Файл: Білім беру йымдарын баалау лшемшарттарын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 155
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
10, 11, 12, 13, 14, 17-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, оның ішінде жалпы білім беру ұйымы бойынша оқу және оқу-зертханалық жабдықтар мен жиһаздардың болуы жөніндегі бейне материалдар қоса беріледі.
14. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
1) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;
2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;
3) сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.
15. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер) (білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамаларының, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ инвариантты компонентінің әрбір оқу пәні бойынша бір бейне материал қоса беріледі);
2) 2, 3, 4-сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере отырып (астрономиялық сағаттарда) үй тапсырмасына қойылатын талаптарды сақтау;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;
4) МЖМБС талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау;
5) 4, 9, 11-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және МЖМБС бекіткен тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау (білім алушылардың білік және дағды, білім сапасын бағалау ведомостарының көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың
15 және 16-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер қоса беріледі).
16. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:
1) тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау;
2) сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.
3-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
17. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына қойылатын талаптар:
1) білім беру ұйымдарының жылдық жұмыс жоспарының болуы және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің міндеттеріне сәйкестігі:
тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
білім алушылармен кәсіби бағдарлау жұмысын қамтамасыз ету;
теориялық оқыту, өндірісте оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін оқыту жүйелерін дамыту;
кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытылы бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары мен өндірісті интеграциялау (бағаланатын кезеңдегі жылдық жоспарлардың көшірмелері қоса беріледі);
2) мыналардың:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген);
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС (үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған жағдайда бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктіліктер бойынша) негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің әзірленген оқу жұмыс бағдарламаларының (бұдан әрі – ТжКБ ОЖБ) болуы. Бағаланатын кезеңдегі ТжКБ ОБ көшірмелері қоса беріледі;
3) үлгілік оқу жоспары негізінде, ол болмаған жағдайда, техникалық және кәсіптік білім беру МЖБС-ның 1, 2 және 3-қосымшалары мен орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС қосымшасында келтірілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу жоспары модельдерінің, модульдік оқыту технологиясы кезіндегі оқу жоспарының немесе кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі оқу жоспары моделінің негізінде оқу нысаны мен мерзімін көрсете отырып белгілі бір бейін, мамандық және біліктілік бойынша әзірленген оқу жұмыс жоспарларының болуы (бұдан әрі – ТжКБ ОЖЖ);
4) оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру (бағаланатын кезеңдегі оқу-тәрбие процесінің бекітілген кестелері мен теориялық және практикалық сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса беріледі);
5) білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін жеке оқу жоспарын және арнайы оқу бағдарламасын (бар болған жағдайда) іске асыру (бағаланатын кезеңдегі жеке оқу жоспарының және арнайы оқу бағдарламасының көшірмелері қоса беріледі);
6) техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМБС 1-қосымшасына сәйкес білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарының (бар болған жағдайда) деңгейлері үшін техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі бойынша оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру;
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) техникалық және кәсіптік білім берудің МЖБС-ның 2-қосымшасына және кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру (бар болған жағдайда). Жұмыс оқу жоспарлары мен мамандық бойынша элективті пәндер каталогы және (немесе) модульдері негізінде жасалған бағаланатын кезеңдегі жеке оқу жоспарларының көшірмелері қоса беріледі;
8) техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМБС-на 3-қосымшаға сәйкес модульдік оқыту технологиясы бойынша (болған жағдайда) оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру;
9) орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі бойынша оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру;
10) зерделеудің реттілігін сақтау мен оқу пәндерін және (немесе) модульдерді интеграциялау, оқу уақытын олардың әрқайсысы бойынша курстар мен семестрлер бойынша бөлу;
11) жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемін көздейтін бейіндік оқытуды ескере отырып, білім беру мазмұнының кәсіптік бағдарлануын іске асыру;
12) топты кіші топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау;
13) факультативтік сабақтар мен консультацияларды іске асыру;
14) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) МЖМБС талаптарына және кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына және кәсіпорындарды (ұйымдарды) практика базасы ретінде айқындау қағидаларына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жүзеге асыру және одан өту;
15) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды бақылау, ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау нысандарын жүргізу;
16) білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен азаматтықты қалыптастыруға, білім алушылардың жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамытуға бағытталған тәрбие компонентін іске асыру;
17) біліктілік талаптарын сақтау (біліктілік талаптарының сақталуы бойынша барлық растайтын құжаттары (жабдыққа арналған жүкқұжаттардың және/немесе бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі көшірмелері), осы Өлшемшарттардың 10, 11, 12, 13, 14, 17, 19, 20-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, сонымен қатар жалпы білім беру ұйымы, оның ішінде мамандықтар бойынша оқу және оқу-зертханалық жабдықтар мен жиһаздардың болуы жөніндегі бейне материалдар қоса беріледі).
18. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
1) МЖМБС белгіленген білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сақталуы және сәйкестігі;
2) МЖМБС талаптарына сәйкес күндізгі оқу нысаны кезіндегі міндетті апталық оқу жүктемесін сақтау;
3) ТжКБ ОЖЖ және МЖМБС талаптарына сәйкес оқу жылының ұзақтығын сақтау;
4) МЖМБС талаптарына сәйкес оқу уақытының көлемін сақтау.
19. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) білім беру деңгейіне сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнымен, базалық және кәсіптік құзыреттіліктермен айқындалатын білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды сақтау (бағаланатын кезеңдегі білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамаларының көшірмелері қоса беріледі);
2) бітіруші курстардағы білім алушылардың құзыреттілігіне қойылған талаптардың (базалық және кәсіби) оқу нәтижелерін бағалау немесе жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру деңгейін МЖМБС сәйкестігін бағалау (білім алушылардың білім сапасын, іскерлігін, дағдылары мен құзыреттерін бағалау ведомостарының көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың