Файл: Тест сратары Бірыай бітеу буынды сзді табыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 375

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2. Сызба бойынша Абай атамыздың өмірбаянын әңгімелеңіз, сан есімдерді жазыңыз.



3. Берілген сан есімдерге реттік сан есімнің інші/ыншы, нші/ншы жұрнақтарын жалғаңыз.

Екі… , төрт…, бес…, он…, елу алты…, қырық бір…, мың…, жетпіс…, сегіз…, тоғыз… , алпыс…, тоқсан…, отыз…, он бес…., үш… .
4. Берілген сандарды реттік сан есімдерге айналдырыңыз.

Үлгі: 1-бірінші

12, 25,345,2016,89,456,1986,15,47,321.

ХІ . «Жақсыны көрмек үшін» - 5 сағат.

Отбасындағы асыл адамдар. Отбасылық дәстүрлер шаңырақ тірегі. Отбасы бақытының қағидалары. Ата-анаң бақытты болсың десең. Ата-анаңның парызын өтеу –сенің қарызың. Сын есім.

1. Сурет бойынша керекті сөздерді қойыңыз.



2. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

... - елдің, отбасының ең сыйлы адамы. Өмірде көпті көрген дана қария.
... - әкеңнің, шешеңнің анасы. Отбасының, елдің сыйлы анасы.
... - үйдің басшысы, асыраушысы. Отбасындағы балалардың қамқоршысы.
... - өмірдегі ең аяулы жан. Ол - отбасының берекесі, ақылшысы, негізгі тұтқасы.
... - шаңырақ иесі, ұрпақтың жалғасы.
... - елдің көркі, отбасының қуанышы.
2. Сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырыңыз.


Бізбен

ата-аналарыңды

балаңызға

отбасымызбен

ата-анама

ағаммен

ата-анасының

ініңді
Мен ... көмектестім.

Сен ... үйреттің.

Сіз ... сыйлық алып бердіңіз.

Ол ... мақтанышы.

Біз .. қыдырдық.

Сендер ... үлгі тұтасыңдар ма?

Сіздер ... ақылдасыңыздар.

Олар ... хабарлассын.

3. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын қойыңыз.

Әр отбасы... өзінің қалыптастасқан дәстүрлері бар. Қазақ отбасы... ұл бала мен қыз бала... тәрбиелеуде үлкен мән беріледі. «Әке... қарап - ұл өсер, шеше... қарап - қыз өсер» - деген мақал бар. Отбасында ұл бала... үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретеді. Қыз... тамақ әзірлеу, үйді таза ұстау дағдыларын қалыптастырады.
Менің де отбасым... дәстүрлер қалыптасқан. Ол қонақтар... қарсы алу, үлкендерді сыйлау, кішілерге қамқор болу. Демалыс күндерін бірге өткізу. Теледидар көру, саябақ... қыдыру, қонақ... бару.

4. Сын есімдердің антонимдерін табыңыз.

Қымбат-

Жоғары-

Пайдалы-


Жылы-

Ыстық-

Жақсы-

5. Сөздерді негізгі немесе туынды сын есім қатарына орналастырыңыз.

Таза, үлкен, қызыл, өнерлі, сезгіш, арзан, жуас, тәртіпті, айнадай, жүзгіш, білгіш, бақытты, таудай, жасыл, ақылды, инабатты, сәулетті, әсем, жүйрік, суық, күндей.

ХІІ Қазақ зергерлік өнері.

Қазақтың зергерлік бұйымдары. Зергерлік өнерге байланысты ақпараттар. Жүзік. Ұлттық ойыны. Менің сүйікті ісім-зергерлік бұйымдар жасау. Ұлттық киімдер. Болжалдық сан есім.

1. Мәтінді оқыңыз, сан есімдерді анықтаңыз.



Шолпы- жас қыздар шаштарының бұрымына тағатын әшекей. Ол көптеген күміс тиындардан құралған бір-біріне үш немесе төрт қатар шығыршықтар арқылы бекітілген, өрнектелген әшекей.

Шашбау- жасалуына қазақ зергерлері түрлі тәсілдерді қолданған. Ол шаштың түбіне бекітіліп, ұзына бойы шаштың ұшына дейін қоса өрілген. Сонымен қатар ол шаштың сұлулығын және қалыңдылығын байқатады.
Сырға - үнемі тағып жүретін әшекейдің бірі. Оны ертеректе тұмар ретінде тағатын болған.
Білезік - әдетте сыңар қолға немесе екі қолға екеуін, кейде бір қолға екеуін бірден тағатын болған. Білезіктің тұтас және құрамды бөліктерден тұратын түрлері де бар.
2. Сөйлемдерді мағынасына қарай дұрыс құраңыз.

1.Зергерлік өнері/ қазақтың ұлттық/ ерекше орын алады/ мәдениет тарихынан.

2.Өзіндік жасалу/ зергерлік өнердің/ кәсіптік сипаттамасы бар/ ерекшелігіне тән.

3. Асыл мұрасы/ қазақ қолөнерінің/ әйел әшекейлері.

4.Алтынмен және күміспен / «зергерлер» деп/ жұмыс істейтін шеберлерді/ атаған.

3. Берілген сандарға болжалдық сан есімнің жұрнақтарын жалғаңыз.

Сандар

Дай/дей

Тай/тей

Елу







Алпыс







Жиырма







Сексен







Жүз







Мың








4. Мәтіннен болжалдық сан есімді табыңыз.

Біздің ауылда бір мыңдай адам тұрады. Зергерлер сайысқа екі жүздей бұйымдар жасады. Өнер мұражайын тамашалауға жүздей адам қатысты. Көрмеге сексенге жуық әшекей бұйымдар қойылған. Маған он шақты әшекей бұйымдар ұнады.

5. Мақал – мәтелдердің жалғасын табыңыз.

1. Байлық атасы - еңбек, ... ... .

2. Жердің сәні – егін, ... ... ... .

3. Еңбек -ердің көркі, ... ... ... .

4. Өнерлі баланың он саусағы тең, ... ... ... ... ... .

Керекті сөздер: ер-елдің көркі, анасы – жер, ердің сәні – білім, өнерсіз баланың бір саусағы кем

ХІІІ « Киелі сандар» -5 сағат.

Киелі 3 саны. Киелі 5 саны. Киелі7 саны. Киелі 40 саны. Киелі сандарға байланысты мақа-мәтелдер. Топтау сан есім.

1. Үш санына байланысты мәліметті оқыңыз, аударыңыз.

1. Үш даусыз (бесспорно)

1. Мінез.

2. Кәрілік.

3. Ажал.

2. Үш би

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

3. Үш кедейлік (нищета)

1. Кежірлік (упрямство). 

2. Еріншектік.

3. Ұйқы.

4. Үш байланыс

1.    Әке – асқар тау.

2.    Шеше – мөлдір бұлақ.

3.    Бала – жағасындағы құрақ.

5. Үш тәтті

1.   Ананың сүті.

2.   Баланың күлкісі.

3.   Туған жер.

6. Үш кемдік (недостаток)

1.   Надандық.

2.   Еріншектік.

3.   Зұлымдық.

7. Үш жүз

Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз.

8. Үш жұрт

Ағайын жұрт. Нағашы жұрт. Қайын жұрт.

9. Үш қуат

Ақыл қуат. Жүрек қуат. Тіл қуат.

10. Үш байлық

Бірінші байлық – денсаулық.

Екінші байлық – ақжаулық.

Үшінші байлық – он саулық.
2. Берілген сан есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Төртінші, алтыдан, елудей, мыңыншы.
3. Мәтіндегі сан есімдерді тауып, сөз құрамына талдаңыз.
Қазақ халқында киелі саналатын сандардың бірі – «қырық».

Қырқынан шығару тұрақты тіркесі баланы қырқынан шығару ғұрпынан, наным – сенімнен өрбіген. Сәби дүниеге келгеннен кейінгі қырық күнге дейінгі уақыты қауіп-қатерлі кезең деп есептелген.

Өлген кісінің артынан қырық күннен соң еске түсіру, қырқын береді.
4. Мақал-мәтелдерді оқып, киелі сандарды анықтаңыз.

1. Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.

2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

3. Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады

4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес

5. Бес саусақ жиналса, жұдырық болады.

5. Берілген сан есімдерді топтау сан есімге айналдырыңыз.

Үлгі: Бес-бес-бестен, жүз – жүз-жүзден.

Он, елу, қырық, жиырма, тоқсан, алтау, екі, жиырма бес, отыз.


ХІV «Менің әуес ісім» -5 сағат.

Менің әуес ісім –фотоға түсіру. Менің әуес ісім-киім тігу. Менің әуес ісім-ас дайындау. Менің әуес ісім-сурет салу. Тұйық етістік.

1.Мәтіннен тұйық етістікте тұрған сөздерді анықтаңыз.

Менің әуес ісім –фотоға түсіру. Фотоға түсіру - өнердің бір түрі. Мен күнделікті фотоға түсіруге қызығамын. Кәсіби фотосуретшілер сияқты ерекше туындылар жасап шығарғым келеді. Ол ерекше байқағыштықты, керек сәтті тез қағып алуды талап етеді.

2. Сын тұрғысынан ойлап, сөйлем құрастырыңыз.


Сурет салу үшін не керек?



қылқалам






қағаз бояулар

өшіргіш альбом түрлі түсті қарындаштар

3. Берілген сұрақтарға-жауа беріңіз.

1. Дәмді  дайындалған  тағам  көзді қызықтырып  қоймай  тағы  нені ашады?

2.  Ас  дайындау  барысында қандай  тұрмыстық  техникалар қолданылады?

3. Тұрмыстық  техникаларға  қандай  заттар  жатады?

4. Ас дайындауда  қандай  талаптарды  сақтау  керек?

5. Тамақ  әзірлеместен бұрын  тағамның  несін  анықтап  алу  керек?

6.  Ас  әзірлеп  болған соң,  құрал-саймандарды  қайда  қою  керек?

4. Берілген етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыз.

Үлгі: тігемін-тігу, дайындаймын-дайындау.

Сурет саламын, ас әзірлеймін, ән шырқаймын, өлең айтамын, би билеймін, кітап оқимын, фотоға түсіремін.

5. «Менің әуес ісім» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

ХV «Мен әуен тыңдаймын»-5 сағат.

Ән көңілдің ажары. Менің әуес ісім-ән айту. Қазақ халқының музыкалық аспаптар тарихынан. Ұлттық аспаптар. Сұлу, әдемі музыка. Есімдік.

1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, толықтырыңыз.
1. Абай - ... ... .
2. Абай шығармаларында ... ... суреттейді.
3. «Желсіз түнде жарық ай» - ... .
4. Абай әндері ... ... тәрбиелейді.
5. Өлеңде ... мерзімі бейнеленген.
Керекті сөздер: әнші, сазгер, табиғатты тамаша, ұлы ақын, лирикалық ән, мақтанышымыз, жаз, лирик, табиғатты сүюге.

2. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Үлгі: менің-есімдік, дара, негізгі, жіктеу.

Ешқайда, әрбір, сенің, қайдан, өзіңіз, өздерің, бұның,кейбір, осы,бірнеше.

3. Мәтін бойынша сызба құрастырыңыз.

Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті және ұрмалы болып 3 топқа бөлінеді. Үрмелі аспаптарға: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік жатады. Ал ішекті аспаптарға: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз жатады. Ұрмалы аспаптарға: даңғара, дауылпаз, асатаяқ аспаптары жатады.

4. «Кубизм» әдісі бойынша сұрақтарға-жауап беріңіз.

  1. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын атаңыз.

(домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, асатақ, даңғара т.б. )

  1. Қа зақтың әйгілі күйшілері мен қобызшыларын атаңыз. (Қорқыт, Құрманғазы, Дина, Махамбет, Кенен)

  2. Домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор. (Ахмет Жұбанов)

  3. Домбыра қандай аспап? (екі ішекті аспап)

  4. Қазақтың музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді? (3 топқа бөлінеді: үрмелі, ішекті, ұрмалы)

  5. Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады? (домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз).

5. Синквейн әдісі

1. Домбыра

2. Ішекті, шертпелі

3. Ұнайды, жатады, жасалды

4. Домбыра ішекті аспаптар тобына жатады

5. Аспап

ХVІ «Менің сүйікті актерім»-5 сағат.

Қазақ халқының белгілі актерлері. Қазақ киносының жұлдыздары. Шәкен Айманов. Асанәлі Әшімов . Жіктеу есімдігі.

1. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Шәкен Айманов Алдаркөсе, ...

... әртүрлі бейнелерді сомдады.

2. Асанәлі Әшімов Құрманғазы атындағы ...

... Жамбылдың рөлдерінде ойнады.

3. Нұрмұқан Жантөрин 80-ге жуық фильмдерде ...

... Ленинград кинофестивалінде «Ең таңдаулы ана рөлі үшін» деген атаққа ие болды.

4. Әмина Өмірзақова «Ана туралы аңыз» фильміндегі ана рөлі үшін ...

... Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

2. Берілген есімдіктерді мағыналық түрлеріне қарай топтастырыңыз. 
Жіктеу есімдігі-----------------------
Сілтеу есімдігі-----------------------
Сұрау есімдігі------------------------

Не?, мен, анау, қайсы?, сіз, біз, осы, нешеу?, мына, сен, ол, қанша?, бұл, мынау, оның, сол, оған, менің.