ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 202
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ПРОПОРЦИЯ
1.1. Картада екі қаланың ортасын қосатын кесіндінің ұзындығы 3 см. Картаның масштабы
1 : 1 000 000. Екі қаланың арақашықтығын тап
A) 3 км
B) 300 м
C) 300 км
D) 30 км
E) 30 м
1.2. Масштабы 1 : 2 000 000 болатын картада Семей мен Тараз қалаларын белгілейтін кесіндінің ұзындығын тап (Семей мен Тараз қалаларының арақашықтығы 1 600 км-ге тең).
А) 32 см
В) 40 см
С) 80 см
Д) 1 м 20 см
Е) 1 м 60 см
2.1. Салмағы 120 кг болатын қоспаның құрамында сәйкесінше 2 : 4 : 6 қатынасындай алтын, күміс және қола бар. Қоспадағы қоланың салмағы қанша кг екендігін тап
А) 60 кг
В) 10 кг
С) 40 кг
Д) 30 кг
Е) 20 кг
2.2. Жаңа күмістің құрамында сәйкесінше 2 : 5 : 13 қатынасындай никель, мырыш және мыс қорытпасы бар. Осындай 8 кг жаңа күмісте қанша кг мыс болатынын тап
А) 4,2 кг
В) 3,2 кг
С) 6,2 кг
Д) 5,2 кг
Е)
2.3. Ыдырыс төрт сан ойлады. Ол ойлаған сандардың қатынасы – 2 : 3 : 7 : 8. Бірінші және үшінші сандардың қосындысы 153-ке тең. Ыдырыс ойлаған сандардың қосындысын тап
А) 320
В) 340
С) 360
Д) 380
Е) 400
2.4. Қауын, қарбыз және асқабақтың массасы 19 кг. Қарбыз қауыннан 4 кг ауыр. Қауын мен асқабақтың массаларының қатынасы 2 : 1 қатынасындай. Қауын мен қарбыздың массаларының қосындысын тап
A) 16
B) 13
C) 8
D) 15
E) 9
2.5. Мастер үш күнде 48 деталь жасады. Бірінші, екінші, үшінші күндері жасалған детальдар саны сәйкесінше 5, 4 және 3 сандарына пропорционал. Алғашқы екі күнде мастердің жасаған детальдар санын тап
А) 32
В) 25
С) 35
Д) 36
Е) 40
2.6. Сенбілікте үш сынып 24 ағаш көшеттерін отырғызу керек. 11 «А» сыныбында 32 оқушы, 11 «Ә» сыныбында 28 оқушы, 11 «Б» сыныбында 36 оқушы бар. Көшеттерді әр сыныпқа оқушылардың санына пропорционал болатындай етіп бөліп берді. 11 «Ә» сыныбының отырғызған көшеттер саны
А) 7
В) 8
С) 10
Д) 11
Е) 9
2.7. Үш серіктес сауда-саттықтың жаңа жобасын іске асыру үшін 3700, 4200 және 5000 доллар салды. Олардың алған өнімі 14964 долларды құрады. Серіктестер салымына пропорционал есептегенде әрқайсысы алатын пайданың көлемі
А) 583; 670; 811
В) 601; 666; 797
С) 595; 670; 799
Д) 592; 672; 800
Е) 603; 666; 795
2.8. Шиеден қайнатылған тосаптың 2 бөлігі шие, 3 бөлігі құмшекер. 8 кг тосап қайнату үшін неше килограмм құмшекер қосу керек?
A) 3,5 кг
B) 5 кг
C) 1,6 кг
D) 3,2 кг
E) 4,8 кг
2.9. Салатқа 100 мл тұздық жасауға арналған керекті заттар тізімі көрсетілген. 250 мл тұздық жасау үшін қанша сірке қышқылы қажет екендігін тап
A) 90
B) 95
C) 80
D) 70
E) 75
2.10. Наурыз мерекесіне арналған отырысқа 80 литр сусын диаграммадағыдай мөлшермен алынды. Алынған қымыздың мөлшері коланың мөлшерінен неше литр артық екенін тап
А) 20
В) 30
С) 15
Д) 25
Е) 10
3.1. Принтер бір бет қағазды 3 секундта басып шығарады. Осы принтерде 3 минутта қанша бет қағазды басып шығаруға болады?
A) 27
B) 54
C) 60
D) 36
E) 45
3.2. Тест тапсырмасында математика, физика және тарих пәндері бойынша сұрақтардың диаграммасы кескінделген. Егер барлығы 72 сұрақ болса, математика пәнінен қанша сұрақ болғанын тап
A) 12
B) 38
C) 18
D) 48
E) 42
3.3 . Егер мен Асланға 2 алма берсем, онда ол маған велосипедін 3 сағатқа береді, ал егер 12 кәмпит берсем, онда ол 2 сағатқа береді. 1 алма және 3 кәмпитке велосипедті неше сағатқа алар едім?
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5
3.4. Шаруашылық бірлестігінде әрбір 30 бас малдың 12-і жылқы. Жалпы мал басы 220. Әрбір 11 жылқы 15 га жайлымдық жердің шөбін жейді. Шаруашылық бірлестігінде барлық жылқы қанша гектар жердің шөбін жейді?
A) 125
B) 100
C) 130
D) 120
E) 115
3.5. Бірдей 5 жүк машинасы 100 тонна болатты 4 ретте тасып бітіреді, осындай 7 жүк машинасы 105 тонна болатты неше ретте тасып бітіреді?
А) 5
В) 4
С) 3
Д) 2
Е) 6
3.6. 10 бала 20 үйді 30 күнде аралайды. 15 бала 15 үйді неше күнде аралайды?
A)
B)
C) 15
D)
E)
3.7. 8 қоян 8 сәбізді 4 минутта жесе, 18 қоян 45 сәбізді неше минутта жейді?
А) 10 минут
В) 12минут
С) 18 минут
Д) 27 минут
Е) 36 минут
3.8. 8 жұмысшы 3 күнде жұмыстың 2/5 бөлігін бітірді. Қалған жұмысты 2 күнде бітіру үшін неше жұмысшы керек?
А) 9
В) 10
С) 18
Д) 6
Е) 8
4.1. Дақылдарды себу жұмыстарын жүргізу үшін егістік алқабының жерін жырту жұмыстары жүргізілді. Былтырғы жылы Арман жерді 4 трактор жалдап, олар жұмысты 9 сағатта аяқтаған еді. Бірақ, 4 трактор жалдау Арманды шығынға ұшыратқандықтан, биыл ол 3 трактор жалдады. Жұмыс неше сағатта бітеді?
А) 12
В) 10
С) 11
Д) 13
Е) 15
4.2. 5 жұмысшы берілген тапсырманы жоспар бойынша 6 сағатта орындайды. Тапсырманы жоспарлаған уақыттан 3 есе тез орындау үшін тағы қанша жұмысшы қабылдау керектігін тап
А) 6
В) 2
С) 15
Д) 10
Е) 5
4.3. Құрылысшылар бригадасы тапсырманы 6 күнде орындай алады. Алайда олар бригадаға қосымша 3 жұмысшы алып, тапсырманы 5 күнде аяқтады. Бригададағы бастапқы адамдар саны
А) 30
В) 15
С) 14
Д) 13
Е) 27
4.4. Берілген тапсырманы жұмысшылар бригадасы 42 күнде аяқтай алады. Бригадаға жаңадан 3 адам қосылып, тапсырманы 35 күнде аяқтады. Бригададағы бастапқы және кейінгі адамдар саны (еңбек өнімділіктері бірдей).
А) 18
В) 22
С) 15
Д) 19
Е) 16
Ғ) 30
G) 21
Н) 27
Жүйеленген тест есептері
Батыршин Бахытжан
+7 701 303 82 07
+7 701 303 82 07 Инстаграмм: batyrshin.ubt.online Ютуб канал: Бахытжан Батыршин |