басы 5 минут | Ұйымдыстыру кезеңі Сыныптағы оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптағы оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы топтастырамыз. Үй тапсырмасы: «Сөзді тап» әдісі. Химиялық диктант
Тақтадағы дұрыс жауаптар бойынша қасындағы оқушының жұмысын тексереді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер Сіздердің білетіндеріңіз:
Сіздердің меңгеретіндеріңіз:
| Сәлемдеседі Топтарға жіктеледі Сұрақтарға жауап береді | Ауызша «Мадақтау» әдісі арқылы бағалаймын | Қағаз қиындылары Презентация | |
| Сабақтың ортасы Тақырыпты ашу 10 минут | Оттекті органикалық қосылыстар дегеніміз- құрамында сутек және көміртек атомдарымен бірге оттек атомы болатын органикалық қосылыс.
№1 тапсырма «Ойлан,ізде,талқыла» әдісі ТЖ Бейне материалмен және оқулықпен жұмыс. Ұсынылған бейне материалдармен және мәтінді оқи отырып, тақырыптарға мәліметтік постер қорғаңыз. I топ: Спирттердің жіктелуі, физикалық қасиеттері II топ: Этанолдың алынуы және химиялық қасиеттері III топ: Көп атомды спирттерге сипаттама №2 тапсырма «Шытырман» ТЖ Мына айналуларды жүзеге асырыңдар. 1 топ: C C2H6 C2H4 C2H5OH CO2 2 топ: C2H2 C2H4 C2H5OH C6H12O6 3 топ: көміртек этилен этанол хлорэтан | Білім алушы: -Спирттерді жіктеп, анықтама бере алады. –Спирттердің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттай алады. -Көп атомды спирттерді сипаттап ажырата біледі -Көміртектің және көмірсулардың қасиеттерін біледі; -Реакция теңдеулерін жаза алады; | Дескриптор. -Мәтінмен жұмыс жасайды -Бейне материалдарды көреді; Берілген тапсырма бойынша топпен талқылайды; Әр топ постер қорғай отырып түсіндіреді Дискрептор: -Айналуларды жүзеге асырады; -химиялық реакция теңдеулерді жазады | | |
| Оқулықпен жұмыс 25 минут | Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» №3 тапсырма «Көршіңмен пікірлес» ЖЖ Тапсырма 1 жұп: 4 грамм этил спирті жанғанда қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газы түзіледі? Тапсырма 2 жұп: 10 грамм метил спирті металмен әрекеттескенде неше грамм натрий метилаты түзіледі? Тапсырма 3 жұп: Массасы 115 г этил спиртін дегидрлегенде қанша литр этилен қалыпты жағдайда алуға болады? Тапсырма 4 жұп: 6 моль метанол алуға қажетті сутек пен көміртек ( II ) оксидінің зат мөлшерін есептеңдер . Жауабы 18 моль Тапсырма 5 жұп: 96 % -дық 80 гэтил спиртінен этиленнің қандай көлемін ( қ.ж. ) алуға болатынын есептеңдер . Жауабы : 37,4 л Тапсырма 6 жұп: Массасы 9,2 г органикалық зат жанғанда 0,4 моль көміртек ( IV ) оксидi және 0,6 моль су тузілді . Заттың ауамен салыстырғандағы тығыздығы 1,59 . Оның химиялык формуласын аныктандар . 1 ) С2Н6О : 2 ) С3Н8 3) C3H7O 4) C2H6 Тапсырма 7 жұп: 96 % - дық 80 г этил спиртінен этиленнің қандай көлемін (қ.ж) алуға болатынын есептеңіз Тапсырма 8 жұп: Этил спиртінің құрамындағы көміртек, сутек, оттегінің массалық үлестерін есептеңіз. Жеке жұмыс.Сараланған тапсырма Тапсырма дифференциаланған (Қосымша 1) Формативті бағалау | -Есептің шартын құра алады -спирттердің химиялық қасиеттері туралы білімін пайдаланып есептер шығара алады | Дескриптор: -Есептің шартын жазады; -Есептің шығарылу жолын біледі. -Есептің шартымен танысады -Есепті шығарады. -Жұппен бөліседі. Әр жұп өз жұмысын тексеріп, баға береді. | Призентация | |
| Сабақтың соңы 5 минут | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. | Оқушылар өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. | | |
Қосымша 1Жеке жұмысСпирттерді жіктеп, химиялық қаиеттерін жаз1)Көрсетілген заттарды жіктеп, кестені толтырыныз.СН3ОН, СН2ОН-СНОН-СН2ОН, С3Н7ОН, СН2ОН-СН2ОН, С4Н9ОН
| Біратомды | Көп атомды |
| | |