Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу бадарламасыны мазмнын іске асыруда тпелі таырыптар бойынша ересек топты перспективалы жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін: Педагогикалық кеңеспен бекітілген
№5 «Балғын» бөбекжайының
меңгерушісі Г. Сеилова. « » тамыз 2019 жыл
______________________ №1 хаттама
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ІСКЕ АСЫРУДА ӨТПЕЛІ
ТАҚЫРЫПТАР бойынша ересек топтың
перспективалық жоспары
2019-2020 оқу жылы
Ересектер тобы (4-5 жас)
Қараша айы 2019 жыл
Өтпелі тақырып «Дені саудың жаны сау»
Мақсаты: Денсаулық сақтау технологиялары негізінде балалардың спортпен шұғылдануға деген қызығушылықтары қалыптасады. Балалар әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде олардың ауызша сөйлеу дағдылары жетіледі. Шығармашылықтары мен сыни ойлау, қиялдау дағдылары жетіледі. Негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесі, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттіліктері қалыптасады.
Міндеттері:
-
Спорттық ойындар мен жаттығу қимылдарын үйрету барысында балалардың қозғалыс дағдылары қалыптасады; -
Құрдастары және ересектермен қарым-қатынас жасауда сөздік қорлары және сөйлеу мәдениеті жетіледі; -
Математикалық, конструктивті ойлау дағдылары қалыптасады, танымдық қызығушылықтары дамиды; -
Эстетикалық талғамдарын қалыптасады, ой-өрістері, сыни ойлау дағдылары дамиды; -
Балалардың жалпыадамзаттық құндылықтар мен ережелері негізінде әлеуметтік дағдылары қалыптасады.
Тәрбиеші: Әлменова Ботакөз
Тақырыпша | Денсаулық-3 Дене шынықтыру-3 | Қатынас-2,5 Сөйлеуді дамыту-1 Көркем әдебиет-0,5 Драма-0,5 Орыс тілі-0,5 | Таным-2,5 Математика негіздері-1 Құрастыру-0,5 Жаратылыстану1 | Шығармашылық-3,5 Музыка-1,5 Сурет-1 Мүсіндеу-0,5 Жапсыру -0,5 | Әлеумет-0,5 Қоршаған орта-0,25 Экология негіздері-0,25 |
І апта "Өзім туралы» | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Сапқа тұру, құрылымын өзгертіп, қайта тұрады. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіреді. (сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Қапшықты оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтырады. Тәрбиеші жетекшілігімен ойналатын ойын: «Қу түлкі?» берілген белгіні Мақсаты: Тыңдау қабілеттері қалыптасып, қырағылық, шапшаңдық дағдылары жетіледі. 2. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіреді.(сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүреді. Табан мен алақанға сүйеніп, төрттағандап еңбектейді. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Қырықаяқтар» Мақсаты: Команда да жұмы істеу дағдылары қалыптасады. 3. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіреді.(сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтырады. Басқа қап киіп, заттарды аттап өтеді, бұрылады. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Қояндар мен қасқыр» Мақсаты: Балалардың алғырлық, қырағылық қасиеттері жетіледі | Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Мен қандаймын?» Мақсаты: Тәрбиелілік: Құрдастарына сыйластықпен қарауға, өзіне және өзгелерге баға беруге дағдыланады Білімділік: Мазмұндап айту арқылы коммуникативтік – тілдік дағдылары қалыптасады. Дамытушылық: Сыни ойлау, айтылым,тыңдалым, байланыстырып сөйлеу дағдылары жетіледі. Құрылымдалған ойын: «Мен неге ұқсаймын?» Мақсаты: Өз көңіл күйлерін, мінез – құлқын белгілі бір затқа немесе табиғат құбылысына теңеп айту арқылы коммуникативтік дағдылары қалыптасады. Көркем әдебиет Тақырыбы: «Мен кіммін?» Мақсаты: Тәрбиелілік: Кейіпкерлердің мінез – құлқын бағалай білуге қалыптасады. Білімділік: Оқиғаларды ойдан құрастыра отырып, сөздік қорлары жетіледі. Дамытушылық: Балалардың зейін, қиял, бақылағыштық қабілеттері дамиды. Құрылымдалған ойын: «Дауысынан таны» Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілеті қалыптасады | Математика негіздері Тақырыбы: «Менің күн тәртібім» (Уақытты бағдарлау) Мақсаты: Тәрбиелілік: Күн тәртібін сақтауға дағдыланады. Білімділік: 2 санымен танысады. Таңертең, күндіз, кеш, түн тәулік бөліктерін ажырата білуге дағдыланады. Дамытушылық: Тәулік бөліктерін ажырата білу дағдыларын қалыптасады Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Тәулік бөліктері» Мақсаты: Тәулік бөліктері жайлы білімдері бекиді. Тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттығады. Құрастыру Тақырыбы: «Менің қорам» (Құрылыс материалдарынан) Мақсаты: Тәрбиелілік: Ұжымда жұмыс жасай білу дағдылары қалыптасады. Берілген материалдармен ұқыпты жұмыс жасауға дағдыланады. Білімділік: Үлгі бойынша әртүрлі текшелермен қора құрастыра отырып, конструктивті ойлау дағдылары қалыптасады. Дамытушылық: Құрылысты биіктетіп жасау, бір бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру (биік және аласа), өзгерту іскерліктері дамиды Тәрбиеші жетекшілігімен жүгізілетін ойын: «Бозторғайдың ұясы» Мақсаты: Жетіспейтін геометриялық пішіндерді тауып, атауға үйренеді Жаратылыстану Тақырыбы: «Мен табиғатты бақылай аламын ба?»Мақсаты: Тәрбиелілік: Табиғатта өзін – өзі ұстау ережелеріне дағдыланады. Білімділік: «Бақылау» ұғымын түсінеді. Жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетіледі Дамытушылық: Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттері дамиды. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Жанды-жансыз» Мақсаты: Тірі және өлі табиғатқа не жататындығын айта отырып ажырата білу қабілеттері жетіледі. | Музыка Тақырыбы: «Мен-өмірдің гүлімін» Мақсаты: Тәрбиелілік: Балалар елжандылыққа, тұлғалық сенімділікке тәрбиеленеді Білімділік: Ән айта отырып, мәтініне сай қимылдар жасау дағдылары қалыптасады Дамытушылық: Әуенді дұрыс, нақты интонациялау,ойындық, музыкалық қимылдарды жасау дағдылары дамиды. Әуенді ырғақты қимыл: «Күзгі вальс» Қ.Шілдебаев Музыка тыңдау: «Атамекен өрені» Б.Бүрісұлы Ән айту: «Мен бір ерке баламын» Б.Жұмабекова Ойын ойнау: Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Өз жұбыңды тап!» Мақсаты: Белгі бойынша мәтіннің сөзіне сай қимыл – қозғалыс жасауға дағдыланады. Музыка Тақырыбы: «Мен-өмірдің гүлімін» Мақсаты: Тәрбиелілік: Балалар елжандылыққа, тұлғалық сенімділікке тәрбиеленеді Білімділік: Ән айта отырып, мәтініне сай қимылдар жасау дағдылары қалыптасады Дамытушылық: Әуенді дұрыс, нақты интонациялау,ойындық, музыкалық қимылдарды жасау дағдылары дамиды. Әуенді ырғақты қимыл: «Күзгі вальс» Қ.Шілдебаев Музыка тыңдау: «Атамекен өрені» Б.Бүрісұлы Ән айту: «Мен бір ерке баламын» Б.Жұмабекова Ойын ойнау: Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Өз жұбыңды тап!» Мақсаты: Белгі бойынша мәтіннің сөзіне сай қимыл – қозғалыс жасауға дағдыланады. Сурет Тақырыбы: «Мақта қыздың мысығы» Мақсаты: Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, берілген материалмен тиімді жұмыс жасаға дағдыланады. Білімділік: Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, жануарларды бейнелеу дағдылары қалыптасады Дамытушылық: Қарындашпен сурет салу техникасы дамиды Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Кеңістік» Мақсаты: Жануарларды атай отырып, кеңістікті бағдарлау дағдылары жетіледі. Мүсіндеу Тақырыбы: «Билеп тұрған қыз» Мақсаты: Тәрбиелілік: команда да берілген материалдармен ұқыпты жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Білімділік: Адам пішінін (дене бөліктерін:бас, кеуде, қолдары, аяқтары) мүсіндеу дағдылары қалыптасады. Дамытушылық: Шығармашылық ойлауы мен қиялы дамиды. Эстетикалық талғамдары жетіледі. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Мен қандаймын?» Мақсаты: Өзін – өзі бағалау дағдылары қалыптасады. | |
ІІ апта «Дұрыс тамақтану. Дәрумендер» | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Қатарға бір-бірден сапқа тұрады.Қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрады. 50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіреді. 20-25см.биіктікке секіреді Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Кеглиді көзде» Мақсаты: Балалардың мергендік,ептілік, белгілі бір бағытты көздей білу дағдылары қалыптасады. 2.Қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрады. 20-25см.биіктікке секіреді. Құрсаудан еңбектеп өтеді Тәрбиеші жетекшілігімен ойналатын ойын: «Қоянның сәбізі» Мақсаты: Балалардың ептілік, бір бағытты көздей білу дағдылары қалыптасады. 3. Қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрады. 50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіреді. Гимнастикалық қабырғамен аралықтан аралыққа, оңға-солға ауысады. Тәрбиеші жетекшілігімен ойналатын ойын: «Дәрумендерді жина» Мақсаты: Команда да жұмыс жасау дағыларын жетіледі. | Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Не дәмді?» ертегісі Мақсаты: Тәрбиелілік: Сөзді дыбыстау мәдениеті, ертегіні тыңдай білу дағдылары жетіледі. Білімділік: кейіпкерлер бейнесін сомдай отырып, дауыс ырғағы мен тілдің ырғағын қолдану дағдылары қалыптасады. Дамытушылық: ертегіні мазмұндап айтып беру және оны сахналауға қатысу ниеттері жетіледі. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Дәмін татып, атын ата» Мақсаты: жемістердің дәмін ажырату және атап беру дағдылары қалыптасады. Драма Тақырыбы: «Көкөністер айтысы» ертегісі Мақсаты: Тәрбиелілік: Ертегіні сахналай отырып, достық қарым – қатынасты бағалай білу қасиеттері қалыптасады Білімділік: Ертегі желісін ретімен драмалай отырып,коммуникативтік – тілдік дағдылары қалыптасады. Дамытушылық:Ертегі желісін драмалау арқылы түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау дағдылары дамиды. Құрылымдалған ойын: «Көкөністерді ата» Мақсаты: Көкөністерді ажырата білу, атау дағдылары жетіледі Орыс тілі Тема: «Витамины» Цель: Уточнить представление детей об овощах и фруктах; - Формировать представление детей о необходимости организму витаминов; - Формировать умение классифицировать (овощи, фрукты); - Развивать театральные способности, речь детей (инсценировка); - Развивать мышление; - Воспитывать интерес к природе. Составление словосочетаний, предложений из 2-3 слов. Дид-я игра:«Узнай по вкусу» | Математика негіздері Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер» (Кеңістікті бағдарлау) Мақсаты: : Тәрбиелілік: Команда да жұмыс жасау дағдылары жетіледі. Берілген тапсырмаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиеленеді. Білімділік: 3 санымен танысады. Заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысы қалыптасады Дамытушылық: Өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білу дағдылары дамиды Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Сипап сезу арқылы санау» Мақсаты: Сипап сезу арқылы санау дағдылары қалыптасады. Құрастыру Тақырыбы: «Жеміс-жидекке арналған себет» (қағаздан құрастыру) Мақсаты: Тәрбиелілік: Берілген материалдармен тиянақты, ұқыпты жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Білімділік: Дайын қиылған жолақшалардан өру тәсілімен себетті құрастыру арқылы сыни ойлау дағдылары қалыптасады. Дамытушылық: Бастаған істі соңына дейін жеткізе білу дағдылары дамиды. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Дәмін татып,атын ата» Мақсаты: Дәмді ажырата білу қабілеттері жетіледі. Жаратылыстану Тақырыбы: «Дәрумендер әлеміне саяхат» Мақсаты: Тәрбиелілік: Бау-бақшаға саяхатқа шығу арқылы еңбексүйгіштік, ересектер еңбекгіне құрметпен қарау қабілеттері жетіледі. Білімділік: Балалар жемістер мен көкөністерді атай отырып, олардың адам денсаулығына тигізер пайдасымен танысады. Дамытушылық: Саяхатқа шығу арқылы ой-өрістері мен зейіндері дамиды. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Бақта ма, бақшада ма?» Мақсаты: жемістер мен көкөністерді ажыратып, қайда өсетінін айтуға дағдыланады. | Музыка Тақырыбы: «Күз байлығы» Мақсаты: Тәрбиелілік: Балалардың күзгі табиғат құбылыстарына деген сүйіспеншілік сезімдері қалыптасады. Білімділік: Ән айта отырып, ел ырзығының қуанышын әнмен, бимен көркемдей білуге дағдыланады. Дамытушылық: Әуенді дұрыс, нақты интонациялау,ойындық, музыкалық қимылдарды жасау дағдылары дамиды. Әуенді ырғақты қимыл: «Тәтті тосап» биі Музыка тыңдау: Осенний вальс. Чайковский Ән айту: «Күзге сәлем» А.Еспенбетова Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Айгөлек» Мақсаты: Команда да жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Сурет Тақырыбы: «Дәмді алмалар» Мақсаты: Тәрбиелілік: Ұқыптылық, тазалық, еңбексүйгіштік дағдылары жетіледі. Білімділік: Дөңгелек пішіндерді түрлі көлемде салу дағдылары қалыптасады Дамытушылық: Шығармашылық ойлау, қиялдау қабілеттері, ұсақ қол қимылдары жетіледі. Құрылымдалған ойын: «Ойлан тап» Мақсаты: Сыни ойлау қабілеттері қалыптасады. Жапсыру Тақырыбы: «Жеміс-жидекке арналған себет» Мақсаты: Тәрбиелілік: жапсыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдылары қалыптасады. Білімділік: Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеу арқылы жапсыруға дағдыланады. Дамытушылық: Қайшына дұрыс ұстау және пайдалана білу дағдылары дамиды. Құрылымдалған ойын: «Ащы, тұщы» Мақсаты: жемістерді дәміне қарай ажыратады. | |
ІІІ апта "Өзіңе және өзгелерге көмектес" | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құрады, бағдар бойынша түзеледі Қолын беліне қойып, бір аяқпен тұрады, екі жағына айналады. Гимнастикалық қабырғамен аралықтан аралыққа, оңға-солға ауысады. Тәрбиеші жетекшілігімен ойналатын ойын: «Допты тордан лақтыр» Мақсаты:Допты лақтыра білу дағдысы қалыптасады. Команда да жарыса жұмыс жасай білу дағдылары жетіледі. 2.Қолын беліне қойып, бір аяқпен тұрады, екі жағына айналады. Құрсаудан еңбектеп өтеді. Ойлы-қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүреді. Тәрбиеші жетекшілігімен ойналатын ойын: «Марғаулар мен күшіктер» Мақсаты: Балалардың шапшаңдық, ептілік дағдылары қалыптасады. 3.20-25см.биіктікке секіреді. Оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтырады. Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүреді Құрылымдалған ойын:«Шарларды жина» Мақсаты: Кедергілерден өте білу дағдылары қалыптасады. | Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қайырымды бала» Б.Данабеков Мақсаты: Тәрбиелілік: Әңгімені тыңдай отырып, қайырымдылық, қамқорлық сезімдері қалыптасады. Білімділік: Әңгіме мазмұнын айтып беруге қалыптасады. Дамытушылық: Мазмұндап айту арқылы сөздік қорлары дамиды. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Болады, болмайды» Мақсаты: Жақсы жаман іс – әрекеттерді ажырата білуге дағдыланады. Көркем әдебиет Тақырыбы: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі Мақсаты: Тәрбиелілік: Құстарға қамқорлықпен қарау дағдылары дамиды. Білімділік: Ертегінің мазмұнын сахналау арқылы тілдің грамматикалық құрылымы қалыптасады. Дамытушылық: Ертегі кейіпкерлерінің әрекетін бағалау дағдылары жетіледі. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Менің досым» Мақсаты: Сұраққа толық жауап беру дағдылары қалыптасады. | Математика негіздері Тақырыбы: «Дым білмеске көмектес» Мақсаты: Тәрбиелілік: Команда да жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Білімділік: 4 санымен таныстыру арқылы санау дағдыларын жетілдіру. Ұзын-қысқа белгісі бойынша заттарды салыстыруға дағдыланады. Дамытушылық: Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсініктері дамиды. Құрылымдалған ойын: «Ұзын – қысқа» Мақсаты: Ұзын – қысқа ұғымдары жайлы білімдері жетіледі. Жаратылыстану Тақырыбы: «Қанатты достар» Мақсаты: Тәрбиелілік: Құстарға қамқорлықпен қарау, табиғатта өзін – өзі ұстау дағдылары қалыптасады. Білімділік: Үй құстарын атай білуге (қораз, мекен, қаз) үйрете отырып олардың сыртқы келбетіндегі ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру. Дамытушылық: Команда да жұмыс жасау арқылы қызығушылықтары мен зейіні дамиды. Тәрбиеші жетекшілгімен жүргізілетін ойын: «Бұл қандай құс?» Мақсаты: Белгілі бір ерекшелігіне қарай құстарды суреттей білу және ажырату дағдылары қалыптасады. | Музыка Тақырыбы: «Біз-көмекшілерміз» Мақсаты: Тәрбиелілік: Кішіге қамқор, үлкенге қолқанат болуға тәрбиеленеді. Білімділік: Әр түрлі сипаттағы музыка қарқынын, динамикалық реңкін қабылдай отырып, тыңдалымы қалыптасады. Дамытушылық: Музыкалық қимылдарды орындау дағдылары дамиды Әуенді ырғақты қимыл: «Тәтті тосап» биі Музыка тыңдау: «Тыңдай білем» А.Маханбетова Ән айту: «Күзге сәлем» А.Еспенбетова Тәрбиеші жетекшілігімен ойналатын ойын: «Қатты, жәй» Мақсаты: Музыкалық шығармаларды ажырата білуге қалыптасады. Музыка Тақырыбы: «Біз-көмекшілерміз» Мақсаты: Тәрбиелілік: Кішіге қамқор, үлкенге қолқанат болуға тәрбиеленеді. Білімділік: Әр түрлі сипаттағы музыка қарқынын, динамикалық реңкін қабылдай отырып, тыңдалымы қалыптасады. Дамытушылық: Музыкалық қимылдарды орындау дағдылары дамиды Әуенді ырғақты қимыл: «Себет толы жеміске» (Музыкалық сүйемелдеу -жетекшінің қалауымен) Музыка тыңдау: «Тыңдай білем» А.Маханбетова Ән айту: «Егін жинау» А.Филиппенко Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Қатты, жәй» Мақсаты: Музыкалық шығармаларды ажырата білуге қалыптасады. Сурет Тақырыбы: «Әдемі құс» Мақсаты: Тәрбиелілік: Құстарға қамқорлық жасай білу дағдылары қалыптасады. Білімділік: Әртүрлі пішіндерді пайдалана отырып, құстың суретін салуға дағдыланады. Сыни ойлау дағдысы жетіледі Дамытушылық: Өзінің жұмыстарын және басқа балалардың жұмыстарын бағалау қабілеттері дамиды. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Болады, болмайды!» Мақсаты: Балалардың ой – өрісі, сыни ойлауы қалыптасады. Мүсіндеу Тақырыбы: «Құс» Мақсаты: Тәрбиелілік: Құстарға қамқорлық жасай білу дағдылары жетіледі. Білімділік: Тұтас бөліктен шымшу тәсілі арқылы құстың бейнесін мүсіндеу дағдысы қалыптасады. Дамытушылық: Шығармашылық қабылдаулары мен эстетикалық талғамдары қалыптасады. Құрылымдалған ойын: «Кім жылдам?» Мақсаты: Құс бейнесін құрастыра отырып, сыни ойлау дағдысы қалыптасады. | Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Адам еңбегінің нәтижесі» Мақсаты: Тәрбиелілік: Еңбек адамдарына және олардың еңбек нәтижелеріне құрметпен қарауға тәрбиеленеді. Білімділік: Ересектердің еңбегін ойын әрекеттерінде көрсете отырып, ересектермен бірге еңбек әрекеттерін орындауға дағдыланады. Дамытушылық: Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға дағдыланады Құрылымдалған ойын: «Құстарға ұя жасаймыз» Мақсаты: құстарға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдері жетіледі. |
ІVапта «Біз күштіміз, ептіміз» | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіреді. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіреді(сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүреді. Құрылымдалған ойын:«Кім мықты?». Мақсаты: Балалардың шыдамдылық қабілеттері жетіледі. 2.50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіреді. Қапшықты оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтырады. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіреді(сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Дәл тигіз» Мақсаты: Балалардың нысананы дәлдей білу дағдылары жетіледі. Команда да жұмыс істеуге дағдыланады. 3. 50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіреді. Қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрады. 20-25см.биіктікке секіреді. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Кім баяу?» Мақсаты: Балалардың берілген тапсырманы тыңдай білу дағдылары қалыптасады. | Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Кім күшті? ертегісі Мақсаты: Тәрбиелілік:Ертегі мазмұнын тыңдай отырып, өзін – өзі бағалауға дағдыланады. . Білімділік: Ертегіні сахналау арқылы коммуникативтік – тілдік дағдылары қалыптасады, сөздік қорлары кеңейеді. Дамытушылық: байланыстырып сөйлеу дағдылары жетіледі. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Айырмашылығын тап» Мақсаты: Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын табады, сөйлеу дағдылары қалыптасады. Драма Тақырыбы: «Кім күшті? ертегісі Мақсаты: Тәрбиелілік:Ертегі мазмұнын тыңдай отырып, өзін – өзі бағалауға дағдыланады. . Білімділік: Ертегіні сахналау арқылы коммуникативтік – тілдік дағдылары қалыптасады, сөздік қорлары кеңейеді. Дамытушылық: Ертегі мазмұнын айтуда мазмұнын жүйелілігін сақтау дағдыларын жетідіру. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Күшті аңдарды сомдаймыз» Мақсаты: аңдардың қимыл – қозағылысы мен даусын сал білу дағдылары қалыптасады. Орыс тілі (Маман жүргізеді) Тема: «Поиграем вместе» Цель: продолжать развивать диалогическую речь, побуждать детей отвечать четко на вопросы; учить составлять описательный рассказ употреблять в речи слова в родительном падеже в ед. и мн. числе.Обогащать словарный запас детей. Продолжать развивать артикуляционный аппарат.познакомить с принципами морали; формировать лексико-грамматический строй речи, фонематический слух, правильное произношение способствовать развитию доброжелательности, прививать любовь, уважение к своим ближним. Дид-я игра: «Кто сильнее?» | Математика негіздері Тақырыбы: «Спорт еліне саяхат» Мақсаты: Тәрбиелілік: Өзін – өзі ұстау, материалдармен тиянақты жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Білімділік: 5 санымен таныса отырып, заттың үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдылары қалыптасады. Дамытушылық: 5-ке дейін реттік санау дағдылары дамиды. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Қанша? Қандай?» 1-5 –ке дейін санау дағдылары жетіледі. 1-ші, 2-ші ұғымдарымен танысады. Жаратылыстану Тақырыбы: «Алтын жапырақ төккен күз» Мақсаты: Тәрбиелілік: Табиғатта өзін – өзі ұстау дағдылары қалыптасады. Білімділік: Күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын (жапырақтардың түсуі) бақылайды. Табиғат құбылыстарына деген танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Дамытушылық: Бақылау нəтижелерін табиғат күнтізбесіне түсіре білу дағдылары қалыптасады. Құрылымдалған ойын: «Жапырақты кім бірінші жинайды?» Мақсаты: Күзгі жапырақтар туралы білімдері кеңейе отырып, жылдамдық, ептілік дағдылары қалыптасады. | Музыка Тақырыбы: «Кішкентай Толағайлар» Мақсаты: Тәрбиелілік: Музыкалық шығарманы орындау кезінде өзін – өзі ұстау ережесін сақтауға дағдыланады. Білімділік: Әуенді дұрыс әрі нақты интонациялау, өздерді дәр айту дағдылары қалыптасады. Дамытушылық: Музыкалық қимылдарды орындау дағдылары дамиды. Әуенді ырғақты қимыл: «Себет толы жеміске» (Музыкалық сүйемелдеу -жетекшінің қалауымен) Музыка тыңдау: «Спорт-біздің досымыз» Ғ.Дауылбаева Ән айту: «Егін жинау» А.Филиппенко Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Аспапты үнінен тап» Мақсаты: Есту, аспаптарды үнінен ажырату қабілеттері қалыптасады. Сурет Тақырыбы: «Құмырсқа» Мақсаты: Тәрбиелілік: Байқағыштығы мен көз мөлшері, қолдың қимыл қозғалыс үйлесімділігін қалыптасады. Білімділік: Дөңгелек, сопақша пішіндер арқылы заттардың суретін салуға, екі түрлі қылқаламмен жұмыс жасауға дағдыланады. Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттері, ой-қиялы, сыни ойлауы дамиды. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Ең күшті құмырсқаны ізде» Мақсаты: Балалардың сыни ойлау, командада жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Жапсыру Тақырыбы: «Құмырсқа» Мақсаты: Тәрбиелілік: Тазалық пен ұқыптылық, еңбексүйгіштік қабілеттері жетіледі. Білімділік: Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақ пішін қию арқылы құмырсқаны құрастыру дағдысы қалыптасады. Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге дағдыланады. Дамытушылық: Өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалау қабілеттері дамиды. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Кеңістік» Мақсаты: кеңістікті бағдарлау, сыни ойлау дағдылары қалыптасады. | Экология негіздері Тақырыбы: «Қай аң күшті?» Мақсаты: Тәрбиелілік: Табиғаттағы қарапайым тәртіп ережерін сақтауға дағдыланады. Білімділік:. Жабайы жануарлардың күз мезгіліндегі тіршілігі жайлы түсініктері (сыртқы түрі, тіршілік ету ортасы, мекені, азығы, қысқы дайындығы) қалыптасады. Дамытушылық: Жабайы жануарларды ажырата білу дағдылары дамиды. Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Кім күшті?» Мақсаты: Балалардың зейіні, сыни ойлау дағдысы қалыптасады. |
Желтоқсан айы, 2019 жыл
Өтпелі тақырып «Менің Қазақстаным»
Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетіне баулу арқылы Қазақстанның мәдени мұрасын құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеу. Танымдық қызығушылықтарын, эстетикалық талғамдарын дамыту.
Міндеттері:
1. Дене қасиеттерін қалыптастыру, ептілік қозғалыстарын үйлестіру және салауатты өмір салтын ұстануға баулу;
2. Ұлттық дәстүрлерге негізделген құндылықтар арқылы шығармашылықпен сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын молайту;
3. Эстетикалық талғамдарын қалыптастыра отырып, қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға, оны құрметтеуге үйрету;
4. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу.
Тақырыпша | Денсаулық-3 Дене шынықтыру-3 | Коммуникация-2,5 Сөйлеуді дамыту-1 Көркем әдебиет-0,5 Драма-0,5 Орыс тілі-0,5 | Таным-2,5 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру-1 Құрастыру-0,5 Жаратылыстану1 | Шығармашылық-3,5 Музыка-1,5 Сурет-1 Мүсіндеу-0,5 Аппликация-0,5 | Әлеумет-0,5 Қоршаған орта-0,25 Экология негіздері-0,25 |
І апта «Тарихқа саяхат» | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Бір аяқпен секіреді (4-5рет, оң және сол аяқпен). Қапшықты оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтырады. Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүреді. Қимылды ойын: «ЭКСПО-ға жол» 2.Қысқа секіртпемен секіреді (демалу үзілістері бар 2-3реттен, 10рет секіреді). Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүреді. Табан мен алақанға сүйеніп, төрттағандап еңбектейді. Қимылды ойын: «Бәйтерекке кім жылдам барады?» 3. Бір аяқпен секіру(4-5рет, оң және сол аяқпен). Оң және сол қолымен көлд ененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтырады. Басқа қап киіп, заттарды аттап өтеді, бұрылады. Қимылды ойын: «Киіз үйді жина» | Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: М. Хакімжанованың «Отан» өлеңі Мақсаты: Тәрбиелілік: Білімділік: Дамытушылық: Отанды, туды құрметтеу сезімдері мен тіл байлықтары дамиды . Дид-қ ойын: «Не? Қайда? Қашан?» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Отан» өлеңі Е. Өтетілеуұлы Мақсаты: өлеңді эмоционалды қабылдай отырып, мәнерлеп айтуға, тыңдап, түсіне білуге үйрету. Өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Менің қалам» | Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Үлкен және кіші» Мақсаты: Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.Ұзындығы және ені бойынша бірдей және екі түрлі затты салыстыру. Шаманы салыстыруда беттестіру және тұтастыру тәсілдерін қолдану. Дид-қ ойын: «Хайуанаттар бағына саяхат» Құрастыру Тақырыбы: «Бәйтерек» монументі (қағаздан құрастыру жұптық жұмыс) Мақсаты: бәйтерек ғимаратын қатты қағаздарды дұрыс қолдана отырып құрастыруды үйрету;туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;қағаз бөлшектерін бір-біріне желімдеу, бұрыштарымен жақтарын бүктеу, беттестіру іскерліктерін дамыту. Дид-қ ойын: «Айырмашылығын тап» Жаратылыстану Тақырыбы: «Қай жерде өседі?» Мақсаты: Табиғаттың жанды нысандары және ерекшеліктері туралы түсініктерін жүйелеу. Балабақша аумағындағы жəне жақын, алыс мекендердегі өсімдіктерді (ағаштар мен бұталар) ажырату жəне атай білу дағдыларын дамыту. Дид-қ ойын: «Қай ағаштың жапырағы?» | Музыка Тақырыбы: «Ұлы дала ұланымын» Мақсаты: Елдің әдет-ғұрпы мен тарихын музыкамен байланыстыра рухани тәрбиелеу. Музыканың ырғағын дәл бере отырып, сермеу, серпілу қимылдарын орындау Әуенді ырғақты қимыл: «Батырлар биі» А.Еңсепов Музыка тыңдау: «Атамекен» Е.Хасанғалиев Ән айту: «Елімнің ертеңгі иесі-біз» А.Еспенбетова Ойын ойнау: «Тақия тастамақ» Ұлттық ойын Музыка Тақырыбы: «Ұлы дала ұланымын» Мақсаты: Елдің әдет-ғұрпы мен тарихын музыкамен байланыстыра рухани тәрбиелеу. Музыканың ырғағын дәл бере отырып, сермеу, серпілу қимылдарын орындау Әуенді ырғақты қимыл: «Батырлар биі» А.Еңсепов Музыка тыңдау: «Атамекен» Е.Хасанғалиев Ән айту: «Елімнің ертеңгі иесі-біз» А.Еспенбетова Ойын ойнау: «Тақия тастамақ» Ұлттық ойын Сурет Тақырыбы: «Киіз үйдің керегелері» Мақсаты: Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.Киіз үйдің керегелері туралы түсініктерін кеңейту, жуан,жіңішке таяқшаларды рет-ретімен салуды, қарындашты қолдануды үйретуді жалғастыру. Үстел-үсті ойыны: «Киіз үйді құрастыр» Мүсіндеу Тақырыбы: «Байтерек монументі» Мақсаты: Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, Байтеректің мүсінін жасауға үйрету. Кескішпен түрлі безендірулер жасауға дағдыландыру. Үстел-үсті ойыны: «Бәйтерек қандай?» (Воскобовичтің ойындары) | |
ІІ апта «Туған өлкем» | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1. Қысқа секіртпемен секіреді (демалу үзілістері бар 2-3реттен, 10рет секіреді). 50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіреді. Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүреді. Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап» 2.Еденнен 20-25см көтерілген баспалдақ тақтайдан аттап өтеді. 20-25см.биіктікке секіреді. Құрсаудан еңбектеп өтеді. Қимылды ойын: «Тақия тастамақ» 3. Қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5-6доп арқылы кезекпен) аттап өтеді. 50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіреді. Гимнастикалық қабырғамен аралықтан аралыққа, оңға-солға ауысады. Қимылды ойын: «Қармен ойын» | Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Біз тұратын қала» (сурет бойынша әңгіме құрау) Мақсаты: Сөз және сөз ұйқастарынан құрылған ойындарға қызығушылығын арттыру. Мнемотехника әдісі арқылы қаланың көрікті орындарын ретімен сипаттап, әңгіме құрастыра білуге үйрету. Дид-қ ойын: «Менің мекенжайым» Драма Тақырыбы: «Атам мен әжемнің ауылына саяхат» Мақсаты:Ата мен әженің әңгімесін тыңдау мен адамдардың сезімі мен қарым –қатынасын көріп, қайталап көрсетуді қалыптастыру. Таныс ертегі кейіпкерлердің рөлдерін адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалау Дид-қ ойын: «Кім есінде көп сақтайды?» . Орыс тілі Тема: «Наша Родина-Казахстан. Мой родной город». Цель: Формировать у детей первоначальные представления о родном городе и Родине –Республике Казахстан. Учить называть на русском языке символы Казахстана, узнавать и называть достопримечательности родного города и столицы; Развивать слуховое и зрительное внимания, словесно-логическое мышление, тонкую ручную моторику; Воспитывать уважение к госсимволам, любовь к родному городу, основы казахстанского патриотизма. Дид-я игра:«Нарисуй свой край» | Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Астананың кереметтері» Мақсаты: Геометриялық пішіндерді және геометриялық денелерді ажыратады және атайды. Дид-қ ойын: «Неге ұқсайды?» Құрастыру Тақырыбы: «Достық үйі» ( Құрылыс материалдарынан) Мақсаты: Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру. Үстел-үсті ойыны: «Біздің өлкедегі үйлер» Жаратылыстану Тақырыбы: «Құсхананы мекендеушілер» Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін анықтау жəне кеңейту. Жанды нысанды сипатта білу дағдысын, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатқа қамқор, мейірімді көзқарасын тəрбиелеу. Дид-қ ойын: «Туған өлке құстары» | Музыка Тақырыбы:«Туған өлкем» Мақсаты: Туған қаласына сезімін ән арқылы жеткізу. Хормен сөздер мен дыбыс-тарды таза және анық айтуға дағдыландыру. Әуенді ырғақты қимыл: «Сыр сұлуы» Ш.Қалдаяқов Музыка тыңдау: «Сыр елім» (Т.Төрәлінің репертуарынан) Ән айту: «Қызылорда» А.Еспенбетова Ойын ойнау: «Алақанмен ән айтамыз» Музыкалық дидактикалық ойын Сурет Тақырыбы: «Достық үйі» Мақсаты: Геометриялық пішіндерді салуға, ою-өрнекпен әшекейлеуге үйрету. Балаларды әдемілікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Үстел-үсті ойыны: «Достардың үйін құрастыр» Аппликация Тақырыбы: «Сыр ана» монументі Мақсаты: Қайшына дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Шаршыны беттестіру тәсілімен үшбұрышты қиюды үйрету. Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Желімді, сүлгіні қолдануды үйретуді жалғастыру Дид-қ ойын: «Туған өлке жәдігерлері» | |
ІІІ апта «Астана-Отанымыздың жүрегі» | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: Еденнен 20-25см көтерілген баспалдақ тақтайдан аттап өтеді. Гимнастикалық қабырғамен аралықтан аралыққа, оңға-солға ауысады. 20-25см.биіктікке секіреді. Қимылды ойын: «Мен Астанаға барамын» 2. Қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5-6доп арқылы кезекпен) аттап өтеді. Құрсаудан еңбектеп өтеді. Ойлы-қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүреді. Қимылды ойын: «»Мегаға» кім бірінші жетеді? » 3. Еденнен 20-25см көтерілген баспалдақ тақтайдан аттап өту.Оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтыру. 20-25см.биіктікке секіру Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Қимылды ойын: «Бәйтерекке тез жет» | Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Астана- арман қала» (сурет бойынша әңгімелеу) Мақсаты: Сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі) сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, қосымшаларды қолдана білуге үйрету. Дид-қ ойын: «Сүйікті қалаға саяхат» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам, Ел ордасы - Астанам» Мақсаты: Балалардың қала, ауыл және Астана туралы түсініктерін сурет бойынша тиянақтап, ой-өрісін дамыту. Елін, жерін, туған қаласын сүюге тәрбиелеу. Дид-қ ойын: «Бұл қай қала?» Орыс тілі Тема: «Астана-моя столица»Цель: познакомить с легендой о Байтереке; учить слушать и понимать содержание легенд; познакомить с достопримечательностями города Астаны; воспитывать чувство любви и уважения к столице; воспитывать интерес к истории своей страны; развивать речь, мышление. Дид-я игра: «Желаю тебе, родная земля!» | Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Астанам-бас қалам» Мақсаты: Кеңістікте бағдарлау:өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету.Өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атау (бас,аяқтар,қолдар) Дид-қ ойын: «Астананың көрікті жерлері» Жаратылыстану Тақырыбы: «Астанадағы хайуанаттар бағы» Мақсаты: Үй жануарлары жəне жабайы аңдар, олардың сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы білімдерін кеңейту. Дид-қ ойын: «Астананың көрікті жерлері» | Музыка Тақырыбы: «Астана-Отанымыздың жүрегі» Мақсаты: Астана қаласы, Бәйтерек туралы түсініктерін дамыту, мақтаныш және құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Әнді қуанышты, екпіндете, жігермен орындауға төселдіру. Әуенді ырғақты қимыл: «Сыр сұлуы» Ш.Қалдаяқов Музыка тыңдау: «Астана» Б.Әлімжан Ән айту: «Қызылорда» А.Еспенбетова Ойын ойнау: «Қатып қал» Қимылды ойын Музыка Тақырыбы: «Астана-Отанымыздың жүрегі» Мақсаты: Астана қаласы, Бәйтерек туралы түсінік-терін дамыту, мақтаныш және құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Әнді қуанышты, екпіндете, жігермен орындауға төселдіру. Әуенді ырғақты қимыл: «Шырша жыры» Л.Хамиди Музыка тыңдау: «Астана» Б.Әлімжан Ән айту: «Жаңа жыл» А.Еспенбетова Ойын ойнау: «Қатып қал» Қимылды ойын Сурет Тақырыбы: «Пирамида» Мақсаты: Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, пирамиданың суретін салуға үйрету. Бояу түсін таңдап, сурет салуға қызығушылығын арттыру Үстел-үсті ойыны: «Әдемі пирамида» (Воскобович ойындары) Мүсіндеу Тақырыбы: «Пирамида» Мақсаты: Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, Пирамиданың мүсінін жасауға үйрету. Кескішпен түрлі безендірулер жасауға дағдыландыру Үстел-үсті ойыны: «Әдемі пирамида» (Воскобович ойындары) | Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: «Астана-бас қалам» Мақсаты: Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздер туралы (Ту, Еотаңба, Әнұран) білімдерін қалыптастыру. Өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. «Астананың көрікті жерлері» Лэпбук жасау |
ІVапта «Тәуелсіз Қазақстан (ҚР тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер) | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1. Гимнастикалық қабырға бойынша оңға-солға ауысып өрмелеу. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру.(сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Қимылды ойын: «Тұғырлы жалау» 2. Қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5-6доп арқылы кезекпен) аттап өту.Қапшықты оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтыру. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру.(сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Қимылды ойын: «Теңге алу» 3. Қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5-6доп арқылы кезекпен) аттап өту. Оң және сол қолымен көлдененінен 2-2,5м қашықтықта дәлдеп лақтыру). 20-25см.биіктікке секіру. Қимылды ойын: «Кім жылдам Эстафеталық жарыс: «Бақытты жанұялар» | Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» Мақсаты: Сурет бойынша әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету. Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дид-қ ойын: «Менің мекенжайым» (Воскобовичтің дамытушы ойындары) Драма Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан» Сахналық қойылым Мақсаты: Сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін серіктесімен сәйкестендіре отырып сақтауға, сахнаны, алаңды бағдарлай білуге үйрету. Ерсектер мен құрдастарымен өзара әрекет ете алу дағдыларын қалыптастыру. Орыс тілі Тема: «Государственные символы Республики Казахстан» Цель: учить связно рассказывать о государственных символах РК: флаге, гербе, развивать связную речь. воспитывать чувство гордости за свою Родину. Дид-я игра: «Что мы видим?» | Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Қазақстанның байлықтары» Мақсаты: Әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу). Тура және кері бағытта 5 көлемінде санатып жаттықтыру. Дид-қ ойын: «Бұл қай жерде...?» Жаратылыстану Тақырыбы: «Қазақстандағы жануарлар» Мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдерін атайды. Сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы білімдерін кеңейту. Дид-қ ойын: «Төлдерін ата» | Музыка Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан» Мақсаты: Тәуелсіз елін, жерін мақтан тұтуға, патриот-тық сезімге тәрбиелеу. Қол ұстасып, шеңбермен жүре білу дағдыларын дамыту. Әуенді ырғақты қимыл: «Шырша жыры» Л.Хамиди Музыка тыңдау: «Жаса мәңгі Қазақстан» Б.Бейсенова Ән айту: «Жаңа жыл» А.Еспенбетова Ойын ойнау: «Аяз атаның сиқырлы таяғы» Қимылды ойын Сурет Тақырыбы: «Байтерек монументі» Мақсаты: Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, Байтеректің суретін салуға үйрету. Бояу түсін таңдап, сурет салуға қызығушылығын арттыру. Үстел-үсті ойыны: «Қазақстанның көрікті жерлерін ата » (Воскобовичтің дамытушы ойындары) Аппликация Тақырыбы: «Байтерек монументі» Мақсаты: Текшеден дөңгелек пішін қиюға үйрету. Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Дидиактикалық ойын: «Қазақстанның көрікті жерлерін ата » | Экология негіздері Тақырыбы: «Қысқы ағаштар» Мақсаты:балабақша ауласындағы кейбір ағаштардың, бұталардың түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Ағаштардың бөліктерін тауып, атай білу дағдыларын бекіту. Дид-қ ойын: «Президент саябағы» |