Файл: Мектеп директоры Ж. Г. Юсупов.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 169

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:

- «Заттардың бөлшектері»;

- «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары»;

- «Химиядағы энергетика»;

- «Химия және қоршаған орта»;

- «Химия және өмір».

Білім алушылардың химиялық процестердің мәнін, заңдар мен заңдылықтардың мағынасын жетік түсінуге және оларды өмірде қауіпсіз қолдануға; проблемаларды шешуге, жағдайды сын тұрғысынан бағалауға және шешім қабылдауға, сондай-ақ, түрлі әдістермен тиімді коммуникация орнатуға мүмкіндік беру болып табылады.

Қоршаған ортада әртүрлі құбылыстар мен процестер болып жатады, олардың көпшілігі химия ғылымы түсіндіретін заңдар мен заңдылықтарға бағынады. Химия пәні оқушыларға Жерде адамның тiршiлiк әрекетiне өте маңызды көптеген табиғи заттар бар екендігін және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау қажеттiлiгiн түсiнуге тәрбиелейтін мүмкiндiк бередi. Химияны оқу қоршаған ортада болып жатқан химиялық құбылыстардың мәнiн түсiнуге жетелейді.

Оқушылардың сыни және шығармашылықпен ойлауын, сонымен қатар көптеген эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамыта отырып, проблеманы шешуде шығармашыл тәсілдерді қолдануды қолдайды. Бұл пәнді оқу барысында оқушылардың зетханалық құрал-жабдықтарды қолдану мен эксперимент жүргізу дағдылары дамиды.

Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушылардың келесі білігі мен дағдыларын дамытуға бағытталған:

-қауіпсіздік техникасын пайдалана отырып құрылғылар мен құрал-жабдықтарды қолдану, тәжiрибе жүргізу, химиялық заттарды анықтау, есептеулер жүргізу, моделдерді жинау;

-табиғи құбылыстар, үдерістер, заңдардың мәнін түсіну үшін лабораториялық тәжірибе және зерттеу жұмыстарын жүргізу, эксперименттік есептер шығару;

-қоршаған ортада болатын өзгерістердің себеп-салдарын анықтау, оларды берілген жағдаятты шешу үшін түсіндіру және әдістерді ұсыну.

Бұл оқу бағдарламасы табиғаттағы, адамзаттың іс-әрекетіндегі химиялық үдерістерді, экологиялық проблемаларды шешудегi химиялық технологиялардың мүмкiндiктерi, химиялық өнімдер өндірісінің принциптері мен қоршаған ортаның сақталу тепе-теңдігі туралы білім береді.

Химияның оқу бағдарламасы оқушыларға:

-атомдар мен заттар молекулаларының құрылысын, химиялық үдеріс барысында олардың қасиеттерінің өзгерісін;

-химиялық реакциялар кезінде заттың жалпы массасы мен энергиясының сақталуын;


-химиялық реакцияның жылдамдығының химиялық процесс шартының ауысуына байланысты өзгеруін;

-ғылыми әдістер мен эксперименттерді жоспарлауға;

-қоғам үшін химияның кең ауқымды мүмкіндіктерін бағалауға;

-жағдайды шынайы бағалау, нәтижелерді қорытындылау, эксперименталды жұмыстар жүргізу кезінде қорытынды жасау маңыздылығын;

-техникалық қауіпсіздік ережесін сақтап, қоршаған ортаға қауіпсіз химиялық айналымдарды жүргізуге болатындығын;

-химияның маңызды заңдылықтарын пайдаланып химиялық процестер мен заңдылықтарды болжауға және түсіндіруге болатындығын;

-шығармашылық әдіс-тәсілдер арқылы химиялық ақпаратты пайдаланып, өмiр сапасын жақсартуға болатындығын түсінуге мүмкіндік береді.

8-сыныптың оқу бағдарламасында жаңадан қосылған «Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу» бөлімінде тиісінше экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, термохимиялық реакциялар,отындардың жануы мен энергиясын бөлуі, кинетикалық бөлшектер теориясы тұрғысынан энергия өзгерту жаңа ұғымдар зерделенеді.

Жаңартылған мазмұндағы бағдарламада практикалықіс-әрекеттердағдыларын қалыптастыру әлдеқайда көп дәрежеде қарастырылған. Бұл арада практикалық және зертханалық жұмыстар ерекше рөл атқарады.

8-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша 10 зертханалық тәжірибе берілген,оның ішінде 3-уі жаңа:

- «Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» № 2 зертханалық тәжірибе;

- «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» № 4 зертханалық тәжірибе;

- «Судың кермектігін анықтау» № 10 зертханалық тәжірибе.

«Ерітінділер және ерігіштік» тақырыбы бойынша 9-сыныптың оқушылары заттардың суда ерігіштігін анықтай білуі тиіс. Оқу бағдарламасы қауіпсіз зертханалық тәжірибелер, практикалық жұмыстар, көрсетілімдер, үй эксперименттерін жүргізіу және ұйымдастыру арқылы зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

Жаңартылған мазмұндағы типтік оқу бағдарламасы бойынша қолданыстағы бағдарламамен салыстырғанда 7-8-сыныптар үшін зертханалық жұмыстар саны көбейді.

«Химия» оқу пәні бойынша зертханалық жұмыстар

Жұмыс түрлері

7-сынып

8-сынып

9-сынып

Демонстрациялар

-

4

16

Зертханалық тәжірибе

11

10

17

Практикалық жұмыстар

4

7

6



Білімалушылардыңоқужетістіктерінбағалаудыңнормативтікталаптарына сәйкесбөлімбойыншажиынтықбағалаудыңсаны

ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы 125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары» (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы 193 бұйрығымен енгізілген) 12-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.

Әр тоқсанның ұзақтығын, оқу жүктемесінің көлемін ескере отырып, жаңа оқу жылында 15.2-кестеде көрсетілгендей бөлімдер бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) келесі саны ұсынылады.
15.2-кесте 7-9 сыныптардағы бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Үлгілік оқу жоспарлары

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

7 сынып

2

2

2

2

8 сынып

3

3

3

3

9 сынып

3

3

2

3


Негізгі орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған


"Химия" пәнінен төмендетілген мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Химия» пәнінің оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен толықтырулар енгізілген) міндетті пәндер ретінде жаратылыстану- математикалық бағытта аптасына 2 сағат, қоғамдық-гуманитарлық бағытта аптасына 1 сағат оқытылады.

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Химия» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасында (2 сағат) оқыту мақсаттары қысқартылды.

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптары үшін «Химия» пәнінен оқу бағдарламасында (1 сағат) оқу мақсаттары қысқартылды.

«Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

10-сыныпта аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;

11-сыныпта аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).

10-11-сыныптарда «Химия» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасында өзгерістер енгізілген. Жаратылыстану-математика бағытында бөлімдер сақталған, органикалық химияның бөлімшесі «Көміртегі және оның қосылыстары» 11-сыныпқа ауыстырылған. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұнынан «Химиялық реакциялардың энергетикасы» бөлімі алынып тасталды.

«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, білім алушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.


Негізгі міндеттері:

1) заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар);

2) зияткерлік және экспериментальдық және зерттеушілік біліктер мен дағдылар түрінде іс-әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру тәжірибелерін қалыптастыру;

3) жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс-әрекеттер негізінде жаңа әдісін қалыптастыру;

4) қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін, "Химия" пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік құзіреттіліктің қалыптасуында көрінетін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.