ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 74
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Келесі бір жаңалығым Қызылқаланы зерттеу барысында ашылды. Маңғыстау жерінде Қызылқаламен замандас Маңқыстау деген бекіністің болғаны туралы Якуттың еңбегінде де сөз етіледі. Хорезм мемлекетінің тәуелсіздігі үшін Сельжук династиясына ашықтан-ашық қарсы шыққан оның алғашқы билеушісі Атсыз туралы айтылады.
«Маңқыстау Хорезмнің ең батыс шекарасындағы алынбас қамал.Ол Хорезм мен Саксиндегі және оррыс мемлекетінің ортасында, Жейхұн өзені құятын теңіз жағасында». Якут Атсызды мадақтаған өлеңді де келтіреді.
Маңқыстауға үрей салдық жай отындай төбеден
Мойындады жеңілгенін қорқып алмас жебеден.
Истрахиді қайталап, Маңқыстауды Сиякухтың арғы жағынан келген түрік тайпалары тұрады деп жазды.
Менің ойымша, Қызылқала аты аңызға айналған Маңқыстау қаласы. Егер екі қаланы салыстыратын болсақ:
Біріншіден - қаланың гүлдену кезеңі XI-XII ғасырларда айтылған тарихи деректерге сәйкес келеді. XII ғасырда Маңқыстау қаласының атағы тіпті өрлей түсті. Мұхаммед Ибн Наджиб Бекран өзінен бұрынғы деректерді растайды.
Екіншіден - Қызылқала мен Маңқыстау сауда жолының бойында орналасқан.
Үшіншіден - Қызылқала ортағасырлық жобамен салынған Маңғыстау жеріндегі бірден-бір елді мекен.
Төртіншіден- қала тарихы күшті, алынбас қамал салудан басталған.
Бесіншіден - 1065 жылы Арп-Арслан әскерімен Маңғыстауды қоршағанда, бекініс қабырғаларын тұрғызған болса, Қызылқаланың да бекінісі пайда болғаннан кейін, белгілі бір уақыт өткеннен соң тастармен қапталған. Екі қаланың да бекінісі тұрғызылған мерзімдері сәйкес келеді.
ІІІ. Қорытынды.
Бұл әрине бастапқы зерттеулерімнің нәтижелері. Бұл қалалар әлі де терең зерттеуді қажет етеді.Бейнеу,Тоқсанбай, Қабақты тағы басқа қалаларды терең зерттеу болашақ жоспарымыз болып отыр. Мен осы жұмысымды толықтырып, археологияға үлесімді қоссам деймін. Маңғыстау қалалары археологиясының көзін ашып бастадым. Алда күтіп тұрған жұмыс өте көп ынта, жігер мен зор еңбекті талап етеді.
Туған өлкемнің ежелгі, құпияға толы қалаларын зерттей отырып, төмендегідей ұсыныстар айтқым келеді:
1. «Қаһарман қалалар» деген атпен мектепте сынып сағаттарын өткізу арқылы туған жердің ежелгі ескерткіштерін ескеріп, бүлдірмеуді талап етсе;
2. Мектепте тарих үйірмесінде, факультатив сабақтарда ежелгі қалалар туралы деректер оқытылып, мәліметтер берілсе;
3. Аудандақ баспасөз беттерінде «Мәдени мұра» айдары ашылса;
4. Мектептерде ежелгі қалалардан сыр беретін материалдар мен жәдігерлер жинақталып, оқушылар салған суреттер қойылып көрме ұйымдастырылса;
Осы ұсыныстар жұртшылық қызығушылығын оятып, өлкедегі тарихи ескерткіштерді терең зерттеуге септігін тигізеді деп ойлаймын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Маңғыстау.С.Шалабаев, Е. Өмірбаев, Қ. Сыдиықов.
Жалпы редакциясын басқарған Ш. Есенов.
Қазақстан баспасы.Алматы.1973 жыл.
2.Ұйқыдағы арудың оянуы.Ә.Кекілбаев.Қазақстан баспасы. 1979 жыл.
3.Маңғыстау энциклопедиясы.Алматы.1997 жыл.
4.Берекелі Бейнеу. Ақтау.1993жыл.
5. Бейнеу.Өлке танытқыш зерттеулер.Алматы. Қағанат.-ҚС. 1999 жыл.
6. Бейнеу. Тарихи -танымдық әңгімелер.Алматы. 2002жыл.
7.С. Қондыбай. «Маңғыстау географиясы».Алматы баспасы. 2008ж .
8. С. Қондыбай. «Маңғыстау- нама». Алматы «Арыс» баспасы. 2006 жыл.