Файл: Ботакз Лесбекызы мен Мадина Тулкунызы Сандар тізбегі Сандар тізбегі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 2794

Скачиваний: 17

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ЕСЕП ШАРТЫНА БОЙЫНША ТЕҢДЕУ ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН УАҚЫТ ПЕН ЖЫЛДАМДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕР

1. Бір топ қаз ұшып барады, оларға бір қаз қарсы ұшып келе жатып: «Жүз қазға бір сәлем!» - депті. Топ қаз оған былай деп жауап беріпті: «Жоқ біз жүз емеспіз! Егер бізге тағы осынша қосылса, тағы сонын жартысыңдай, тағы соның ширегіндей, оның үстіне сен қазым, бізге қосылсаң, біз тура жүз қаз боламыз». Олар қанша болған еді?

А) 36 қаз В) 35 қазС) 30 қаз D) 37 қаз Е) 38 қаз

2. Құсбегі бір көгершінді 4000 теңгеге сатып алды, содан кейін оны 4500 теңгеге сатты. Кейінірек өкініп, сол көгершінді 5000 теңгеден сатып алды. Екі күннен кейін қайтадан көгершінді 5500 теңгеге сатты. Құсбегі осы саудада неше теңге пайда тапты?

A) 12000т B) 5000тг C) 10000тг D) 7000 тг Е) 1000тг

3. Үш санның арифметикалық ортасы 3,2. Осы сандардың алғашқы екеуінің арифметикалық ортасы 2,85 . Үшінші санды табыңдар.

A) 3 B) 3,7 C) 3,9 D) 4 Е) 4,1

4. Төрт балықты екі - екіден өлшегенде массалары 4 кг, 6 кг, 7 кг, 8 кг, 9 кг және 11 кг болды. Барлық балықтың массасы неше килограмм?

A) 10 кг B) 13 кг C) 15 кгD) 17 кг Е) 20 кг

5. Сыныптағы 12 ұл баланың орташа бойының ұзындығы 1,54 см. Егер ең аласа баланың бойының биіктігі 1,21 см болса, қалған 11 баланың орташа бойының биіктігі қанша?

A) 1,52 см B) 1,61см C) 1,63 см D) 1,57 см Е) 1,65 см

6. Сыныптағы 8 ұлдың орташа бойы 1 м 14 см, Ерболдың бойы олардың ен кішісі 1 м 7 см қалған жеті ұлдың орташа бойы қалай болды?

A) 1,12 см B) 1,15см C) 1,16 см D) 1,17 см Е) 1,20см

7. Ерланда 200 тг, ал төрт інісінде 100 теңгеден бар. Бесеуінің ақшасы бірдей болу үшін Ерлан інілеріне қанша теңгеден беруі керек?

А) 10 B) 15 C) 20 D) 25 Е) 40

8. Төрт санның арифметикалық ортасы 9 -ға тең. Олардың үшеуі 5, 9, 12 сандары болса, төртінші санды тап.

A) 6 B) 8 C) 9 D) 10 Е) 36

9. Әсемге 12 пәннен жылдық бағалар қойылды. Онын орташа ұпайы 3,75 болды. Орташа ұпайы 4 болу үшін ол неше пәннен бағасын1 ұпайға көтеруге керек?

A) 7 B) 9 C) 6 D) 3 Е) 4

10. Нұргүлге 16 пәннен жылдық бағалар қойылды. Оның орташа ұпайы 4,25 болды. Орташа ұпайы 4,5 болуы үшін ол неше пәннен бағасын 1 ұпайға көтеру керек?

A) 9 B) 3 C) 6 D)7 Е) 4

11. Бір сынып оқушылары тест жазды. Егер әрбір ұл балалар тестті 3 ұпайға жақсырақ жазса, сыныптың орташа көрсеткіші 1,2 ұпайға жақсарады. Қыз балалар сыныптың қанша пайызын құрайды?

A) 50% B) 55% C) 60% D) 65% Е) 70%

12. Бір топтағы 9 адамның орта жасы 25 жас. Екінші топтағы 11 адамның орта жасы 45 жас. Егер екі топтағы адамдарды қосса, олардың орта жасы неше болады?

A) 70 B) 36 C) 35D) 32 Е) 20

13. Қапта 48 кг қант бар. Тосапқа барлық қанттың 5/12 -і жұмсалды. Қапта неше килограмм қант қалды?


A) 8 кг B) 12 кг C) 20 кг D)24 кг Е) 28 кг

14. Себеттегі жұмыртқаның әуелі жартысын, одан кейін қалғанының жартысын, одан кейін қалғанының жартысын, ақыр соңында қалғанының жартысын алды. Егер себетте 10 жұмыртқа қалған болса, бастапқыда қанша жұмыртқа болған?

A) 160 B) 120 C) 210 D) 190 Е) 110

15. Сыныптағы 28 оқушының 4/7- і қыздар. Сыныпта неше қыз бар?

A) 10 B) 12 C) 16 D) 18 Е) 20

16. Хорға қатысқан ұлдардың ширегі, қыздардың 1/3 -і өлеңді айқайлап айтты, қалғандары ауыздарын жыбырлатып тұрды. Өлеңді айқайлап айтқан қыздар мен ұлдар саны 6. Өлеңді айқайлап айтқан қыздардың өлеңді айқайлап айтқан ұлдардан екеуі артық. Хорға неше қыз, неше ұл қатысты?

A) 12 қыз, 8 ұл B) 11 қыз, 10 ұл C) 15 қыз, 9 ұл D) 16 қыз, 11 ұл Е) 14 қыз, 7 ұл

17. Кәсіпорын өз өнімдерінің 3/4 -ін экспортқа жіберді, ал 1/5 -ін жұмысшыларына таратты. Кәсіпорын қоймасында өнімнің қанша пайызы қалды?

A) 80% B) 20% С) 25% D) 75% Е) 5%

18. Қораптан бірінші ретте 8 кәмпит, екінші рет қалғанының 1/4 -і алынды. Соңында қорапта барлық кәмпиттің 2/3 -і бөлігі қалды. Қорапта қанша кәмпит қалды?

A) 40 кәмпит B) 48 кәмпит C) 44 кәмпит D)35кәмпит Е) 24 кәмпит

19. Бөшкенің бестен бірі суға толып тұр. Осы судың жартысы қолданылғаннан кейін бөшкеге 16 л су құйса бөшкенің жартысы толады. Сонда бөшке канша литрлік?

A) 40 B) 36 С) 32 D) 28 Е) 24

20. Су мұз күйге айналғанда өзінің көлемінің 1/7 - дей ұлғайса, мұз су күйге айналғанда көлемінің қандай бөлігін жоғалтады?

A) B) С) D) Е) 1

21. Мұз су күйге айналғанда көлемінің 1/7 бөлігін жоғалтса, су мұз күйге айналғанда өзінің көлемінің қандай бөлігіне ұлғаяды?

A) 1/7 B) 1/6 С) 1/8 D) 2/7 Е) 5/1

22. Массасы 30 кг коспада 5/6 -і никель және бірдей мөлшерде әр түрлі бес метал бар. Олардың ішінде темір де бар. Қоспаның құрамында қанша темір бар?

A) 800г B) 1200 г C) 5 кг D) 1000 г Е) 2 кг

23. Динара үш ойыншық сатып алды. Бірінші ойыншыққа өзінде бар ақшаның жартысын және 100 тг төледі. Екінші ойыншыққа қалғанының жартысын және 200 тг төледі. Үшінші ойыншыққа қалғанының жартысын және 300 тг төледі. Сонымен ақшасы таусылды. Динарада бастапқыда қанша теңге балған?

A) 3600 тгB) 4500 тг С) 3400 тгD) 6500 т Е) 10000 тг

24. Мұғалім жаңадан келген оқушыдан былай сұрады: «Сен өз сыныбыңда неше оқушы болатынын айта аласың ба? Егер оқушылардың санына тағы сондай сан қосып, сол санның екіден бесіндей сан қосып, сол санның жартысын қосып, соның төрттен бірін және сені қосқанда 127 оқушы болатыны белгілі болса» деді. Сыныпта қанша оқушы бар?



A) 30 B) 35 C) 36 D) 40 Е) 24

25. Ұшып келе жатқан қарғалар теректерге қонды. Қарғалардың жартысы бірінші терекке, қапғанының жартысы екінші терекке, одан қалғанының жартысы үшінші терекке қонды. Төртінші терекке қалған 2 қарға қонды. Төрт терекке барлығы неше қарға қонды?

A)12 B) 16 C) 18 D) 24 Е) 32

26. Үстел үстінде бір қорап кәмпит жатыр. Саян кәмпиттің жартысын алды. Ал қалған кәмпиттердің жартысын кәусар алды. Арай қалған кәмпиттердің жартысын алды, сол кезде қорапта 3 кәмпит қалды. Қорапта басында қанша, кәмпит болғанын табыңыз.

A) 24 B) 30 C) 18 D) 60 Е) 32

27. Бір ит тамақтың сегізден бір бөлігін жеген кезде, оның жеген тамағы қалған тамақтан 480 грамм кем болды. Алғашында тамақ қанша грамм болады?

A) 800 B) 640 С)480 D)770 Е)880

28. Кәсіпкер түскен пайдасының бестен үшін қарызына төледі, жиырмадан үш бөлігін жаратты. Сонда қолында пайданың неше пайызы қалды?

A) 30% B) 25% C) 20% D) 15% Е) 12,5 %

29. Құлыпталған 10 шабадан және олардын 10 кілті бар. Қай кілт қай шабадандікіcекені белгісіз. Шабадандарға сәйкес кілттерді іріктеу үшін көп дегенде неше рет тексеру керек?

A) 43 B) 45 C)50 D)55 Е) 58

30. Сөмкеде 1 - ден 17 -ге дейін нөмірленген 17 шар жатыр. Арасында екі шардың нөмірлерінің қосындысы 18 -ге тең болатындай сөмкеден қарамай ең кем дегенде неше шар алу керек?

A) 7 B) 8 C) 10 D)11 Е) 12

31. Цифрлар жазылған бес кеспе үстел үстінде мына ретпен жатыр: 9, 5, 8, 7, 6. Бір жүрісте кез келген екі кеспенің орнын ауыстыруға болады. Ең кем дегенде қанша жүріспен мына кеспелерді 5, 6, 7, 8, 9 ретіне келтіруге болады?

A) 4 B) 2C) 1 D)3 Е) 5

32. Бөлменің әр бұрышында бір мысықтан, ал бір мысыққа үш мысықтан карама -карсы отырғаны белгілі. Бөлмеде барлығы неше мысық бар?

A) 3 B) 4 C) 5 D) 7 Е) 9

33. Бір отбасы қараңғы түнде көпірден өтпекші болды. Көпірден әкесі 1 минутта, шешесі 2 минутта, ұлы 5 минутта, ал атасы 10 минутта өтеді. Көпір екіден артык адамды көтермейтіндігі және оларда бір ғана жарық шам бар екендігі белгілі. Бұл отбасы көпірден ең аз дегенде неше минутта өте алады?

A) 19 B) 21 C) 17 D) 16 Е) 18

34. Гандбол ойынында төрт ойыншы әр түрлі гол салды. Олардың ішінде Марат ең аз гол салды. Ал қалған үшеуі 20 гол салған болса, Марат ең көп дегенде неше гол салуы мүмкін?

А) 2 B) 3 C) 4 D) 5 Е) 6

35. Отбасында екі қыз бар. Олардың әрқайсысының үш інісі бар. Отбасында ең аз дегенде неше бала бар.

А)2 В) 5 С) 8 D) 3 Е) 6

36. Отбасында бес ұл бала бар. Олардың әрқайсысының бір қарындасы бар. Ең аз болғанда отбасыда неше бала бар?

А) 6 В) 5 С) 12 D) 11 Е) 1

37. Үсен мен Майра бір үйдің балалары және үйде олардан басқа да балалар бар. Үсеннің неше ағасы болса, сонша қарындасы бар. Ал Майраның ағаларынын саны сіңлілерінің санынан екі есе артық. Отбасында неше бала бар?


А)5 В)6 С)4 D)7 Е)3


38. Сәуленің ағалары сіңілілерінен 2 есе көп. Сәуленің ағасы Мұраттың қарындастары қанша болса, інілері сонша. Осы отбасында неше бала бар?

А) 6 В) 4 С) 7 D) 5 Е) 8

39. Сәуленің ағалары сіңілілерінен 3 есе көп. Сәуленің ағасы Мұраттың қарындастары қанша болса, інілері сонша. Осы отбасында неше бала бар?

A) 6 B) 4 C) 7 D) 5 Е) 8

40. Балауса мен Жансезім төмендегі тоғыз санды өзара бөлісіп алды: 1, 3, 7, 8, 9, 11, 14, 25, 32. Әркім өзіне төрт сан алды және бір сан артық қалды. Балаусаның сандарының қосындысы Жансезімнің сандарының қосындысынан үш есе көп болса, артық қалған санды анықтаңыз.

A) 3 B) 11 C) 14 D)8 Е) 9

41. Фермерде сыйымдылықтары 15, 16, 18, 19, 20 және 31 л болатын ыдыс бар. Олардың бірі қаймақпен толтырылған, қалғандары айранмен немесе сүтпен толырылған. Фермердің айтуы бойынша, сүттің көлемі айраннан екі есе көп. Онда қаймақ неше литр ыдысқа салынған?

A) 19 B) 18 C) 16 D) 15 Е) 20

42. Әсемнің сағаты әрбір бір сағатта 4 секундқа қалып қалады. Әсем-нің сағаты бір тәулікте қанша уақытқа қалып қалатынын анықтаңыз.

А) 1 мин 12 с В) 1 мин 48 сС) 1 мин 24 с D) 48 с Е) 1 мин 36 с

43. Ескі сағат қоңырауы әр 24 сағат сайын 8 минутқа кешігеді. Таңертең сағат 7:00 - де тұру үшін, бұл сағат қоңырауы бүгін кешкі 22:00 -де неше минутқа алға жылжытып қою керек?

A)9 минB)3 минC)1 мин 30 с D)2 мин 40 с Е) 15 мин

44. Егер сағат тілі әр күн сайын 3 минутқа қалып отырса, қанша күннен кейін сағат дұрыс уақытты көрсетеді?

A) 100 B) 120 C) 60 D) 240 Е) 360

45. Үш сейсенбі күні бір айдың тақ күндеріне сәйкес келсе, сол айдың 21 - і аптаның қай күні болады?

A) Сейсенбі B) Сәрсенбі C) Бейсенбі D) Жұма Е) Сенбі

46. Сәуір айында 5 сенбі және 5 жексенбі бар екені белгілі болса, 1 сәуір аптаның қай күніне сәйкес келеді?

A) Сейсенбі B) Сәрсенбі C) Бейсенбі D) Жұма Е) Сенбі

47. Осы жылы Қанаттың туған күні қандай да бір аптаның Сейсенбі күніне келіп тұр. Ал Мараттың туған күні Қанаттың туған күнінен кейін 52 -шікүн болса, Мараттың туған күні аптаның қай күніне сәйкес келетінін анықтаңыз.

A) Сейсенбі B) Сәрсенбі C) Бейсенбі D) Дүйсенбі Е)Жұма

48. Қарауыл 3 күн істеп төртінші күні демалады . Ол жексенбі демалып , дүйсенбі де жұмысын бастайды . Оның демалысы қанша күнде бір жексенбіге сәйкес келеді ?

A) 21 B) 25 C) 28 D) 30 Е) 35

49. Уақыт 09:20 -да сағаттық және минуттық тілдерінің арасындағы бұрыш шамасы неге тең?

A) 140° B) 150° C) 160° D) 170° Е) 165°

50. Электронды сағат уақытты 00:00 ден 23:59 - ға дейін сағатпен және минутпен көрсетіп тұр. Бір тәулікте таблода 2;0;1;9 цифрларын әр түрлі тәсілмен неше рет көруге болады?