ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 51
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан», Парижде | Мектеп: Өркен ауылының ЖОББМ | |||||||||||||
Күні: 07.03.2023 | Мұғалімнің аты - жөні: Мырзатхан Тамара | |||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т/ЖБ 6.1.2.1– әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: әдеби шығарманың идеясын түсіндіре алады; | |||||||||||||
Көптеген оқушылар: шығарманың идеясынан әлеуметтік- қоғамдық мәселені таба алады; | ||||||||||||||
Кейбір оқушылар: әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады; | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады. | |||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Балуан, екі пұттық кір тас, лом темір, айыр қалпақ, ала жібек шапан, жарты пұттық балға, рельс, цирк, жалпылдақ жүнді айыр өркешті атан, шойын | ||||||||||||||
Диалог құруға арналған тіркестер: Қажымұқан, Париж, Дубный, цирк, өнер, ду қол шапалақ, үндістандық т.б. | ||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Күш атасы не үшін Қазақ халқының атынан шыға алмай, есімі Ресей балуандарының тізімінде болды? 2.Сол кезде қазақ даласында спорт өнері қаншалықты дамыған еді? | ||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын негізге ала отырып, мәдени-рухани құндылықтарымызды оқушы санасына сіңіру, күш атасының іс-әрекеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы, дене тәрбиесі, география | |||||||||||||
Алдыңғы оқу | Қ. Әбдіқадыров «Қажымұқан», Ұлы Петрдің қаласында | |||||||||||||
ЖОСПАР | ||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||||
Басы Психологиялық ахуал 5 минут | Ұйымдастыру; Психологиялық ахуал орнату Өткен тақырып бойынша білгендерін пысықтау үшін «Неге, неге?» әдісі бойынша оқушылар бір - біріне сұрақтар қояды: - Татарша киінген екеу кімге келді? Неге? - Қажымұқан мен татар саудагері Иван Лебедевке келді. Неге? - Қазақ балуанын шеберлік мектебіне қабылдасын деп келді. Неге? - Өйткені жас жігіттің күші тым көп еді,бірақ күрес ережесін білмейтін. Оны сондай мектепке беру керек. Неге? - Себебі Лебедевтің мектебі сол кездегі орыс жеріндегі бірден бір мықты мектеп болды. - Балалар, жарайсыздар, шығарманы толық меңгерген екенбіз, ендеше, бүгінгі сабағымызда осы шығарманың «Парижде» бөлімін талдаймыз. Сіздер мәтін мазмұнымен танысып келдіңіздер. Сабақтың мақсатымен таныстырамын. | Автор мен кейіпкедің фотосуреттері Yandex.kz | ||||||||||||
Ортасы – 30 минут | 1-тапсырма. «Үнсіз кадр» тәсілі. Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беріп, шығарманың идеясын ашыңыздар. 1.Қажымұқан не үшін елді сағынса да, кетпей қалды? 2. Орыс балуандарын Париж сахнасына бастап шыққан кім? 3. Бұл кадрдан нені көріп отырмыз? 4. Бұл суретте мәтіннің қай тұсы суреттелген? ДЕСКРИПТОР: Сурет арқылы сұрақтарға сыни тұрғысынан ойлана алады; Сурет арқылы шығарманың идеясын аша алады; Шығармадан сұраққа жауап таба алады. ҚБ: Толық жауапқа Толық емес жауапқа Кері байланыс: Ауызша жүргізіледі (мұғалім) «Жарайсың!», «Тамаша!», «Әлі де толықтыра түс», «Сәл мына бір жерін былай өзгертіп жібер», «Мына жауап ұтымды болды», т.б.
«Дубный», «Қажымұқан» - сол бойынша оқушыларды топқа бөлу. | Yandex.kz | ||||||||||||
| 2-тапсырма. ТЖ. «Шын және өтірік» әдісі. Мәтін мазмұнынан 1 - топ «Шын» деген деректерді теріп жазып, 2 - топ «Өтірік» қарама – қайшы сұрақтар дайындап, екі топ тапсырма бойынша бір –біріне жауап беріңіздер.
ҚБ: Өте жақсы Жақсы Орташа Кері байланыс: Ауызша жүргізіледі (мұғалім) «Жарайсың!», «Тамаша!», «Әлі де толықтыра түс», «Сәл мына бір жерін былай өзгертіп жібер», «Мына жауап ұтымды болды», т.б. | | ||||||||||||
| 3 – тапсырма.ТЖ «Керемет пікірталас» әдісі Әр топ суырылған сұраққа АКТ – ны пайдаланып, әлеуметтік- қоғамдық мәселені тауып, талдаңыз. І топ - Күш атасы Қажымұқан не үшін қазақ халқының атынан шықпай, есімі Ресей балуандарының тізімінде болды? ІІ топ - Сол кезде қазақ даласында спорт өнері қаншалықты дамыған еді?
Өте жақсы Жақсы Орташа Кері байланыс: Ауызша жүргізіледі (мұғалім) «Жарайсың!», «Тамаша!», «Әлі де толықтыра түс», «Сәл мына бір жерін былай өзгертіп жібер», «Мына жауап ұтымды болды», т.б. | | ||||||||||||
| 4- тапсырма.«Sinquain» әдісі. Шығармадағы Қажымұқан бейнесін «Sinquain» әдісіне салыңыз.
ҚБ: Өте жақсы Жақсы Орташа Кері байланыс: Ауызша жүргізіледі (мұғалім) «Жарайсың!», «Тамаша!», «Әлі де толықтыра түс», «Сәл мына бір жерін былай өзгертіп жібер», «Мына жауап ұтымды болды», т.б. | | ||||||||||||
| 5– тапсырма: «Попс формуласы» әдісі. Қазіргі таңда елімізде Балуан атамыздың жолын қуған кімдер және спорт өнерінің дамуы сол кезбен салысырғанда қандай дәрежеде? «Попс формуласының» заңдылықтарын сақтай отырып, жауап беріңіз. Бағалау: «Попс формуласы» арқылы білдіріңіздер
ҚБ: Толық жауапқа Толық емес жауапқа Кері байланыс: Ауызша жүргізіледі (мұғалім) «Жарайсың!», «Тамаша!», «Әлі де толықтыра түс», «Сәл мына бір жерін былай өзгертіп жібер», «Мына жауап ұтымды болды», т.б. | | ||||||||||||
Соңы 5 минут | Рефлексия. (Оқушы) Ауызша: «Менің сөзім» тәсілі арқылы оқушылар рефлексия жасайды (бір оқушы бүгінгі сабақты қорытындылап бастайды да, келесі оқушының есімін атайды, екінші оқушы жалғастырады). Үйге тапсырма: «Қажымұқан ұлтын сүйген ұлы тұлға» тақырыбына эссе жазып келу.(50 – 60 сөз) | |