Файл: Сапа формасы форма качества.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледж» МКК

ГКП на ПХВ «Талдыкорганский высший медицинский колледж»

САПА ФОРМАСЫ

ФОРМА КАЧЕСТВА

Шебер-сыныптың әдістемелік нұсқамасы

Методическая разработка мастер-класса

F-05-03-01

Рев. 01 Ревизияның басталу мерзімі___10.04.2015______

01.Рев.Дата ввода ревизии___10.04.2015______

Бет 1-8

Страница 1 из 8


Тақырыбы: «Цифрлы Қазақстан порталымен жұмыс»

Мақсаты:

  1. Оқытушыларды ақпараттық технологияларды қызмет барысында қолдана білуге бағыттау, Egov порталының қызметтерімен таныстыру.


Күтілетін нәтиже:

  • Egov порталының қызметтерімен жұмыс істей білу.

  • Оқытушаларды өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.


«Электронды цифрлық Қазақстан» туралы ақпарат

Жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, эконо­микамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген техн­ологиялық жаңғыртылу басым­ды­ғына көшуімізді айқындап берді.

Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бас­та­пқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алды­мен, мек­тептерді жаппай компью­тер­лендіру қолға алынды. Ком­пью­терлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құ­рал ретін­­де пай­­­­дала­ныла бас­та­ды, ақ­паратпен орын­да­ла­­тын кез к­елген жұмыс компьютер көме­гі­­мен жүзеге асырылатын болды. Ақ­па­­рат­­ты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.

Сымсыз телефондар, желі­лік телеарна – осы бағ­дар­лама­ның жемісі. Жаңа дамып келе жат­қан жасанды интеллект белгілі бір ал­го­ритм жоқ жерде пайдалануға жол ашады.

2011 жылдың 18 қаң­тарын­да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы­мен ұлт­тық жерсеріктік «OTAU TV» теле­ра­дио­­­хабар тарату желісі іске қосыл­ған бо­ла­тын. Бүгінде ұлттық опера­тор қыз­­ме­тін пай­даланатын үй шаруашы­лық­­­тарының саны миллион­ға жету­ге жақын. Цифрлы стан­дартқа көшкен сәтте, Қазақ­стан­да жер­серіктік жүйе або­нент­­терінің саны небәрі 6 300 болға­нын ес­керсек, бұл көр­сеткіш аталған қыз­­­меттің халық ара­сында үл­кен сұ­ра­ныс­қа ие еке­нін көр­се­теді. Бұл, әсіресе, ауыл тұр­­­­ғын­­­дары­на қатысты, өйт­кені, оның або­­нент­­терінің 70 п­а­йы­зы ауыл­­дық жерлерге келеді.

Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол IT са­ласына басымдық беріледі.
Жалпы, Қазақстанда ақ­параттық тех­но­логиялар­ды мемлекеттік секторға ен­діру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәт­ті басталған. Оған мысал келтіруге бола­ды, ол – «eGov» жүйесі немесе Қазақ­стан­­­ның электронды үкіметі. Дәл осы жүйе­­­нің көмегімен бүгінде жүздеген опера­­ция­­­ны компьютер алдында оты­рып-ақ жү­ргізе аласыз. Құжат ресімдеу, ком­муна­л­дық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айып­пұл, сақтандыру және өзге де қыз­мет түрлерін үйде отырып төлеуге кез кел­ген қазақ­стан­дық­тың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле түседі.

Жолдауға сәйкес жазға қарай елімізде «Цифр­лы Қазақ­стан» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы іске қосылуы белгіленді. Ақ­­парат­тық технология­лар қарыш­тап дамып бара жат­қан мына заманда IT сала­сын да­мыт­пасақ, дамыған 30 елдің қа­та­рынан көріну қиын. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жыл­дан-жылға жақсартып келеді.

Жолдауда Елбасы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл­ді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты бағдар берді.

Қазақстандықтардың өмір сапасын арт­тыру әрі ұлттық экономиканы цифр­лан­­дыру бағдарламасын жүзеге асыру шең­берін­де 2020 жылға дейін интер­нет қолдану­шы­лардың санын 80 пайыз­ға дейін арт­тыру, тұрғындардың 95 пайы­зын цифр­лы xабар таратумен қамту, азамат­тар­дың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Бұл үшін биылдың өзінде атал­ған бағдарлама аясында елімізде 244 радио­телевизиялық станса іске қосылмақ.



«Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ІЖӨ-дегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзе­ге асыруда 4 бағыт бар. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интер­нетпен қам­­та­­масыз етіп, Қазақ­стан­ның транзиттік әлеуе­­тін арттыру. Екін­ші бағыт – эконо­мика­­­ның салаларына (көлік және логис­тика, ден­­­сау­лық сақтау, білім беру, ауыл шаруа­шы­­лы­­ғы және электронды сауда) цифрлы тех­­­но­ло­гияны ендіру. Үшіншісі – мемлекет­тік ор­­ган­дар жұмысының сапасын арттыру және төр­тін­ші бағыт – IT-мамандарды даярлау.

Цифрлы технологияның халқымыздың жар­тысы ауылда тұрып, сол жерде нәпақа­сын айырып отырған ауыл шаруа­шы­лығы саласына да берері көп. Әлем­ге бел­гілі «Microsoft» компаниясының қожа­­йы­ны Билл Гейтс ойлап тапқан «Оракул» деген компьютерлік бағдарлама ауылшаруашылық жерлерінің хал-ахуалын санаулы ғана уақыт ішінде талдаудан өткізіп, қандай жағдайда екенін айтып бере алады. Дәл қазір Қазақстанда егістік пен жайы­лымның көбі жекенің қолында және пайдаланылмай жатқаны белгілі. Ал аталған бағдарлама сол жер иелері­нің кім екенін, жерді қанша уақыттан бері пайдаланбай жатқанын анықтай алады. Демек, «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ла­ма­сы аясында Билл Гейтстің «Оракулы» да елімізде кең қолданысқа енуі әбден мүмкін.

Цифрлы технология бұдан бөлек денсау­лық сақтау және білім беру сала­ларын­да да қол­даныста. Биыл оны жетіл­діру мақ­са­тын­да Қазақ­стан мектеп­терінде электрон­ды күн­делік қолданысқа енгізіл­мек. Соны­мен қатар, педагогтар да атқарған жұмыс­та­ры­ның есебі мен жос­парларын қағаз кү­йін­де емес, электронды үлгіде тапсыра алады.

Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғы­­сы келмеген әрбір азамат, маман­дар, ғалым­дар мен студенттер ұялы байла­ныс, теле­коммуникация, сандық ТВ, кең­жолақ­ты интернет, ақпараттық техноло­гиялар, Е-үкі­мет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеу­меттік медиа саласындағы өзекті тақы­­рыптардан тыс қалуына болмайды.


Өзіңіз мінсіз деп білетін қоғамды елестетуге тырысыңыз. Мықты денсаулық, жақсы жұмыс, қамсыз тірлік, өмір сүруге қолайлы жағдайлар -  бұл тізім ұзыннан-ұзақ жалғасуға бар және жеке басымдықтарға байланысты қажетті аспектілермен толықтырылуы да мүмкін. Әйтсе де, мұндай қоғамның ажырамас бөлшегі мемлекет болып табылады. Азаматтарының қамын ойлайтын мемлекет. Әрбір азаматтың әлеуетін мейлінше жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын мемлекет. Азаматтардың заңды құқығының қорғалуы мен сақталуына кепілдік беретін мемлекет. Азаматтардың мұқтаждығы мен қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекет. Арадағы өзара әрекеттестік қарапайым, ұғынықты және қолжетімді болатын, адамдар үшін құрылғанмемлекет.

Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуы кем дегенде соңғы екі пікірдің жүзеге асуына кепілдік бере алады. Дәл осы азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті ету үшін  электрондық үкімет тұжырымдамасы әзірленді.

Электрондық үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен  байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан  өтуіне тура келетін. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға  мәжбүрлейтін. Бүгінде электрондық үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.

Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

Басқаша айтқанда, электрондық үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады),  коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электрондық үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.


Электрондық үкімет құру идеясы Елбасымызға тиесілі, әрі алғаш рет тоғыз жыл бұрын ауызға алынған болатын. Осы уақыт ішінде электрондық үкіметіміз қалыптасуы мен дамуының іргелі төрт кезеңінен өтті. Ол кезеңдердің қай-қайсысы болса да қазақстандықтардың мемлекетпен өзара әрекеттестігіне көмегін тигізгені сөзсіз.

Олардың алғашқысы – ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электрондық үкімет порталы іске қосылып, ақпаратпен толтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы мен халыққа көрсететін қызметтері жайлы ақпараттар пайда болды. Оған қоса, қызмет көрсетудің реттемесі келтіріліп, танысу үшін нормативтік-құқықтық актілер ілінді.

Екіншісі - интерактивті кезең, порталда электрондық қызметтерді тұңғыш рет ұсынуымен есте қалды. Аталмыш кезең барысында порталды пайдаланушылар түрлі мекемелерден кезекке тұруға уақыт жұмсамай-ақ анықтама алу, үйден шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс жіберіп, оның мәртебесін қадағалап отыру  мүмкіндіктеріне ие болды. Электрондық үкімет порталына интерактивті қызметтерді енгізу құжаттарды жинауға кететін уақытты үнемдеуге едәуір көмектесті.  

Дәл осы кезеңде мекемелік ақпараттық жүйелер, мемлекеттік деректер қоры, электронды түрде лицензиялау, және электрондық үкімет шлюзі енгізілді.

Бұл кезеңде әрбір қазақстандық порталдан қажетті құжаттар тізімі, мемлекеттік баж салығының мөлшері, өзі жүгінгелі отырған мемлекеттік органның байланыс мәліметтері секілді барлық қажетті ақпараттарын ала алатын. Алғашқы кезеңнің өзінде-ақ, қажетті ақпараттың толық көлемінің арқасында инстанцияларға жүгірушілер саны әжептәуір азайды.

Электрондық үкімет дамуының үшінші кезеңі – транзакциялық кезең. Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік баж салығын,  алымдар, айыппұлдар және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге мүмкіндік алды. Егер де осыған дейін қызмет ақысын төлеу үшін банкке бару керек болса, енді онлайн жүйесінде қызметті пайдалануға да, оның ақысын төлеуге де болады.

Кәсіпкерлерге транзакциялық кезең шын мәнінде бағалы сыйлық ұсынғандай болды, ол – электронды мемлекеттік сатып алулар болатын. Пайдасы айдан анық – өткізілетін байқаулар мен тендерлердің әділдігі мен ашықтығы артты.

Электрондық үкімет дамуының бүгінгі, төртінші кезеңі – түрлендірмелі кезең. Бұдан былайғы басты мақсат - азаматтарға қызмет көрсетудің мейлінше жылдамдығы.  Дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін интерактивтік және транзакциялық қызметтер қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие кешенді қызмет түрлеріне біріктірілуде. Жыл басынан бері азаматтар 15 минут ішінде заңды тұлғаны тіркеу,  жеке куәлік,  төлқұжат немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігіне ие болды. Әлеуметтік маңызды қызметтерге айрықша көңіл бөлінеді, міне сондықтан да олардың барлығы электронды үлгіге ауыстырылды.