Файл: Білім беру йымдарын баалау лшемшарттарын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 159

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
21 және 22-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, қоса беріледі).

      20. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар: МЖМБС талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімдерін сақтау.

4-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әскери және арнаулы оқу орындарында іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

      21. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жоғары білім беру мазмұнына қойылатын талаптар:

      1) білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарларының болуы (бағаланатын кезеңдегі білім беру бағдарламалары бойынша оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);

      2) білім беру бағдарламаларының МЖМБС сәйкестігі (бағаланатын кезеңдегі бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларының көшірмелері қоса беріледі);

      3) білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы, оқытушылар білімінің оқытатын пәндер бейініне және/немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағының (бар болған жағдайда) оқытатын пәндер бейініне сәйкестігі (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғаны туралы растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      4) кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін мамандарды қоса алғандағы, оқытушылардың үлесі-кемінде 60 % болуы;

      "Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін мамандарды қоса алғанда, оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санының кемінде 70 %-ын құруы;

      "Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытылатын пәндер бойынша кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар оқытушылардың кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан үлесі кемінде – 60 % болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);


      5) оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес оқытушылардың жалпы санынан үлесі кемінде 40 % болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      6) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы (осы Өлшемшарттардың 11-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте, сонымен қатар медициналық қызмет көрсетудің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

      7) білім алушылар үшін тамақтану объектісінің болуы (санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 12-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      8) білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығындағы материалдық активтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысының 16 бабының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілген санитариялық қағидаларға (бұдан әрі – санитариялық қағидалар) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына (бұдан әрі – өрт қауіпсіздігі талаптары) сәйкес келетін ауданымен оқу үй-жайларының болуы, сонымен қатар білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылауды қамтамасыз ету (Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының және өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 

13-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін криминалистік полигонның болуы;

      9) оқу және ғылыми әдебиет кітапхана қорының болуы: соңғы он жыл ішінде кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламасы пәндерінің 100 %-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған баспа және электрондық басылымдар форматында;

      "Құқық" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін лицензияланатын халықаралық және ұлттық құқықтық ақпарат базаларына жазылудың болуы (оқу және ғылыми әдебиет қорының болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, оның ішінде цифрлық тасымалдағыштарда, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 17 және 19-қосымшаларына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      10) оқытушылардың біліктілігін кемінде бес жылда бір рет арттыруды қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарының басшылары үшін менеджмент саласында кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыру (оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес немесе оқыту әдістемесі бойынша біліктілікті арттырғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 18-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      11) 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін тиісті бейін бойынша оқытушылардың және (немесе) мамандардың студенттердің диплом жұмыстарына (жобаларына) жетекшілік етуі (осы Өлшемшарттардың 23-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      12) кадрларды даярлау бағыты бойынша бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, бұл ретте кадрлар даярлау бағыты бойынша бітірушілердің жалпы санынан бітірген жылы жұмысқа орналасқандардың үлесі – кемінде 50 %, оның ішінде кемінде үш ай үздіксіз еңбек қызметімен қамтамасыз етілгені – 50 % (жұмыс орнынан растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады);

      13) жалпы мұқтаж білім алушылар санынан басқа қаладан келген білім алушылардың кемінде 70 %-ының тұруы үшін (жатақханалар/хостелдер/қонақ үйлер) жағдай жасау;

      14) білім беру қызметін МЖМБС талаптарына және білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асыру;

      15) өндірісте практикадан өту және жүзеге асыру;


      16) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау нысандарын жүргізу.

      22. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып магистратураның білім беру бағдарламалары мазмұнына қойылатын талаптар:

      1) білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген жұмыс оқу жоспарларының болуы (бағаланатын кезеңдегі білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс оқу жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);

      2) білім беру бағдарламаларының МЖМБС сәйкестігі (бағаланатын кезеңдегі бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының көшірмелері қоса беріледі);

      3) кемінде штаттағы төрт оқытушыда:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылым кандидаты және (немесе) ғылым докторы және (немесе) философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің және (немесе) философия докторы (PhD) академиялық дәрежесінің болуы;

      сұратылып отырған "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласындағы кадрларды даярлау бағыты бойынша бір ғылым докторының немесе бір ғылым кандидатының немесе философия (PhD) докторының болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      4) оқытушылардың білім беру бағдарламасының пәндеріне сәйкес қамтамасыз етілуі, оқытушылар білімінің оқытылатын пәндердің бейініне және олардың ғылыми дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағына сәйкестігі (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      5) оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы және/немесе әскери (арнайы атағы, сыныптық шені) подполковниктен төмен емес оқытушылардың үлесі – кемінде 40 %-дан кем емес болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);


      6) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы (медициналық қызмет көрсетудің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 11-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      7) білім алушылар үшін тамақтану объектісінің болуы (санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 12-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      8) білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, ғимараттардың (оқу корпустары) болуы: аудандары санитариялық қағидаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу жайларымен меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығы білім беру ұйымдары үшін кемінде 5 % мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен (ғимаратты жүргізу немесе басқару не жалға алу құқығын растайтын құжаттардың, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 13-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      9) білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылауды қамтамасыз ету;

      10) лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын, кадрларды даярлау бағыты бойынша кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, даярлау бейіні бойынша отандық басылымдардағы ғылыми жарияланымның, халықаралық конференциялардағы еңбектердің авторы болып табылатын ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар немесе әскери (арнайы атағы, сыныптық шені) атағы подполковниктен немесе судьядан немесе отставкадағы судьядан төмен емес оқытушының немесе ғылым саласына сәйкес келетін білікті маманның магистранттарда ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы (кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми нұсқаулықты жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметті растайтын құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 20-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);

      11) білім беру бағдарламасына сәйкес кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базамен қамтамасыз етілуі (осы Өлшемшарттардың