Файл: Миф он кндігіні жабылуы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 126

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




.


Тақырыбы: “МИФ он күндігінің жабылуы”
Ашылуы : би.

1-жүргізуші: Қайырлы күн аяулы ұстаздарымыз бен құрметті оқушылар ! Бүгінгі «МИФ» апталығының жабылу салтанатына қош келдіңіздер.

2- жүргізуші: Математика, информатика физика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Апталықты бірге қорытындылауға,
Шақырамыз сіздерді, – дей отырып сөз кезегін Оқу ісінің меңгерушісі

Бұлбұл Ахмадиқызына береміз.

1- жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

(Мақсат пен Дана орындауында ”Ән” )

2- жүргізуші:

Асу асу белдерден асып жатқан

Асқар биік таулардын артында жатқан

Асем де шұрайлы жерде МИФ патшалығы орналасқан

Сол патшалықта әділ де, жомарт билік ететін патша өмір сүріпті

Сол патшылықтын ханшайымы..

Ел ішінде «Күлмес ханшайым» атанған патшаның қызы болыпты

Күндердің бір күні ханшайым өз еркелеген мінезін көрсетеді.

Сол кезде болған оқиға ...

Күлмес ханшайым
Ханшайым: Қызықты емес, ішім пысты! Осыдан мен жылағым келеді, өңім де қашып кетіпті (өзі бетін сипап болуда). Әкетай, сіз патшасыз ба, әлде жоқ па? Мен ханшайыммын ба, әлде ханшайым емеспін бе?

Патша: Мен патшамын, ал сен қарағым, ханшайымсың, міне, тіпті сенің жазылған атыңмен жеке куәлігің бар (көрсетеді). Жаным-ау, жылама. Қаласаң кино көрсетейік. «Сүйкімді ханшайым» деген киноны көргің келе ме?

Ханшайым: Әкетай, қызық екенсіз! Сүйкімді ханшайым, ол менмін ғой! Мен бәріне ұнағым келеді, көңіл көтеріп күлгім келеді!

Патша: Министр, менің қызым көңіл көтергісі келеді!

Министр: (бұрылып). Ұлы мәртебелі патша, тыңдап тұрмын!

Патша: Қызымның іші пысты, егер ештеңе ойлап таппасаң, сен жұмыстан шығарыласың!

Министр: Жігіттермен кездесу ұсынуға болады?

Министр: Бірнеше келбетті жігіттер, әдемі ханшайымға арналған.

Ханшайым: Келбетті жігіттердің керегі жоқ, ақылдыларын көргім келеді! (ашуланып)

Патша: Ақыылллдылаардыы? Олар қандай? (Таңданып)

Министр: Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер ғой! Мұндай жігіттер қазір сәнге айналған. Келісіңіз патша.


Патша: Жарайды.

Ханшайым: Ақылдылармен кездескім келеді, тез әкеліңдер алдыма! Басқа хандықта ақылды жігіттер көп, ал бізде тек келбеттілер ғана (шыдамсызданып).

Патша: Оның ақылды екенін біз қалай білеміз? (Таңданып)

Министр: Ұлы мәртебелім, біз оларды тестілеуден өткіземіз.

Патша: Тестілееу? (Таңданып) Япырмай, бұндай сөзді алғаш естіп тұрмын, бірақ маған ұнайды, келістім.

Министр: Құп болады тақсыр (телефонды алып). Алло!!! Танысу бюросы? Патша мен ханшайымның бұйрығы бойынша, сіздерге хабарласып тұрмын. Тапсырыс бар. Бір топ ақылды жігіттерді жіберіңіз! (телефонды қояды). Бәрі орындалды.

Патша: Естіп тұрсың ба, қызым?

Ханшайым: Ура!!! Бірінші тест ойнаймыз, ал содан кейін дискотека болады!

(Соқ – соқ биі).

Уәзір: Алыс хандықтардан біздің ханшайымыздың көңілін көтеру үшін ең ақылды және ең сымбатты ханзадалардан таңдаулылары келіп тұр. Олар: «Математика» патшалығының патшасының жалғыз ұлы Пифагор, «Информатика» патшалығының патшасының тұңғыш ұлы Билл Гейтс, және де ең шалғайдағы «Физика» патшалығының патшасының кенже де ерке ұлы Ньютон.......

Патша: Оооо, келе жатыр.

Министр: Біз бүгін ханшайымымыздың көңілін сіздердің эксперименттеріңізбен, білімдеріңізбен және де жаңалықтарыңызбен көтереміз. Сонымен бастайық! Бірінші тест (3 сұрақ).

Министр: 1 сұрақ: менде міне екі қасық бар. Біреуі ағаш, екіншісі металл. Екеуі де бірдей температурада. Бірақ екеуін де бір мезетте қолға алсақ, метал қасық ағаш қасықтан едәуір жылы екенін сеземіз. Бұған не болды екен?

Жауабы: ағаш қасықты ұстасақ, оның жылуөткізгіштігі аз болғандықтан, аз ғана бөлігі жылиды. Ал металл қасықтың жылуөткізгіштігі көбірек болғандықтан, оның көп бөлігі жылиды.

Эрудит: (Ньютон) ағаш қасықты ұстасақ, оның жылуөткізгіштігі аз болғандықтан, аз ғана бөлігі жылиды.

Эрудит: (Пифагор) ағаш қасықты ұстасақ, оның жылуөткізгіштігі аз болғандықтан, аз ғана бөлігі жылиды. Ал металл қасықтың жылуөткізгіштігі көбірек болғандықтан, оның көп бөлігі жылиды.

Эрудит: (Билл Гейтс) ағаш қасықты ұстасақ, оның жылуөткізгіштігі аз болады.

Министр: 2 сұрақ: Бір топ үйрек ұшып келеді. Біреуі алдында, екеуі соңында;біреуі соңында екеуі алдында; біреуі екеуінің ортасында;үшеуі бір- бірінің соңында. Үйректер нешеу?

Жауабы: 3.

Эрудит: (Ньютон)

6

Эрудит: (Билл Гейтс) 8

Эрудит: (Пифагор) 3

Министр: 3 сұрақ: Принтер түрлерін атаңдар?

Эрудит: (Ньютон) матрицалық, ,...

Эрудит: (Пифагор) сия-бүрккіш, лазерлік.

Эрудит: (Билл Гейтс) матрицалық, сия-бүрккіш, лазерлік.

Ханшайым: Қызықсыз, ұнамайды! Сіздер сөз бердіңіздер ғой, сиқырлық қайда?!

Министр: Сиқырлық? Қазір болады, тек сиқырлық емес, қызықты тапсырмалар. Сонымен әрбір эрудитқа жеке тапсырмалар беріледі. Кім тапсырмаларды орындамаса, тестілеуден шығып кетеді.Сонымен Эрудит: (Ньютонға) саған шөлмек беріледі. Оның ішінде су бар. Ол судың ішіне біз металл шарикті жібереміз. Сен ол металл мшарикті 5 минут ішінде қолыңды суға салмай, металл шарикті алып шығу керексің.

Эрудит: (Ньютон) тапсырманы орындай алмайды.

Келесі Эрудит: (Пифагорға) Үстелдің үстінде тарелке тұр. Оның ішінде су бар. суда күміс жатыр. Және де стақан, қағаз, сереңке берілген. Осы 3 зат арқылы қолыңды суға батырмай күмісті алып шығу керек.

Эрудит: (Пифагор) орындайды.

Эрудит: (Билл Гейтс) Суды қыздыру!

Эрудит: (Пифагор) орындай алмайды.

Ханшайым: Қызықсыз, ұнамайды!!!!!!!

1 жүргізуші: Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,

Компьютер бар сенің қасиетің,

Бір емес бірнеше іс атқарсаң

Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарсаң-дей келе МИФ он күндігіндегі информатика сайыстың жеңімпазадарын марапаттайық (Жайнагүл татей).

2 жүргізуші: Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті оралған мәні оятар.

Ән: Орындайтын: Маржан

Ханшайым: Ал, енді мен сіздердің ақылды екеніне көзім жетті! Әрине әрбір адамның өнері бар гой, мен өнерлеріңізді көргім кеп тұр.

Министр: Әрине ханшайым, біздің ақылды жігіттердің өнерлерін тамашалайық!!!!!!!!!

Эрудит: (Ньютон) “Ән”

Ханшайым: Қызықсыз, ұнамайды!!!!!!!

1 жүргізуші: «Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан цифр термек үшін,
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін»- дей келе МИФ он күндігіндегі физика сайысының жеңімпазадарын марапаттайық .(Әбілқайыр Асқарбек )

2 жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне, ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

би.

Министр: Ал енді екінші Эрудитімізді қарсы алайық

Эрудит: (Пифагор) “Би”

Ханшайым: Керемет........)))))))))))))))

2 жүргізуші: Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын! дей келе МИФ он күндігіндегі математикалық сайыстардың жеңімпазадарын марапаттайық (Айнаш Қожахметова).

1 жүргізуші: Өлең сөздің патшасы сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы – дегендей Әділбеков Алтынбектің қиыннан қиыстырып өзі шығарған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!

Патша: ООО Пифагор, үлкен рахмет менім ханшайымымның көңілін көтердіңіз!!!

Министр: Урааа! Мені жұмыстан шығармайтын болды.(Бәрі би билейді)

Уәзір: Содан бері талай күндер өтіп,сонында МИФ патшалығында бақыт орнап, біздің күлмес ханшайымның жүзінен күлкі кетпейтін болыпты. Патшаның тілегі орындалдып, Пифагорымыз атақ даңққа бөленіп ханшайыммен бірге ұзақ ғұмыр кешіпті....

2жүргізуші: Осылайша біздің МИФ атты сиқырлы патшалығымызға саяхатымыз аяқталды.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Құрметті көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

Амираның орындауындағы биді қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге мың алғыс,
Шын сезінген көрермен,
Кездесеміз әлі біз –дей келе МИФ он күндігінің жабылу кеші өз мәресіне жетті, келгенлерінізге көп рақмет! Қош сау болыңыздар.