Файл: Курсты Жмыс Бастауыш сынып оушыларын тыдалым мен айтылым дадыларын дамытуды тиімді дістсілдері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 174

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Бастауыш сынып оқушыларын тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері»


Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі:0105000 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

Орындаған: Ошманова Ж.

Ғылыми жетекшісі: Кенжетаева Т.Ж

Астана, 2023


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ_________________________________________________________3

I. Болашақ мұғалімнің заманауи білім жүйесіндегі деңгейі ____________10

1.1Оқушыларын тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері _______________________________________5

1.2Оқшының білім деңгейін көтерудің жолдары_________________________________16

ІІ.Жаңартылған білім беруде айтылым мен тыңдалым дағдысын дамытудың маңызы_________________________________________________________18

2.1 Білім саласында педагогтың оқушымен байланысы_____________________________________________________18

2.2 Жаһандану жағдайына болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі ____________________________________________________21

ҚОРЫТЫНДЫ__________________________________________________24

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________________________ 25


Кіріспе
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі — білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық
капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық — заманауи білім беру
жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», — деп
атап көрсетті [1]. Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.

Бұл мақсатты жүзеге асыруда еліміздегі білім беру саласының бағыт-бағдарын
айқындайтын Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны бәрімізге белгілі.  Бағдарлама бірнеше мақсаттар мен міндеттерден туындап отыр, соның ішінде техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты: қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу, педагог мамандығының беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру [2]. Жоғары оқу орнында дайындықтан өткен мамандардың білімі жоғары дәрежеде  болуы керек. Өйткені, бұл талап әрбір мамандық бойынша білім беру мазмұнын салыстырмалы түрде біртұтас білім саласы ретінде анықтауы керек. Сондықтан бұл жерде даралық-тұлғалық қалыптасу, іскерлік-әдістемелік жетілдіру,
кәсіптік-пәндік білімін толықтыру компоненттерінен өз қажеттілігін тани алу мүмкіндігі туады. Бұл жердегі «өз қажеттіктерін сезіну» — кәсіби қызметтің негізі. Өйткені, ол өзінің әлеуметтік бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген. Болашақ кәсіби құзіретті маман осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт — бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы.
Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ кәсіби маманның — қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.
Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда.
“Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел
әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. “Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”, “кәсіби мүмкіндіктер” және т.б. түсініктерді біріктіреді [3] «Құзірет» және «құзіреттілік» ұғымдарын педагогикалық үрдіске енгізу бағытында ғалымдар зерттеу жұмыстарын арнап, әдіснамалық мәнін ашып, өздерінің әртүрлі түсініктемелерімен сипаттауда. Аталған ұғымдардың табиғи мәніне жетуге байланысты Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары “құзыреттілік” және “құзырет” сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. “Құзыреттілік” – хабардар болушылық, абыройлық; “құзырет” –


жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы деген, К.В.Шапошников: «Кәсіби құзіреттілік категориясын: қоршаған ортамен өзара әрекет етуінде адамның кәсіби іс – әрекетін жобалау және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
тұлғалық қасиеттері, білімі, іскерлігі және тәжірибесінің біріккен жиынтығы »,-десе, И.Н.Алмазова құзірет – адамның іс-әрекеті саласындағы білімі мен іскерлігі, ал құзіреттілік – маман құзырлық қасиеттерін сапалы қолдана алуы тұрғысында пайымдайды [4] . Қазақстанда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық қырларын Ш.Х.Құрманалина (колледж жағдайында бастауыш сынып
мұғалімдерін кәсіби даярлау), Б.Т.Кенжебеков (жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Г.Ж.Меңлібекова (болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігі), Б.Қасқатаева (болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы), С.И.Ферхо (мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын
пайдалана білу құзыреттілігі) және т.б. ғалымдар зерттеген.
Маманның кәсіби кұзіреттілік мәселесі күрделі де көп қырлы

I. Болашақ мұғалімнің заманауи білім жүйесіндегі деңгейі

1.1Оқушыларын тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Халықаралық Комиссияның «Білім беру: жасырын қазына» баяндамасында білімнің негізін құрайтын «төрт тірек» тұжырымдалды: білім алуды үйрену, жасауды үйрену, бірге өмір сүруді үйрену, өмір сүруді үйрену. Бұлар шын мәнінде негізгі жаһандық құзыреттіліктерді анықтады [93]. Берндегі симпозиумда (1996 ж. 27-30 наурыз) Еуропа Кеңесінің бағдарламасы бойынша білім беру реформалары үшін білім алушылар табысты жұмыс үшін де, одан әрі білім беру үшін де меңгеруі тиіс негізгі құзыреттерді айқындау маңызды болып табылады деген мәселе қойылды [94]. «Құзыреттілік» және «құзыретті болу» ұғымдары бүгінгі таңда негізгі педагогикалық категориялардың бірі ғана емес, сонымен қатар пәнаралық зерттеулердің объектісі болып табылады.

Бұл жағдайда зерттеу процесі әлеуметтік өзгерістерге ыңғайлы бейімделуге, білім әлеуетін толықтыруға, кәсіби дағдылар мен дүниетанымдық бағыттарды жаңартуға ішкі ресурстарды табуға мүмкіндік беретін жеке тұлға құрылымындағы компоненттерді анықтауға негізделген. Осы екі ұғымның мазмұны туралы пікірлердің кең ауқымы И.А. Зимняя [41], А.В. Хуторский [14], А.К. Маркованың [42] және т.б. еңбектерінде келтірілген. Қазіргі педагогикада «құзыреттілік» термині келесідей түсіндіріле бастады:


- кәсібиліктің жеке компоненті (Т.Ю. Базаров [95]);

- маманды даярлау сапасының нәтижесі мен критерийі (И.А. Зимняя [41]);

- білім беру мазмұнын жаңғыртудың практикалық көрінісі (В.В. Краевский [96]);

- кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің базалық құрамдас бөлігі (В.М. Антипова [97], К.Ю. Колесина [98]);

- рефлексивті құзыреттіліктің құрамдас бөлігі (В.А. Метаева [99]) және т.б.

Анықтамаларда жекелеген айырмашылықтар болса да, авторлар пікірін тоғыстыратын нәрсе - құзыреттілік ұғымының кәсіби бағыттағы қызметтің 30 қандай да бір түріне қатысты болуы. Басқару қызметі қажетті білім, білік, қабілет жиынтығына ие тұлғаның белгісі не бейнесі ретінде жұмыс атқара отырып, туындаған проблемаларды тиімді шешуге, нәтижелі іс-қимыл жасауға септеседі. Құзыреттілік ұғымына келетін болсақ, ол кәсіби өкілеттіктер мен қызметтердің жиынтығы ретінде білім беру үдерісі үшін тиімді қызмет етуге қажетті шарттармен қамтамасыз ететін құбылыс деп түсініледі. А.В. Хуторский оқушыға қатысты құзыреттілік ұғымын былайша сипаттайды: «Құзыреттілік – білім алушының белгілі бір саладағы сапалы да нәтижелі қызметі үшін қажетті білім дайындығына қойылатын әлеуметтік талап (норма). Құзыреттілік - оқушының қызмет бағыты бойынша жеке көзқарасын қамтитын қажетті құзыреттілікке ие болуы. Құзыреттілік - оқушының қалыптасқан жеке ерекшелігі (қабілеттер жиынтығы) және тиісті саладағы белгілі тәжірибесі. Құзыреттіліктер оқушыларға тиісті құзыреттіліктерді игеру, қалыптастыру үшін ұсынылады» [14].

Г.К. Селевконың еңбектерінде бұл ұғымды сәл басқаша түсінеді. Ол: «Құзырлылық ұғымы – білім беру, ол түлекті дайындауда жиі көрініс табады

нәтижені көрсету үшін қолданылады. Бұл бітірушінің әрекет тәсілдері, құралдарды нақты иелену, тапсырмаларды шешу қабілетінен, мақсаттар қойып, қоршаған ортаны өзгертуге қол жеткізу, білім және дағдыны қамтамасыз ету жиынтығында көрініс табады. Құзіреттілік көбінесе оқыту және әлеуметтену арқылы алынған және іс-әрекетке тәуелсіз және табысты қатысуға бағытталған білім мен тәжірибені білдіреді. Ақылға қонымды іс-әрекеттерге жалпы қабілеттілік пен дайындықтан көрінетін тұлға біртұтас сапаны білдіреді», - дейді ол.

Г.К. Селевко: «Құзыреттілік ұғымы білім немесе дағды ұғымынан әлдеқайда кең, ол тек когнитивтік (білім) және операциялық-технологиялық (дағдылар) компоненттерін ғана емес, сонымен қатар мотивациялық, этикалық (құндылық бағдарлар), әлеуметтік-мінез-құлық құрамдас бөліктерді қамтиды. Психикалық шеберлік ұйымдастыруды, елеулі интеллектуалдық дамуын талап етеді: яғни дерексіз ойлау, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі бағалау,


сыни тұрғыдан ойлауды талап етеді» [16].

Е.Ф. Зер «құзыреттілік» және «құзырлы болу» ұғымдарына толық анықтама береді. Түрлі жолдармен түсіндіріледі [17]. Кәсіптік білімге келетін болсақ, оның айтуынша, адам құзыреттілігі оның білімімен, дағдысымен және тәжірибесімен анықталады. Анық әлеуметтік-кәсіби жағдайдағы бұл білім, дағды және тәжірибе жұмылдыру қабілеті кәсіби табысты тұлғаның құзыреттілігін сипаттайды.

Т.В. Абрамова, Н.Г. Корнещук пен Ш.Г. Рубин «құзыреттілік» және «құзыретті болу» ұғымдарын түсіндіруге тағы бір, алтыншы көзқарасты ұсынады»: «Құзыреттілік - өз білімі мен дағдыларын қолдану қабілеті. Құзыреттілік нақты проблемалық жағдайларда кез-келген қызметті жүзеге асыруға дайындықта көрінеді. Ол жеке тұлғаға бағытталған іс-әрекетте 31 көрінеді және адамның (маманның) кәсіби қызмет үшін адами әлеуетін іске асыру қабілетін сипаттайды [26].

Құзыреттілік – тұлғалық қасиеттердің жиынтығы, сипаттамасы, оқу орнының жекелеген салаларындағы жұмыс үшін дайын бітірушіні оқытудың нәтижесі түсініледі. Құзыреттілік – адамның өз құзыреттілігін нақты жүзеге асыруы кәсiби қызметтiң нәтижелi орындалуын қамтамасыз ететiн қабілеттер, әрекеттiң жалпы әдiстерi. Сөздің кең мағынасында құзыреттілік – қабілет қабілет, қабілеттілік, дағды және түсіну дегенді білдіреді. Құзырлы адам белгілі бір салада жеткілікті дағдылары, білімі мен қабілеті бар адам.

Құзыреттілік деп жеке тұлға қасиеттерінің ықпалдастырылған сипаттамасы, білім беру мекемесінің белгілі бір салаларда қызмет атқару үшін даярланған түлегін даярлау нәтижесі түсініледі. Құзыреттілік - адамның өз құзыреттілігін іс жүзінде жүзеге асыру қабілеті, кәсіби қызметтің нәтижелі орындалуын қамтамасыз ететін ісәрекеттің жалпылама тәсілдері. Құзыреттілік сөздің кең мағынасында қабілет, білік,мүмкіндік, дағды және түсіну дегенді білдіреді. Құзыретті адам - белгілі бір салада жеткілікті дағдылары, білімі мен мүмкіндіктері бар адам». Ғылыми–педагогикалық әдебиеттерді талдай келе, басқарушылық құзыреттілік басқару құзыреттерінің жүйесі деп анықтауға болады, олар оқу мен кәсіби міндеттерді шешуде сапаға мән береді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді инновацияландыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»[1],-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сол себептібүгінгі күннің талабына сай білім мазмұнын,оның құрылымдық жүйесін жақсарту – білім реформасының жүзеге асуының басты шарты.