ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 48
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Парассаттылық және этика | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы №6 | Дінаралық татулық | |
Сабақтың мақсаты | |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдас-тыру кезеңі | Ой қозғау Бүгінгі таңда Қазақстан этносаралық жəне конфессияаралық келісімдітатулық пен бейбітшілікті сақтауда әлем елдеріне үлгі болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл саясаттың тиімділігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетінің қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер |
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Конфессияаралық келісім – қазақстандық қоғамның тарихи жетістігі.Дінаралық татулық әр кезде де қоғамның бейбітшілікті қамтудағы кепілі. Соның ішінде зайырлы мемлекеттерде қауіпсіздік пен бейбітшіліктің көрінісі конфессияаралық татулық болып табылады. Конфессияаралық татулықты негізгі ұстаным еткен біздің мемлекетіміздің саясаты жаһандану дәуірінде аяғын нық басуда. Конфессияаралық татулықтың маңыздылығы өте зор, себебі ұлттар мен ұлыстардың әр алуандылығы адамзаттың бейбіт күнде алаңсыз өмір сүріп, ұрпақ әкелуіне басты кепіл бола алады. Әсіресе, зайырлық принципі орнаған мемлекеттерде түрлі дін өкілдерінің бір тудың астында бейбіт өмір сүруінің қамтамасыз ету мемлекет саясатының дінаралық татулықты орнатуда маңызды қадам жасауын қажет етеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылғандығын» Президент Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өткен. Сонымен қатар Елбасы «Біздің әр алуан ұлттар мен ұлыстар арасында өмір сүретіндігіміз – тағдырдың тартуы. Басты мақсатымыз – гүлденген көпұлтты мемлекет құрғымыз келсе, біз гуманизм, этникааралық толеранттылық қағидаларын ұстануымыз қажет»,- деген. Дінаралық татулық тұғырын берік етуде мемлекет басшысы қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық сезінетін саясаткер ретінде, әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Астана қаласында өткізуді ұсынғаннан бері, елімізде үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өткізілуде. Әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып, біздің заманымыздың қасіреттері: фанатизм, зомбылық, экстремизм мен терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізетінін бағамдаған. Съездердің жалпы мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді. Съездер барысында өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл қадамдар жасалды. Сонымен қатар осындай маңызды алуан іс-шараның үнемі ұйымдастырылып отыруы еліміздің дінаралық татулық алаңына айналғанын байқатады. «Бейбіт елдің ұланымыз» тақырыбында әр ұлтты өкілдерді кірістіре отырып шағын қойылым қою. | Ақпараттық мәтінмен танысады Берілген жаттығуды орындайды. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте |
Қорытынды | Кері байланыс Не білдім? Не көрдім? Не түсіндім? Нені жетілдіруім керек? | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | |
Үй тапсырмасы | «Дінаралық татулық» эссе | | | |