Файл: Тест сратары Бірыай бітеу буынды сзді табыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 373

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тау басында қырғызға
Бір тигізші найзамды.
Айналайын Бұғыбай,
Аралатшы майданды!


Бұғыбай сонда сөйлейді: –
Қысылып тұр-ау жанымыз,
Тау басына жете алмай,
Болмады, сірə, сəніміз.
Жауыңды шаншып беруге
Келмейді, Науан, əліміз.
«Жол тап» – деген сөзіңнен
Төгіле қалмас арымыз.
Көп кешікпей, Науанжан,
Ханға таман барыңыз.
Баруға көңілің тілесе,
Ханнан жарлық алыңыз.
Томағамды сыпырып,
Қамау тасқа салыңыз.


Мұны естіп Наурызбай,
Алдына барды Кененің –
Түсі суық тартқанда
Төрт қырланған жебенің,
Ажал оғы келгенде
Қорғаны болмас көбенің.
Қолына толды қырғыздың
Басы тау мен төбенің.
Рұқсат берсең, Кенеке,
Барайын соған деп едім.
Салатұғын алдыма
Бұғыбай басшы ер еді.
Əдіре қалғыр Алатау,
Асуға қиын жер еді.
Қамалын барып бұзайын,
Кенеке, жауап бер, – дейді, –
Отыз жігіт сайланып,
Қасыма менің ер, – дейді, –
Тау басына барған соң,
Ойынымды көр, – дейді.
Кене хан сонда сөйлейді: –
Дұшпаннан бітсін ар, – дейді. –
Қолдағы өңшең батырдан
Іріктеп бəрін ал, – дейді. –
Көңілің шапса, На

I тоқсан

1. Берілген салттардың қайсысы баланың дүниеге келуімен байланысты емес?

А) тұсау кесу
Ә) шілдехана
Б) атқа мінгізу
В) бесік той
Г) тойбастар   

2. Түйе атасын табыңыз.

А) Ойсылқара
Ә) Шопан ата
Б) Зеңгі баба
В) Қамбар ата
Г) Шекшек ата

3. Мәтелді табыңыз.

А) Балалы үй – базар.
Ә) Отан оттан да ыстық.
Б) Жері байдың - елі бай.
В) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.
Г) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

4. Саққұлақ, Желаяқ, Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері?

А) «Ер Төстік»
Ә) «Аяз би»
Б) «Толағай»
В) «Сырттандар»
Г) «Алтын сақа»

5. «Аяз би» ертегісіндегі басты кейіпкер кім?

А) Зәрлі хан
Ә) Ақша хан
Б) Мадан
В) Жаман
Г) Шалқұйрық

6. Жаманға «Аяз би» деген атты кім қойды?

А) Анасы
Ә) Әкесі
Б) Уәли бай
В) Бес ханның елі
Г) Нағашысы

7. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.

Батыр туса – ел ырысы, …

A) Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Ә) Ел үмітін ер ақтар.
Б) Айласыз батыр алдырар.
В) Ел – ырыстың кілті.
Г) Батыр елдің сәулеті.

8. Кісі қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз.

A) Жар - жар.
ә) Жоқтау.
Б) Сыңсу.
В) Той бастар.
Г) Беташар.

9. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.

A) «Түлкі мен бөдене»
Ә) «Күн астындағы Күнікей қыз»
Б) «Қырық өтірік»
В) «Аяз би»
Г) «Толағай»

10. «Ер Төстік» ертегісіндегі Кенжекейді жар басындағы лашыққа шақырған қызды табыңыз.

A) Күнікей қыз.
Ә) Ай астындағы Айсұлу.
Б) Перінің қызы Бекторы.
В) Бозінген жетектеген қыз.
Г) Сиқырлы сұлу.

11. Үзіндіні керекті сөзбен толықтырыңыз.

Түйе сүйеді баласын «…» деп,

«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.

A) «қозым»
Ә) «құлыным»
Б) «бұзауым»
В) «лағым»
Г) «боташым»

12. Ертегідегі ’’Шалқұйрық’’ атты тұлпар қай кейіпкердің сенімді серігі ретінде суреттелгенін белгілеңіз.

A) Аламан мен Жоламан.
Ә) Ер Төстік.
Б) Құламерген.
В) Дүмше молда.
Г) Аяз би.

13 «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін затын атаңыз.

A) Шақпақ.
Ә) Садақ.
Б) Қауырсын.
В) Егеу.
Г) Пышақ.

14. Мақалдың жалғасын белгілеңіз.

Ер бір рет өледі, …

A) Қорқақ мың рет өледі.
Ә) Ерді намыс өлтірер.
Б) Ер атағын ел сақтар.
В) Ел үшін өледі.
Г) Батыр майданда шынығады.

15. Аяз би қандай бейне екендігін анықтаңыз.

A) Шыншыл бейне.
Ә) Сиқырлы бейне.
Б) Қиялдан туған.
В) Типтік бейне.
Г) Аңыздан туған.

16. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебайдың әкесін табыңыз.

A) Байбөрі
Ә) Сарыбай
Б) Қарабай


В) Қазанғап
Г) Ерназар

17. «Қырық өтірік» атты әңгіменің кейіпкерін көрсет.

A) Аяз би
Ә) Саққұлақ.
Б) Тазша бала
В) Кендебай
Г) Ер Тарғын

18.Керқұла кімнің аты?

A) Ер Төстік
Ә) Сарыбай
Б) Кендебай
В) Жаман
Г) Ер Тарғын

19. Белгілі бір адамның атына іс-әрекетіне байланысты туған шығарма қалай аталады?

A)  айтыс
Ә) аңыз әңгіме
Б) ертегі
В) миф
Г) Фольклор

20. «Сырттандар» ертегісінде баланың мінгент тұлпарын табыңыз.

A) Кербесті
Ә) Шалқұйрық
Б) Қара қасқа
В) Тайбурыл
Г) Шұбар ат

21. Алдар көсе қай жанрдың кейіпкері?

A) Аңыз әңгіме
Ә) Әңгіме
Б) Айтыс
В) Ертегі
Г) Шешендік сөз

22. Кенжекей қай ертегінің кейіпкері?

A) «Ұшқыш кілем»
Ә) «Ер Төстік»
Б) «Керқұла аттыКендебай»
В) «Алтын сақа»
Г) «Аяз би»

23. Тұрмыс–салт жырларының түрлерін табыңыз.

A) аңыз әңгіме, ертегі
Ә) әдет-ғұрыпқа байланысты, төрт түлікке байланысты
Б) батырлар жыры, лиро-эпостық жыр
В) шешендік сөз, нақыл сөз
Г) мақал-мәтел, жұмбақ

24. Төрт түлік пен олардың піріне қатысты қай қатар дұрыс емес?

A) қой – Шопан ата
Ә) сиыр - Зеңгі баба  
Б) түйе - Ойсылқара
В) ат - Қамбар ата
Г) ешкі - Манат ата

25. «Ұлыс оң болсын!» деген бата–тілектің түрін табыңыз.

A) Жол батасы
Ә) Теріс бата
Б) Ас қайыру батасы
В) Рамазан батасы
Г) Наурыз батасы

II тоқсан

1. Жиреншенің ақыл айтушы жұбайы кім?

A) Алдар көсе
Ә) хан
Б) Қожанасыр
В) Қарашаш
Г) Уәзір

2. Аңыз әңгіменің басты ерекшелігі не?

A) Аңыз тек бір нұсқалы болады.
Ә) Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.
Б) Аңыз тек қана қиял-ғажайыптан тұрады.
В) Аңыз шындыққа жақын тұрады.
Г) Аңызда қиял элементтері мүлде болмайды.

3. Аңыздағы «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?- деген кімнің сөзі

A) Алдар көсе
Ә) Жиренше
Б) Қожанасыр
В) Асан қайғы
Г) әз-Жәнібек хан

4. Шумақтың жалғасын табыңыз.

Бір дегеніміз бірлігі кеткен ел жаман

Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман

Үш дегеніміз - үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман

Төрт дегеніміз...

A) Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман
Ә) Білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман
Б) Аймағын билей алмаған хан жаман
В) Серкесіз бастаған қой жаман
Г) Өткеніңіз,о дүниеге жеткеніңіз

5. «Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда ақылғөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең»- деген кімнің сөзі?

A) Малайсары
Ә) Қазыбек би
Б) Бұқар жырау
В) Жиренше
Г) Сырым

6. Құранда неше сүре бар?

A) 123
Ә) 114
Б) 141
В) 115
Г) 111


7. Адамата мен Хауаананы кім азғырды?

A) Алла
Ә) Жәбірейіл
Б) Мұхаммед Ғалайһсалам
В) Ібіліс
Г) Халиф Әбубәкір Сыдық

8. Толағайдың ата-анасының мекен еткен жерін табыңыз.

A) Жиделібайсын
Ә) Ақжайық
Б) Сыр бойы
В) Есіл бойы
Г) Ертіс жағасы

9. Толағайдың анасының аты кім?

A) Кежекей
Ә) Күңке
Б) Қарашаш
В) Меңді
Г) Айсұлу

10. Толағайдың әкесінің даңқы немен шыққан?

A) Ер жүрек батыр
Ә) Мерген
Б) Күйші
В) Әнші
Г) Айтыскер ақын

11. «Қырық мысал» жинағының авторы кім?

A) Ыбырай Алтынсарин
Ә) Абай Құнанбаев
Б) Ілияс Жансүгіров
В) Ахмет Байтұрсынов
Г) Шоқан Уәлиханов

12. Ахмет Байтұрсынұлы қай жерде дүниеге келді?

A) Торғай
Ә) Көкшетау
Б) Семей
В) Тарғабатай
Г) Қызылжар

13. М.Өтемісұлының «Қызғыш құс» атты өлеңінде не туралы айтылған?

A) Елге, Отанға деген сүйіспеншілік
Ә) адам мен құстардың достастығы жайлы
Б) Құстардың ерекшелігі туралы
В) Ерлік,батырлық туралы
Г) Үстем тап өкілдерінің  қорқақтығы жайлы

14. А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» әңгімесінен қандай қорытынды шығарды?

A) Басы иілген бидайдың ішінде дәні болады.
Ә) Бидай дән берген қожасына  бас иеді
Б) Адамның кеудесін көтергені
В) Әкесі баласына егінді көрсетуі керек
Г) Бидайдың сыртқы көрінісіне алданбау керек

15. Махамбеттің әкесінің аты кім?

A) Майлықожа
Ә) Қожағұл
Б) Сұлтанқожа
В) Арон
Г) Өтеміс

16. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгіменің авторы кім?

A) Абай Құнанбаев
Ә) Ілияс Жансүгіров
Б) Ыбырай Алтынсарин
В) Ахмет Байтұрсынов
Г) Әбділда Тәжібаев

17. «Толағай» ертегісінің авторы кім?

A) Ыбырай Алтынсарин
Ә) Абай Құнанбаев
Б) Ілияс Жансүгіров
В) Әбділда Тәжібаев
Г) Ахмет Байтұрсынов

18. Төмендегі үзінді М.Өтемісұлының қай өлеңінен алынған?

Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едім,
Мен айырылдым елімнен.

A)  «Жалғыздық»
Ә) «Мен – құстан туған қумаймын»
Б)  «Мұнар күн»
В)  «Ереуіл атқа ер салмай»
Г) «Қызғыш құс»

19. «Өгіз бен бақа» мысал-өлеңін аударған кім?

A) Ілияс Жансүгіров
Ә) Ахмет Байтұрсынов
Б) Ыбырай Алтынсарин
В) Әбділда Тәжібаев
Г) Абай Құнанбаев

20. А Байтұрсынұлы қай жылы туды?

A) 1873
Ә) 1841
Б) 1845
В) 1877
Г) 1878

21. Ыбырай Алтынсарин тұңғыш мектепті қай жылы ашыты?

A) 1866
Ә) 1864
Б) 1865
В) 1860
Г) 1860

22.Әдеби ертегінің кейіпкерін табыңыз?

A) Алпамыс
Ә) Ерназар
Б) Әз Жәнібек
В) Толағай
Г) Ер Тарғын

23. Сымайылдың туған анасы кім?


A) Сара
Ә) Ажар
Б) Қарашаш
В) Құртқа
Г) Күнекей

24. Ы.Алтынсарин қай жерде дүниеге келді?

A) Торғай
Ә) Көкшетау
Б) Семей
В) Қостанай
Г) Қызылжар

25. Ы.Алтынсарин әкесі қайтыс болғаннан кейін кімнің тәрбиесінде өседі?

A) Ауыл молдасында
Ә) Қыпшақ Сейітқұл
Б) Балқожа би
В) Әз Жәнібек
Г) Төле би

 

III  тоқсан

1. Абай «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр,мылқау, танымас тірі жанды...»деп нені суреттеп тұр?

A) қатыгез адам
Ә) кәрі құда
Б) қыс бейнесі
В) жарлы кедей
Г) қаһарлы жылдар

2. С Торайғыров қай жылдары өмір сүрген?

A) 1893-1938
Ә) 1895-1922
Б) 1893-1922
В) 1893-1920
Г) 1892-1924

3. 18.Төмендегі үзінді А.Құнанбаевтің қай өлеңінен алынған?

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
Тілеуін, өмірін алдында...

A) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Ә) «Ғылым таппай мақтан ба»
Б) «Қартайдық, қайғы ойладық»
В) «Болыс болдым, мінеки»
Г) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»

4. Қайсысы М.Жұмабаевтің өлеңі емес?

A)  «Қысқы жолда»
Ә)  «Сағындым»
Б)  «Балалық шақ»
В)  «Болыс болдым, мінеки»
Г)  «Түркістан»

5. Жамбыл қай жылы қайтыс болды?

A) 1945
Ә) 1948
Б) 1947
В) 1944
Г) 1946

6. Сұраншы, Өтеген батырларға арнап дастан жазған ақынды табыңыз.

A)  Н.Байғанин
Ә)  Ж.Жабаев
Б)  И.Байзақов
В)  Қ.Әзірбаев
Г)  Т.Жароков

7. «Аққудың айырылысуы». «Көкшетау» «Қызыл ат» поэмаларының авторы кім?

A)  С.Сейфуллин
Ә)  І.Жансүгіров
Б)  М.Жұмабаев
В)  Қ.Аманжолов
Г)  М.Шаханов

8. С.Сейфуллин қайда туған?

A) Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының 1-аулы
Ә) Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары
Б) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабы
В) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы
Г) Шығыс Қазақстан облысы, Дегелең ауданы

9. «Күй», «Күйші» поэмалардың авторы кім?

A)  М.Жұмабаев
Ә)  І.Жансүгіров
Б)  С.Сейфуллин
В)  Қ.Аманжолов
Г)  А.Құнанбаев

10. М.Әуезов әкесі қайтыс болған соң кімнің тәрбиесінде болды?

A) Нағашысы
Ә) Аталас туысы
Б) Немере ағасы Қасымбек
В) Абай
Г) Атасы Әуез

11. С.Мұқанов қай жылдары өмір сүрді?

A) 1894-1938ж.ж.
Ә) 1893-1920 ж.ж.
Б) 1900-1973ж.ж.
В) 1845-1904ж.ж
Г) 1899-1937ж.ж.

12. Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романында ауыл баласына жәрдем берген, өз орталарына қосқан кім?

А) Шеген
Ә) Қайырбек
Б) Анасы
В) Базар саудагерлері