Файл: Сабаты ортасында.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 31

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігін, оқу мақсатын ескере отырып, сараланып, Блум таксономиясының танымдық сатылары негізінде жасалды. 10.4.2.1 оқу мақсатынан сабақ мақсаты құрылды. Ал сабақтың мақсатына жету үшін бағалау критерийлерін нақты, қолжетімді, өлшемді етіп ұсындым. Тайм-менеджментті қатаң сақталынып отырды. Мақсаттың орындалуына әртүрлі тапсырмалар, жуан және жіңішке сұрақтар ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес жоспарланды.

Топтастырудағы мақсат: ынтымақтастық, коллоборативті орта қалыптасып, жұмыс барысында бір-біріне деген жылы қарым-қатынастар дамыды.Бір-бірін тыңдау дағдылары қалыптасып, сындарлы көзқарас жетілдірілді. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдады, құрметтеді яғни академиялық адалдық принциптерін сақтады. Осы тұста саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінді.

« » әдісін қолданудағы мақсат: оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстыратын сабақтың бастапқы кезеңінде қолданылды. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығы тексерілді., өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары берілді.

Тиімділігі: Білім алушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамып, айтар пікірін еркін жеткізеді. Пікірлердің еркін айтылу ешқандай қатаң сынға ұшырамай , ауызша немесе жазбаша талқылау жұмысын жүргіздім.

Бұл кезеңде оқушылар суретке қарап , сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Ой қозғау сұрақтарына жауап беру мақсатында ұжымдық талқылау жүргізді. Оқушылар талқылауынан жауаптың дұрыстығына бағыттау негізінде оқушылар пайдасы мен қатар зиянын, артықшылығы мен қатар кемшіліктері барын біледі.

Сабақтың ортасында:

Тапсырмаларды орындау барысында жеке, жұппен, топпен жұмысты белсене атқарды. Тапсырмаларды орындау кезеңінде саралаудың «Тапсырма», «Қарқын», «Бағалау», «Диалог және қолдау көрсету» «Қорытынды» тәсілдері жүзеге асырылды. Оқушыларға оқулықтағы бірдей тапсырма орындағанымен, нәтиже –оқушының таным-түсінігіне қарай әртүрлі болды. Сондықтан кей оқушының жауабын теріске шығармай, қолдау білдіріп, дұрыс жауапқа бағыттап отырдым. Соңғы шешімі беріп, саралаудың «Қорытынды» тәсілін жүргіздім. Білім алушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әртүрлі әдістерімен бағаланып отырды. Бұл тапсырма нәтижесін жақсартуға бағдарланды. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетті. Іс-әрекеттің дұрыс бағалануы – білім алушы ынтасының жоғарылауына оң ықпалын тигізді. Осы арқылы саралаудың «Бағалау» тәсілі орыналды. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық және жоғары ойлау дағдаларының тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл-саралаудың «Тапсырма» тәсілі.


Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін материалдар қарастырдым. Алдымен кіріспе сөз ұсындым

№1 тапсырманы орындау үшін оқушылар топпен жұмыс істеуді, бір-бірінің пікірін тыңдауды үйренді. Сонымен қатар, қорытындыны ақылдасып отырып жазады.

№2 тапсырмада жұптасып, өз ойын басқалармен бөлісуге, ақылдасуға дағланды.

№3 тапсырмада өз ойын тұжырымдауға, сыни көзқараспен ойлануға және дәлелді пікірін айтуға бейімделеді.

Сабақтың соңында:

Рефлексияны дұрыс жоспарлау өте маңызды. Себебі сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін сұрақтарға жауап берді. Рефлексия ретінде « ! әдісін қолдандым.

Күтілетін нәтижеге қол жеткзу үшін құрастырған квест-тапсырмаларым мен сұрақтарым нақты әрі қызықты болды. Осылаша сабағым өз мақсатына жетті.