Файл: Атбе облысы азастанны солтстікбатыс ірінде орналасан облысы. 300629 км 2 Территориясы бойынша е лкен облыс. азастан Республикасыны ірі ауыл шаруашылы аймаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан облысы. 300629 км 2 Территориясы бойынша ең үлкен облыс. Қазақстан Республикасының ірі ауыл шаруашылық аймағы.
Жалпы, соңғы жылдары Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жерлері босалқы жерлерді игеру есебінен ұлғайып жатыр өсім байқалды. 2785,3
Мамандардың айтуынша, елімізде жыл сайын мал басы артып келеді. Ал шабындық жерлер аз. Статистикалық деректрге сенсек, 2010 жылдары еліміздегі шабындық жерлердің көлемі 4,7 млн. Гектарды құраған екен. Яғни 39 гектар жайылымға бір гектар шабындықтан ғана келген. Жалпы шабындық жерлердің азаюы өткен ғасырдың 50-70 жылдарында басталған. Сол уақытта астық өндірудің көлемін арттыру мақсатында шабындық жерлер жыртылып, егіс алқабына айналып, нәтижесінде мал азығын дайындау бойынша мәселе туындаған. Сол себепті 70-80-ші жылдары амалсыз, пішен табиғи жайылымдардан дайындала бастады. Соның есебінен шабындық жерлер көлемі 15-20 млн. гектарға жеткен. Алайда мұндай шабындықтардан түсетін өнім төмен болып, мал шаруашылығына бірқатар зиянын тигізді. 90-шы жылдардың ортасынан бастап егістік жерлерге дәнді және мал азықтық дақылдарының себілмеуі салдарынан егістіктерді арамшөп басып, пайдасы жоқ алқаптарға айналған.
Десе де, Ауылшаруашылығы министрлігінің соңғы мәліметері бұл мәселеде оң динамика барын көрсетіп отыр. Министліктің мәліметінше, 2021 жылдың 22 қыркүйегіндегі жағдай бойынша малға қорегіне қажетті екпе шөп алқабы 3,2 млн гектарды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артқан. Ал дәнді дақылдардың егіс алқабы 2,6 млн гектарға жеткен. Ал бұл Қазақстандағы бар малды қыстан аман алып шығатындай жем-шөп дайындауға толық мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда, елімізде пішен шабуға жарамды 7,3 млн гектар шабындық жер бар. Онда 4 мыңнан аса шөптесін өсімдік түрі өседі. Шабындық жерлердің басым бөлігі еліміздің орталық және солтүстік аймақтарына тиесілі. Ал оңтүстік өңірде, салыстырмалы түрде шабындық жерлер жоқтың қасы. Сондықтан да аталмыш өңірлерде малдың қыстық шөбін дайындау біржылдық немесе көпжылдық шөптегі өсімдік өсіру арқылы жүзеге асырылады.
Өткен жылы еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында болған қуаңшылық салдарынан жемшөп бағасы қымбаттады. Оған көрші елдердегі жағдай да кері әсерін тигізді. Мамандардың айтуынша, ет құнының 70 пайызын жемшөп бағасы құрайды екен. Демек, жемшөп бағасының артуы, ет және сүт өнімдері бағасының өсуіне пропорционалды деген сөз. Яғни, азық-түлік қауіпсіздігіне жемшөп бағасы тікелей әсер етеді.
2019 жылы елімізде 5,6 млн гектарға жуық пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды. Олардың едәуір бөлігі (4,6 млн га) жайылымдардың үлесіне, 800 мың гектардан астамы егістік жерлерге, 200 мың гектары шабындықтарға тиесілі болды.
2022 жылға арналған жоспар аясында 500 мың жерді қайтару қажет болды, біз жоспарды асыра орындадық және 107% нәтижеге қол жеткіздік. 2021-2022 жылдары біз мемлекетке бір миллион гектарға жуық пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін қайтардық. Өткен жылы Президенттің Жарлығымен Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеру жөніндегі мораторий жойылды. Бізге жер пайдаланушыларды тексеру мүмкіндігі берілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша біз 395 тексеру жүргіздік, 659 мың га жерді тексердік. Түсіндіру жұмыстарынан кейін 110 жер пайдаланушы мал басын тіркеп, жерді заңды түрде игере бастады. 17 жер иесі 21 мың гектар жерді мемлекетке қайтарып берді, – дейді департамент
басшысы.
Об этом стало известно в ходе выездного заседания комиссии "Жер аманаты" при партии Amanat в Кобдинском районе, передаёт BaigeNews.kz.
"Как неоднократно говорил глава государства, есть латифундисты, которые владеют землёй, но они ничего с ней не делают, и другим не дают. И задача нашей комиссии – восстановить справедливость в этом вопросе. По результатам этой работы сегодня в госсобственность в Актюбинской области возвращено 20 тысяч гектаров. Эта работа будет продолжена", – сказал секретарь партии Даулет Карибек.