ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 78
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіштерді аралас жалғау
Пәні: | Физика | |||||
Бөлім: | Тұрақты ток | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Бердимбетова Р.С. | |||||
Күні: | 25.01.2023ж | |||||
Сынып: 10а | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіштерді аралас жалғау | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 10.3.2.1 - аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану; | |||||
Сабақтың мақсаты | Электр тогының табиғатын түсіндіру, Ом заңын аралас жалғанған бөлігі үшін қолдану. Аралас жалғанған тізбектерді тұрмыста,техникада қолданылуына есептер шығару. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Өткен білімді еске түсіру Сабақтың ортасы | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушыларды топқа бөлу Өткенді қайталау Сұрақтар: 1-топ 1.Электр тогы дегеніміз не? 2.Электр тогының пайда болу шарттары 3.Ток күшін өлшейтін құралдың аты қандай? 2-топ 1.Ток күші дегеніміз не? 2.Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? 3.Ток күшінің өлшем бірлігі қандай? 3-топ 1.Амперметр тізбекке қалай жалғанады? 2.Кернеудің өлшем бірлігі қандай? 3.Кедергінің өлшем бірілігін атаңыз. Жаңа тақырып . Электр тогы- электр зарядтарының бағытталған қозғалысы. Өткізгіштегі электр тогын сипаттау үшін ток күші және ток тығыздығы деген физикалық шамалар енгізіледі. Ток күші –бірлік уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд мөлшеріне тең шама. Ток тығыздығы- ток күшінің өткізгіштің көлденең қимасының ауданына қатынасына тең физикалық шама Тізбек бөлігі үшін Ом заңы Тізбек бөлігіндегі ток күші сол бөліктегі кернеуге тура пропорционал және кедергіге кері пропорционал Бұл Ом заңының формуласы Топтарға тақырыпшаларды бөліп беру. «Өрмекші»әдісі бойынша,ақпарат жинақтап,өткізгіштерді тзбектей,параллель,аралас жалғауларды түсіндіру, негізгі физикалық шамаларды анықтау формулаларын жазу.
Қолдану. Сызбамен берілген есептерді шығару. «Сәйкестендіру» Бекіту «Демонстрация жасау» Есептер шығару. 36-жаттығу 1.Қалта фонары шамының қыл сымы арқылы t=2 мин уақыт ішінде q₁=20 Кл заряд өтеді.Шам қыл сымы арқылы q₂=60 Кл заряд өтетін уақытты және ток күшін анықтаңдар. 2.Найзағай өткізгіш ұшын жермен жалғайтын темір сымның көлденең қимасының ауданы S=1 см² . Найзағай разряды кезінде осы сым арқылы І=10⁵ А ток жүруі мүмкін .Өткізгіштегі ток тығыздығын табыңдар.Оны диаметрі 2 мм болатын және бойымен 1,57 А ток өтетін өткізгіштегі ток тығыздығымен салыстырыңдар. 3. Егер І= 1 А ток күшінде кернеудің түсуі U=1,2В болса, өткізгіштің меншікті кедергісі ρ неге тең? Өткізгіштің диаметрі d=0,5 мм, ал ұзындығы l=47 мм. Үйге тапсырма: §36 36-4,5 есептері, 208-211 беттер. | Оқушылар сұрақтарға жауап беріп белсене қатысып отырады Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Тақырыпшаларды қорғайды Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды | Дескриптор Сұрақтарға жауап береді 2 балл Дескриптор Тізбектей жалғауды біледі Параллель жалғауды біледі Аралас жалғауды біледі-4 балл Дескриптор Құрал жабдықтарды суретінен танып біледі-1балл Дескриптор Демонстрация жасайды Есептер шығарады-3 балл | ФИЗИКА 10 сынып Стикер Слайд | ||
Сабақтың соңы | Рефлексия Кері байланыс: Нені білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді? Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау | Оқушылар кері байланыс береді | Формативті бағалай 10 балл | |