Файл: ыса мерзімді жоспар Блімі Энергия Малімні атыжні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

Энергия

Мұғалімнің аты-жөні:

Айтказыева М.К.

Күні:

12.04.23

Сыныбы: 7 А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Энергияның сақталу және айналу заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.3.5 – энергияның түрленуіне мысалдар келтіру;

7.2.3.6 – механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты:

-Энергияның түрленуіне мысалдар келтіре алады

-Энергияның сақталу және айналу заңын түсінеді

-Формулаларды түрлендіре отырып,есептер шығаруда қолданады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

3 мин


Сабақтың басы

7 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

Сыныпта «Кәмпит энергиясы» әдісі арқылы психологиялық жағымды ахуал туғызу
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар потенциалдық энергия, кинетикалық энергия, механикалық энергия бойынша үш топқа бөлінеді.

Жаңа сабақ

Сабақтың басын ашу үшін видеоролик көрсетіп, сұрақтар қойып, энергияның түрлену және сақталу заңын түсіндіремін.



Оқушылар сәлемдеседі, оқу мақсатымен танысады.

Бейне роликті көреді, оқулыққа шолу жасай отырып, «Insert» әдісі арқылы маңызды ақпаратты дәптерлеріне түсіріп алады.




Кәмпит

Презентация

видеоролик

7-сынып оқулығы



Сабақтың ортасы
5 минут

10 минут

5 минут

Бекіту

5 минут

5 минут

Тапсырма №1. Топтық жұмыс

Learning apps платформасы арқылы

Суреттегі денелер қандай энергияларға ие?



Тапсырма №2.

«Біліміңді еселе!» әдісі

«Кинетикалық энергия» тобы

Массасы 100 т ұшақ Жерден 1 км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200м/с болады. Оның жермен салыстырғандағы, толық механикалық энергиясы қандай​?

«Потенциалдық энергия» тобы

Массасы 5 т жер серігін 100км
биіктікке 8км/с болатын бірінші ғарыштық жылдамдықпен шығарды. Жер серігінің орбитадағы толық механикалық энергиясы неге тең?

«Механикалық энергия» тобы

Массасы 2,5 кг дене 5 м биіктіктен құлайды. Осы дененің Жерден 2 м биіктіктегі потенциалдық, кинетикалық және толық механикалық энергиялары?

Саралау тапсырмасы. «Глоссарий» әдісімен кестені толтыру.

Энергия

Анықтамасы

Өлшем бірлігі

Формуласы

Потенциалдық энергия










Кинетикалық энергия










Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы










Механикалық энергия










Сергіту сәті

«Мен қандай физикалық шамамын?»ойыны

Мұғалім әр топтан кезектен 2 оқушыны тақтаға шығарып, физикалық шама жазылған парақты береді, оқушы парақта жазылған сөзді көрмей, өз тобынан сұрақтар, анықтамалар арқылы физикалық шаманы табуы тиіс.

Тапсырма №3. Виртуалды зертхана. «PhET Colorado Interactive simulations» платформасы арқылы энергияның түрленуін сипаттау:



Тапсырма №4 .Функционалдық сауаттылыққа тапсырма

Адам үйдің алтыншы қабатынан тоғызыншы қабатына көтерілгенде 5000 Дж жұмыс істейді. Үйдің әр қабатының арақашықтығы 3,2 м болса, адамның массасы қандай?

Оқушылар суреттегі энергия түрлерін анықтайды

Оқушылар есепті топта талқылап, шығарады

Оқушылар кестені толтырады
Оқушы парақта жазылған сөзді көрмей, өз тобынан сұрақтар, анықтамалар арқылы физикалық шаманы табады

Оқушылар энергияның түрленуін ажыратып, энергияны есептеп шығарады



Дескриптор:

-Суреттердегі энергия түрлерін анықтайды

1 балл


Дескриптор:

-Есептің шартын жаза алады.

-ХБЖ-не келтіре алады.

-Механикалық энергияның сақталу заңын қолданады.

-Формулаларды түрлендіріп есептер шығара алады.

4 балл

Дескриптор:

-Берілген шамалардың анықтамасын жазады

-Өлшем бірлігін жазады

-Өлшем бірлігін ХБЖ-не келтіре алады.

-Формуласын жазады

4 балл


Дескриптор:

-Энергияға тәуелді шамаларды (m,h,ʋ) есептейді

-Алынған қорытынды есептеулерді салыстырады

2 балл

Дескриптор:

-Есептің шартын жаза алады.

-Ауырлық күшінің жұмысының формуласын қолданады.

-Формуланы түрлендіріп есеп шығара алады.

3 балл



https://learningapps.org/ платформасы

Сигналды карточкалар

Плакат, презентация

Сигналды карточкалар

Таратпа материал,кесте

Физикалық шама жазылған қағаз
‪Energy Skate Park‬ (colorado.edu) платформасы
Сигналды карточкалар

Сабақтың соңы.

5 мин

Рефлексия
Бағалау

Үй тапсырмасы



Padlet.com тақтасы арқылы
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен «Ноутбук» әдісі арқылы бағалау

-Жел және Күн энергияларын қолданудың маңыздылығы.



Оқушылар мұғалімге QR-код арқылы жолдайды

Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғары 10 балл


https://padlet.com/ платформасы
Бағалауға арналған қағаз ноутбук



Дескриптор