Файл: Мемлекеттiк атаулы леуметтiк кмектi таайындау жне тлеу аидаларын бекіту туралы азастан Республикасы Денсаулы сатау жне леуметтік даму министріні .doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 127
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
өтініш берушінің құжаттар пакеті және Орталықтың еңбекке қабілетті адамдардың немесе отбасы мүшелерінің лайықты жұмыстан не мемлекеттік қолдау шараларынан, оның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шаралары шеңберінде бас тартуы туралы қорытындысы қоса берілген электрондық шешім жобасын шартты ақшалай көмек тағайындау үшін уәкілетті органға жолдайды.
28. Әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған кезде Орталық күнтізбелік екі күннің ішінде өтініш берушіге және (немесе) еңбекке қабілетті адамға және (немесе) еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелердің алғашқы рет (қайта) орындалмауы туралы хабарлама жолдайды.
Орталық жолдама жіберген сәттен бастап күнтізбелік жеті күннің ішінде өтініш беруші немесе еңбекке қабілетті адам (отбасы мүшесі) әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерін орындау бойынша шараларды қабылдамаған жағдайда Орталық бір жұмыс күні ішінде:
1) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы қорытындысын дайындайды;
2) 18 жасқа дейінгі балаларды, кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдарды және жеті жасқа дейінгі балаларына күтімді жүзеге асыратын аналарды қоспағанда, шартты ақшалай көмектің мөлшерін үш айлық мерзімге, бірақ әлеуметтік келісімшарттың аяқталу мерзімінен аспайтын мерзімге 50%-ға азайту туралы электрондық шешім жобасын қалыптастырады;
3) шартты ақшалай көмектің мөлшерін азайту туралы электрондық шешім жобасын әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы қорытындысымен қоса осы Қағидалардың 13-тармағында айқындалған тәртіппен уәкілетті органға жолдайды;
4) алушыны осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелердің алғаш рет (қайтадан) орындалмағаны туралы хабардар етеді.
29. Уәкілетті орган шартты ақшалай көмектің мөлшерін азайту туралы шешім шығарғаннан кейін, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің қайта орындалмағаны анықталған кезде Орталық бір жұмыс күні ішінде:
әлеуметтік келісімшартты бұзу туралы қорытынды дайындайды;
18 жасқа дейінгі балаларды, кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдарды және жеті жасқа дейінгі балаларына күтімді жүзеге асыратын аналарды қоспағанда, отбасыға шартты ақшалай көмекті тоқтату туралы электрондық шешім жобасын қалыптастырады;
отбасыға шартты ақшалай көмекті тоқтату туралы электрондық шешім жобасын әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы қорытындымен қоса осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға жолдайды;
алушыны осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелердің алғаш рет (қайтадан) орындалмағаны туралы хабардар етеді.
30. Уәкілетті орган отбасыға төленетін шартты ақшалай көмектің мөлшерін азайту немесе оны тоқтату туралы шешімді осы Қағидалардың
14 және 15-тармақтарында айқындалған тәртіппен қабылдайды.
31. Әлеуметтік келісімшартты мынадай:
отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу қажет болған;
еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің кәсіптік оқытуды және (немесе) жастар практикасын және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылуы аяқталмаған жағдайларда алты айға дейін ұзартуға болады.
Әлеуметтік келісімшартты ұзарту кезінде шартты ақшалай көмектің мөлшері қайта қаралмайды.
32. Уәкілетті орган әлеуметтік келісімшартты ұзартуға байланысты адамға (отбасыға) шартты ақшалай көмек төлемін ұзарту туралы шешімді осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында айқындалған тәртіппен мыналардың:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алушының жазбаша өтініші;
2) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшартқа қосымша келісім негізінде. Қосымша келісім әлеуметтік келісімшарт мерзімінің аяқталуына күнтізбелік он күн қалғанға дейін жасалады.
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қорытындысы;
4) ұйымдардың шартты ақшалай көмек алушының оқуда немесе жастар практикасында немесе әлеуметтік жұмыс орындарында болуы туралы мәліметтері;
5) Орталықтың шартты ақшалай көмек төлеуді ұзарту туралы шешімінің жобасы негізінде қабылдайды.
33. Шартты ақшалай көмекті тағайындау, шартты ақшалай көмек төлемін ұзарту кезінде еңбекке қабілетті адамның немесе еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің әлеуметтік келісімшартты іске асыру кезеңінде тапқан табысы отбасының жиынтық табысына қосылмайды.
34. Орталық, уәкілетті орган шартты ақшалай көмек мөлшерін азайту туралы, шартты ақшалай көмек төлемін тоқтату туралы немесе ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өзіне немесе әкім арқылы осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек төлемін тоқтату (мөлшерін өзгерту), ұзарту туралы хабарлама береді.
35. Әлеуметтік келісімшартты іске асыруды мониторингілеуді ауданда (қалада) консультант, ал ауылдық жерде – ассистент жүргізеді.
36. Ассистент ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3 күніне дейінгі мерзімде консультантқа осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеу туралы есепті ұсынады.
Консультант ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеу туралы есепті ұсынады.
3-тарау. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
37. Алушыға атаулы әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті органның шешімі негізінде ақшалай нысанда жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Артық төленген қаражат өз еркімен қайтаруға жатады, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібінде қайтарылады.
38. Атаулы әлеуметтік көмек төлеу атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау және төлеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға
өтініш
Халықты жұмыспен қамту орталығына ________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________ мекенжайында тұратын
(елді мекен, аудан)
__________________________________________________________________
(көшесі, үй және пәтер, телефон №)
жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
жеке басты куәландыратын құжат:
құжат түрі___________________________________
құжат № /сериясы ________ берілген күні ________ кім берді_________
Менің ______ адамнан тұратын отбасыма:
( белгі қойылсын)
шартсыз ақшалай көмек
ш артты ақшалай көмек (бір жолғы/ай сайынғы)
(қажетінің асты сызылсын)
түріндегі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды/ұзартуды (қажеті сызылсын) сұраймын, сондай-ақ мені және (немесе) менің отбасымның еңбекке қабілетті мүшелерін халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберуді сұраймын.
Сонымен қатар маған және менің отбасымның мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету мүмкіндігін қарастыруды сұраймын.
Менің отбасымның құрамы келесідей:
Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші және отбасы мүшелері туралы мәліметтер | |||||||||
Жеке сәйкестендіру нөмірі № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Туыстық қатынастары | Мәртебесі (жұмыс істейді, жұмыс істейтін зейнеткер, жасы бойынша зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруашылығындағы адам, студент, оқушы, мектепке дейінгі оқушы) | Жұмыс істейтіндердің жұмыс орны және қызметі, қазіргі кездегі мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың оқу орны | 15 жастан асқан адамдардың білімі (диплом бойынша мамандығы) | |||
| | | | | | | |||
| | | | | | ||||
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер*: | |||||||||
| | | | | | | |||
| | | | | | ||||
| | | | | | ||||
| | | | | |
Ескертпе:
* бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін және бір елді мекенде тіркелген отбасы мүшелері көрсетіледі.
20__жылғы ___тоқсанда менің отбасымның табысы келесідей:
Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жұмыс, оқу орны | Құжат бойынша расталған табыс сомасы | Басқа да көрсетілген табыстар | ||||
Еңбеккеақы төлеу бойынша | Зейнетақы, жәрдемақы және басқа төлемдер | Стипен диялар | Алимент тер | Кәсіпкерлік қызметтен, басқа да қызметтерден | Табыстың өзге түрлері | ||
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның мүшелері (мені қоса алғанда) туралы ақпаратты (табысы, білімі, тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы) пайдалануға, сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке келтіруге және жаңартуға келісім білдіремін.
Мен ұсынған ақпараттың құпия екені және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана пайдаланылатыны туралы хабардармын.
Мен ұсынған деректерде өзгерістер туындаған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы,
сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші адамдардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардар етілдім.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефон__________ ұялы телефон ____________ Е-маil_________________
20___ жылғы «___» __________ _____________________
(күні) (өтініш берушінің қолы)