Файл: Ботакз Лесбекызы мен Мадина Тулкунызы Сандар тізбегі Сандар тізбегі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 2792

Скачиваний: 17

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жауабы: Д) қыркүйек айының 2-сі
Өлшем бірліктер. Масштаб
Өлшем- заттың, дененің сапалық және сандық сипаттарын көрсететін заңдылық.Ал өлшемнің бірліктеріне келетін болсақ, олар күнделікті тұрмыста, техникада, медицинада, шаруашылықтарда және т.б. ғылым салаларында кездеседі.Біз математикада күнделікті өмірде көп кездесетін өлшем бірліктерді қарастыратын боламыз.Егер өлшем бірліктер болмаса біз заттарды, денелерді салыстыра алмас едік, сол үшін өлшем бірліктерді білу өміріміздегі маңызды зандылықтардың бірі болмақ.


ҰЗЫНДЫҚ ӨЛШЕМІ
Ұзындық өлшемдері- күнделікті тіршілікте, ғылым салаларында көптеген денелердің, заттардың бойын, ұзындығын өлшеуге қолданылады.

АУДАН ӨЛШЕМІ

Аудан өлшемдері- күнделікті тіршілікте, ғылым салаларында қандайда бір жазықтықтың, беттің, пішіннің алып жатқан аумағын, жерін өлшеуге қолданылады.

КӨЛЕМ ӨЛШЕМІ

Көлсмөлшсмдсрі- күндслікті тіршілікте, ғылым салаларында қандай да бір геометриялық денелердіңкеңістікте алып жатқан бөлігін өлшеуге қолданылады.

САЛМАҚ ӨЛШЕМІ

Салмақ өлшсмдсрі- күнделікті тіршілікте, ғылым салаларында қандай да бір денелердің массасын, салмағын өлшеуге қолданылады.

УАҚЫТ ӨЛШЕМІ

Уақыт өлшсмдері- күнделікті тіршілікте, ғылым салаларында қандай да бір уақыт мезетін өлшеуге қолданылады.Уакыттың өлшем бірліктеріне тоқталайық:


Енді осы өлшемдерге бірнеше мысал есептер қарастырып көрейік.

1-МЫСАЛ.Адам демімен бірге тәулігіне 400 л көмірқышқыл газын шығарады.1 м 3 көмірқышқыл газының массасы 1,98 кг.Адам демімен тәулігіне неше килограмм көмірқышқыл газын шығарады ?

А) 0,892 кг В) 0,728 кг С) 0,792 кг

Д) 0,879 кг Е) 0,839 кг

Шешуі:Бұл есепте жоғарыда айтып кеткендей 1 л = 1 дм3 екенін ескеріп осыдан 400 л = 400 дм3 екенін аламыз.1 м3 =1,98 кг екені белгілі, сонда 1000 дм3
=1,98 кг тең болады.Енді біз 400 дм3 көмірқышқыл газы қанша килограммға тең екенін табу үшін келесі пропорцияны құрамыз:
1000 дм3 ‒‒‒ 1,98 кг

400 дм3 ‒‒‒ х кг


400 дм3 * 1,98 кг
1000 дм3





= 0,792 кг

Осыдан х-ті табатын болсақ:


Сонда адам тәулігіне 0,792 кг көмірқышқыл газын шығаратынын таптық.

Жауабы: С) 0,792 кг

2-МЫСАЛ.1 кг ауаның массасы 1,3 кг. Бөлменің өлшемдері: 7,5 м; 5,4 м; 3,2 м. Бөлме ішіндегі ауаның массасын табыңыз.

А) 157,43 кг В) 168,48 кг С) 137,45 кг Д) 165,41 кг Е) 156,49 кг

Шешуі: Ең алдымен бөлменің көлемін табамыз. Ол үшін үш өлшемді көбейтеміз:V = 7,5• 5,4•3,2 = 129,6 м 3 тең болады. Енді осындай көлемді бөлменің ішінде қанша килограмм ауа бар екенін табу үшін келесі пропорциядан х-ті табамыз.

129,6 м3—‒ х кг

1 м3 ‒‒‒ 1,3 кг


= 168,48 кг

129,6 м3 * 1,3 кг

1 м3

Жауабы: В) 168,48кг

3-МЫСАЛ.3 м соқа тіркелген трактордың жылдамдығы 9 км/сағ болса, ол 5 сағатта қанша жер жыртатынын анықтаңыз.

А) 15 га В) 14,5 га С) 13 га Д) 14 га Е) 13,5 га

Шешуі:Суретін салып көрейік:


Трактордың неше км жол жүргенін тауып алайық:
S = V • t

S = 9•5 = 45 км

Яғни 45 км жолды 3 м соқамен жыртқан. Екеуін де бір өлшем бірлікке келтіріп, жыртылған жердін ауданын табайық:

45 км = 45000 м

S = a•b = 45000 м • 3 м = 135000 м2

10000 м2 = 1 га екенін ескеріп: 135000 м2 = 13,5 га

Жауабы: Е) 13,5 га


МАСШТАБ
Масштаб - сызба, жоспардагы аэрофото түсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық масштаб деп аталады. Жоспар мен карталардың сандық масштабы бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтын неше есе кішірейтілгенін керсетеді.

Сонда масштаб - картадағы кескін ұзындығының, жер бетіндегі (шын өмірдегі) қашықтыкқа қатынасы.



1-МЫСАЛ. Масштабы 1:500 000 болатын картада екі қаланың арасы 4,5 см болса,олардың мекендегі (шын мәніндегі) арақашықтыгын табыңыз.

А) 20,5 км В) 22,5 км С) 24,5 км Д) 23,5 км Е) 21,5 км

Шешуі:Формула бойынша:


х=4,5 • 500000

х = 2250000 см = 22500 м = 22,5 км

х = 22,5 км

Сонда екі қаланың ара қашықтығы 22,5 км.

Жауабы: В) 22,5 км
2-МЫСАЛ.Масштабы 1:2 000 000 болатын картада екі елді мекеннің арасы 5 см .Осы елді мекеннің жердегі арақашықтығын табыңыз.

А) 115 км В) 110 км С) 124 км

Д) 100 км Е) 215 км

Шешуі: Формула бойынша:


х= 5 • 2000000

х = 10000000 см = 100000 м = 100 км

х = 100 км

Сонда екі елді мекеннің шын мәніндегі, жердегі арақашықтығы 100 км-ге тең.

Жауабы: Д) 100 км
Эйлер-Венн диаграммасы
Эйлер диаграммасы(Эйлер шеңберлері) — бұл жиындар арасындағықатынасты, геометриялық схемалар аркылы көрсету үшін пайдаланылатын диаграммалар.Ең алғаш оны Леонардо Эйлер қолданысқа енгізген болатын, ал оны ары қарай дамытып алгебра және логикалық есептерді шығаруға өз кітабында қолданған Джон Веннболатын.Сол себепті қазіргі танда бұл диаграммалар Эйлер-Венн диаграммасы болып қалыптасып, көптеген салаларда пайдаланылады, мысалы: математикада, логикада, менеджментге және т.б. қолданбалы бағыттарда пайдаланылады. Біз болсақ бұл диаграммаларды логикалық және алгебралық есептерді шығаруға, түсінуге пайдаланатын боламыз.Ал ендеше бұл теорияны түсіну үшін жиындарды қарастырайық.Кез келген А және В жиындары берілсін.

А жиынныныңэлемснттерің А {1,2,3,4,5,6,7} болсын, ал В жиынынынэлементгері В{1,3,5,7,9,11} болсын делік. Енді осы жиындарды пайдаланып Эйлер - Венн диаграммасын сызып көрелік.


Енді осы жиындарға амалдар қолданып көрелік.
БІРІГУ АМАЛЫ (ҚОСЫНДЫСЫ).

А мен В жиындарының бірігуі деп - осы жиындардың барлық элементтерінен тұратын үшінші жиынды айтады.ОныА В арқылы белгілейді. Сонда екі жиынның бірігуін (қосынды) табу үшін екі жиынға да тиісті элементерді теріп жазамыз (диаграммадағы жасыл, сары және көк түстегі бөліктердегі сандар):А В {1,2,3,4,5,6,7,9,11} деген жаңа жиынды аламыз.
ҚИЫЛЫСУ АМАЛЫ.

А мен В жиындарының қиылысуы деп осы жиындардың ортақ элементтерінен тұратын үшінші жиынды айтады. Оны А В арқылы белгілейміз. Сонда тек екі жиынға да ортақ элементтерді теріп жазамыз (диаграммадағы тек көк түсті бөліктегі сандар): А В {1,3,5,7} деген жаңа жиынды аламыз.
АЛУ АМАЛЫ (АЙЫРМАСЫ).

А мен В жиындарының айырмасы деп А жиынының В жиынында болмайтын (В-ға тиісті емес) элементтерінен тұратын үшінші жиынды айтады. Оны А\В деп белгілейді. Сонда тек А жиынынатиісті, В жиынында жоқ сандарды теріп жазамыз (диаграммадағы тек жасыл түсті бөліктегі сандар): А\В {2,4,6} деген үшінші жиын аламыз.Осы жоғарыда көрсетілген Эйлер - Венн диаграммаларын пайдаланып келесімысал есептерді қарастырып көрелік.
1-МЫСАЛ.Сыныптағы оқушылардың 18-і ағылшын, 16-сы түрік тілін үйренеді. Осы оқушылардың 7-і ағылшын және түрік тілін бірге үйренеді. Сыныптағы барлық оқушылардың санын табыңыз.

А) 30 В) 27 С) 25 Д) 28 Е) 29

Шешуі:Бұл есепті оңай әрі тез шығару үшін Эйлер - Венн диаграммасын пайдаланамыз. Тек ағылшын тілін үйреніп жатқан оқушыларды табу үшін екітілді де үйреніп жатқан оқушыларды алып тастаймыз, түрік тілін үйреніп жатқан оқушыларды табу үшін дәл солай жасаймыз.Осыдан біз келесі диаграмманы аламыз:

Сонда тек ағылшын тілін үйреніп жатқан оқушылар 11, ал түрік тілін үйреніп жатқан окушылар 9, екі тілді де үйренушілер 7.Сонда барлығы 27 оқушы осы тілдерді үйреніп жатыр.

Жауабы: В) 27
2-МЬІСАЛ.Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемедегі барлығы неше қызметкер екенін анықтаңыз.


А) 35 В) 42 С) 45 Д) 41 Е) 34

Шешуі:Бұл есепті оңай шығару үшін үш шеңберді бір-бірімен қиылыстырып сызып аламыз:



Мұнда ағылшын тілін білетіндер - жасыл шеңберде, неміс тілін білетіндер - көк шеңберде, француз тілін білетіндер - қызылшеңберде.Енді осы шеңберлердің әрбір бөліктерін сандармен толтырамыз. Ең біріншіден үш шсңберге де тиесілі бөлікті толтырамыз. Яғни үш тілді де білетін 3 адам бар.Үш шеңбердің қиылысқан жеріне 3-ті жазамыз:



Енді екі тілге ортақтарды жазамыз.Есеп шарты бойынша:“Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін біледі” деген.Яғни жасыл мен көк шеңберлердің қиылысуында 6 адам болу керек. Біз ортаға 3-ті жазып қойдық.Сондыктан ағылшын және неміс тілдерін білетін бөлікке 6-3=3 жазамыз.


Сонымен жасыл мен көк шеңберлердің қиылысуында жалпы 6 адам болды. Есеп шартымен сәйкес болды. Есеп шарты бойынша: “Олардың бесеуі ағылшын және француз тілдерін біледі.”деген. Яғни жасыл мен қызылшеңберлердің қиылысуында 5 адам болу керек. Біз ортаға 3-ті жазып қойдық. Сондықтан ағылшын және француз тілдерін білетін бөлікке 5-3=2 жазамыз.



Сонымен жасыл мен қызылшеңберлердіц қиылысуында жалпы 5 адам болды. Есеп шартымен сәйкес болды. Есеп шарты бойынша: “Олардың төртеуі неміс жәнс француз тілдерін біледі” деген. Яғни көк пен қызыл шеңберлердің қиылысуында 4 адам болу керек. Біз ортаға 3-ті жазып қойдық. Сондықтан неміс және француз тілдерін білетін бөлікке 4-3=1 жазамыз.


Сонымен көк пеиқызылшеңберлердің қиылысуында жалпы 4 адам болды. Есеп шартымен сәйкес болды.

Енді тек бір ғана тіл білетіндерді жазамыз. Жасыл шеңбер ағылшын тілін білетіндерге тиісті. Есеп шарты бойынша: “мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін біледі” деген. Яғни жасыл шеңберде 24 адам болуы керек. Жасыл шеңберге тиісті 3, 3, 2-ні жазып қойдық. Сондықтан ағылшын тілін білетін бөлікке 24-3-3-2 = 16 жазамыз.